-ып жұрнақты көсемше тармақ соңында келіп, көбінесе ұйқас
16
Махмудов Х. Х. Некоторые вопросы теоритической стилистики // Филологический
сборник. - Вып. IV. - Алма-Ата, 1965. - С. 288.
48
құрайды, кейде тіпті ұйқас құрай алмайтын жерде де кездеседі.
Бұл тұста жыршы осал жау емес Қараманның портретін оның
қимыл-әрекетін суреттеу арқылы көрсеткен. Ал бұл портретті
жандандырып, қүшейтіп тұрған – сол қимылдың орындалу
амалын көрсететін сөздер, ол сөздер өткен шақ көсемшемен
берілген.
«Қыз Жібек» жырында Жібек сұлу алдап сұрап алып мініп
кеткен Сандалкөгін қуып бара жатқан Қорен қалмақтың күй-
қалпы:
Жөнеді қалмақ, жөнеді,
Көк қабандай арсылдап.
Тебінгісі тарсылдап,
Кұйысқаны сартылдап.
Қаз мойынды тұлпардың
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауда балшылдап,
Қаз мойын қара тұлпарды
Сауырға сипай қамшылап,
Көктен құйған тамшыдай
Борбайынан тамшылап,
Кәпір қалмақ жөнеді,
Каһарланып келеді, –
деп суреттеледі. Міне, мұнда да ашуға мінген, қаһарланған
ханды суреттейтін образдар оның тұлпарын қуып, қалай
жөнегендігін айту арқылы берілсе, бұл қуа аттану – жөнеудің
орындалу амалын көсемше тұлғасы беріп тұр.
Бұл тұлға қалыпты кездегі іс-әрекеттің амалын суреттеу-
ден гөрі ашу, ыза, шабыт сияқты психологиялық сәттегі іс-
қимылдың орындалу сипатын, сынын білдіруге бейім екендігі
фактілерден байқалады. Жоғарғы екі мысалдың екеуі де
қалмақтың батыр хандары (жырларда хандардың өздері әрі
билеуші, әрі батыр ғой) намысқа шауып, ашу-ыза кернеген
кездегі қимыл-әрекеттері арқылы суреттеледі. Қобыланды
батыр да «қатынның сөзінен шыға алмадың» деген Қараман
құрдасының сөзі өтіп, қырық күндік кемдігі бар Тайбурылмен
құрдасының қосынын қуып жетпек болып намыспен ызаланып
келе жатқанда:
49
Астына мінген бурыл ат
Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдан тері сіркіреп,
Құбылып, ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді...
Ал батырдың қимылы:
Садақтың бауы сартылдап,
Масатыдай шалбардың
Сала құлаш балағы
Алтынды зермен көмкерген
Жел соққандай жалпылдап,
Белеңнен асты былқылдап,
Тозаңы шықты бұрқылдап...– деп беріледі.
Махамбет Өтемісұлы көкірегі кекке толып «азаматтар-
ерлерді» күреске шақырған «Ереуіл атқа ер салмай» деп баста-
латын өлеңін бастан-аяқ (17 жолын) болымсыз түрдегі өткен
шақ көсемшемен (-май жұрнақты) бергенін білеміз, өйткені
ақын бұл жерде ерлерді жеңбей тынбайтын үздіксіз әрекетке
шақырады. Демек, біреуді не бір нәрсені динамизм арқылы
суреттеу қажет болған тұста қазақ поэзиясы үшін етістіктің
өзге тұлғалары емес, өткен шақ көсемше тұлғасы қол екендігі
көрінеді. Оның бір себебі осы тұлғаның іс-әрекет амалын та-
ныту қызметінде. Ал портрет қимыл-әрекеттің өзі арқылы
емес, орындалу амалы арқылы беріледі. Іс-әрекеттің амалын
білдіретін сөздерде белгілі бір экспрессивтік бояу болуы керек,
яғни ол сөздер оқырман сезіміне әсер ететін эмоциялы көсемше
тұлғалары болуын қазақ поэтикасы сәтті таңдаған.
Абай бұл амалды да жатсынбайды. Жатсынбау тұрмақ
оның қолданылу сәттерін (ситуациясын) кеңейтеді. Өткен шақ
көсемше адамның психологиялық жай-күйін, дамылсыз ішкі
қозғалысты беру үшін де (жоғарыда талданған «Қызарып,
сұрланып» деп басталатын өлеңді қараңыз), адам портретін
оның тынымсыз қимыл-әрекеті арқылы көрсету үшін де
(«Байлар жүр жиған малын қорғалатып» немесе «Болыс бол-
дым, мінеки», өлеңдерін оқып қараңыз), бұрынғы ескі билер
мен ақындардың бейнесі мен сөзі жаңарған ақынның және
50
оны тыңдаушының образын таныту үшін де Абай өткен шақ
көсемшені стильдік, құрал-стилема етіп таңдайды.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп басталатын
шығармасында:
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап...
Әрі қарай тағы үш шумақ ескі би мен бұрынғы ақынның
бейнесін суреттеген, бұлар да ұйқасқа шығарылған -ып
жұрнақты көсемшемен берілген. Одан кейінгі екі шумақ –
сөзі түзелген жаңа ақын бейнесі (Ескі бише отырман бос
мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап), келесі
шумақтар түзелуге шақырғанымен, «ақыл сөзге ынтасыз,
мақтан қуған мал құмар, терең ой, терең ғылым іздемейтін»
замандас тыңдаушыларының бейнесін көрсетуге арналған. Бұл
шумақтардың барлығында да ақын ұсынған бейнелер қимыл-
әрекеттерімен ғана емес, сол қимыл-әрекеттерінің орындалу
амалымен берілген: Абайдың айтпағы – бұрынғы ақынның
көр-жерді өлең қылуы ғана емес, сол өлеңнің не үшін, қалай
айтылатындығы: жұртты шарлап, өлеңмен қайыр тілегендей
болуы, мал үшін тілін безеп, жанын жалдауы, өз елін бай деп
мақтап, Құдай қарғауы. Тыңдаушылар бейнесі де солайша
берілген: олардың тек ақыл сөзге ынтасыздығы емес, неге ын-
тасыз екендігін шабандап, табандап, жамандап, қарағайды
талға байлап, алар елдің ебін қамдап, өсек пен өтірікті
жүндей сабап жүргендері арқылы бейнеленеді. Абайдың сөз
кестесіне тән ерекшеліктің бірі – адамның ішкі жан дүниесі
арқылы портретін жасауда -ып жұрнақты көсемшені кеңінен
пайдаланғандығы. «Жайнаған туың жағылмай» деп басталатын
өлеңінде сүйікті інісі Оспанды жоқтай отырып, оның адамдық
келбетін көрсетеді. Бұл туындысы, біріншіден, дыбыстық
51
гармония: анафора және аллитерация (өлең тармақтарының
ж дыбысынан басталатын сөздермен келуі) арқылы ақынның
өзге өлеңдеріне ұқсамайтындығымен көзге түссе, екіншіден,
16 жолдық тұтас бір өлеңнің бір ғана құрмалас сөйлем болып
құрастырылғандығымен де айрықша дүние болып тұр. Ал
үшінші оқшау белгісі – етістіктердің түгелге жуық өткен шақ
көсемшемен келуі. Бұл жерде Оспанның барлық адамгершілік
ізгі қасиеттері төгіліп-шашылмай, шоғырланып, бір-ақ
ұсынылған:
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай.
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай,
Жақсы өмірің бұзылмай,
Жас қуатың тозылмай,
Жалын жүрек суынбай,
Жан біткеннен түңілмей,
Жағалай жайлау дәулетің
Жасыл шөбі қурамай,
Жарқырап жатқан өзенің
Жайдақ тартып суалмай,
Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!
Абайға дейінгі қазақ поэзиясында баяндауышы өткен шақ
көсемшемен келген бағыныңқы компоненттерді сыйысты-
рып, бүкіл өлеңді бір ғана құрмалас сөйлем етіп құрастырған
ақын – Махамбет сияқты (әзірге біздің білетініміз). Ол
«Беркініп садақ асынбай» деп басталатын 12 жолдық өлеңінің
алдыңғы 11 жолында -ып тұлғалы көсемше баяндауышты 10
бағыныңқы сөйлемді беріп, соңғы бір жолды басыңқы сөйлем
етіп құрады (Ерлердің ісі бітер ме?!). Ал эпостық жырлар-
да бірнеше жолдың -ып жұрнақты көсемшемен қатар келуі
және бұл тұлғаның стильдік элемент дәрежесіне көтерілуі
кәнігі құбылыс екендігін бізден бұрынғы зерттеушілер де
52
көрсеткен болатын
17
. Етістіктің өткен шақ көсемше тұлғасы
қазақ поэзиясында белгілі бір поэтикалық міндет өтейтін құрал
ретінде қалыптасқанын әдебиеттанушы З. Ахметов өте жақсы
көрсеткен
18
.
Қысқасы, Абайдың негізгі тақырыбы – адам. Ақын әр алу-
ан адам портретін олардың іс-әрекеттерін, қимыл-қылықтарын
сипаттау арқылы беруді қол көреді және ол әрекеттер мен
қылықтардың өзін атап қана қоймай, олардың орындалу ама-
лын көрсетуді нысанаға алады. Поэзия болғандықтан, мұндағы
ақын мұраты – құр көрсету, құр сипаттау емес, оқырманға
әсер ететін белгілі бір ассоциация туғызатындай етіп, яғни
түйсігінде әртүрлі әсер беретіндей етіп суреттеу. Ол үшін,
әрине, ақын сезімге тиетін әсерлі сөздер мен тұлғаларды таң-
дайды және бұл сөздерді белгілі ұғымды атайтын етіп қана
жұмсамай, оларға мақсатты (стильдік) жүк арқалатады, ғы-
лым тілімен айтсақ, экспрессоидтерді таңдайды, таңдалған экс-
прессоидтерді стилемаға айналдырады.
Етістіктің -мақ жұрнақты тұлғасы да Абай поэзиясы
тілінде көбінесе стильдік қызметте жұмсалады, демек, поэти-
калық құралдардың біріне айналады.
Әдетте -мақ жұрнағы түркі тілдерінің бірқатарында қимыл
атауын білдіреді, яғни қазіргі қазақ тіліндегі -у жұрнағымен
(бару, келу дегендердегі сияқты) қызметтес. Бұл қызметте -мақ
жұрнағы қазақ тілінің өткен кезеңдері үшін де, қазіргі кезеңі
үшін де жат емес (мектеп грамматикаларында қимыл атауы -у
жұрнағымен беріледі деген қағидаға қарамастан). Қимылдың
шаққа, жаққа, райға қатыссыз жалпы атауын (есімін) білді-
руде қазіргі қазақ тілінде негізінен -у жұрнағы көрсетілуінің
себебі жоқ емес сияқты. Біздің байқауымызша, мұның бір
себебі бұл жұрнақтың қызметтесі -мақ-пен келген тұлғада
мақсаттық (супиндік) реңктің болуы және үнемі болып жататын
қимыл-әрекетті білдіретін, шаққа бейтарап -ады қосымшалы
тұлғаның орнына жұмсалуы деп ойлаймыз. Оның үстіне -мақ
жұрнақты етістіктің тіркесімдік қабілеті -у жұрнақты тұлғаға
17
Жұбанов Е
.,
Қожанов М. Эпос тіліндегі көсемше // Қазақстан мектебі. - 1982.
- №1.
18
Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973. - 48 б.
53
қарағанда өзгешелеу келетін «қасиеті» де бұл тұлғаны қазіргі
нормадан едәуір ығыстырған деп білеміз. Мысалы, баруға
болады деудің орнына бармаққа болады, баруым керек деудің
орнына бармағым керек деп айту бұл күнде норма емес. Бірақ,
әрине, бұл тұлға қолданыстан мүлде шығып қалған жоқ,
өйткені мұның -у жұрнағына қарағанда, стильдік жүк арқалау
қабілеті күштірек. Осыны Абай жақсы пайдаланған.
Абай – ойшыл ақын. Оның суреттеуі, баяндауы қанша бол-
са, толғануы сонша. Философ абстракт (дерексіз) ұғымдарды
сөз етеді. Ал дерексіз ұғымдар жеке түбір сөздер арқылы ғана
емес, көбінесе туынды тұлғалар арқылы берілетіндігі мәлім.
Абстракт ұғымдар есім сөздерден негізінен -лық жұрнағымен
жасалатынын білеміз. Абай мұны да кеңінен іске асырған.
Біздің байқауымызша, бұл жұрнақпен Абайдың өлеңдері мен
прозасында жүздеген сөз қолданылған
19
. Олардың ішінде
қазақ тілінде бұрыннан бар , адалдық, арамдық, байлық, билік,
батырлық, балалық, кәрілік, иттік сияқтылары да, ақынның
өзі жасаған суықтық (Лермонтовтан аударған өлеңінде,
орысша холод дегеннің баламасы), қоршылық (қорлық деген-
нің параллелі), адалшылық (адалдық дегенмен қатар), тоқтау-
лылық, байлаулылық, қорғалауықтық, табылмақтық, үміт
үзбестік т. т. бар. Бұл жұрнақты Абай сөз тіркестеріне жалғап
та қолданады, бұл – Абайдан өзгелерде сирек кездесетін құбы-
лыс. Абай шығармаларындағы мал тапшылық, қолы тарлық,
әсем салдық, қызба бастық, күлкі тоқтық сияқты туынды
күрделі есімдер, біздіңше, Абай қаламынан шыққан (әрине,
модель бұрынғы, атаулар жаңа).
Бірақ бұл реттегі Абайдың тілге қосқандары мен қолда-
ныстары көркемдік мақсатты көздемейді, яғни -лық жұрнақты
абстракт есімдер көріктеуіштік емес, атауыштық қызметте
келеді. Ал -мақ жұрнағымен келген сөздерді актив қолдану –
Абай тіліндегі ерекшеліктердің бірі. Бұл тұлға өлең тексінде
екі-үш түрлі қызметте келеді: бірі таза етістік қызметінде
жұмсалуы, мұндайда ол көбінесе ұйқасқа шығарылады. Мы-
салы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп баста-
19
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 231-238-б.
54
латын философиялық толғау-өлеңінің барлық шумағы -мақ
жұрнақты етістікке ұйқастырылған:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның, бәрі өзгермек...
Бұл реттегі жұмсалған -мақ жұрнақты тұлға шаққа бейта-
рап, әрдайым болып жататын, қалыпты қимылды білдіретін
қызмет атқарады, яғни жас қартаяды, жоқ туады, туған
өледі деген сияқты ауыспалы шақ деп аталатын тұлғамен
қызметтес.
Философия шындықты баяндайды, ал шындық қалыптағы,
әдеттегі құбылыстардан құралады, демек, өмірде әрдайым бо-
лып жататын шындықты сөз ету үшін етістіктің шаққа бейта-
рап тұлғасын қолдануды ақын құдіреті жақсы сезген.
Абай және бір өлеңіңде -мақ жұрнақты тұлғаны бастан-аяқ
ұйқасқа алады, ол – «Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңі:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек...
Осы өлеңнің екінші шумағында -мақ тұлғалы етістік қимыл
есімі мағынасында келеді: Адамзатқа не керек: Сүймек, сез-
бек, кейімек. Харекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап
сөйлемек. Мұндағы етістіктер – сүю, сезу, кею, харекет қылу,
жүгіру, ақылмен ойлап сөйлеу деген қимыл есімдерінің екінші
варианттары. Ал соңғы шумағында -мақ жұрнақты етістік
қайтадан шаққа бейтарап -ады қосымшалы тұлғаның орнына
келген: Әркімді заман сүйремек [сүйрейді], Заманды қай жан
билемек [билейді], Заманға жаман күйлемек [күйлейді], Замана
оны илемек [илейді].
-мақ жұрнақты етістіктерді қалған өлеңдерінің өн бойында
емес, жеке шумақтарында пайдаланған:
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
һәмише өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек...
55
Аударма өлеңінен:
Жұрттың сөзі тағдырға адам көнбек,
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.
Осы сенің қызығың, қуанышың
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек...
Бұл шумақтардың барлығында да философиялық ой-тол-
ғамды білдіруде де ақынға қызметтес (синоним) -у және -ады
қосымшалары жалғанған сөзден гөрі -мақ жұрнақты тұлға
қолайлылау, дәлдеу болған болу керек, өйткені алдыңғы екі
тұлғаның екеуі де әдеттегі қимыл-әрекетті білдіруге бейім, ал
-мақ жұрнақты етістік қазақ тілінде жалпы абстракт ұғымды
атауға көше бастаған.
Сөйтіп, талданған екі тұлғаның: -ып жұрнақты көсемше
мен -мақ жұрнақты етістіктің екеуінің де Абай өлеңдеріндегі
қолданысында уәж (мотивировка) бар, олардың бірі (көсемше
тұлғасы) көбінесе экспрессоид болып келеді. Әрине, троп-
тардың (Ахмет Байтұрсыновтың терминімен айтсақ, көріктеу
әдісімен жұмсалған көрнекі тілдің) қай-қайсысы да белгілі
бір өң берілген қолданыстар болады да, олар да экспрессоид
(әсерсөз) қызметін атқарады.
Әсерсөздің қолданысында белгілі себеп, мақсат болады,
сондықтан оларды ғылымда уәжді (мотивированный) элемент
(сөз) деп атайды. Абай қолданысындағы талданып отырған
тұлғалардың уәжділігінің бір белгісі – олардың ұйқас құрауға
қатыстырылуы.
Етістік тұлғаларының ұйқасқа қатысуы. Біз Абай өлең-
дерінің тіліне арнаған монографияларымыздың біреуінде
қазақ поэзиясындағы, оның ішінде Абай өлеңдеріндегі ұйқас
көрінісін өлең тілінің синтаксисіне қатыстыра сөз еткен бола-
тынбыз. Бұл еңбектің жарыққа шыққанына ширек ғасырдай
уақыт өтіп, кітаптың сирек бұйымға айналғандығын ескеріп,
оның үстіне таралымы (тиражы) тым аз (3350 дана) басы-
лым біреудің қолына тисе де, екінші біреулердің қолына ти-
мей қалған болар деп, тіпті әрі-беріден соң аты аса «ғылыми»
бұл кітаппен негізінен мамандар ғана танысқан болар деген
күдікпен біз осында айтқан ойларымыз бен жүргізген тал-
56
дауларымыздың бірқатарын осы еңбегімізде қалың көпші-
лікке арнап қайталап беруді жөн көрдік. Мұндағы қайталап
ұсынылатын материалдардың осы кітабымыздың тақырыбына
үндесетіндігін де ескердік.
Аяққы ұйқасқа алынған сөздердің атқаратын рөлін зерттеу-
шілер айрықша атап көрсетеді. Ұйқастың өлең табиғатына
сай өзге қызметтерімен қатар (мысалы, ырғақты күшейтетін
немесе тармақ жіктерін ажырататын) оның көріктеу-бейне-
леу құралы ретінде де мәні бар екендігі, яғни өлеңдегі
негізгі айтылмақ ойды білдіруге көмектесетіндігі айтылады.
Ұйқастырылатын сөздерге ой екпіні түседі де, оған оқыр-
манның көңілі аударылады
20
. Демек, ұйқасқа алынатын сөздер
кездейсоқ болмайды екен және олар шумақтың немесе өлең
бөліктерінің негізгі мағынасын аша түсетін сөздер болуға тиіс
екен.
Ұйқастың өлең мазмұнына, идеясына, стиліне тікелей
қатысты болатындығын біз де баса көрсетеміз. Соған орай
ұйқастырылатын сөздердің сипаты (қай сөз табы екендігі) мен
тұлғасының қандай екендігінің үлкен мәні бар, оның үстіне
ұйқасқа шығарылған сөздердің өлең құрылысына тікелей әсері
бар дейміз. Бұл мәселе жеке қаламгер шеберлігін тануға да
қатысты, өйткені ұйқас пен өлең гармониясын кез келген ақын
барлық өлеңінде принцип етіп ұстана бермейді.
Абай да айтпақ ойы үшін «ең салмақты», яғни бейнелі сөзді
тармақ соңына шығарып, қалған тармақтарды соған ұйқас-
тырады. Мысалы, ұлы ақын бірқатар өлеңдерінің кейде түгел өн
бойында, кейде жеке шумақтарында кейбір замандастарының
жағымсыз бейнесін суреттейтінін білеміз (ол жайында басқа
тақырыпқа байланысты жоғарыда да айттық). Адам баласының
мінез-құлығын жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір
тобы – еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер немесе солардан
жасалған туынды тұлғалар. Сондықтан Абай «Қазағым, қалың
елім, қайран жұртым» тәрізді өлеңін бастан-аяқ қыртың,
бұртың, қиқым, тырқың, жыртың сияқты жағымсыз мәнді
сөздердің ұйқасына құрады, «жібі түзу» мәнді сөздер (жұртым,
20
Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы, 1970. - 147-
166-б.
57
ұртың, мұртың, құлқың, жылқың т. т.) алдыңғы жағымсыз
сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі иде-
ясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз аузына
мұрты түскен» замандастарының сұрықсыз портретін беруге
ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн бойына
созылған моноұйқаста (бір ғана ұйқаста) бейнелеуіш сөздердің
шоғырланып келіп отыруы осы сөздерге оқырман назарын ау-
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Зерттеушілер жалпы түркі поэзиясында, оның ішінде қазақ
өлеңінде әр алуан тұлғадағы етістік ұйқастардың жиі қолданыл-
ғанын айтады. Мұның бір себебі қазақ тілінде, өзге де түркі
тілдеріндегідей, баяндауыштың сөйлем соңында келуіне
қатысты сияқты. Өйткені қазақтың 11 буынды қара өлеңінің
алдыңғы екі тармағы көбінесе шағын жеке бір ойды қамтитын
бір-бір сөйлем болып келеді, ол сөйлемдер баяндауышпен
аяқталады: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын
бір тайлақ бос келеді». Қалған екі тармақ не жайылыңқы жай
сөйлем, не құрмалас сөйлем болып құрылады да, оның да баян-
дауышы сөйлем соңында тұрады: «Қарыңдастан айрылған жа-
ман екен, Мөлтілдеп екі көзден жас келеді». Бұл жерде ұйқасқа
етістіктердің жалаң өздері емес, олар алдындағы сөздерді
қосаққа алып келіп тұр. Бұл тәсіл жазба поэзиядағы 11 буынды
өлеңдерде де қолданылады. Абайда: «Жасымда ғылым бар деп
ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң
түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім»...
7-8 буынды өлең-жырларда да осындай: «Аспанды бұлт
құрсайды, Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды»...
Әрине, бұл – ұйқастың барлық өлеңде сақталуға тиісті түрі
емес. Етістікке аяқталмайтын ұйқастар қаншама! Әсіресе жаз-
ба поэзия жалаң етістік ұйқастарды аса сәтті шеберлік деп
есептемейді. Бұған Мағжанның:
Талапсыз сорлы «ойлаған»,
Ойға терең «бойлаған».
Есалаң уға «тоймаған»,
58
Қажып бір ойын «қоймаған».
Есер жүрек «ойнаған».
Өлгенше үміт «жоймаған».
Жындыдай жалғыз «тойлаған».
Жалықтырды «ой» да «ған»...
Құрысын өлеңі
Қой бағам!–
дегені дәлел бола алады. «Өлең ұйқасы» деп ат қойған шағын
мысқылында Мағжандай поэзия ділгірі ойланған ~ бойлаған
~ тойлаған немесе барады ~ қалады ~ талады сияқты
ұйқастармен өлең жазу ақынды мәз етіп танытпайтындығын,
асыл сөз – өлеңді ондай қара дүрсінге салып ақын болғанша
қарап жүріп қой баққан артық дегенді айтады.
Әрине, бұдан ауыз әдебиеті қара дүрсін, жазба поэзия
«жетілген» деген пікір тумасқа керек. Сірә, ақындар өлең
жазғанда (не бұрын ауызша толғағанда) етістіктерді ұйқасқа
шығарайын ба, жоқ па деп ойламайды, бұл талғамды өлеңнің
мазмұны мен ойды ұсыну мәнері шешеді. Мысалы, ашық
райдағы етістік ұйқастар жырларда жиірек ұшырасады.
Бұларда белгілі бір оқиға, іс-қимыл баяндалады, демек, ба-
яндау стилі үшін оған ең қолайлы және интонациясы (айтылу
әуені, ырғағы) мен синтаксисі (сөйлемде атқаратын қызметі)
жағынан сай келетін құрылым – етістік баяндауыштың ашық
райда сөйлем соңында тұруы болады. Мысалы, «Қобыланды
батыр» жырында ұрысты немесе Тайбурылдың шабысын,
кейіпкерлердің жүріс-тұрысын баяндаған жерлері ашық
райдағы етістік ұйқастарға құрылған. «Сөзге сынық қылдың»
деп, басын кесіп алмақ болған Қобыландыдан қорқып,
батырдың алдынан шыққан Құртқаның қимыл-әрекетін
баяндаған жер былайша берілген:
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және ашты жабықты.
Жабықтан көзін салыпты,
Салса ерді таныпты...
Батырдан Құртқа қорыққан соң
Төмен қарап жер шұқып,
59
Өксіп жылай қамықты.
Енді Құртқа сасады,
Бетінен қаны қашады,
Оқ етегін басады.
Сасқан емей, немене,
Аш күзендей бүгілді,
Құртқа жаннан түңілді...
Мұнда түгел етістік ұйқастар. Оқиғаның өзі әлдеқайда
экспрессивті болғанмен, баяндау тәсілі өзіне тән морфоло-
гиялық-синтаксистік амалды қалап, етістіктер сөйлем соңында
және ашық райда берілген. Осы жырдың Тайбурылдың шабы-
сын суреттеген жерінде де ұйқастар бастан-аяқ ашық райдағы
етістіктер болып келеді, өйткені мұнда да баяндау реңкі бар.
Ал баяндау емес, суреттеу, толғау, нақыл-өсиет айту түрін-
дегі өлеңдерде ұйқасқа көбінесе өзге сөз таптары немесе
етістіктің ашық райдан басқа тұлғалары алынады. Мысалы,
Махамбеттің «Арғымақтан туған қазанат», «Таудан мұнар-
тып ұшқан тарланым» тәрізді Исатайдың портретін бер-
ген өлеңдерінде, сондай-ақ өзінің арман-мақсатын толғаған
«Еменнің түбі – сары бал», «Абайламай айрылдым», «Айна-
лайын Ақ Жайық» сияқты туындыларында ұйқас құрайтын
сөздер – ашық райдағы етістіктер емес. Біздің байқауымызша,
жалпы Махамбет өлеңдерінде етістіктің ашық райдағы тұлға-
сымен келген ұйқастар көп емес, оған басты себеп ақын
творчествосының тақырыбы мен стилінде. Махамбет – белгілі
бір оқиғаны баяндаушы, жырлаушы емес, сол оқиғаға өзінің
көзқарасы мен қатынасын білдіруші.
Өзге ақын-жыраулардың да әр алуан толғау, өсиет болып
келетін көптеген өлең-жырлары етістік ұйқастарды пайдалана
қалса, ол етістіктер көбінесе ІІ, III жақ бұйрық рай, өткен шақ
есімшенің жалғаулы, шылаулы және дара түрлері болып келеді
(мысалы, Бұқар жыраудың толғауларын қараңыз).
Сөйтіп, оқиғалы тақырыпты жырлайтын толғау, жыр,
қиссаларға негізінен ашық райдағы етістік ұйқастар тән де-
ген қорытынды айтуға болады. Абайда поэмалары мен бірді-
екілі өлеңінде болмаса, қалған өлеңдерінде ашық райдағы
60
етістік ұйқастар кемде-кем ұшырасады. Бұған негізгі себеп –
ақын поэзиясының тақырыбы мен мазмұны. Абай эпик емес,
оның өлеңдері – негізінен лирикалық шығармалар. Ал лири-
када іс-әрекетті баяндау сирек болатыны мәлім. Сондай-ақ
табиғат құбылыстары мен адамдарды (мысалы, сұлу қызды)
немесе жылқыны, я болмаса жүз жылғы өткен ескі киімді сөз
еткен өлеңдерінде суреттеу стилін ұстайды. Бұл циклдердегі
өлеңдердің бірде-біреуінде ашық райдағы етістік ұйқас жоқ,
керісінше, сын есім мен сындық ұғымда қолданылған өткен
шақ есімше жиірек кездеседі. Мысалы, «Аттың сынында»
зат есімдер мен туынды сын есімдер ғана ұйқастырылған.
Жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері де сондай. Тек
«Жаздыкүн шілде болғанда» өлеңінде өткен шақ көсемше
мен жатыс септіктегі есімше тұлғалары ұйқасқа алынған. Бұл
өлеңдегі өткен шақ көсемшенің қызметі мен ерекшелігі жай-
ында жоғарыда айттық.
Өткен шақ көсемше ұйқастарды қолдану қазақ поэзия тіліне
ертеден тән әрі актив тәсілдердің бірі екендігін де ескерттік.
Абай бұл норманы жақсы танып, ұтымды пайдаланған, соны-
мен қатар поэтиканың өзге жақтары сияқты, бұл жағына да өз
қолтаңбасын енгізген.
Сөйтіп, Абай өлеңдерінде етістік ұйқастардың басым
көпшілігі тиянақты баяндауыштар емес, олар не пысықтауыш,
не бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары болып келеді және
көп ретте образ жасауға қатысып, экспрессоидтік қызмет
атқарады. Бұл қызметте әсіреее -ып жұрнақты көсемше көзге
түседі. Ұйқасқа қатыстыруда Абай етістіктің өзге кейбір
тұлғаларын да активтендіреді. Олар да шылауымен тіркесіп
келген шартты рай тұлғасы («Жарқ етпес қара көңілім не
қылса да», «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» деп бастала-
тын өлеңдері), барыс септіктегі -у жұрнақты етістік тұлғасы
(«Интернатта оқып жүр» деп басталатын өлеңінің екінші бөлігі
білуге, көруге, керуге, сөнуге сияқты ұйқастарға құрылған), ба-
рыс, жатыс септіктеріндегі өткен шақ есімше («Қансонарда
бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі аңдығанға, із салғанда,
самғағанда деген ұйқастарды қараңыз), -мақ жұрнақты
61
тұлғалар. Бұл соңғы көрсетілген тұлға да Абайда стильдік
жүкпен жұмсалған.
Ұлы ақын тіліндегі етістік ұйқастарды сөз еткенде, ерекше
атайтын құбылыс – Абайдың бұларды көбінесе моноұйқасқа
пайдалануы, яғни шағын тұтас бір өлеңді немесе ұзақтау өлең-
нің жеке бөліктерін бір ұйқасқа құруы. Бұл амал, бір жағынан,
ақынның сөз тапқыш шеберлігін танытса, екінші жағынан,
берілген образдардың оқырманға әсерін күшейтеді, үшіншіден,
ақын идеясын аша түсуге көмектеседі. Қорыта айтқанда,
ұйқасқа алынған етістік тұлғалары көп сәтте «ойнап тұрады»
жай тұрмайды, сөзден кесте төгіп, қызмет етіп тұрады.
Демек, Абай өлеңдеріндегі ұйқас суретінің де стильдік
мәні айрықша екенін көреміз. Сөздің стильдік жүк арқалауы –
шеберлікті көрсетеді, ал шеберлік – поэтикалық тілді танудың
бірден-бір көзі. Бұл орайдағы Абайдың ұсталығы ең алдымен,
жоғарыда айттық, көптеген өлеңдерінің жалпы бір ұйқасқа
(моноұйқасқа) құрылған тұтастығында. Моноұйқас ақынның
сол өлеңде айтпақ ойларын сомдайтын қызметімен қатар, сол
сомдалған идеяны тіл жағынан біртұтас, бір демдік дүние
етіп білдіруге күш салады. Екіншіден, Абайдың моноұйқасы
әрдайым біркелкі сөз тұлғасымен берілмейтіндіктен, ақын
ұйқастырылатын тұлғалардың әр түрін іздеп табады. Мы-
салы, «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» деген өлеңінде
-лық жұрнақты зат есім, - лық жұрнақты сын есім және
Достарыңызбен бөлісу: |