§7. ӘДЕБИ ЖАНРЛАРДЫҢ КӨРЕМДІК БОЛМЫСТАН ТЫСҚАРЛЫҚПЕН ҚАТЫСЫ
Әдебет жанрлары көркемдіктен тысқары реалдылықпен өте тығыз және сан алуандық желісімен байланысқан. Біріншіден, ең бастысы осы байланыстардың генетикалық аспектісі. Екіншіден, әдеби жанрлардың көркемдіктен тысқары реалдықпен рецептивтік деңгейде байланысы. Туындының жанрлық мәнділігі мәдени-тарихи өмірдегі бүкіл әлемдік маңызды құбылыс ретінде туындайды. Осылайша, ертедегі қаһармандық эпостың негізгі нышан-белгілері этнос және мемлекеттің қалыптасу дәуірінің ерекшеліктері арқылы айқындалды. Жаңа уақыттағы романдық бастау көздің белсене түсуі осы кезеңдегі адамның рухани дербестігінің ілкі реалдықтың ең маңызды феномендерінің бірі болып табылуымен байланыста болып келеді.
Жанрлық формалардың (қашанда мазмұндық маңызды болатындығын еске аламыз) эволюциясы көп жағдайда әлеуметтік аядағы ілгерлеуге бағынышты болып келетіндігін Г. В. Плеханов классицизм трагедиясынан Ағартушылық дәуіріндегі "мещандық драмаға" дейінгі жолдан өткен XVII-XVIII ғғ. француз драматургиясын материалдары арқылы көрсетіп берді[859].
Жанрлық құрылымдар (әдеби тектер сияқты) дегеніміз – бұл әрі әлеуметтік-мәдени, әрі табиғи көркемдіктен тысқары формалардың басқаша түсінілуі. Жанрлық дәстүрмен бекіген туынды композициясының принциптері өмір құбылыстарының құрылымын танытады. Суретші графиктің пікіріне сілтеме жасайтын болсақ: "Кейде табиғатта композиция бар ма <...> деген дауды естуіміз мүмкін? Бар! <...> Бұл композицияны тапқанда суретші, асқақтатқан да суретші"[860]. Белгілі бір жанрдағы көркем тілдік ұйымдастыру басы бүтін көркемдіктен тысқары сөз саптауларға (шешендік және ауызекі әңгімелік, базарлық сөз саптау және жекебастық және т.б.) бағынышты болып келеді. XIX ғ. бірінші жартысындағы неміс философы Ф. Шлейермахер осы турасында сөз етті. Ол драма өзінің өмірге келген сәтінде барша ауызекі сөйлеулерді алса, көне гректердің трагедиялары мен комедияларындағы хордың ілкі бастау көзі жеке адамының халықпен кездесуінде жатыр, ал, эпостың көркем формасының өмірлік бағзы образы дегеніміз – бұл әңгіме деп атап көрсетті[861].
М.М. Бахтин атап көрсеткендей, әдеби жанрларға әсер ететін сөз формалары сан алуан болып келеді: "біздің барша сөз саптауларымыз белгілі бір және қатысты тұтас түзілімнің тұрақты типтік формаларына ие. Біз тілдік жанрлардың ауызша (және жазбаша) бай репертуарына иелік етеміз". Ғалым тілдік жанрларды бастапқы, сложившиеся "тіклей ауызекі тілдік қарым қатынас жағдайында" (ауызекі әңгімелесу, диалогта) қалыптасқан және туынды, идеологиялық (шешендік өнері, көсем сөздік, ғылыми және философиялық мәтіндер) деп шектеді. Көркем тілдік жанрлар ғалымның пікірінше, туындының қатарына жатады; олар көпшілік жағдайда "түрлінше өзгеріске ұшыраған ілкі жанрлардан (диалогтық реплика, тұрмыстық әңгімелер, хат, хаттамалар және т.б.) тұрады"[862].
Әдебиеттегі жанрлық құрылымдар (әрі канондық қатаңдыққа ие, әрі одан азат), көріп тұрғанымыздай өздерінің өмірге келуі мен бекемделуіне сеп болушы өмірлік аналогтарға ие[863]. Бұл – әдеби жанрлардың генезистік (шығу төркіні) аясы.
Бұдан бөлек сөздік көркем жанрлардың ілкі реалдықпен байланыстағы рецептивтік жағы да маңызды болып келеді. Істің мәнісі мынада, белгілі бір жанрдың туындысы (тағы да М.М. Бахтинге бет бұратын болсақ) белгілі бір қабылдау жағдайына бағдар ұстайды: "... әрбір әдеби жанр үшін <...> әдеби туынды адресатының өзіндік ерек концепциясы, өз оқырманы, тыңдарманы, қауымы, халықтың ерек сезінуі мен ұғынуы тән болып келеді"[864].
Жанрлардың өзіндік қызмет атқаруы өте-мөте сөз өнерінің өмір сүруінің ертеректегі дәуірлерінде айқын танылады. Д.С. Лихачев оежелгі орыс әдебиеті туралы не айтады: "Жанрлар өздерінің қолданылуына қарай анықталады: діни қызмет атқаруда (оның түрлі бөліктерінде), заң және дипломатиялық тәжірибеде (тізімге алу, жылнама, кіәз қылмыстары туралы хикаяттар), кінәз тұрмысының жағдайы турасында (салтанатты сөз, даңқтары, және т.б.)"[865]. Осындай ретте XVII-XVIII ғғ. классицистік ода салтанатты сарай жоралғысының бір буынын құрады.
Фольклорлық жанрлар да белгілі бір қабылдау жағдайымен үзілмес байланыста болып келеді. Фарстық сипаттағы комедия әу баста бұқаралық думанның бөлінбес бір бөлігі болып оның құрамында өмір сүрді. Ертегі де бос уақтты көңілді өткізу үшін орындалып, шағын адамдарға қаратыла қолданылды. Тек таяуда ғана қалалық және ауыл көшелік жанр – частушка өмірге келді.
Сөз өнері кітап бетіне көшісімен өмірлік формалар және игерумен байланысын әлсіретіп алды: көркем әдебиетті оқу кез келген жағдайда жүзеге асырыла береді. Бірақ та бұл жерде туындыны қабылдау оның жанрлық-тектік қасиетіне байланысты болып келеді. Оқуға арналған драма сахналық көрініс және айтылымдық формамен ассоциация туғызып, оқырман санасында жанды, әрі мәжбүрлеусіз қиял елесін туғызады. Отбасылық-тұрмыстық романдар мен хикаяттар, пейзаждық жазбалық, достық және махаббат лирикасы осы жанрларға тән жан дүниесін ақтара сыр айтысуға бейімділігі оқырманға автордың өзіне жеке қарата сөз толғағандығын сезіндіреді де, сенім артқан жеке бастық байланыс ауаны туындайды. Дәстүрлі эпикалық қаһармандықпен орындалған туынды оқырманда әлдбір кең ауқымды "бізбен" сыр бөлісе бірігуінің сезімін туғызады. Жанр, көріп отырғанымыздай, қаламгер мен оқыраманың басын қосатын арағайындықтың көпірлерінің бірі болып табылады [866].
* * *
XXғ. "әдеби жанр" ұғымы бірнеше мәрте жоққа шығарылып терістелді. Итальян философы Б. Кроченің ізін ала француз әдебиеттанушысы П. ван Тигем: " Өткендегі ұлы жазушылардың соңына ілесіп, әдеби жанрларға ықылас аудару құр далбасалық; олар ең көне формалар –эпопея, трагедия, сонет, романды алғандаыр бәрі бір емес пе? Ең бастысы олар бұл жағынан үлгерді. Наполеонның Аустерлицадағы таң алдындағы киген етігін зерттеудің не қажеті бар?" деп тұжырымдады[867].
Жанрларды пайымдаудың басқа полюсінде олар турасындай әдеби процестің "жетекші қаһармандары" деп ой түйген М.М. Бахтиннің пікірі тұр[868]. Жоғарыдағы айтылғандардың бәрі екінші көзқарастың ығына жылуға меңзейді, бірақ та, нақылай кетуші толқытауыш: егер "дейігромантикалық" дәуірлерде әдебиеттің келбеті шын мәнісінде ең алдымен жанрлық заңдылықтармен, нормалармен, ережелермен, анықталды, ал, XIX-XX ғғ. Ақиқатында әдеби процестегі орталық фигураға өзінің кең ауқымды, әрі еркін жүзеге асырылатын шығармашылық бастамашылығымен автор айналды. Жанр бүгінде "екінші тұлғаға" айналғанымен, әлі күнге өз мәнділігін жоғалта қойған жоқ.
VI ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |