Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет110/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Аталған "бетер тақырыпты" өрістей және дәйектей мазмұндаудың өзіне (істің мәнісінде – ғылыми пәннің тізгін ұстатуға болады) әдебиеттану ең құрығанда жеке кітапты талап етер еді. Біз өте шағын ауқымда шектелуді құп көрдік.
І.ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ТҮП ТӨРКІНІ (ГЕНЕЗИСІ)

§1. ТЕРМИННІҢ МӘНІ


Генезис (көне гр. genesis) сөзі шығу төркіні, пайда болуы, өмірге келу процесі және ары қарай дамуға қабілетті белгілі бір заттың (құбылыстың) ең алғашқы қалыптасуы дегенді білдіреді. Осы терминді әдебиетте тұтастай қолданғанда көркем сөз өнерінің тарихи шығу төркінін бекемдеп, бізге архаикалық дәуірлерге, оның шінде әдеби тектердің қалыптасуына назар аудартады.


Жеке туындының мәтіндік қасиетінің генезисі әлдебір өзгеше атаумен көркем ой ұшқынынан оның жүзеге асуына дейінгі аралықтағы жол деп аталынады. Әдеби шығармашылықтың бұл аспектісін Н.К. Пиксанов ("Ақылдың азабы" комедиясының мысалдары негізінде) ұзақ жылдар зерттеді. Әдебиетті генетикалық қарасытру дегеніміз – бұл ең алдымен, жеке туындының шығармашылық тарихын зерттеу деп ұйғарған ол: "Кез келген эстетикалық элемент, кез келген поэтикалық форма немесе конструкция ғылыми тұрғыда біршама сезімталдықпен пайымдалуы тек оны бірден-бір сенімді тууы, пісіп-жетілуі және аяқталуын толық зерделегенде ғана әбден мүмкін болады" деп тұжырымдайды[869]. (345) Жәнеде жұртқа белгілі Б.М. Эйхенбаумның мақаласын еске сала отырып, Гогольдің "Шинелінің" қалай жасалғандығын ұғу үшін, оның қалай жүзеге асқандығын зерттеу керек деп атап көрсетеді. Әдебиеттанудың аталған саласы мәтіннамамен тығыз байланыста болып келіп, түбегейлі оған иек сүйейді. Біздің уақытымызда туындының шығармаышылық тарихын зерттеу мәтін генезисі және динамикалық поэтика терминдерімен таңбаланады[870].
Әдебиеттану үшін бір шама мәністі "генезис" сөзінің үшінші мәні де бар. Бұл – көркем сөз саласы мен өнердің басқа түрлерінің және оның шегінен тысқары аяда да (индивидуалды-ғұмырнамалық және әлеуметтік-мәдени шеңбер сондай-ақ, антропологиялық универсалияның әлеміінде) өз орны бар жазушылық іс-әрекеттің факторлорының (түрткілерінің) жиынтығы. Әдеби өмірдің аталған аспектсін әдеби шығармашылықтың генезисі сөз тіркесімен таңбалаймыз. Жазушылық іс-әрекеттің түрткілерін зерттеген шақта жеке туындының мәнісін ұғыну үшін, сондай-ақ, әдеби процестегі сөз өнерінің даму заңдылықтарын түсіну үшін.
Әдебиет туралы ғылымының құрамында әдеби шығармашылықтың генезисін игеру туындының өзін зеттегенген қарағанда қосалқы болып табылады. А.П. Скафтымов: "Объектіні кез келген генетикалық қарастыру алдын ала оның ішкі-құрылымдық мәніне қол жетікізіп алған соң ғана қолағ алынуы керек" деп тұжырымдайды[871]. Бірақта әдебиеттанудың тарихында генетикалық штудия әдеби туындының көп қырлығы мен тұтастығын зерттеуден бұрын басталып кетті. Олар 1910-1920-шы жылдар аралығында ол әдебиет туралы ғылымда басым жағдайда ие болып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет