Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§5. ЖАНРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН. ЖАНРЛАРДЫҢ КАНОНДАНУЫ



бет107/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118
§5. ЖАНРЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН. ЖАНРЛАРДЫҢ КАНОНДАНУЫ

Бұдан бұрынғы параграфтарда жанрдың мазмұндық-мағыналық және құрылымдық (формалық) қасиеттері сөз болды. Енді біз жанрлардың әдеби процесс құрамындағы рөлін конмәтіндік қарастыруға көшеміз. Бұл рөлді бағалау қиынның-қиыны: «Жанр дегеніміз – туындыны әдебиет әлемімен тұтастыра байланыстыратын буын» деп өзінің «Фантастикалық әдебиетке кіріспе» атты еңбегінде Цветан Тодооров тегін айтпаған.


Әрбір тарихи кезеңде жанрлар өзара түрлінше қарым-қатынаста болады. Олар Д.С. Лихачевтің сөзімен айтқанда: "бір-бірмен әрекеттестікке түсіп, бір-бірінің өмір сүруін қолдайды, әрі бір-бірімен бәсекелеседі"; сондықтан тек жеке жанрлар мен олардың тарихын ғана емес, сонмен қатар, "әрбір аталған кезеңінің жанрлар жүйесі де" зерттелуге тиіс [848].
Оның үстіне, жанрлар белгілі бір ретпен оқырман қауым, сыншылар, "поэтика" мен манифестерді өмірге әкелушілер, жазушылар мен ғалымдар тарапынан бағаланады. Олар не лайықты немесе керісінше, көркем ағартушы адамдардың өз назарын аударуына лайықсыз; не жоғары, не төмен; не болмаса, шынайы заманылық, не өзін түгескен ескіруші; магистралды немесе маргиналды (периферийлік) ретінде тәпсірленеді. Осы бағалаулар мен тәпсірлеулер уақыт өте келе өзгеріске ұшырап отыратын жанрлардың иерархиясын түзеді. Өз кезегінде сүйікті, бақытты таңдаулылар болып табылатын кейбір жанрлар әлдебір беделді инстанция тарапынан өте-мөте жоғарғы бағалауға ие болып, жалпыға танылған саналады немесе ең құрығанда әдеби-қоғамдық салмақтылыққа ие болады. Осы реттегі жанрларды формалды мектептің терминологиясына сүйене отырып канондандырылған деп атайды. (Бір байқайтынымыз, бұл сөз жанрлық құрылымды сипаттайтын "канондық" терминіне қарағанда мүлдем басқа мағынаға ие.) В. Б. Шкловскийдің айтуынша, әдеби дәуірдің белгілі бір бөлігі "канонданған шың болып танылса", қалған буындары "міңгілей", шеткі аймақтарда, беделділікке ие болмай, өзіне ел назарын аудармай өмір сүреді[849]. Канонданған (тағы да Шкловскийдің ізін ала) деп әдебиеттің өткенінің үздік, асқаралы, үлгілі, яғни, классика деп танылған бөлігін атайды. Осы терминологиялық дәстүрдің бастау көзінде – күмән келтірмейтін ақиқат ретінде ресми шіркеудің рұқсатын алған сакральды мәтін туралы ұғым жатыр.
Әдеби жанрларды канондандыру нормативтік поэтиктер Аристотель мен Горацийден Буало, Ломоносов және Сумароковтарға дейін жүзеге асырылды. Аристотельдік трактат трагедия мен эпосқа (эпопеяға) асқан зор мәртебе берді. Классицизм эстетикасы сондай-ақ, "жоғарғы комедияны" канондандырып, оны төменгі және сапасы кем халықтық-фарстық комедия жанрынан бөліп алды.
Жанрлар иерархиясы бұқаралық оқырман санасында да орын алды. Осылайша, орыс шаруалары XIX-XX ғғ. тоғысында сөзсіз "қасиетті кітаптарға" жүректеріне жақын ақсүйектер әдебиетіне ілтипат білдірді. Әулие-әмбиелер (көбіне халыққа сауатсыз, "тұрпайы тілмен" жазылған кітапша күйінде жетіп) "аса зор құрметпен, махаббатпен беріле сүйсіне, жан дүниелерінің есігін кеңінен аша" тыңдалды, әрі оқылды. Көңіл көтеру сипатындағы туындылар "ертегі" деп аталып, төменгі жанр деп бағаланды. Олар жағымсыз реңктегі ("мысалша", "мысалшық", "дәнеме" және т.б.) эпитеттермен күстаналанып, менсінбеушілік туғызуы кеңінен тарады[850].
Жанрлардың канондануы әдебиеттің "жоғарғы" тобында да орын алады. Осылайша, романтизм кезеңінде түбегейлі жанрлық қайта құрулар болып өтіп, әдебиеттің асқарына фрагмент, ертегі сондай-ақ (И.В. Гетенің "Вильгельм Мейстер" рухы мен мәнеріндегі) роман көтерілді. XIX ғ. әдеби өмірі (әсіресе, Ресейде) өмірге ұқсастыққа, психологизмге, тұрмыстық тап-тұйнақтыққа қабілетті әлеуметтік-психологиялық романдар мен хикаяттардың канондануымен танылды. XX ғ. (символизм концепцияда) мистериалдық драматургияның (түрлі деңгейде табысты) канондануы, пародиялау (формалды мектепте), романа-эпопея (1930-1940-шы жылдардағы социалистік реализма эстетикасында), сондай-ақ, Ф.М. Достоевскийдің романдарын полифониялық деп тану (1960-1970-ші жылдар); батыс еуропа әдеби өмірінде – "сана ағымы" романы мен трагикомикалық әлпеттегі абсурдтық драматургия тәжірибелері қолға алынды. Қазіргі таңда романдық прозада мифологиялық бастау көздің беделі өте жоғары.
Егерде нормативтік эстетика дәуірінде жоғарғы жанрлар канондандырылса, бізге таяу кезеңдерде бұрындары "қатаң" әдебиеттің аясынан тыс қалған жанрлық бастау көз иерархиялық жақтан жоғарлатылды. В.Б. Шкловский атап көрсеткеніндей, бұрынғы жанама, маргиналды, төменгі болып келген жаңа тақырыптар мен жанрлар канонданды: "Блок "сыған романсы" тақырыбы мен екпінін канондандырса, Чехов орыс әдебиетіне "Ұйқы ашар" енгізді. Достоевский әдеби нормаға бульварлық роман амал-тәсілдерін кіргізді"[851]. Бұл жерде дәстүрлі жоғарғы жанрлар өзіне жат көзденген сыни қатынас туғызып, өзін түгесуші ретінде ұғынылады. Заманалық әдеби процестегі "төменгі жанрлардың канондануын" дәйектеген Б.В. Томашевский: "Жанрлардың ауысуындағы бір қызықты жайт тұрақты түрде жоғарғы жанрлардың төменгілердің тарапынан шетқақпайлануы" деп атап көрсетті. Ғалымның пікірінше, жоғарғы жанрдың зіне түсушілер ақыр соңында эпигондарға айналады[852]. Кейінірек тап осынддай рухта М.М. Бахтин де өз пікірін білдірді. Дәстүрлі жоғарғы жанрлар оның айтуынша, склонны к "жасанды қаһармандандыруға" бейім, шарттылық, "өзгемейтін поэтикалық", "бір түстілік пен абстрактілік" тән болып келеді[853].
XX ғ., көріп отырғанымыздай, бұрынғы дәуірлерде беделді болғандарға қарағанда басым көпшілік жағдайда жаңа (немесе түбегейлі жаңғырған) жанрлар иерархиялықпен асқақтай түседі. Оның үстіне, көшбасшылық орынды еркін, ашық құрылымдарға ие жанрлық түзілімдер алады да, әдеттен тыс канондандыру өзегіне бейканондық жанрлар айналып, әдебиеттегі барша дайын, тұрақты, бір қалыпты формаларға қатыссыздарға ықылас танытылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет