§4. ӘДЕБИЕТТІК АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Түрлі дәуір әдебиеттерін (замана әдебиетін қоспай) салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеу, әлбетте, түрлі елдер мен аймақтардың әдебиеттерінің арасындағы ұқсас нышан-белгілерді сенімділікпен таба білуге септеседі. Осының негізінде түрлі халықтар мен елдердің әдеби феномендері "біртұтас" деген қорытынды шығаруға болады[925]. Бірақта бұл бүкіл әлемдік процестегі біртұтастық олардың сапалық жағының бір деңгейлістігін және түрлі аймақатар мен елдердің теңдестігін танытпайды. Бүкіл әлемдік әдебиетте тек қана құбылыстың қайталаушылығы ғана мәнді емес, сонымен бірге, аймақтық, мемлекеттік және халықтық төлтумалықта маңызды.
Батыс пен Шығыс елдерінің мәдениеттері (және де, оның ішінде, әдебиеттердің) арасындағы терең де, мәнді өзгешеліктер, екі бетераймақ арасында көзге ұрып тұрады. Латин америкасы елдері, таяу шығыс аймағы, қиыр шығыс мәдениеті, сондай-ақ Еуропаның Батыс және Шығыс (басым көпшілік жағдайда славяндық) бөліктері төлтума өзіндік нышан-белгілерге ие болып келеді. Батысеуропалық аймаққа жататын ұлттық әдебиеттер, өз кезегінде, бір-бірінен қатты өзгешеленіп тұрады. Осылайша, Ч. Диккенстің "Пиквик клубының ажал алдындағы жазбаларындағының" неміс топырағында, Т. Манның "Сиқырлы тауы" секілдінің Франции пайда болуын көз алдыңа елестету мүлдем мүмкін емес.
Адамзат мәдениеті оның көркемдік қырын қоса алғанда унитарлы, бірсапалық-космополиті, "унисонды" емес. Ол симфониялық сипатқа ие[926]: әрбір ұлттық мәдениет өзінің төлтумалық кейпімен оркестрдің толыққанды ойнап шығуы үшін аса қажетті белгілі бір аспап сияқты[927]. Батыс пен АҚШ айтылатын «»Әлемдік өркениет» сөз тіркесіне сақтықпен қарау керек.
Адамзат мәдениетін, оның ішінде, бүкіл әлемдік әдеби процесті түсіну үшін замана шығыстанушысының сөзімен айтқанда: "бір-бірне ұқсамайтын, олардың қашанда ерек, индивидуалдылығы, өзгермейтін және тәуелсіздігі" тән болып келеді. Сондықтан, мәдениет (ел, халықтар, аймақтардың) қашанда толықтырушы қатарына қосылып: "басқаға ұқсайтын мәдениет қажеттіліктің жоқтығынан жойылады"[928]. Б. Г. Реизов жазушы шығармашылығына қатысты осыған ұқсас ойды айтты: "Ұлттық әдебиеттердің жалпы өмір сүріп келе жатқан себетері, олар басқаға мүлдем ұқсамайды"[929].
Түрлі халықтардың, елдердің, аймақтардың әдебиетінің даму эволюциясының өзгешелігіне қатысты болып келеді. Батыс Еуропа соңғы бес-алты жүз жылдықтардың ішінде адамзат тарихының мәдени көркем өмірінің динамизм аңғарды; басқа аймақтардың эволюциясы біршама зор мөлшердегі тұрақтылыққа ие болып келеді. Бірақ қанша жерден жекелген әдебиеттердің даму жолы мен қарқыны әр келкі болып келосін, түптің түбінде дәуірден дәуірге өте отырып, ақыр аяғында бір аранға бағыт ұстанып, біз сөз етіп кеткен сатылардан өтетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |