Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет113/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
2. ӘДЕБИ ҮДЕРІС (ПРОЦЕСС)

Бұл терминмен, біріншіден, белгілі бір елдер мен дәуірлердің (оның құбылыстары мен фактілерінің барынша жиынтығының) әдеби өмірін белгілейді және де, екіншіден, жаһандық, бүкіл әлемдік ауқымдағы көп ғасырлық әдеби дамуын. Әдеби процесс өзінің осы екінші мәнінде тақырыбын салыстармалы-тарихи әдебиеттану құрайды (ары қарай сөз тап осы турасында болады) [904].




§1. ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Әдеби туынды біршама деңгейде тарихтың қозғалысына бағынышты деген факті айқын. Әдеби эволюция әлдебір тұрақты, қалыпты негізде жүзеге асуы өзіне аз назар аудартады. Мәдениеттің құрамында (оның ішінде, өнер мен әдебиет) бір жағынан –индивидуалдандырылған және динамикалық құбылыстар, екінші жағынан – әмбебап уақыттан астам, статикалық құрылымдар [905], кейбірде топика (көне гр. topos - орын, кеңістік) деп аталатын көзге шалынады. Ежелгі кезеңде топика логика (дәлелдеу теориясының) және риториканың (жұрт алдындағы изучение "бұқаралық орындардағы" сөз сөйлеуді зерттеушілік) ұғымдарының бірі болып табылды[906]. Бізге жақын дәуірлерде осы ұғым әдебиеттануға да енді[907]. А.М. Панченконың айтуынша, мәдениет (оның ішінде, сөздік көркем) "оның өн бойында өзекті болып келетін тұрақты формалардың қорына иелік етеді", сондықтан, "өнерге даму үстіндегі топика деген көзқарас" заңды және тән[908].


Топика әр текті. Әдеби шығармашылықта мифтік поэтикалық мәнмен кіндігі ажырамаған эмоционалдық ауандылықтың типтері (асқақтық, трагедиялық, күлкі және т.б.), имандылық-философиялық проблемалар (жақсылық пен жамандық, шындық пен әдемілік), "мәңгілік тақырыптар" тұрақты көрініс тауып, ақыр соңында көркем форманың арсеналы қашанда және бар жерде өзі үшін қолданыс табады. Біз келтірген бүкіл әлемдік константтар, яғни, топостар (сондай-ақ оларды лат. loci communes сөзінен шығарып, жалпы орындар деп те атайды) онсыз әдеби процестің болуы мүмкін емес мұрагерлік қорын құрайды. Әдеби мұрагерлік қоры өз тамырымен сонау дейігәдеби архаикалық замандарға кетіп, дәуірден дәуірге өткен сйаын толыға түседі. Осы турасында соңғы екі-үш жүз жылдықатрдағы еуропа романистикасының дамуы арқылы куә бола аламыз. Бұл арада адамның ішкі әлемін және оның шындық болмыспен көп қырлы қарым-қатынасын көркемдікпен игеруге байланысты жаңа топостар берік орнықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет