§2. СИМВОЛДАУ ТЕОРИЯСЫ
Эллинизм дәуірінде (еліктеу теориясы негізінде, сонымен қатар бір мезетте оны еңсеру үшін) өнердің бастау көзін басқаша пайымдау орнығып, онда көркем шығармашылық тек жеке заттардың (ең бастысы көзге көрінетін) тек туындаушылығы ғана емес, сонымен бірге, әлдебір әмбебаптықтың мән мағынасының өрімделуінің сипаты деп ұғынылды. Осы тұжырымды Платон одан ары дамытып, музыкадағы ғарыштық үйлесімдікке еліктеу турасында сөз етті. Оның түп кіндігі – діни-философиялық санаттама болып табылатын символ туралы ілім. ІV-V ғғ.. тоғысындағы мәсіхшіл ойшыл Жалған-Дионисий Ареопагит шындық туралы ой айтудың ең сенімді жолы құпиялық, мистериялық, символдылық (меңзеу, тұспалдау, ишараттау)[78] болып табылады деп ой түйді. Орта ғасыр философтары еліктеу теориясын өзгеріске ұшырата отырып, символ турасында оның бойынан көбіне өнер туындысының негізі мен тінін аңғарып, «ұқсамайтын ұқсастық» деген пікірге тоқталды. Канондық мәсіх мәтіндерінде ең басты орынға символикалық-аллегориялық тәмсілдер ие болды.
Жаңа заманда (романтикалық және символистік эстетика куә болып отырғандай) теоретиктер өте жиі көркем шығармашылықты, А. Шлегельдің сөзімен айтқанда, "мәңгілік символданушы" ретінде қарастыра бастады. Символдың нышаны жалпылаушы мәнінде осы мәннің көрініс табуы айқындалмаған, көп мағыналы (символды аллегориядан өзгешелендіретін) болып келеді. Гегель, символға сипаттама бергенінде: «Біздің бұндай образды өзінің шын мәнісінде немесе бір мезетте оның ауыспалы мәнінде, немесе тек ауыспалы мәнінде қабылдауға тиістілігіміз күмән туғызады»[79]-деп жазды.
Көптеген ғасыр бойы өнердегі символдар әлдебір «әлемнен үстем» әмбебаптықпен айшықталып, діни-мифологиялық және мистериялық сипатқа ие болып келді. Бізге жақын дәуірлерде көркем символика өзін кең көлемді жердегі тірліктің феномені жалпыадамзатқа ортақ, жалпыұлттық және дәуірден үстемдік ретінде танылды. Гамлет, Дон Кихот, Дон Жуан және Фауст сынды персонаждар символдық мәнге ие. 1910 жылдың екінші жартысында жазылған мақалаларында Пумпянский «отандық символист ақындар» туралы сөз етіп, сөз өнерін «символдар державасы» деп сипаттап, оған әлдебір жағымсыз «бейсимволданған әлемді» қарсы қойды.
Өнердің символдануы турасындағы концепция көп мөлшерде еліктеу теориясына қарағанда образдылықтың (өнердің идея мен мағынаға қатыстылығын) жинақтаушы бастау көзіне баса назар аударғанымен өз бойына шындық болмыстың көп образдылығы мен сезімдік нақтылығынан көркем шығармашылықтың аулақтау қаупін жинақтайды. Оны осы қырынан символизмді сынаған О.Э. Мандельштам[80] сөз еткен болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |