3. ӨНЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТАМАСЫ
§1. "ТАҚЫРЫП" ТЕРМИНІНІҢ МӘНІ
Көне гр. thema ("Тақырып"//тақырыптама) сөзі жаңа еуропа тілдерінде тема//тематика түрінде кеңінен қолданыс табуда. Өнертану мен әдебиеттануда аталған термин түрлі мағынада қолданылады, ең бастысы оның ілкі екі мәні.
Біріншіден, тақырып деп көркем құрылымның, форма аспектілерінің, тірек амал-тәсілдердің ең маңызды компоненттері аталады. Әдебиет бұл табалаушы кілт сөздердің мағынасы. Осы негізде, В.М. Жирмунский тақырыпнаманы көркем сөздің семантикалық аясы ретінде "Заттық мағынаға ие әр сөз суреткер үшін поэтикалық тақырып, көркемдікпен әсер етудің өзіндік амал-тәсілі болып табылады <...>. Лирикада көбіне тұтас поэтикалық бағыт басым жағдайда өзінің сөздік тақырыбымен анықталады; мысалға, сентименталист ақындар үшін "қайғылы", "қату", "елең-алаң", "аза", "өлім үнсіздігі" секілді сөздер тән болып келеді"[107] деген ой айтты. Осы мәнінде музыкатануда «тақырып» термині ертеден қолданылып келеді. Бұл – "есте қалып, әрі бірден танылатын" аталған туындының затына сай келетін "өте айқын <...> музыкалық фрагмент" құрылым элементі"[108]. Аталған терминологиялық дәстүр бойынша тақырып мотивке жуықталынып қолданылады. Ол көркемдік тінінің белсенді, бөлініп тұратын назар аударылушы компоненті. Б.В. Томашевскийдің айтуынша: "тақырыптың <...> шағын бөліктері" «ары қарай бөлшектеуге келмейтін» туындының мотиві деп аталады"[109].
«Тақырып» терминінің өнердің танымдық аспектісіне тән болып келетін басқа мағынасы құрылымдық элементтермен емес, тұтас туындының мәнісімен байланысты болып келетін өткен жүз жылдықтың теориялық тәжірибелерінен тамыр тартады. Тақырып көркем туындыгерліктің іргетасы ретінде автордың мүддесі, пайымдауы мен бағалауының өзегіне айналады. Аталған феноменді Б.В. Томашевский туындының басты тақырыбы деп атады. Ол тақырыптаманың құрылымдық емес, субстанциялық қырынан сөз етіп, махаббат, өлім, революция тақырыптарын атады. Тақырып дегеніміз – бұл "туындының жекелеген элементтерінің мағынасының бірлігі. Ол көркем құрылымының компоненттерінің басын біріктіріп, өзектілікке ие болып, оқырмандардың қызығушылығын туғызады" деп түйіндейді ғалым[110]. Тап осы ойды қазіргі заман ғалымы да: "Тақырып дегеніміз туындының барша элементтері, кейбір интенциялар бағынып, мәтін бойында жүзеге асатын кейбір қондырғылар" деп айтады[111].
Бұдан ары біз тақырыптаманың тек субстанциалды аспектіне назар аударатын боламыз, яғни, затты көркем игеру (тану) өте кең көлемді, сондықтан, өнердің оның қайсысын қамтитынын әзер анықтаймыз. Көркем туындыда оның белгілі бір қырлары табиғат феномендері, ең бастысы, адам өмірінің болмыстық тұтастығы (яғни, әлем келбеті не реттілікпен, не бейберекеттікпен ұшырасып) не тікелей, не жанама түрде қаққа жарылады.
Бұл ұғымдар (көркем тақырып, тақырыптама) біршама деңгейде тар догмалық интерпретациялау негізінде 1920 жылдардан бастап орыс әдебиеттануында көркем туындының тақырыбына қасарысып әлеуметтік сипат беру арқылы өз беделін түсіріп алды [112].
Көркем тақырыптама күрделі де, көп қырлы. Теориялық тұрғыдан оны үш бастау көздің жиынтығы ретінде қарастырамыз. Ол біріншіден, онтологиялық және антропологиялық әмбебаптылық (универсалия), екіншіден, жергілікті//локалды (кейде тіптен кең ауқымды) мәдени-тарихи құбылыс, үшіншіден, дербес өмірдің (ең алдымен, авторлық) өзінділік құндылығы. Өнер тақырыптамасын осылайша түсіндірудің басым бағыты М.М. Гиршманда көрініс тауып, оның сөзінше: «туындыдағы көркем тұтастық әлбетте адамзат, халық және нақты адами тұлға болып табылады» [113].
Достарыңызбен бөлісу: |