ӘДЕБИЕТТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Көркем шығармашылықтың құрамындағы ең бөлінбес құрамдас бөлігінің бірі оның қарым-қатынастық жағы. Өнерге туындылар олардың авторлары тарапынан әлденені қабылдауға, әлдекімге үн қатуға бағдар ұстанған адамдар арасындағы сұхбаттастылық енген. Бұл – өз кезегінде жолдау. Сөзбен өрнектелген әдебиеттің көркемдік іс-әрекетінің коммуникативтік бастау көзі өте айқын және толықтай көрініс табады. Көркем тіл шешендік өнер дәстүріне қатысты болып келіп, жұрты өзіне ұйытатын әлеуетке ие болып келеді; ауызекі сөйлеудегі сөз саптауларға арқа сүйей отырып, ол автор мен оқырман арасындағы ("теңдес") мәжбүрлеусіз және сенімді ауандағы сұхбаттылықты танытады. Ағылшын жазушысы Р. Стивенсон әдебиетті – "Жарқын әңгіме дүкеннің көлеңкесі" деп атады. Бұл әбден түсінікті, әдебиеттану сөздік-көркем туындыны тек оның авторына қатысты ғана емес, оның қабылдаушы санаға да қатысын, яғни оқырман мен оқырман қауымға қатысы жағынан да қарастырады. Әдебиеттің осы қырының жалына жармасқан ғалым осы тарапта герменевтикаға арқа сүйейді.
1. ГЕРМЕНЕВТИКА
Герменевтика (көне.-гр. "түсіндіремін" етістігі, осы сөздің әуелгі мәнінде ежелгі дәуір мен орта ғасырға кетеді) бұл – мәтіндердің мәнісін түсіндіру өнері мен теориясы, кең мәнінде өзге жеке тұлғаның сөз саптауының мәнін ұғыну турасындағы ілім (Жаңа уақыттың, ең бастысы немістік, философиялық және ғылыми дәстүрі). Ол сөз саптаушы тұлға мен оның нені танығандығы турасындағы ілім деп те сипатталады.
Герменевтика бүгінде гуманитарлық білімнің (рух туралы ғалымның), оның ішінде, өнертану мен әдебиеттанудың әдістемелік негізі болып табылып, қаламгерлердің бұқарамен, жеке адамдармен сұхбаттастығының сипатын жарыққа шығарады.
Герменевтиканың бастау көздері – мифтер мен сакралды мәтіндерді түсіндіру тәжірибесі қолға алынған ежелгі антика мен христиан орта ғасырына кетеді. Ол дербес пән ретінде тек XIX ғ. бірқатар неміс ойшылдарының, олардың ішінде ең ықпалдылары Ф. Шлейермахер мен В. Дильтейлердің еңбектері арқылы қалыптасты. Герменевтика XX ғасырда Г.Г. Гадамер (Алмания) және П. Рикёр (Франция), сондай-ақ осы ілімнің ұзақ ғасырлық тарихын егжей-тегжей зерттеген Г.Г. Шпеттің [314] және М.М. Бахтиннің ("Мәтін проблемасы..." және "Гуманитарлық ғылымдардың философиялық негізіне", сондай-ақ "Әдебиеттанудағы әдістемелікке" және "Гуманитарлық ғылымдардағы әдістемелікке" деген атаумен танымал) еңбектерінде айқын танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |