6. КОМПОЗИЦИЯ
§1. ТЕРМИНДІК МӘНІСІ
Әдеби туындының композициясы оның формасының тәжін түзетін – бейнелеуші бірліктер мен көркем-сөздік амал-тәсілдерінің өзара қатыстылығы және орналасылымы, "туынды таңбалары, элементтерінің қоспасының жүйесі" болып табылады[659]. Композициялық амал-тәсілдер авторға қажетті акценттерді белгілі бір бірізділікпен бағыттауға қызмет етіп, түзілген тақырыптар мен сөздік "тінді" оқырман "қолына ұстатады". Олар айырықша эстетикалық әсер ету әлеуетіне ие.
Бұл термин латинның ораналастыру, жасау, түзу деген мағына беретін componere етістігінен келіп шыққан. Әдеби туындының жемісі саналатын туындыларға қолданылаты "конструкция", "диспозиция", "компоновка", "ұйымдастыру", "жоспар" ұғым-түсініктері "композиция" сөзінің бірі аз, бірі көп мөлшерде синонимі болып табылады.
Композиция көркем туындыгерліктің бірлігі мен тұтастығын жүзеге асырады. П.В. Палиевский, бұл – "туындының тәртіпке келтіруші әлеуеті және ұйымдастырушысы. Оған еш нәрсе сыртқа шығып кетпеу, ал өзіндік заңдылық тұтастықпен жалғаса жүруді бақылап отыру тапсырылған <...> Оның мақсаты – барлық бөліктерді идеяны толық таныту үшін бір-бірімен үйлестіре орналастыру" деп тұжырымдайды[660].
Бұл айтылғандарға алып қосарымыз, композициялық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы әдеби туындының қабылдануына түрткі болып ұйымдастырады. Осы турасында (кинорежиссер С.М. Эйзенштейннің ізін ала) А.К. Жолковский мен Ю.К. Щеглов өздері ұсынған "айшықтау амал-тәсілі" терминіне сүйене отырып, табандылықпен сөз етті. аталған ғалымдардың пікірі бойынша, өнер (оның ішінде, сөз өнері) оқырмандар реакциясын, сонымен қатар, автордың шығармашылық еркін өз жетегіне алып бағындырып, "әлемді айшықтау амал-тәсілдерінің призмасы арқылы танытады". Осы айшықтау амал-тәсілдері соншама көп емес, оларды әліпелік негіздегідей бір жүйеге түсіруге болады[661]. Композициялық тәсілдерді "айшықтау амал-тәсілдері" ретінде жүйелеу тәжірибесі бүгінгі күні әлі балаң, бірақ та, өте болшағы зор дүние.
Композицияның тағантасы жазуышының болмысты ойдан шығаруы мен суреттеуін ұйымдастырушылығы (тәртіпке келтірушілігі) яғни, туынды әлемінің структуралық аспектісі болып табылады. Дегенмен, ең бастысы, көркем түзілімінің өзіндік бастау көзі – бұл бейнелеуді, сондай-ақ, тілдік бірліктерді "ұсынудың"тәсілдері.
Композициялық амал-тәсілдер ең алдымен айшықтылық әлеуетіне ие. "Айшықтау эффектісі әдетте әлдебір амалдардың көмегімен емес, қайта осы мақсатқа бағытталған бірнеше тәсілдер арқылы қол жеткізіледі " деп атап көрсетеді музыка теорияшы [662]. Міне, істің мәнісі әдебиетте тап осылайша. Композициялық амал-тәсілдер бұл жерде "қосылғыш" (элемент) құрып, біз бұдан былай қарастыратын өзіндік жүйе түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |