§2. ҚАЙТАЛАУ МЕН ВАРИАЦИЯЛАР
Қайталаусыз және ұқсастықтарсыз ("жартылай қайталаулар", вариациялар, осыған дейін айтылғандарды толықтырушылар мен нақтылаушыларсыз) сөз өнерін елестете алмаймыз. Композициялық амал-тәсілдердің бұл тобы туындының заттық-тілдік тініндегі өте маңызды сәттер мен буындардың бөлініп көрсетіліп, назар аударылуы үшін қызмет етеді. Өзіне дейінгі таңбаланғанға қайыра оралып отыру, көркемдік тұтастықтың құрамында басылған мәтінге істелетін курсив пен жүктеме секілді міндет атқарады.
P.O. Якобсон қайталауға шешуші рөл берді. Көне үнділік трактат "Натьяшастраға" сілтеме жасйа отырып, ондағы қайталу турасында сөздің негізгі фигурсы ретінде (теңеу және метафорамен қатар) сөз етілетіндігін қаузай келе: "Поэтикалық тін бойындағы тіршілік мерзімді қайталанып оытрудан тұрады" деп тұжырымдады[663].
Міне, М.И. Цветаеваның тамаша өлеңінің он алты тармағында қайталаудың симфониясы кеңінен өрістеген (тіндік сөз "август" жеті рет айтылады):
Август - астры,
Август - звезды,
Август - грозди
Винограда, и рябины
Ржавой - август!
Полновесным, благосклонным
Яблоком своим имперским,
Как дитя, играешь, август.
Как ладонью, гладишь сердце
Именем своим имперским:
Август!-Сердце!
Месяц поздних поцелуев,
Поздних роз и молний поздних!
Ливней звездных
Август! - Месяц
Ливней звездных!
Тікелей, сөзбе-сөз қайталаулар ежелгі тарихи әндік лирикада тек басымдыққа қана ие емес, бір сөзбен айтқанда, оның негізін түзеді. А.Н. Веселовскийдің шәкірттері мен ізбасарларының бірі: "Біз әлі күнге дейін, сан алуан беймәдени халықтардың арасынан <..-> әндер сөзсіз және әуенсіз әлдебір таң қалыстан тұратын шексіз қайталаулардан тұратын сөздерді тауып жүрміз <...> Бір ғана ырғақтық фигура дүркіндене қайталанады, не болмаса, орындаушыларын арбап тастайды" деп тұжырымдайды[664].
Сондай-ақ, дәстүрлі эпикалық поэзияда, оның ішінде, "Роланд туралы жырда" сюжеттік эпизодтардың, қаһарман сөз саптауларының, сөздік формулалардың (клишелердің) қайталанулары кеңінен тарғаған. Эпикалық қайталаулардың бастау көзін А.Н. Веселовский екі адамның кезектесе (антифондық орындаудағы), не болмаса, бір затты қайыра туындататын "бірнеше әншінің айтуындағы" халық әндерінен қарастырды[665]. Тап осындай әлдененің ежелгі тарихи эпостарда ұшырасуы басқа жанрларға да (ертегі, баллада) тән. Осылайша, фольклор дәстүріне мұрагерлік ететін пушкиндік "Салтан патша туралы ертегіде": "Ветер на море гуляет/И кораблик подгоняет"; "Ветер весело шумит,/Судно весело бежит"; "Глядь - поверх текучих вод/Лебедь белая плывет" сынды мәтіндік эпизодтар талай мәрте қайталанады. Пушкин ертегілеріндегі қайталаулар әрдайым сөзбе-сөздік болып келмейді. Өте жиі вариацияланып ұшырасады. Осыған дейін айтылып кеткенге әр қайтып оралған сайын ақын олардағы әлденені өзгертеді және қосады. Гвидон кінәздік еткен ғажайып арал турасындағы әңгімелеулер төмендегідей: о тридцати трех богатырях и белке, которая "песенки поет,/Да орешки все грызет". Автор оқырманының көңілін жұбата отырып, көңіл көтерер тиінді картинаны білдіртпей өзгерту арқылы бес рет қайталайды. Біз уақыт өте келе тиіннің мысалға, "с присвисточкой поет/При честном при всем народе:/Во саду ли, в огороде", и то, что "отдает ей войско честь" екендігін білеміз. Гвидон кінәздігіндегі тиін барған сайын қызықты, әрі ғажайып бола түседі. Бұндай қайталаулар градация деп аталынатын күшейтумен байланысты болып келеді. Пушкиннің "Балықшы мен балық туралы ертегісіндегі" осыған ұқсас (сюжет деңгейіндегі) күшейтулі қайталаулар: кемпірдің қалауы, шалдың балыққа өтініші оқиға қашан тесік шылапшынға келіп тірелгенше өрістей береді...
Лирикалық поэзиядағы қайталаулар (әрі сөзбе-сөздік қатаң, әрі я түріндегі) өте бай және алуан түрлі. Олар В.М. Жирмунскийдің арнайы жазылған еңбегінде егжей-тегжей зерттелді[666]. Түрлі тектегі анафоралар (бір басаулық) кейбірде анафоралық композиция түзіп өлеңнің құрылымын анықтайды Мысалға, М.Ю. Лермонтовтың жұртқа танымал "Когда волнуется желтеющая нива..." өлеңі тап осындай, онда бастапқы синтаксистік оралымдар үш рет қайталанады: бірінші шумақ сарғайған егін жайында, екіншісі, күміс ландыш туралы, үшіншісі – мұздай суық қайнар жөнінде; және де ең соңында ғана үш мәртелік и только после троекратного анафоралық қайталаудан кейін финалдық фраза естіледі:
Тогда смиряется в душе моей тревога,
Тогда расходятся морщины на челе,
И счастье я могу постигнуть на земле,
И в небесах я вижу Бога.
Сонымен қатар, қайталаушы тармақ соңы мен синтаксистік конструкция (эпифоралар) кеңінен тараған. А. С. Пушкиннің ("Я просто русский мещанин"; "Я мещанин, я мещанин"; "Я, слава Богу, мещанин"; "Нижегородский мещанин") "Менің әулеттік шежірем" финалдық шумағын еске түсірейік. Ақыр аяққылардың арасында "өлшемдік, синтаксистік және тақырыптық қарым-қатынас жағынан өлеңнің басқа бөліктерінен жекеленетін" қайырмалар (рефрендер) бөлектеніп тұрады[667].
Дәстүрлі, канондық жанрлардың туындылары (таң рауанының клиштеген "микрожазбасы" кейбірде гомерлік "Одиссейдің" беттерінде: "Встала из мрака младая с перстами пурпурными Эрос" түрінде көрініс табатын) қайталаулар мен жартылай қайталауларға толы болып келеді. Ол бізге кез келген стереотиптер мен канондардан азат жақын дәуірлердің әдебиеттерінде де ұшырасады. Осылайша, Л.Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігінде" кінәз әйел Маридің сәулелі көзі жайында, Пьер Безуховтың аңғалдығы мен кеңкелестігі турасында үнемі еске салынып отырылады. Осындай қайталаулар арқылы туынды заттығының елене бермейтін буыны бедерлілік пен көркем салмақтылыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |