Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


V ТАРАУ ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ



бет97/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118
V ТАРАУ
ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІ МЕН ЖАНРЛАРЫ
І. ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІ


§1. ӘДБИЕТТІ ТЕКТЕРГЕ БӨЛУ

Сөздік көркем туындыларды әу бастан әдебиеттердің тектері деп үш үлкен топқа бөлу етек алды. Олар эпос, драма және лирика. Осылай десек те, қаламгерлердің (әсіресе, XX ғ.) өмірге әкелгендерінің бәрі осы үшемге (триадаға) жата бермесе де, олар күні бүгінге дейін әдебиеттану құрамында өздерінің маңыздылықтары мен беделдерін сақтап келеді.


Платонның "Мемлекет" трактатының үшінші кітабында Сократ поэзияның тегі турасында ой толғайды. Ақын, бәлкім, біріншіден, өз атынан тікелей сөйлейді, бұл "дифирамбаларда басымдықпен" (лириканың өзіндік маңызды сипатының мәні бойынша) орын алады; екіншіден, аық сөзі араласпай, кейіпкерлердің "сөз алмасуы" түрінде түзілетін туындылар трагедия мен комедияларға (поэзия тегі ретінде драма тап осындай) тән; үшіншіден, өз сөзіңді қатысушы тұлғаларға тән бөгде сөзбен біріктіру (эпоста ұшырасатын): "Және де ол (ақын-В. X.) қай кезде бөгде сөзді келтіреді және сол кезде оның белгілі бір аралығында өз атынан сөйлейді, оның бұнысы әңгімелеу болып табылады"[736]. Выделение Сократ және Платон бөліп көрсеткнн үшінші, поэзияның (аралас түрдегі) эпикалық тегі оқиға туралы әңгімені қатысушы тұлғаның ( көне гр. diegesis) қатысуынсыз шектеу және айтылатын сөзге (көне гр. mimesis) іс-әрекет, мінез-құлық арқылы еліктеуге негізделген.
Аристотельдің "Поэтикасының" үшінші бөлімінде осыған ұқсас пікірлер айтылады. Бұл жерде эпостың, лириканың және драмның сипаты болып табылатын поэзиядағы (сөз өнеріндегі) еліктеудің үш амалына қысқаша сипаттама беріледі: "Бір нәрсеге, бір ғана нәрсеге еліктеп, өзіңнен алыс оқиға турасында Гомер сияқты сөз қозғау, не болмаса, тап осындай, бірақ еліктеуші өзімен өзі қалып, ештеңке өзгертпей немесе барша суреттелетін тұлғаларды қатысушы және іс-әрекет үстінде екендігін танытады"[737].
Қайта Өрлеу дәуірінде аристотельдік үшем нақытылана түстін А.С.Минтурно «De Poetika» (1559) трактатында сөз өнерінің құрамындағы эпос, мелика (яғни, лирика) және сахналық поэзияны (яғни, драма) бөліп көрсетті.
Тап осындай рухта – сөз саптаушыға ("сөз иесіне") көркем тұтастықтық қатынастағы типтер ретінде әдебиет тектері кейінірек бірнеше мәрте қарастырылды. Сонымен қатар, XIX ғ. (әуелі романтизм эстетикасында) эпосты, лириканы және драманы сөздік-көркем формалар түрінде емес, әлдебір ойжүрту арқылы танылатын философиялық санаттама түрінде басқаша ұғыну орнықты да, әдебиет тектері көркем мазмұнның типтері түрінде пайымдала. Осы себепті олардың осы бір қарастыруы поэтикадан (сөз өнері туралы ілімнен) алшақтай түсті. Осылайша, Шеллинг лириканы шексіздік пен еркіндік рухына, эпосты – тап-таза қажеттілікке жатқызса, драманы осы екеуінің өзіндік синтезі: еркіндік пен қажаттіліктік арасындағы күрес ретінде қарастырды[738]. Гегель (Жан-Польдің ізін ала) "объект" және "субъект" санаттамасының көмегімен эпос, лирика және драманы : эпикалық поэзия – объективті, лирикалық – субъективті, ал, драмалық болса – осы екеуінің қоспасынан тұрады деп сипаттады[739]. В.Г. Белинскийдің "Поэзияны тек пен түрге бөлу" (1841) мақаласының арқасында гегельдік концепция (және оған сәйкесетін терминология) отандық әдебиеттануда түбегейлі қалыптасты.
XX ғ. әдебиет тектері талай мәрте психологияның (еске алу, көрініс, қуаттылық), лингвистиканың (бірінші, екінші, үшінші грамматикалық жақ), сондай-ақ, уақыт санаттамасының (өткен, қазіргі, болашақ) түрлінше құбылыстарына жатқызылды.
Бірақ та Платон мен Аристотельден тамыр тартқан дәстүр өзін түгеспей, әлі күнге дейін өмір сүруін жалғастырып келеді. Әдебиеттің тектері әдеби туындының тілдік ұйымдасыру типі ретінде жете назар аударуға лайықты дау тудырмайтын дәуірден үстем реалдылық болып табылады[740].
Эпос, лирика және драманың табиғатына 1930-шы жылдары неміс психологы және лингвисі К. Бюлер жасаған сөз теориясы өз жарығын түсірді, онда ғалым сөз саптаудың (тілдік актінің) үш аспектісі бар деп тұжырымдайды. Олар өз бойына, біріншіден, сөздің тақырыбы (репрезентация) туралы хабарламаны; екіншіден, экспрессияны (сөйлеушінің эмоциялық айшығын); үшіншіден, апелляцияны (сөз саптауды өзіндік іс-әрекетке айналдыратын сөйлеушінің әлдекімге қарата сөз толғауды) сыйдырады[741]. Тілдік іс-әрекеттің осы үш аспекті өзара байланыста болып келіп, сөз саптаудың түрлінше типтерінде (оның ішінде, көркем) өздерін қилынша танытады. Лирикалық туындылардағы ұйымдастырушы бастау көз және доминант тілдік экспрессия болып табылады. Драма апеллятивтік, сөздің өзіндік іс-әрекеттік қырына назарын аударып, сөз оқиға өрбуінің белгілі бір сәтіндегі жүзеге асатын өзіндік іс-әрекет ретінде танылады. Эпоста өз кезегінде кең ауқымды түрде тоже широко опирается на апеллятивтік тілдік бастауға (өйткені, туындының құрамына олардың іс-әрекеттерін алмастыратын кейіпкерлердің сөз саптауы енуіне) арқа сүйейді. Осы әдеби текте сырттай сөйлеушінің әлдене турасындағы хабарламасы басымдыққа ие болып келеді.
Сөз тінінің осы бір қасиетімен лирика, драма жәнеи эпос, сондай-ақ (тап олардың өзі айқындаған) басқа да әдеби тектердің қасиеттері: туындының кеңістіктік-уақыттық ұйымдасытру амал-тәсілдері; олардағы адамның өзіндік көрініс берулері; автордың қатысуының формалары; мәтіннің оқырманға арналу сипаты табиғи байланыста болып келеді. Әрбір әдеби тек, басқаша айтар болсақ, ерекше, тек өзіне ғана тән қасиеттерге ие болып келеді.
Әдебетті текке бөлу поэзия мен прозаға бөлшектеумен қабыспайды. Кейбірде сөз ыңғайында лирикалық туындыларды поэзиямен, ал, эпикалықты – прозамен дәрегейлестіреді. Бұндай сөз қолданысы дұрысты емес. Әрбір әдеби тек өз бойына әрі поэтикалық (өлеңдік), әрі прозалық (қара сөздік) туындыны сыйдырады. Эпос өзінің өнердің ежелгі кезеңдерінде көбіне өлеңдік (антикалық эпопеялар, француздық ерлік туралы әндер, орыс былиналары мен тарихи әндері және т.б.) болып келді. Эпикалықтың өздік тектік негізінде өлеңмен жазылған туындылар жатыр, олар Жаңа уақыттың әдебиетінде де ара-кідік ұшырасады (Дж. Н.Г. Байронның "Дон Жуаны", А. С. Пушкиннің "Евгений Онегині", Н.А. Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрадысы"). Әдебиеттің драмалық тегіде де әрі өлең, әрі проза, тіпті кейде екеуі қабаттаса бір туынды бойында ұшырасады (У. Шекспирдің көптеген пьесалары). Тіпті басым жағдайда өлең түрінде кезігетін лирикада прозалық болып келеді (тургеневтік "прозалық өлеңін" еске түсірейік).
Әдеби тектердің теориясында өте өткір терминологиялық проблемалар да туындайды. "Эпикалық" ("эпикалы"), "драмалық" ("драматизм"), "лирикалық" ("лиризм") сөздері тек қана әңгімеге өзек болып отырған туындының тектік ерекшеліктерін білдірмейді, сонымен қатар оның басқа да қасиеттерін танытады. Эпикалық деп асқақ-сабырлы, тыншымды қалыптағы өмірді кең ауқымды, күрделі де, көп қырлы әлемге деген көзқараспен пайымдап, әлдебір тұтастық ретінде қабылдау болып табылады. Осыған байланысты кейбірде гомерлік поэмаларда және одан кейінгі бір қатар туындыларда көрініс тапқан (Л.Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілігі") "эпикалық құлаштылық" жайында сөз етіледі. Эпикалы болса, тек эпикалық (әңгімелеуші) туындыларда ғана емес, идеялық-эмоционалдық ауандылық ретінде барлық әдебиет тектерінде драмада (А.С. Пушкиннің "Борис Годуновы") және лирикада (А.А. Блоктың "Куликово алаңында" циклінде) орын алады. Драматизм деп әлдебір қарама-қайшылыққа қатысты көңіл қобалжуымен, алаңдау мен алабұртумен байланысты болып келетін ой ауанын атау қалыптасқан. Және ақыр соңында, лиризм дегеніміз – бұл автор, әңгімеші, персонаждар сөздерінде айшықталған асқақ эмоционалдылық. Драматизм мен лиризм де барша әдеби тектерде ұшырасады. Осылайша, Л.Н. Толстойдың "Анна Каренина" романы, М.И. Цветаеваның "Отанға деген сағынышы" драматизмге толы. И.С. Тургеневтің "Байбатшалар ұясы" романы, А.П. Чеховтың "Үш апалы-сіңілі" және "Шие бағы" пьесалары, повести И. А. Буниннің әңгімелері мен хикаяттарының бойына лиризм барынша сіңірілген. Эпос, лирика және драма, осылайша, туындының эмоционалды-мағыналық типтерінің эпикалық, лиризмдік және драматизмдік "үн қатымының" бір жақты-қатаң байланушылығынан азат болып келеді.
Біздің ғасырдың ортасында неміс ғалымы Э. Штайгер осы екі ұғымның (эпос –эпикалық т.с.с.) шектелуінің төлтума тәжірибесін қолданды. Ол өзінің "Поэтиканың негізгі ұғымдары" еңбегінде эпикалықты, лирикалықты, драмалықты ұғыным, еске алу, толқу сияқты ұғымдармен байланысты стильдік (реңктік//тоналдылық - Tonart типті) құбылыс ретінде сипаттады. Және де әрбір әдеби туынды өз бойына (эпостың, лириканың немесе драманың сыртқы формасына қарамай тәуелсіздіктегі) үш бірдей бастау көзді біріктіреді: "Егер де мен лирикалық пен драмалықты лирика және драмамен байланыстыратын болсам, ештеңке түсіндіріп бере алмаймын" деп тұжырымдады[742].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет