Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§2. ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ



бет98/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   118
§2. ӘДБИЕТ ТЕКТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТӨРКІНІ

Алғашқы қауымдық синкреттік шығармашылығында эпос, лирика және драма қоғамның ертеректегі кезеңінде қалыптасты. XIX ғ. аса ірі орыс тарихшылары және әдебиет теорияшыларының бірі А.Н. Веселовский өзінің "Тарихи поэтикасының" алғашқы үш тарауын әдеби тектердің шығу төркініне арнады. Ғалым, әдеби тектер іс-әрекеттері жоралғылық ойын-биі болып табылып, еліктеу дене қимылдары қуанышты немесе қайғылы айқай әнмен сүйемелденетін алғашқы қауымдық халықтардың ғұрыптық хорынан шықты деп дәлелдеді. Веселовский эпос, лирика және драманы из ғұрыптық "хорлық іс-әрекеттердің" дамыған "протоплазмасы" деп ұйғарды.


Хордың белсенді қатысушыларының (ән бастаушылары, корифейлерінің) айқайлауы лиро-эпикалық әндерге (кантилендерге) дамып, уақыт өте келе ғұрыптан ажырауы: "Лиро-эпикалық сипаттағы әндердің ең бірінші болып, табиғи жолмен хор мен ғұрыптың байланысынан бөлініп шығуы болып табылады". Веселовскийше, поэзияның өзіндік ілкі формасы лиро-эпикалық әндер. Осындай әндердің негізінде кейіннен эпикалық әңгімелеу қалыптасты. Ал, хорлық айқайдан өз кезегінде ғұрыптан бөлініп шыққан лирика (басында топтық, ұжымдық сипата болған) өсіп шықты. Эпос және лирика, осындай репетте, Веселовскийдің түсіндіруі бойынша "ежелгі ғұрыптық қордың ыдауының салдары". Драма хор мен хор бастауышының реплика алмасуларынан пайда болған деп тұжырымдайды ғалым. Және де оның (эпос пен лирикадан өзгешелігі), дербестікке ие бола отырып, сонымен қатар, ғұрыптық хордың және оған әлдебір ұқсастықтың "барша <...> синкретизмін сақтап қала алған"[743].
Веселовский ұсынған әдебиеттің тектерінің шығу теориясы алғашқы қауымдық халықтар өмірі туралы замана ғылымына белгілі көптеген фактілермен расталды. Осылайша, драманың бірте-бірте ғұрыптық іс-әрекетке қатысушылардың белсенді сөздерімен сүйемелденетін ғұрыптық қойылымдардан: би мен пантомимадан шыққандығы даусыз. Сонымен қатар, Веселовскийдің теориясында эпос пен лириканың қалыптасуы ғұрыптық іс-әрекеттерден тыс тәуелсіз өмірге келуі есепке алынбаған. Осылайша, мифологиялық аңыздамалар негізінде кейіннен прозалық аңыз (сага) және ерегілер хордан тыс қанат жайды. Олар бұқаралық ғұрыптарда әнге салынбады, тайпаның әлдебір өкілі тарапынан әңгімеленді (және де, ықтималдығы, көп жағдайда бұндай әңгімелеу көпшілікке қаратыла айтылмады да). Лирикада ғұрыптан тыс өмірге келуі бек мүмкін. Лирикалық өзін-өзін таныту алғашқы қауымдық халықтардың өндірістік (еңбектік) және тұрмыстық қарым-қатынастарында дүниеге келді. Әдеби тектердің қалыптасуының түрлі жолдары болды. Және де ғұрыптық хор соның бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет