Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет


§6. ЖАНРЛЫҚ ТЕКЕТІРЕСТЕР (КОНФРОНТАЦИЯ) МЕН ДӘСТҮРЛЕР



бет108/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§6. ЖАНРЛЫҚ ТЕКЕТІРЕСТЕР (КОНФРОНТАЦИЯ) МЕН ДӘСТҮРЛЕР

Бізге жақын дәуірлерде көркемдік өмірде өсе түскен динамизм мен көп қырлықтың байқалуына байланысты жанрлар әдеби топтар, мектептер, бағыттар арасында сөзсіз орын алатыны күресті туындатады. Оның үстіне, жанрлар жүйесі бұрынғы жүз жылдықтарға қарағанда өте қарқынды және арынды өзгеріске ұшырайды. Жанрлардың ұшырасуының осы қыры турасында сөз еткен Ю.Н. Тынянов "дайын жанрлар жоқ" деп мәлімдеді, олардың әрқайсы дәуірден дәуірге қарай өзгеріске ұшырап, үлкен мәнділікке ие болады да, не ортаға шығарылады немесе екінші қатарға ығыстырылады, тіпті өз өмір сүруін тоқтады: "Әлдебір жанрдың ыдырау кезеңінде ол орталықтан шетке ығысытырылып, ал, оның орнына әдебиеттегі ұсақ-түйектен, елеусіз жерден және төменгі жақтан жаңа орталықтың құбылысы қалқып шығады"[854]. Осылайша, 1920-шы жылдары әдеби және әдебиет маңындағы ортада әлеуметтік-психологиялық роман мен дәстүрлі асқақ лирикалар тағынан тайып, оның орына пародиялық және сатиралық жанрлар, сондай-ақ авантюрлық сипаттағы проза келді, осы турасында Тынянов өзінің "Аралық" мақаласында сөз етті.


Біздіңше, жанрлардың шапшаң екпінді ұшырасуын абсолютендіруге зейін қойған Ю.Н. Тынянов дәуіраралық жанрлық феномендер мен байланыстардың маңыздылығын жоққа шығаратын өте тіке қорытынды шығарды: "Аулақтанған жанрларды олар жататын жанрлық жүйелердің таңбасынан тыс зерттеу мүлдем мүмкін емес. Толстойдың тарихи романдары не соотнесен с историческим романом Загоскиннің тарихи романдарына қатысты емес, өзіне тән заманалық прозаға қатысты"[855]. Осы тәріздес дәуірішілік жанрлық қарама-қарсы тұрушылыққа назар аударушылық кейбір түзетулерді қажет етеді. Осылайша, Л.Н. Толстойдың (Тыняновты толықтыра отырып атап өтеріміз) "Соғыс және бейбітшілігі" заңды түрде соотнести не только с литературной ситуацией 1860-шы жылдардың әдеби жағдайларына ғана қатысты емес, сонымен қатар, романом М.Н. Загоскина "Рославлев, немесе Орыстар 1812 жылы" романымен (бұл арада біршама үндесулер орын алады, оның кейбірлері тіптен кездейсоқ емес) және М.Ю. Лермонтовтың "Бородино" өлеңімен (осы өлеңінің өзіне әсер еткендігін Толстойдың өзі сөз еткен болатын) және ежелгі орыс әдебиетінің ұлттық қаһармандық хикаяттарымен де бір тізбектің буыны сипатында болып келеді.
Жанрлар тіршілігіндегі Соотношения между динамизм мен тұрақтылықтың арасалмағы ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге қарай алдын ала кесіліп-пішілмеген, әрі сақ, "бағыттаушы" шетіндіктен адалықта сөз етуді керексінеді. Әдеби өмірдің құрамында жанрлық конфронтациялар қатар жанрлық дәстүр, яғни осы саладағы мұрагерлік те маңызды. Жанрлар қаламгерлер мен түрлі дәуірлер арасындағы ең маңызды байласытырушы буын, онсыз әдебиет дамуын көз алдымызға елестете алмаймыз. С.С. Аверинцевтің айтуынша, "қаламгер сұлбасы көруіміз мүмкін фон, қашанда екі құрамды болып келеді: кез келген жазушы – өз замандастарының замандасы, сонымен қатар, жанр бойынша жолдастары болып табылатын өзіне дейінгілердің ісін жалғастырушы"[856]. Әдебиеттанушылар "жанр жадысы" (М.М. Бахтин) туралы жанр ұғымының төбесінен төнген "консерватизм жүгі" (Ю.В. Стенник), "жанрлық серпін" (С.С. Аверинцев) деген сыңайда біршама сөз етті,.
Жанрлардың тіршілік кешуін ең алдымен, конфронтациямен, борьбой бағыттар мен мектептердің күресімен "әдеби процестегі жеңіл желпі алақұлалық және дау-дамаймен" байланыстырған әдебиеттанушылармен [857] дауға түскен М.М. Бахтин: " Әдеби жанр өзінің табиғаты бойынша әдебиеттегі өте тұрақты, "мәңгі ғұмырлық" тенденцияларды танытады. Жанрда қашанда архаиканың ажалсыз элементтері сақталынып қалады. Шын мәнісінде, бұл архаика тек тұрақты жаңғырып отырудың арқасында ғана заманиланады <...> Жанр әдеби дамудың әрбір жаңа кезеңінде, аталған жанрдың әрбір индивидуалды туындысында қайыр туындап, жаңғырады <...> Сондықтан архаика жанр бойында өлі күйінде емес, жаңғырып отыруға қабілетілігмен мәңгі тірілікпен сақталынып отырады <...> Жанр дегеніміз – әдеби даму процесіндегі шығармашылық жадының өкілі. Тап сондықтан жанр оның дамуының бірлігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ете алуға қабілетті". Және де ары қарай: "Жанр неғұрлым жоғары және күрделі дамыған сайын, ол соғұрлым өз өткенін өте жақсы, әрі толық есте сақтайды" деп жазды[858].
Бұл пікірлер (бахтиндік жанр концепциясының тірегі) сыни түзетуді керексінеді. Архаиканың шекпеніне жанрлардың бәрі ене бермейді. Олардың көпшілігі өте кейінгі кезде шыққандар, мысалға, әулие-әмбиелер өмірбаяны мен романдар. Слай десек те, Бахтиндікі дұрыс: жанрлар ұзақ тарихи уақыт аралығанда өмір сүреді, олардың маңдайына ұзақ ғұмыр жазылып қойылған. Бұлар – дәуірден үстем құбылыс.
Жанрлар осылайша, әдеби дамудағы ізбасарлық пен тұрақтылықты жүзеге асырады. Оның үстіне, әдебиеттің даму эволюциясында бұрынан бар жанрлық түзілімдер болмай қоймайтын жаңаруларға ұшырайды, сондай-ақ, жаңалары өмірге келіп, бекемделе түседі; жанрлар арасындағы арақатынас пен олардың өзара әрекеттестігінің сипаты да өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет