Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет2/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

ӨНЕРДІҢ МӘНІ ТУРАЛЫ

Көркем әдебиет (музыкамен, бейнелеу өнерімен және т.б. қатар) – өнердің бір түрі. «Өнер» сөзі көп мағыналы, дәл біздің жағдайда ол көркемдік іс-әрекетке қатысы оның нәтижесі (туынды) болып табылады. Өнер көркемдік шығармашылық сипатында өзінің кең мағынасында (дағды-машық, шеберлік, кәсіп ретінде) XVIII-ХIX ғғ.. ойшылдары тарапынан өнерден межеленді. Осылайша Гегель «өнерпаздықпен жасалған зат» пен «өнер туындысы» арасында түбегейлі өзгеріс бар деп атап көрсетті[17].


Көркем шығармашылыққа ғылыми анықтама беру өте-мөте қиындық тудырады. Ол туралы жиынтық пікір бәрін түгесуші түйіндеу болып табылмайды. Көбіне, өнер теориясында айқындықтан гөрі даулылық басым, өйткені адамзат баласы әлі күнге көркем іс-әрекетті дұрысты ұғынуда «келісе алмауда» деп айтылып жүр. Көбіне өнер өзінің белгілі бір нышаны (эстетикалық құбылыс; танымдық қызмет; автордың ұстанымы мен дүниеге қатысының жүзеге асуы*; тұлғааралық қарым-қатынас*; образ түзу; ойынның ерекше формасы; таңбаларды оңды-солды қолдану*, яғни семиотикалық ғажайып* бойынша анықталады. Басқа жағдайда ол кешенді қасиеттер мен нышандарға ие көпқырлы, көпқызметті* құбылыс ретінде сипатталды. Бұдан басқа өнердің «баламалы»* (не заттарды туындатушы*, не форма түзуші, не болмаса, бастан хал кешуді айшықтаушы) сипаты бар[18]. Ақыр аяғында, шын мәнісінде, өнерге ғылыми анықтама беру және оның біртұтас теориясын түзу мүмкін емес, өйткені көркем шығармашылық тарихи тұрғыдан әр текті, сондықтан, оны танып түсіну аталған ел мен аталған дәуір өкілдерінің эстетикалық талғамдары мен құлшыныстарына байланысты деген ұғыным қолданыста жүрген жайы бар[19].
Сонымен бірге, өнер теориясында даусыз сәттер саналатын өзіндік аксиомалары да бар. Ең алдымен, өнер шығармашылық (туындыгерлік) сипатқа ие. Шығармашылық дегеніміз – адамдар мен мүдделес топтардың қолда бар (мәдени және табиғи) құндылықтарды сақтауы мен бекемдеуі, ең бастысы, оны байыту жолындағы рухтанған бастамашылық іс-әрекеттері. Шығармашылық әлемі бай да, сан қырлы. Шығармашылық бастау көз (көп және аз мөлшерде) адамдардың бүткіл іс-әрекет түрлерінде, тіпті көзге шалына бермейтін күнделікті аралас-құраластық пен жеке бастық ой түю, бастан күй кешу, пайымдауда (М.М. Пришвинше «шығармашылық қылық») өзін танытады. Оның толыққанды көрініс табуы қоғамдағы ең маңызды салалардағы: ғылыми, өндірістік-техникалық, мемлекеттік-саяси және әлбетте, көркем шығармашылықтағы жандардың шығармашылық тіршілігі мен қабілеті арқылы ашылады. Сол себепті де, өнерді көркем шығармашылық деп атау қалыптасқан.
Классикалық эстетика мен заманалық өнер теорияшыларының еңбектеріне сүйене отырып, біз көркем шығармашылықтың өзара біте қайнасқан үш ең маңызды аспектісін: эстетикалық, танымдық және пайымдықты (дәлірек айтсақ, автордың тұлғаттық /субъективті/ аспектісін) бөліп көрсетеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет