Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет29/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

§4. ТРАГЕДИЯЛЫҚ

Қайғы мен азап шегу сипатындағы ой ауаны өмір қарама-қайшылығын эмоционалдық қол жетімділікпен және көркемдікпен игерудің тағы бір формасы (шын мәнісінде ең маңыздысы) ретінде тап осындай болып келеді. Трагедиялықтың негізінде – адамдар (немесе адамдар қауымы) өміріндегі конфликтілер (коллизиялар) өз шешімін табуы мүмкін емес, сонымен қатар бұнымен келісіп қол қусырып отыруға тағы болмайды. Трагедиялықты дәстүрлі (классикалық) тұрғыда ұғыну – Аристотельден (оның трагедия туралы пікірінен) ал оны ұғым ретінде теориялық жақтан пайымдау – романтизм эстетикасы мен Гегельден бастау алады. Бұл орайда өмірдің қиын-қыстауына тап болған, одан қашып құтыла алмайтын, сондықтан қайғы мен ажалға тап болған трагедиялық қаһарман күшті де, алдына мақсат қоя білетін тұлға ретінде қарастырылады. Трагедиялық әдебиетте орны толмас адами құндылықтың жоғалуы туралы түсінікті және сонымен бір мезетте ержүректілікке ие, тап келген жеңілістен сағы сынбайтын адамға деген үмітті айшықтайды. Трагедиялық жағдай өз бойына адамның кінәсіздігінің сәттерін де сыйдыруы мүмкін (пушкиннің "Борис Годуновы" тап осындай). Трагедиялық кінә ұғымы Гегельше әмбебап, оның ойынша, трагедиялық қаһарманның бір нәрсе бойынша кінәлі бола беруі қалыптасқан тәртіпті бұзады. Бұдан бөлек мағынасыз қайғы шегу мотиві де соңғы ғасырлар әдебиетінде көрініс беріп отыр.


Трагедиялық жағдай мен тұлғаларды көркем айшықтау формасы сан алуан. ХІХ ғ. дейін трагедия басым көпшілік жағдайда жоғарғы поэтикалық жанр болып саналды. Бізге жақын дәуірлерде (әсіресе, ХХ ғ.) трагедия хикаяттық-прозалық формада игерілетін трагизмге жол босатты. Трагедиялық қаһарман бұл жерде өзінің бұрыннан қалыптасқан ерекше адамдық ореолынан айырылып, қарапайым пенде ретінде көрініс табады.
Қарастырылған трагедиялық тектер өзара байланыста болып келіп, кей кезде бір-бірімен тоғысады. Олардың ортақ нышан белгісі қиын-қыстауда қалған жанның адамилығын көркемдікпен ұғына білу. Қаламгерлер трагизм арқылы кестеленген өмір өрнегі адам тіршілік кешуін түгесуші емес, оны танытудың бір қыры болып табылады. Трагедиялық жеребе тек жеке жанның немесе адамдар қауымының басына ғана түсіп қоймайды, тұтас халық пен дәуірдің де еншісіне тиеді.
XIX ғ. екінші жартысында трагедиялық кең көлемде адам өміріндегі үрей (Н.Г. Чернышевский) тудыратын қайғылы күй кешу, азап шегу, қорқыныш ретінде кең көлемде ұғыныла бастады. Кейінірек (Шопенгауэр мен Ницшеден бастап экзистенциализмге дейін) трагедиялыққа әмбебаптық мән берілді. Адам тіршілігіне апаттық тұрғыдағы осындай көз жүгіртушілікті (пантрагедиялық деп атайды), ең бастысы өмірдегі тығырыққа тірелуден жол таба алмаған индивидуалды тіршілік иесінің мағынасыз да, мәнсіз ажал құшуы болып табылады. Трагедиялық бұл ыңғайда азап шегу мен үмітсіздік сезімін тудырып, оның тығырықтан шығуы есепке мүлдем алынбайды. Осыған байланысты Л.Н.Андреевтің «Адам өмірі» пьесасында, Ф.Кафканың прозасында немесе «абсурд театрында» трагедиялықтың орнына трагикомикалық және трагифарстық келеді.
Өнер мен әдебиетте трагедиялықпен қатар өмірлік қайшылықтарды ашып көрсетудің драматизм мен элегиялық секілді формалары кезігеді[210].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет