Ббк 84 Қаз 7-5 с 12 Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов с 12. Әдебиет теориясы Алматы, 2012 – 280 бет



бет62/118
Дата02.12.2023
өлшемі2,54 Mb.
#132188
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   118
Байланысты:
Хализев В. Теория литературы на казахском языке

2. ТУЫНДЫ ӘЛЕМІ


§1 ТЕРМИННІҢ МӘНІ

Әдеби туындының әлемі дегеніміз – бұл сөздің жәрдемі және заттылықтың ойдан шығарылуының қатысымен жаңаның туындауы. Он өз бойына тек материалдық болмысты ғана емес, адамның психикасын, санасын, ең бастысы, жан-дүниелік бірлігін қамтиды. Туынды әлемі реалдықты әрі "заттық", әрі "тұлғалық" жағынан тұтастырады. (XX ғ. философиясы затты енжар және дыбыссыз болмыс деп ұғынса, тұлғалық бастауды белсенді, әрі сөйлейтін болмыс деп түсінеді.) Әдеби туындыларда осы екі бастау тең құқылы емес, ең ортада "өлі табиғат" емес, реалды тірі, адами, тұлғалық (мейлі, ол әлеуетті болсын) тұрады.


Әдебиет туындысы әлемін оның композициялық-тілдік (мәтіндік) көркемделуіне қатысты мазмұн деп атауға толық болады. Л.И.Тимофеев «характер мен оқиғаны, іс-әрекет етушілердің қылығы мен бастан күй кешулерін» «тікелей мазмұн»[450] деп атауға кәміл сенімді болды. Бірақ дұрысын айтқанда, сөз арқылы бейнеленгендердің жиынтығының бәрі бірдей көркем мазмұн болып табылмайды. Ол мазмұнның (мәннің) жүзеге асуының қажетті амал-тәсілдерінің бірі болып табылады.
«Поэтикалық әлемнің» мәртебесі туралы сөз еткенде, семиотиканың бір тірек терминіне жүгінеміз. Әдеби туынды құрамында бір-бірінен ерекшеленіп тұратын екі семантика бар: оның бірі затты таңбалау аясынан тұратын тілдік, лингвистикалық (біз оны семантика-1 деп атаймыз) та, екіншісі, автордың мәнділікке қол жеткізу аясы, түйсікпен немесе ойластырып айшықтаған терең мәнді көркемдігі (біз оны семантика-2 деп атаймыз) болып табылады. Тап осы терең семантика көркем мазмұнды құрайды.
Әдеби туындының семантикалық қос қырлылығы, өкінішке орай, бүгінге дейін ұғынықсыз болып қалуда. Осы қос қырлылықты ескере отырып, туынды әлемін мазмұнға емес, мағыналы мәнді форманың аясына енгізуге құқылымыз.
"Туындының көркем әлемі" (кейде "поэтикалық" немесе "ішкі" деп аталатын) ұғымы түрлі елдерде тамырланған. Бізде оны дәйектеген Д.С. Лихачев болды[451]. Туынды әлемінің маңызды қасиеті – ілкі болмысқа теңдес еместігі, оның өмірге келуіне қаламгерлер қолданған тек қана өмірге жанасымды емес, сонымен бірге шартты формада бейнеленген қиялдың қатысуы. Әдеби туындыда еркше, көркемдік заңдылықтары үстемдік құрады. У. Эко өзінің "Райхан атымен" романына берген түсініктемелерінде: "Мейлі, біз есектер ұшатын, ханшайымдар сүйістен тіріліп кететін мүлдем бейреалды әлеммен істес болайық. Бірақ та, осы бетімен кеткен, бейреалды әлемде бәрі бір оның бастау көзінде орныққан заңдылық сақталынуы керек <...> Қаламгер өзінің алғышартының – тұтқыны",-деп жазды [452].
Туынды әлемі – көркемдікпен игерілген және қайта өзгерген реалдық. Ол көп қатпарлы. Сөздік-көркем әлемінің ең ірі бірліктері жүйе мен оқиға түзіп, солардың негізінде сюжеттер шығарылатын персонаждар. Әлем бұдан бөлек өз бойына шын мәнісінде бейнелеу компоненттерінін (көркем заттылықты): персонаждардың мінез-құлық актілерін, олардың сыртқы келбетін (портреттерін), психикалық құбылыстарын, сондай-ақ, адамдар тірлігін қоршаған фактілерді (интерьер ретінде ұсынылатын заттар; табиғат суреті – пейзаждарды) енгізеді Бұл ретте, көркем айшықталған заттылық сөзбен таңбаланған сөзден тыс болмыс және әлдекімдерге тиселі сөз саптау, монологтар мен диалогтар түріндегі тілдік іс-әрекет ретінде ұсынылады. Соңында, көркем заттылықтың шағын және бөлінбес буыны бейнелетін жекеленген детальдар[453], кейде жазушылар тарапынан айқын да, белсенді түрде бөлініп көрсетіліп, шарттылықтағы дербес мәнге ие болады. Б.Л. Пастернак, осылайша, А.А. Ахматова өлеңдерінде "қызыл тілдік егжей-тегжейліктің" адамды баурап алатындығын байқады. Ол поэзиядағы детальдарға әлдебір философиялық мән берді. "Кел тіл қатысайық" өлеңінің соңғы тармағы ("<...> жизнь, как тишина/ Осенняя, - подробна"),-деу, "деталь құдайын" "бәрінен артық махаббат құдайы" ретінде танудың алдын ала қорытылған пікірі.
Дәуірден дәуірге қарай туындының заттық әлемі ең ұсақ егжей-тегжейлікті кең ауқымды және табандылықпен игеріп келеді. Жазушылар мен ақындар бейнелетін дүниеге тым таяп келеді.
Когда сюда на этот гордый гроб
Придете кудри наклонять и плакать
Пушкиннің "Тас қонағындағы" осы тармақтарға қатысты Ю.К. Олешаның байқағаны: "Кудри наклонять" ("Бұйра басты ию") дегеніміз – сол заманның ақындарына мүлдем таңсық затқа сезімталдықпен зер салудың нәтижесі. Бұл сол дәуірдегі поэтикалық ойлардың өте "кесек желісі" <...> Қандай жағдайда болса да, ақынның жасаған осы қадамы мүлдем бөлек, кейінгі дәуір поэтикасына тиселі"[454].
Әдебиеттегі бейнеленушіні өзінше кең көлемді ежегейлеу (детализация) XIX ғасырдың екінші жартысында Батыста да, Ресейде де өз шыңына жетті. Л.Н. Толстой оқырманға әсер ету "тек сол кезде ғана қол жеткізіледі, өнер туындысы құралатын шексіз шағын сәттерді суреткер таба алатын болса" деп айырықша мәнді тұжырымы жасайды[455].
Әдеби туынды әлемінің түрлі қатпарлары (қырларына) назар аударайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет