Пәндік құзыреттіліктер түлек үшін төмендегідей сипаттарға ие: 2.3.1 орта білім беру ерекшеліктерін сезінеді, әр түрлі жастағы балаларға
білім берудегі артықшылықтарды жүзеге асыру орталарын пайдалана алады;
2.3.2 орта мектеп оқушыларын информатика және АКТ оқытудың
теориялық негіздері мен технологияларын меңгерген;
2.3.3 информатика және АКТ оқытуда теориялық негіздер мен
технологиялар білімін пайдалануға қабілетті, мектеп оқушыларының пәндік
білімдер мен дағдыларды қалыптастыру әдістерін меңгерген, информатика
және АКТ-ға қызығушылықты және күнделікті өмірде АКТ саласындағы
білімді пайдалануды қалыптастыру тәсілдерін біледі;
2.3.4 ақпараттық жүйелер мен үдерістерді талдау және синтездеу үшін
іргелі және қолданбалы математика мен теориялық информатика білімдерін
пайдалануға қабілетті;
2.3.5 ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және жіберудің практикалық
мәселелерін шешу үшін математикалық аппаратты, программалауды және
заманауи
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдалануға
қабілетті;
2.3.6 заманауи нысандандырылған математикалық, ақпаратты-логикалық
және логикалы-семантикалық модельдерді және ақпараттарды ұсыну, жинау
мен өңдеу әдістерін меңгерген;
2.3.7 программалық қамсыздандыру және ақпаратты компьютерлік өңдеу
саласындағы аналитикалық және технологиялық мәселелерді жүзеге асыруға
қабілетті;
2.3.8 оқу-тәрбие үдерісінде және сабақтан тыс жұмыстарда білім
алушылар қызметтерін компьютерлік және технологиялық қолдауды
қамтамасыз етуге дайын;
2.3.9 электрондық білім беру ресурстарын құру, қалыптастыру және
басқару үшін заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
пайдалануға қабілетті;
2.3.10 электрондық білім беру ресурстары мен программалық-
технологиялық қамсыздандыруды оқу-білім беру үдерісіне ендіру үшін
олардың сапасына білікті сараптама бағасын талдауға және жүргізуге қабілетті
.