Беделов камбар амангельдиевич



Pdf көрінісі
бет28/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
10 05 2023 dis

 
 


130 
ҚОСЫМША Ә 
 
6В01507 – Информатика мамандығы бойынша 
білім беру бағдарламасы 
 
Білім беру бағдарламасының мақсаты
.
 
Жоғары әлеуметтік және 
азаматтық жауапкершілігі бар, білімді цифрландыру кәсіби қызметін жүзеге 
асыруға қабілетті; заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде информатика мен 
АКТ оқытуды ұйымдастыратын; оқушының жеке басын тәрбиелеу және пәндік-
тілдік интеграцияланған оқытуды қолдана отырып, информатика саласында 
жүйеленген білімді қалыптастыратын бәсекеге қабілетті информатика 
мұғалімін даярлау. 
Кәсіби қызмет саласы: 

Білім беру
: оқу ақпаратын таратады, өзіндік білім алуға үйретеді; 

Тәрбиелік
: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қосады; 

Әдістемелік
: білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге 
асырады; 

Зерттеу
: білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру деңгейін 
зерделейді, білім беру ортасын зерттейді; 

Әлеуметтік-коммуникативтік
: кәсіби қоғамдастықпен және білім 
берудің барлық мүдделі тараптарымен өзараәрекеттесуді жүзеге асырады. 
Оқыту нәтижелері (ОН): 
ОН1
– Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени дамуының экономикалық деректері мен 
үдерістерін, негізгі қазіргі заманғы тарихи оқиғаларын талдау және өзінің 
болашағын жоспарлау және академиялық адалдық мәдениетін түсініп, оны 
сақтай отырып, Қазақстан мен философияның қазіргі заманғы тарихының 
теориялық негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін түсіну; 
ОН2
– тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін 
шешу үшін оқытылатын тілді пайдаланады, сыни талдау әдістемесін меңгереді 
және мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін өз бетінше игеру кезінде цифрлық 
технологияларды және пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту тәсілінің 
принциптерін пайдаланады; 
ОН3
– тәжірибеге бағдарланған міндеттерді шешу, сандық деректерді 
талдау үшін зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін, 
математикалық білімдер мен әдістерді қолданады, компьютерлік есептеулердің 
математикалық негіздері саласындағы міндеттерді өзіндік шешудің негізгі 
дағдыларының кешенін меңгерген; 
ОН4
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, цифрлық 
технологияларды, интерактивті қосымшаларды (желілік, ұтқырлық, бұлттық) 
қолдана отырып, кәсіби қызметтің стандартты міндеттерін шешеді, одан әрі 
оқытуды өзіндік жалғастыру дағдыларын меңгерген; 
ОН 5
– заңдылықтарды сыни тұрғыдан талдайды және олардың негізінде 
ақпараттық, физикалық, биологиялық және экономикалық объектілер мен 


131 
үдерістерді визуализациялау және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 
компьютерлік модельдерді жасайды; 
ОН6
– компьютерлік графика теориясының және жүйелік бағдарламалау 
тілі конструкциясының жалпы түсінігі бар; есептеу техникасының, 
компьютерлік жүйелер сәулетінің даму тарихы мен болашағын, компьютерлік 
желілер мен жүйелердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, деректерді 
жобалаудың және деректер қорын әзірлеудің негізгі әдістерін меңгерген, 
ОН7
- білім берудің жаңартылған мазмұнында оқыту нәтижелерін 
бағалаудың заманауи құралдарын, информатика мен АКТ оқытудың 
ерекшеліктерін қолданады. Оқушылардың зерттеу және жобалау қызметіне 
және оқытудың басқа да жаңашыл әдістеріне байланысты әдістерді қолданады; 
ОН8
– негізгі бағдарламалау тілдерінің аспаптық ортасында жұмыс 
істейді; web және мобильдік қосымшаларды әзірлеу үшін кәсіби бағдарланған 
бағдарламалық құралдар мен интеграцияланған ортаны пайдаланады; 
объектілердің, құбылыстардың, жүйелердің, оның ішінде 3D ақпараттық және 
компьютерлік модельдерін құрады. 
ОН9
– ғылыми қарым-қатынастың күшті жақтарын талдайды, білім мен 
тәжірибенің ағымдағы жай-күйін сыни бағалайды, нақты кәсіби мақсаттар үшін 
жаңа білім мен дағдылар алу жоспарын әзірлейді, енгізеді және жетілдіреді; 
информатиканы оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында ынтымақтастықта жұмыс 
істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет