ҚОСЫМША Б СИЛЛАБУС 1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Бұлттық технологиялар
Кредит саны 6 ECTS
Курс, семестр 3,6
Білім бағдарламасының атауы және шифры 6B01507 (5В011100) -
Информатика
Институт Математика, физика және информатика
Кафедра Информатика және білімді ақпараттандыру
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі Беделов Қ.А.
аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mali) 87075210709, bka1975@mail.ru
2. Бақылау түрі ( ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан) * Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
(АБ1+АБ2)0,3 + емт
0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәннің мақсаты: Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаға
технологиялардың бірі – бұлттық технологияның негізгі түсінігін,
тұжырымдамасын және оның мүмкіндіктерін білу үшін қажетті тәсілдерді
таңдауда студенттерге қажетті біліммен қамтамасыз ету болып табылады.
Пәннің негізі – білім берудегі Smart білім беру анықтамасына, оның мағынасын
кеңейте немесе тарылта отырып, түрлі ерекшеліктер беруді үйренеді. Қазіргі
кезде кең таралған, көп қолданыстағы бұлттық технологиямен танысады.
Пәннің негізгі міндеттері: Студенттер өздерінің кәсіби облыстарын
жақсы меңгеріп қана қоймай көптеген ақпарат, білім, ресурстарды игеріп, білім
алушылармен жұмыс барысында әр түрлі технологияларды пайдалануы керек
болады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды мүмкіндіктері және оның
даму үрдістерін зерттеу. Ақпаратты өңдеу сақтауға арналған Cloud
технологиясымен жұмыс істеу кезінде негізгі ерекшеліктері және негізгі
операцияларды таныстыру.