Беделов камбар амангельдиевич



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
10 05 2023 dis

виртуализация
ұғымын 2007 жылы «Жалпы қолжетімді web-серверлердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық» 800-44 [99] ұсынымдарында 
«бірнеше операциялық жүйелердің бір компьютерде жұмыс істеуі үшін есептеу 
жабдығын имитациялауға арналған абстракция деңгейін пайдалану» ретінде 
анықтайды, ал 2011 жылғы қаңтарда «Толық виртуализациялау технологиясы 
үшін қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық» 800-125 стандартында 
виртуализация
«басқа бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыс істейтін бағдарламалық 
және/немесе аппараттық қамтамасыз етуді имитациялау» ретінде айқындайды 
[100]. 
Виртуализация бір физикалық компьютерде бірнеше «виртуализация 
арқылы жасалған модельделген орта» - виртуалды машиналарды іске қосуға 
мүмкіндік береді [100]. Виртуалды машиналардың ерекшеліктері үйлесімділік, 
оқшаулану, инкапсуляция, жабдықтардан тәуелсіздік болып табылады. Бұл 
қасиеттер желілік құралдарды әртүрлі платформаларда зерттеу мүмкіндігін, 
дербес компьютерлерде серверлік шешімдерді орналастыруды зерттеу 
мүмкіндігін береді. 
Виртуализацияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады: 
серверлерді, қосымшаларды, көріністерді виртуализациялау, операциялық 
жүйелер деңгейінде виртуализациялау. Бұлттық технологиялар мен 
қызметтерді зерттеу үшін серверлер мен қосымшаларды виртуализациялау 
ерекшеліктерін ұғыну қажет.
Серверлерді виртуализациялау бір компьютерде 
өзінің операциялық жүйесімен, бағдарламаларымен және қызметтерімен 
біруақытта бірнеше виртуалды серверлерді іске қосуға мүмкіндік береді. 
Мұндай мүмкіндіктерді VmWare және Microsoft компаниялары ұсынады. 
Қосымшаларды 
виртуализациялау қосымшалардың, оның ішінде 
қызметтердің (сервистердің) бір данасын виртуалдандыруға мүмкіндік береді. 
Мұндай тәсіл кезінде қосымшалар мен қызметтер бір-бірінен тәуелсіз жұмыс 
істейді, қосымша орнатуды талап етпейді және пайдаланушы компьютерінің 
дискілік кеңістігін орын алмайды, әрі қашықтағы қосымшалар мен қызметтерді 
іске қосуға мүмкіндік береді. 
Бұлттық технологиялардың негізгі сипаттамасы бұлттық есептеулерді 
сипаттайтын жалпы инфрақұрылым болып табылады. Жалпы инфрақұрылымды 
құру осы инфрақұрылымды шоғырландырусыз мүмкін емес. Инфрақұрылымды 
шоғырландыру бұлттық технологияларды пайдаланудың, деректерді бірлесіп 
пайдалану мен сақтаудың, қосымшалар мен қызметтерді бірлесе пайдаланудың 
алғашқы қадамы болып табылады. Заманауи бұлттық инфрақұрылымдар 
пайдаланушыға серверлердің есептеу қуаттарына бірыңғай қол жеткізуді


32 
пайдаланушы қосымшаларына қол жеткізуді, деректерді сақтауға арналған 
дискілік кеңістіктерге қол жеткізуді ұсынады. 
АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институтының (NIST) 
«Бұлттық 
есептеулерді 
анықтау» 
800-145 
стандартында 
бұлттық 
инфрақұрылымның ерекшеліктері егжей-тегжейлі ашылған. Стандартқа сәйкес 
бұлттық инфрақұрылым - «бұл бұлттық есептеудің ортасының бес негізгі 
сипаттамасын қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз 
етудің жиынтығы» [98]. Ол физикалық деңгейді (ұсынылатын бұлттық сервис 
көрсетуді қолдау үшін қажетті аппараттық ресурстар: сервер, сақтау орны және 
желілік компоненттер), сондай-ақ абстракция деңгейін (физикалық деңгейде 
орналастырылған бағдарламалық қамтамасыз ету) қамтиды [98]. Нақты 
физикалық деңгейде бұлттық есептеулердің негізгі сипаттамалары ерекше 
пайда болады. 
Инфрақұрылымды виртуализациялау және шоғырландыру бұлттық 
технологиялар тұжырымдамасының негізгі үрдістері болып табылады. Бұлттық 
технологиялардың негізгі идеясы пайдаланушыға оның дербес компьютерінде 
орнатылған қосымшалар мен қызметтер, серверлерде іске қосылатын 
қосымшалар мен қызметтер арасындағы айырмашылықты сезінбеуі үшін одан 
техникалық білімді талап етпейтін құралдар мен бағдарламалық шешімдерді 
беру болып табылады.
Бұдан, бағдарламалық қамтамасыз етуді қызмет көрсету 
ретінде пайдалану, бұлттық сервистерді «бағдарламалық қамтамасыз ету 
қызмет көрсету ретінде» (SaaS) түрінде ұсыну қажеттілігі туындайды [98].
Бұлттық сервистерді ұсыну тәсілі бойынша сегіз бұлттық сервисті 
ерекшелеуге болады, олардың ішінде пайдаланушы үшін «инфрақұрылым 
қызмет ретінде» (IaaS), «бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде» 
(SaaS), «платформа қызмет ретінде» (PaaS) неғұрлым қолжетімді. «Қызмет 
көрсетудің үш моделінің» анықтамалары АҚШ Ұлттық стандарттар және 
технологиялар институтының (NIST) «Бұлттық есептеулерді анықтау» 800-145 
стандартында берілген [98]. 
Инфрақұрылым қызмет ретінде (IaaS) – 
«тұтынушыға берілетін 
мүмкіндік өңдеуді, сақтауды, желілерді және басқа да негізгі есептеу 
ресурстарын ұсынудан тұрады, мұнда тұтынушы операциялық жүйелер мен 
қосымшаларды қамтуы мүмкін кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді 
ораластырады және іске қоса алады» [98].
Нақты осы модель пайдаланушыға 
бұлттық басқармауға, оның инфрақұрылымын бақыламауға мүмкіндік береді, 
бірақ 
операциялық 
жүйені, 
деректер 
қоймасын, 
орналастырылған 
қосымшаларды, жеке желілік компоненттерді шектеулі бақылауға мүмкіндік 
береді. 
Платформа қызмет ретінде (PaaS)
- «тұтынушыға ұсынылатын 
мүмкіндік - тұтынушының бағдарламалау көмегімен жасаған немесе сатып 
алған қосымша инфрақұрылымын бұлтта орналастыру болып табылады» [98]. 
Әдетте, қосымшаларға қол жеткізу пайдаланғаны үшін төлем, жазылу, 
лицензия негізінде жүзеге асырылады. 


33 
Бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде (SaaS) -
«тұтынушыға 
берілетін мүмкіндік бұлттық инфрақұрылымда жұмыс істейтін қосымшаны 
пайдалану болып табылады» [98]. Қосымшаларға қол жеткізу клиент 
құрылғыларынан, негізінен web-интерфейс арқылы жүзеге асырылады. 
Пайдаланушының бұлттық инфрақұрылымды басқаруға, бақылауға мүмкіндігі 
болмайды, 
дегенмен 
оған 
жекелеген 
бұлттық 
қосымшалардың 
конфигурациясын пайдаланушылық баптауына рұқсат етіледі. 
Пайдаланушылар арасында кеңірек таралған бұлттық сервистер қызмет 
көрсету ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету сервистері болып табылады 
(SaaS): офистік қосымшалар (Microsoft Office 365, Google Docs), коммуникация 
құралдары (Zoom, MS Teams, Google Meet, Skype, Webinar Meeting, 
BigBlueButton, Mirapolis), клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі 
(CRM) (Bitrix24, NetHunt CRM Gmail, Microsoft Dynamics 365 CRM, Salesforce), 
ресурстарды жоспарлау жүйесі (ERP) (SAP ERP, Microsoft Dynamics 365, 
Microsoft Project, Oracle


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет