Беделов камбар амангельдиевич


Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
10 05 2023 dis

Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар
. Зерттеу нәтижелері 9 
жарияланымда көрініс тапқан, оның ішінде Scopus деректер базасына кіретін 
журналда - 1, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім 
министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету 
комитетінің ұсынған басылымдарда
- 3, халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциялардың материалдар жинақтарында -5 (оның ішінде, шетелдік 
конференция материалдарының жинақтарында - 3). 
Зерттеу кезеңдері:
Эксперименттік жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің Математика, физика және информатика институтының 
базасында өткізілді. Зерттеу барысында «6B01507 – Информатика» («5B011100 
- Информатика») білім беру бағдарламасы бойынша студенттер қатысты. 
Тәжірибеге қатысқан студенттер саны 120 болды.
Бірінші кезеңде
(2017-2018 ж.ж.) болашақ информатика мұғалімдерін 
кәсіптік даярлаудың білім беру бағдарламаларының мазмұнына талдау 
жүргізілді және зерделенді, білім беру стандарттары, бұлттық технология 
стандарттары зерттелді, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық зерттеулер 
жүргізілді. 
Екінші кезеңде
(2018-2019 ж.ж.) болашақ информатика мұғалімдерін 
кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлау моделі 
құрылды, соның негізінде мазмұнды таңдау принциптері анықталды, сонымен 
қатар, болашақ информатика мұғалімдері үшін бұлттық технологиялар 
курсының мазмұны айқындалды, бұлттық сервистер таңдалып, болашақ
информатика мұғалімдерін даярлау пәндері бойынша Google Class әзірленді. 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерін 
кәсіби 
қызметінде 
бұлттық 
технологияларды пайдалануға даярлаудың әдістемелік жүйесі жасалынды.
Үшінші кезеңде
(2019-2020 ж.ж.) ұсынылған әдістеменің, оқу-әдістемелік 
материалдардың, Google Class-сын пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде 
зерттеліп, эксперимент нәтижелері тексерілді, болашақ информатика 
мұғалімдерін кәсіби қызметінде бұлттық технологияларды пайдалануға даярлау 
әдістемесінің нәтижелері қорытындыланды және оны өңдеу жұмыстары 
жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет