Беделов камбар амангельдиевич


Болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық технологияларды



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата07.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106526
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
1.2 Болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық технологияларды 
пайдалануға даярлау қажеттілігі 
Заманауи білім беруді және болашақ мұғалімдерді, оның ішінде 
информатика мұғалімдерін даярлаудың қазіргі тәсілдерін қарастыру алдыңғы 
бөлімдегі болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың жалпы жүйесіне 
құзыреттілік секілді кәсіби-қызметтік тәсілді пайдалану қажеттілігін 
анықтайды. Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлауды жүзеге 
асыру кезінде болашақ маман - информатика мұғалімі болашақ қызметті нақты 
көрсетуі, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін информатика саласында өз білімін 
қолдана білуі маңызды. «Педагог» кәсіби стандартында оқыту мен тәрбиелеу 
мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды 
пайдалануға ерекше орын беріледі [1]. Сондықтан болашақ информатика 
мұғалімдерін кәсіби даярлау «Мектеп педагогы» мамандығының карточкасына 
сәйкес болашақ қызметте АКТ құралдарын пайдалану құзыреттерін 
қалыптастыруға бағдарлануы маңызды. Ақпараттық технологиялардың даму 
қарқыны және оларға сәйкес білім беруді ақпараттандыруға байланысты 
үдерістердің дамуы АКТ саласындағы мұғалімдерді үнемі жетілдіруді талап 
етеді және тиісінше АКТ-құзыреттілікті стандартты түсіну шеңберінен 
шығады. АКТ құзыреттілік компоненттері 2-суретте келтірілді. 
АКТ-құзыреттілік - бұл «түрлі ақпараттық құралдарды пайдаланумен 
қатар, оларды педагогикалық қызметте тиімді қолдану» (Р.О. Колошина [96]). 
В.П. Короповская[10], Т.С. Комиссарова [92], М.Б. Лебедев [80], И.В. Роберт 
[13], Е.С.Старцев [93], Ю.А.Шестакова [94] кәсіби құзыреттілік ұғымын АКТ-
құзыреттілікке келтіреді. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың, 
оның 
ішінде 
Интернет-технологиялардың заманауи дамуын бұлттық технологияларсыз 
елестету қиын. Бұлттық технологиялар, дәлірек айтқанда «бұлттар» біздің 
күнделікті өмірімізге берік орнықты. Бүгінгі таңда біз деректерді «бұлттағы» 
ақпаратты сақтау мүмкіндігінсіз, онлайн-сервистерді синхрондаусыз, цифрлық 
ресурстарға үнемі қол жеткізу мүмкіндігінсіз сақтауды елестете алмаймыз. 


27 
Сурет 2 - АКТ құзыреттілік компоненттері 
Интернет желісі алғашқы сұлбаларда «бұлт» түрінде белгіленді, бұл кейін 
«Cloud Computing» («Бұлттық есептеулер») ұғымының пайда болуына түрткі 
болды. Интернет желісінің жылдамдығын біртіндеп дамыту осы «бұлтқа» 
компьютерлік ресурстарды орнықтыруға мүмкіндік береді, бұдан Cloud 
Computing ұғымы компьютерлік ресурстардың негізі болатын Интернет желісін 
пайдалану арқылы туындады. 
Бұлттық технологиялардың тарихы «бұлт» ұғымының пайда болуымен, 
таратылған компьютерлік жүйе идеясының нақты уақыт режимінде (XX 
ғасырдың 50-жылдары) туындауымен байланысты деп есептелінеді. Бұлттық 
технологиялар (қызметтер, деректерді сақтау) ұғымының мәніне қарай бұлттық 
технологиялардың даму тарихын компьютерлік желілермен, Интернет-
технологиялармен, деректерді сақтау технологияларымен анағұрлым дәл 
байланыстыруға болады. Бұлттық технологиялардың дамуын игеру кезінде 
компьютерлік желілер мен олардың қызметтерінің, серверлердің, операциялық 
жүйесінің, нақты уақыт жүйесінің эволюциясына, виртуалдандыруға, 
деректерді сақтауға назар аударған жөн. Бұлттық технологиялар тарихында 
мынадай кезеңдерді атап өтуге болады: 

XX ғасырдың 50-жылдары - бұлттық технологиялар туралы 
Дж.Ликлайдердің [43], нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін компьютерлерді 
құру қажеттілігі туралы, пайдаланушыларды ортақ процессорға қосу идеясы 
туралы, уақытты бөлу туралы В.Ф. Бауэрдің [43] идеясы алғаш рет сөз болды. 

ХХ ғасырдың 60-жылдары - бөлінген уақыттың компьютерлік 
технологиялары 
болашақтың 
технологиясы 
болып 
табылады 
деген 
Ж.Маккартидің болжамы [43], IBM компаниясының бірінші мэйнфреймді 
шығаруы, уақытты бөлудің көп терминалды жүйелерінің пайда болуы, алғашқы 
жергілікті компьютерлік желілер, ортақ файлдар мен перифериялық 
құрылғыларға қол жеткізу мүмкіндіктері, мэйнфреймнен бағдарламаны іске 
қосу мүмкіндігі, терминалдар мен қуатты компьютерлерді қосу мүмкіндігінің 
АКТ қолдану 
сабағы 
Әріптестерм
ен қарым-
қатынас 
жасау 
Ата-
аналармен 
қарым-
қатынас 
жасау 
Оқу 
мақсаттары 
үшін БҚ 
таңдау 
Сабақты 
жоспарлау 
АКТ 
Оқушылард
ың дамуын 
бақылау 
Интернеттен 
оқу 
материалдар
ын іздеу 
Сабақта 
жаңа 
материал 
түсіндіру 


28 
пайда болуы, қашықтықта деректер мен файлдардың өзара алмасуы, деректер 
қорын, электрондық поштаны синхрондау, заманауи электронды хаттың 
алғашқы аналогы жіберіледі, Ж. Ликлайдер бірқатар идеяларды атап көрсетеді: 
«Әлемнің түкпір-түкпірінен оның ресурстарына кез келген адамның еркін 
қолжетімділігімен компьютерлерді желіге біріктіруді құру қажеттілігі» [43], 
серверлерде (қашықтан) ақпаратты орналастыру және өңдеу, «жер бетіндегі 
әрбір адам деректерді ғана емес, бағдарламаларды да алатындай етіп, желіге 
қосылады», 
торлы 
есептеу 
(grid) 
негіздері 
қаланды, 
ARPANET 
суперкомпьютерлерін біріктіру желісінің пайда болуы. 

ХХ ғасырдың 70-жылдары – шағын компьютерлердің пайда болуы, бір 
ғимараттың, бөлімшенің ішінде компьютерлік ресурстарды тарату идеясының 
пайда болуы, электрондық хабарламаларды жіберу, компьютерлік деректермен 
алмасу, алғашқы жергілікті компьютерлік желілер, желілік технологиялар, IBM 
компаниясы кез келген уақытта жұмыс істей алатын цифрлық жүйелерді 
ұсынады, виртуалдау жүйесінің негіздері. 

ХХ ғасырдың 80-жылдары – дербес компьютерлердің пайда болуы, 
жергілікті компьютерлік желілердің дамуы, алғашқы еуропалық EUnet 
компьютерлік желісінің пайда болуы, желілік технологиялар стандарттарын 
дайындау, жергілікті компьютерлік желінің ішінде деректерді сақтау және 
өңдеу мүмкіндігінің пайда болуы, пайдаланушылардың ортақ желілік 
ресурстарға қол жеткізуін оңайлату. 

ХХ ғасырдың 90-жылдары – IP хаттамасының, кең жолақты байланыс 
арналарының пайда болуы, ғаламдық компьютерлік желінің өткізу қабілетінің 
ұлғаюы, жергілікті және жаһандық компьютерлік желілердің жақындасуы, 
бірінші кеңестік компьютерлік желі Релком-ның пайда болуы, web-
технологиялардың дамуы, World Wide Web web-қызметінің пайда болуы, 
пайдаланушының Интернет желісінің ақпараттық ресурстарына қолайлы 
қолжетімділігі, Salesforce компаниясының жазылу бойынша алғашқы қызметті 
көрсетуі, «сервис қызмет көрсету ретінде» идеясының пайда болуы.

ХХІ ғасырдың басында – бос ресурстарды басқа компанияларға 
«инфрақұрылым қызмет ретінде» ретінде жіберу идеясының пайда болуы, 
Amazon компаниясы Web Services серверін ұсынады, IT-инфрақұрылымды 
жалға алу, серверден қосымшаларды іске қосу мүмкіндігімен Elastic Compute 
Cloud (EC2) web-қызметін іске қосады, «платформа қызмет көрсету ретінде» 
ұғымының пайда болуы, Google, Microsoft компанияларының жаңа қызметтерін 
ендіру, IEEE бұлттық технологиялар парадигмасының пайда болуы [3]. 

ХХІ ғасырдың 10-жылдары – Бұлттық есептеулерді анықтау стандарты 
қабылданады, Azure қызметін, Google Compute Engine қызметін Microsoft 
ұсынады, бұлттық шешімдердің көшбасшылары анықталды, қоғамдық 
бұлттарды даярлау әрекеттері, «деректер қоймасын» құру, VMware 
виртуализацияға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді дамытты, гибридті 
бұлттық есептеулер, Office Web Apps (Microsoft) көрсетілімі. 

ХХІ ғасырдың 20-жылдары – көп ядролы процессорларды құру, 
ақпаратты жинақтау сыйымдылығын арттыру, виртуалды инфрақұрылымды 


29 
құру, қызметтерді «бұлттарға» ауыстыру, «платформа қызмет көрсету ретінде» 
идеясы бұлттық деректер қоры пайда болды. 
Осылайша, бұлттық технологиялар тұжырымдамасы соңғы онжылдықта 
ақпараттық технологияларды, компьютерлік желілер мен Интернет-
технологияларды дамытудың нәтижесі болғаны көрініп тұр.
Gartner Group 
болжамы бойынша 2020 жылы ақпараттық технологиялардың 16,5%-ы 
«бұлттарға» көшуі тиіс еді, IDC, Citrix аналитикалық компанияларының 
статистикалық деректері бойынша 90% компаниялар бұлттық технологияларды 
пайдаланады. Бүгінде бұл көрсеткіш 100 пайызға жетті.
Компьютер ресурстары және қуаты интернет-сервис сияқты байланыс 
желілерін дамыту бұлттық технологияларды пайдалануды, деректерді сақтау 
орталықтарын құру, қызметтерді қашықтан ұсыну мүмкіндіктерін кеңейтуге 
ықпал етеді. Бұлттық технологиялар кез келген уақытта және қалаған жерден 
кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ақпаратты сақтау 
аппараттық ресурстарды да, бағдарламалық қамтамасыз етуді де ұсынатын 
бұлттық сервисті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл 
пайдаланушыға тек ресурстарды ғана пайдалануға және оған қажет көлемде 
қашықтағы сервердің дискілік кеңістігінің бір бөлігін жалға алуға, 
бағдарламалық қамтамасыз етуге жазылуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл 
пайдаланушыға тек ресурстарды қажетті көлемде ғана пайдалануға, қашықтағы 
сервердің дискілік кеңістігінің бір бөлігін жалға алуға, бағдарламалық 
қамтамасыз етуге жазылуға мүмкіндік береді. 
Бұлттық технологиялар тұжырымдамасы соңғы пайдаланушыларға 
Интернет желісінің көмегімен қызмет көрсетулерге, есептеу ресурстары мен 
қосымшаларға (операциялық жүйелер мен инфрақұрылымды қоса алғанда) 
қашықтан динамикалық қол жеткізуді ұсыну болып табылады. 
Бұдан, бұлттық технологиялар – бұл Интернет технологияларының 
көмегімен жүзеге асырылатын, пайдаланушыдан арнайы білім мен жұмыс 
жасау дағдыларын талап етпейтін қашықтықтан қызмет көрсету түріндегі 
қашық 
ресурстарға 
масштабталатын 
қолжетімділік, 
өйткені 
осы 
функциялардың барлығы бұлттық сервисті қамтамасыз етеді.
«Бұлттық технологиялар» ұғымы «бұлттық есептеулер» ұғымымен тығыз 
байланысты. Уикипедия еркін энциклопедиясында «бұлттық есептеулер» 
(информатикада) ұғымы «жедел ұсынылатын және ең аз пайдалану 
шығындарымен және/немесе провайдерге жүгінуден босатылуы мүмкін 
болатын конфигурацияланатын (мысалы, деректерді жіберу желілеріне, 
серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, қосымшалар мен қызметтерге - 
бірге де, жеке де) есептеу ресурстарының жалпы бірігуіне талап бойынша кең 
таралған және қолайлы желілік қолжетімділікті қамтамасыз ету моделі» ретінде 
келтіріледі [75].
Microsoft Академиясы «Бұлттық есептеулерге кіріспе» курсында бұлттық 
есептеулерді «арнайы ресурстарға (есептеу ресурстарына, бағдарламалар мен 
деректерге) қашықтан қолжеткізу үшін ыңғайлы интерфейсті пайдалануға 
мүмкіндік беретін Интернет немесе қызмет түріндегі жергілікті желі арқылы 


30 
пайдаланушыға қолжетімді бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз ету» деп 
түсіндіреді [97]. Курс авторлары бұлттық технологиялар - «бұл дербес 
басқарылатын және виртуалды инфрақұрылым аясында талап бойынша 
қолжетімді, сондай-ақ қызметтер ретінде тұтынылатын кең ауқымды тиімді 
технологияларды пайдаланудың арқасында АТ-жүйелердің күрделілігін 
төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа тәсіл» екенін атап көрсетті [97]. 
Курс авторлары И. Клементьев пен В. Устинов тұжырымдаған «бұлттық 
есептеулердің» басқа да анықтамалары бар [97]: 

«Интернет арқылы ұсынылатын қызмет түріндегі сыртқы есептеу 
ресурстарына қолжеткізудің динамикалық масштабталатын тәсілі болып 
табылады, бұл ретте пайдаланушыға «бұлттың» инфрақұрылымы немесе осы 
«бұлттық» технологияны басқару дағдылары туралы ешқандай ерекше білім 
талап етілмейді; 

«әдетте «бұлт» механизмін іске асырудың мәліметтерін жасыруға 
мүмкіндік беретін пайдаланушы интерфейсін қолдана отырып, желіден сұраныс 
бойынша қажетті есептеу қуаттарын алу мүмкіндігін айтады». 
2011 жылғы қыркүйекте АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар 
институтының (NIST) «Бұлттық есептеулерді айқындау» 800-145 стандартында 
бұлттық есептеулер ұғымына «қызмет көрсетушіні барынша аз күш-жігермен 
басқару немесе өзара әрекеттесу арқылы жылдам бөліп алуға және босатуға 
болатын,
теңшелетін есептеу ресурстарының (мысалы, желілерге, серверлерге, 
қоймаларға, қосымшалар мен қызметтерге) жалпы бірігуіне сұраныс бойынша 
барлық жерде қолайлы желілік қолжетімділікті қамтамасыз ететін» модель 
ретінде түсінік беріледі.
Бұл бұлттық модель бес негізгі сипаттамадан, үш 
қызмет көрсету моделінен және төрт орналастыру моделінен тұрады» [98].
Бұлттық технологиялар зерттеуде бұлттық технологияларды оқытудың 
объектісі 
мен 
құралы 
ретінде 
қарастырылатындықтан, 
бұлттық 
технологияларды оқытудың бұл тәсілі осы Ұлттық стандарттар және 
технологиялар институты атап көрсеткен анықтамада айтарлықтай кеңірек 
ашылады. Таңдалған анықтамаға сәйкес бұлттық технологияны зерттеу 
объектісі ретінде қарастырамыз, яғни бұлттық технологияларға қызмет 
көрсетудің негізгі сипаттамаларын, модельдерін, «бұлттарды» орналастыру 
моделін жеке қарастырамыз. 
Бұлттық есептеулердің негізгі сипаттамасы талап бойынша өзіне-өзі 
қызмет көрсету, желі бойынша әмбебап қол жетімділік, ресурстарды біріктіру, 
тұтынудың икемділігі және есебі болып табылады. Бұдан, жалпы 
инфрақұрылым, ресурстарды динамикалық бөлу, желілік қолжетімділік және 
басқарылатын есеп сияқты сипаттамаларға назар аударған жөн. Жалпы 
инфрақұрылым - виртуалдау технологияларын пайдалану арқылы қолжетімді. 
Бұлттық 
ресурстардың 
ауқымдылығы 
немесе 
динамикалық 
бөлінуі 
пайдаланушының туындайтын қажеттіліктеріне сәйкес қолжетімді ресурс 
көлемін ұлғайту немесе азайту мүмкіндігінен тұрады. Ресурстарға қол жеткізу 
мүмкіндігі технологияның желілік қолжетімділігімен қамтамасыз етіледі. 


31 
Бөлінген немесе жалға алынған ресурстарды пайдалануды оңтайландыру 
мақсатында басқарылатын есепке алу қолданылады. 
Компьютерлік желілер тәжірибесінде физикалық компьютерлік желінің 
логикалық компьютерлік желіден бөлінуі таралған. Физикалық ортаны бөлу 
мақсатында виртуалдау технологиясы пайдаланылады. 
АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет