Бегалиева А.Қ



бет80/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Алтын адам


Біздің түптамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жы- лы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалым- дар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған


«Алтын адам».
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там- сандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.
Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәрте- бесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорым-
394
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■

дағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жа- нынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңба- лар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.




  1. Түркі әлемінің бесігі


Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының та- рихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға- сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әле- мінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мың- жылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.


Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпелілер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптас- тырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды.
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр дала- да көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалып- тастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталы- ғына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкел- се, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет