«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу жоспарына бағытталу;
дәріс және семинар сабақтарында алған білімдерін тәжіри- беде қолдану;
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін көрсету;
негізгі ғылыми терминдерге түсінік беру.
Құзырлығы:
студент кешенді түрде ізденеді, тарихи ақпаратты жүйелейді;
деректерге дербес талдау жасап, өз көзқарасын білдіреді.
4
Кіріспе ■
Тарих – физикалық үдерістер жүріп өтетін сандық уақыт емес, ол адамдық болмыс оқиғаларымен, мағыналармен және да- му мақсатымен тығыз байланысты сапалы уақыт. Тарих – нақты мағыналық сұлбаны түзетін оқиғалардың уақыты. Тарихта құбы- лыстардың өзара байланысының себептері ғана емес, мағынасы да ерекше маңызға ие болады. Адам әлемі тарих арқылы білінеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаң-
ғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық қасиетімізді жо- ғалтпай, санамызды, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, оған ие болып, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіре қарап, ел игілігіне жарату қажеттігі айтылды. Осы бағытта жаңғырудың маңызын былай көрсетті: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Кері- сінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттық сана- ның түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларды жүргізе отырып, рухани байлық, адами құндылықтар, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмы- сында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігі біз үшін үл- кен міндет екені белгілі. Демек, халқымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдение- тімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту қажет деп түсінеміз. Елба- сымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – санамыздың да, идеологиямыздың да негізгі тұғыры.
Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарлама- лық мақаласында: «Кеңістік–барлықнәрсенің,алуақыт–бүкілоқиғаныңөлшемі.Уақытпенкеңістіктіңкөкжиегітоғысқан
5
Қазақстан тарихы
кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризмемес.Қазақстантарихыдажекежұрнақтарыменемес,тұтас-тай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағандатүсінікті болуға тиіс», – деп атап көрсетті. Бұл мақалада Ұлы даланың жеті қыры әлемдік өркениетті құру мен дамытуға септі- гін тигізген ұлттық мұра топтарын ұсынды. Жылқыны қолға үй- рету, ертеден-ақ металлургияны, қола мен темірді өңдеуді меңге- ре отырып, біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына өз үлесін қосты. Көшпенді халықтар өздерінің әскери-саяси ар- тықшылығымен Азия сахарасында үстем болды.
Ұлы Жібек жолы Дала өркениеті дамуының мықты факторы- на айналып, түркі тайпаларының Орталық Азияда өркендеп, гүл- денуінде ынталандырушы рөл атқарды. Бұл мұра қазірдің өзінде де еуроазиялық аймақ мемлекеттерінің тығыз өзара іс-қимылын қозғаушы күштердің бірі болып табылады, соның жарқын көрі- ністерінің бірі – «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы.
Көшпенділер өркениетін нақты тану қазіргі заманғы Қазақ- станның рухани дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтары- мыздың маңызын терең түсінуге мүмкіндік туды.
Тарих – кез келген қоғамдағы өзін-өзі танудың және өзіндік идентификацияның әдісі, ал ұлттық тарих біріктіретін маңызды рөлі және тілі, діні, рухани мәдениеті, таңбасы, дәстүрі бар біртұ- тас халықты құрайтын мемлекеттің негізгі факторы. Оның жаңа тарихи санасы, дүниетанымы, жеке және ұжымдық жадысы, адамдар мінез-құлқының мотивтері мен стереотиптері болып та- былады.
Қазіргі кезде тарих күнделікті өмірдің, мәдениеттің, ойлау- дың, халық санасының құрамдас бөлігіне айналып, сауатты қо- ғамның назарын өзіне аударуда. Өткен тарих өшіп қалмайды, ол әлеуметтік өмірдің жинақталған тәжірибесінде жалғаса береді. Адамдық тәжірибені жинақтау және өңдеу – тарихтың бірінші міндеті. Уақыт пен кеңістіктегі адам өмірі тарих деп аталса, тарих оның барлық көрінісін қамтиды, өздігінен ештеңені алып тастай алмайды, тек шындық айтылуы тиіс. Міне, осы тұрғыдан бұл оқу құралы Қазақстан тарихынан білім алып, тарихи сананың қалып- тасуына, өз еліне деген патриоттық сезімнің қалыптасуына септі- гін тигізеді.