Бегалиева А.Қ



бет21/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Жазу мен ғылымның дамуы. Жылнамаларға қарағанда ер- тедегі түркілер ағаш тақтайларға «қажетті адамдардың аттарын,
59
■ Қазақстан тарихы

салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар салған. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайы- на келген елші соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазыл- ған хатты әкелген.


VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған әліппе ал- ғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құралып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазуға қолайлы болуымен ерек- шеленеді. Әдеби және тарихи тұрғыдан алғанда руна ескерткіш- тері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес. Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді. Моңғолиядан табыл- ған руна ескерткіштері Орхон, Тола және Селенга өзендері алқап- тарында шоғырланған. Бұл топқа Білге қаған мен Күлтегінге ар- налған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгин жазуы, Куличор құрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэй тасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бұл жазулар «Орхон ескерткіштері» деп аталады.
Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жа- зылған жазулар және молалардан табылған күміс ыдыстағы жа- зулар (барлығы 50-ге жуық жазулар). Шығыс Түркістан ескерт- кіштеріне Тұрфандағы көне құрылыстың қабырғасында жазыл- ған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу, Миран мен Дунь- хуандағы қағазға түсірілген бірнеше ірі мәтіндер, қоладан жасал- ған қол айнадағы жазу жатады.
Ал жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобы- на Талас алқабындағы құлпытастардағы, теңгелердегі, тұрмыс- тық заттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерт- кіштеріне жататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазу жатады.
Білге қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндай- тын дерек ретінде жоғары бағаланады. Ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жаз- басы қалыптасқан.

60
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■


Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамыған- дығына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шыққан Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлақ әл- Фараби ат-Түріктің (870-950) ғылыми еңбектері куә. Немістің шығыстанушысы Ф. Дитеритстен бастап Дж. Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фа- рабидің ұлы тұлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономия- ны, логиканы, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен құқықты зерттеді. Оған «Муаллим ассана» – «екінші ұстаз» деген атақ бе- рілген. Яғни Аристотельден кейінгі ұстаз, өйткені әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасына» комментарий жазды. Соны- мен қатар ол атақты «Китаб аль-музык аль-кабир» атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше мән берді.


Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше назар ау- дарды, өйткені солардың арқасында шын мәніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бұл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деп есептеді. Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе деген. Рухтың еркіндігі туралы әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фараби- дің қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидің осы еңбектері арқылы ортағасырлық ғылым қа- лыптасты, оның ықпалымен Ибн Руштің, Ибн Синаның, Омар Хайямның, Роджер Бэконның, Леонардо да Винчидің және өзге де ойшылдардың дүниетанымы қалыптасты.
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби поэти- калық шығарма Жүсіп Хас-Хажиб 54 жасында жазған «Құтадғу білік» немесе «Қайырымды білім» поэмасы болып табылады. Жүсіп Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың алғашқы жылдарында қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шәһа- рында туып өскен. Баласағұн қаласында бастаған бұл шығар- масын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі әмірі Сатұқ Боғра ханға тарту етеді.
«Құдатғу білік» 6520 бәйттен тұрады және 124 бәйттің қо- сымшасы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: ұйғұр
61
■ Қазақстан тарихы

жазуымен венгерлік, сондай-ақ араб ғарпімен жазылған каир мен намангандық нұсқалары. «Қайырымды білім» – тек әдеп-мораль трактаты ғана емес, терең философиялық шығарма, онда идеал- дық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әртүрлі тап өкілде- рінің мінез-құлық ережелерін суреттейді. Білім – билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Шығармада ел басқа- рудың экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалы, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философия- лық тілмен баяндалады.


Түркі тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмұд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жылдары жазған «Түркі тілдері- нің сөздігі» («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталған. «Түркі тілдерінің сөздігі» – XI ғасыр- дағы түркі халықтары дүниетанымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінез-құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрынғы мұ- ралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шаман- дық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология – исламның эле- менттері мен оның бір тармағы суфизм туралы да сипатталған.
Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл және ақын Қожа Ахмет Яссауи орта ғасырда өмір сүріп, артында мол мұра қал- дырды. Оның өмірі мен қызыметі Яссы (Түркістан) қаласымен тығыз байланысты. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. «Ди- уан-и хикметте» исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шариатты, тари- хатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді.
«Шариат» – ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, «Тари- хат» – суфизм идеясы, «Хакихат» – құдайға құлшылық ету, бірі- гу. «Мағрифат» – дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариат- сыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол «Хикметте» Алла- ның атын түріктер бұрын өзінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көш- кен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұм-
62
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■

сады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бұқараның ғасыр- лар бойы қалыптасып қалған сана-сезімінен, олардың ұстанып келген Тәңірге табынушылық – шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мұндай үдеріс «Түркі халқының мұсылмандығы» деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұн- дай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүм- кін емес, – деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға ар- нады.


Сөйтіп, VI-XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай ғы- лымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттік құ- рылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мәдениет пен қа- лалардың өсуіне, этникалық шоғырлану үдерістерінің күшеюіне әкелді.
ІХ – Х ғасырларда архитектуралық құрылыс дәстүрі немесе жаңа идеология (ислам) қоспасы нәтижесінде архитектуралық типология негізі қалыптасып, кейінгі мыңжылдықта дамыды. Үл- кен қалаларда бірнеше монша болды. Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман шығысы» елдерінің архитектурасы бағытын- да дамыды. Әсіресе ғибадат кешені едәуір дамыды. Олардың ар- хитектуралық ядросын жинады немесе алаңның жиегіне салын- ған ескерткіш құрылыстар құрады.
ІХ – ХІІ ғасырларда исламның кең тарауымен араб тілі кең қолданысқа ие болды. Араб тілінде шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жазды, ол Отырар түбіндегі Весидж қала- сында туып, Бұхара мен Бағдатта оқыған. Әл-Фараби энциклопе- дист-ғалым болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз за- манынан көп озық болды.
ХІ ғасырда сол заманның маңызды тарихи және әдеби шы- ғармасы – «Құтты білік» жазылған (авторы Жүсіп Баласағұн). Бұл бізге бірінші болып жеткен Қазақстан немесе Орта Азия түр- кі халықтарының әдеби ескерткіші.

63
■ Қазақстан тарихы


Махмұд Қашқаридың еңбегі құнды болып саналады. Ол түр- кі халықтарының «Диуан лұғат ат-түрік» сөздігін жасаған.


Өз заманының әйгілі ойшылы немесе ақыны болып Ахмет Яссауи саналады. Ол «Диуан-и-хикмет» атты өлеңдер жинағын жазған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет