Қалалардың дамуы. Қазақстан жерінде орта ғасырдың ор- тасында қалалық мәдениет дамыды. Жазба деректер бойынша ер- те орта ғасыр қалалары Оңтүстік Қазақстанда немесе Жетісуда жеткілікті көрсетілген.
Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қа- лалар қол өнер орталығы болып есептелді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шаугар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Ис- фиджаб, – деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі, – Түркіс- тан – шегарасындағы Мәуереннахрдың үлкен де, ірі қалаларының
57
■ Қазақстан тарихы
бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар».
Талас алқабында VI ғасырдан белгілі ірі қала Тараз болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Ви- зантия императоры II Юстинианның дипломатиялық елшілігін қабылдады. Жылнамашылар Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, одан кейін қарлұқтар мен қарахандар- дың астанасы болды. ХІ ғасырдың бірінші ширегінде ақша айна- лымының қалыптаса бастауына сай қазақстандық екі теңге са- райы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс тең- ге қалааралық ірі тауар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жи- наудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қол- данылды. Талас, Аса өзендерінің бойында Тараз маңында Төмен- гі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер со- зылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қала- лар орын тепкен. Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғды- лар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Олар – Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қой- лық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.
Қазақстанның ертефеодалдық қалаларын Орта Азия қалала- рымен салыстырар болсақ, біріншісінің көшпелілердің астық пен басқа егістік өнімдеріне деген сұранысынан туындағанын бай- қауға болады. Енді қалалардың ішкі құрылымын қарастырар бол- сақ, Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар үш бөліктен құрылатын
цитадель (әкімшілік орталық), шаһар (қаланың өзі), рабат (қала маңы). Олар қорғанмен қоршалатын немесе кейбіреулерінде ол да жоқ. Көбінесе олар шеңберлете орналасатын, ал тау етегіндегі жазықтар мен Сырдарияның төменгі ағысында төрт қырлы болып келетін.
58
2. Орта ғасырдағы Қазақстан ■
Шауғар қаласы қорғанмен қоршалған, дөңгелене орналасқан, шамамен солтүстігі мен оңтүстік батысында қақпалар болған. Қарғанның сыртында терең ор қазылып су толтырылған. Қақпаға таяу маңда күзет мұнараларының орны байқалады. Қаланың үл- кен базары мен қала шетінде мешіт болғанын да араб деректері көрсетеді.
VIII ғасырға дейін Шауғар ауданы Түркі және Батыс Түркі қағанатына (552-702 ж.) қарайтын. Ал VIII ғасырдың басында ішкі және сыртқы оқиғалардың әсерінен құлаған Батыс Түркі қа- ғанатының орнына келген Түркеш қағанатының (702-756 ж.) Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы иелігінің батыс шегарасы ретінде Шауғар қаласы орналасты. Әл-Макдиси былай деп жаза- ды: «От Кедера он был один переход до Шавгара. Шавгар боль- шой город с общирным рустаком, вокруг него стена. Мечеть на краю рынка. Он вдали от большой дороги».
VIII ғ. басына таман Шауғар қаласы сол кездегі Орталық Азиядағы саяси оқиғалар арнасына тартылады. ІХ – Х ғасырларда Шауғар қаласы өзінің дамуының жоғарғы деңгейіне жетті. Ұлы Жібек жолына жақын орналасуы да дамудың бір факторы болды.
Қазақстанның басқа аймағында да VII-XIII ғасырларда қала мәдениеті дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар болса, Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жылан- шық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабындағы ірі қалаға Ақси- кент жатса, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Тор- ғайдың төменгі сағасында Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қала- лары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғ.), Айша бибі (XI-XII ғ.) кесенелері, Тараз- дағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сыр- лытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулет ескерткіштеріне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |