Елдің қоғамдық-саяси өмірі. 1921 ж. маусымда өткен Бірін- ші бүкілқазақтық партия конференциясы елдегі экономикалық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдің мәселелерін қарасты- рып, ауылда социалистік құрылысты жүзеге асыруды алға қойды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен кеңестерді құру мәселесін қолға алды. 1921 жылы Қазақстан Орталық Атқару комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық және қалалық кеңес депутаттарының мерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік және болыстық атқару коми- теттері 6 айға, ал ҚОАК 1 жылға сайланды. Кеңестердегі халық өкілдерінің нормаларын көбейтті. 150 тұрғыны бар ауылдарда кеңестер құрылды, яғни 50 тұрғынға бір депутат сәйкес келді. Бұрын кеңестер 300 тұрғыны бар ауылдарда құрылуға тиіс еді.
Ресейдегі халықтарды біріктіру мәселесі партияның Орталық комитетінде талқыланды. Бұл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясын ұсынды, яғни барлық ұлттар- ды, кеңестік респубикаларды РКФСР құрамына автономия құ- қында ендіру. Ленин кеңестік республикалар одағын құруды ұсынды. 1922 жылы Орталық комитеттің қазан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказье республикалары және РКФСР арасында КСРО құру жөнінде келісім жасау қажет деп қаулы қа- былдады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде КСРО Кеңесте- рінің бірінші съезі болды. Съезд КСРО құрылғандығы туралы декларацияны және одақтық келісімді қабылдады. Съезд ең жо- ғарғы заң шығарушы орган КСРО ОАК сайлады. Қазақстан КСРО құрамына РКФСР құрамындағы автономиялық республи- ка болып енді.
Қазақ АКСР-дің ОАК-ті қазақ және орыс тілдерін пайдалану тәртібі туралы декрет қабылдады. Декретте Кеңес үкіметінің заң құжаттарын екі тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тіл- де қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан
225
■ Қазақстан тарихы
өкіметі барлық халық комиссарлары мен ҚОАК мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді ұсынды. 1923 жылы 22 қараша- да «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы» жаңа декрет қабылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қаңтарынан іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді ұсынды. Бұл науқан көптеген жерлерде қазақтардың орыс тілінен мүлде ха- барсыздығынан, ал партия және кеңес қызметіндегі еуропалық ұлт өкілдерінің қазақтардан мүлде оқшауланып қалғандығынан Кеңес үкіметінің амалсыздан жүргізген шарасы еді. ҚОАК-ті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғы мерзімі 1927 жылдың 1 қазаны болып белгіленді.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғын- дардың сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қау- лысынан кейін кең өрістеді. Алайда сауатсыздықты жою шара- лары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оқу құ- ралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиындықтарға тап болды.
Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1920-1921 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі 2412 пункт жұмыс істеп, оларда 27,3 мың адам оқыған болса, 1924-1925 оқу жылында тиісінше 6677 пункт және 1731 мың адам сауатын ашты. 1928-1929 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса баста- ды. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әрең жетті. VІ партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзін- де екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалар- дың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.
Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесі- мен де айналысты. Алғашқы ғылыми зерттеу мекемелері: 1922 жы- лы Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериоло-
226
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
гиялық лабораториясы, 1924 жылы өлкелік өсімдікті қорғау стан- циясы, 1925 жылы санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 лаборатория мен т.б. ғылыми орта- лықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық ба- засы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақ- тық көлемде танымал болды.
Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалис- тік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, И. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков сияқты, кейін қа- зақ театр өнерінің майталмандары болғандар ұйымдастырды. Әнші Ә. Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуро- паның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемле- кеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфо- ниялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жұмыс істеді.
Большевиктердің ұлттық аймақтарда жүргізіп отырған саяса- тын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған М. Шоқай болды. Қоқан автономиясы қуылған соң М. Шоқай Францияға қоныс аударады. 1929-1939 жылдары ол «Яш Туркестан» журна- лын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жа- сайды.
1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркіс- тан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұ- сылмандар бюросының төрағасы Т. Рысқұлов «Ұлт мәселесі жә- не ұлттық коммунистік секциялар» туралы баяндама жасады. Он- да Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси
227
■ Қазақстан тарихы
ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұ- лов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды «Түрік халықтарының ком- мунистік партиясы» деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұлов- тың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаң- тар) «Түркістан автономиялығы туралы» тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идея- сы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын ұйымдастырған Мұстафа Шоқайдың арманы да осындай конфе- дерациялық мемлекет құру еді. Алайда большевиктер Т. Рысқұ- ловтың «Түрік республикасын құру» туралы идеясына қарсы шығып, ұлтшыл деп айыптады.
Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троц- кизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аудары- луына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Се- бебі қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтан- беков және Мұстамбаевтар «троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ұйытқы» ретінде айыпталды.
Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішін- де большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күре- сі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік «Ақ жол» газетінің ұстанған бағытын айыптап, арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен «үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыр- татыны» атап көрсетілді.
Кеңес үкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру ке-
228
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
зеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтеру- лерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыпта- ды. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағар- тушылары, әдебиетшілері, әр түрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дула- тов, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қу- ғындалып, тұтқындалды.
1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллин- генцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам) – Х. және Ж. Дос- мұхамедовтер, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдері тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, К. Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақ- ты ауданына жер аударылды.
Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақ- станда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы «контрреволюциялық ұлшыл- фашистік залалдық ұйымдардың» істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, мүшелері А. Асылбеков, Н. Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – ба- тылдығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жы- лы Сталинге жазылған «Бесеудің хаты» авторларының біреуі бо- лып табылады.
Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, теміржол транспортынан, жерхалкомынан, байланысхалкомынан және т.б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайрат- керлерінің тізімін Н. Нұрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т. Рысқұлов (РКФСР ХКК төрағасының орынбаса- ры) Мәскеуде ұсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды об- лыстық атқару комитетінің төрағасы А. Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н. Нұрсейітов жалғастырды.
Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды. Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы сай-
229
■ Қазақстан тарихы
рамдық бес азамат «Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер» болып шығады. Жауап алу барысында Сайрамда «буржуазияшыл-ұлтшыл топтың» 12 мүше- сі анықталып, ол топ «облыстық ұйыммен», облыс «республика- лық топпен байланысты», ал олардың барлығы «Мәскеумен то- ғысты» деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен
«қылмыскерлер» атылады.
Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қара- ғанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагерь Алжир деп аталды. Жаппай репрес- сияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мер- зімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы Лагерьлердің бас басқармасы (ГУЛАГ) пайда болды.
Елдегі осындай қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып тұр- ған жағдайда КСРО жаңа Конституциясының жобасы талқыла- нып, 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Конституция елде социализм орнағанын жария етті. КСРО жаңа Конституциясы одақтас республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды. Соған сәйкес Закавказье республикасы таратылды. Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді КСРО құрамына тікелей енді. Қазақ және Қырғыз автономиялық республикалары одақтас республикаларға айналды. Қазақ республикасы статусының өзге- руіне байланысты жаңа Конституция жасау қажет болды. 1937 жы- лы 3 ақпанда жаңа Конституция жобасын ҚазОАК Президиумы қолдады. 1937 жылы 21-26 наурызда Алматыда Қазақстан кеңес- терінің X съезі өтті. 1937 жылы 26 наурызда съезд Қазақ КСР-ның Конституциясын бекітті. Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы орга- ны төрт жылға сайланатын Қазақ КСР жоғары кеңесі болды. Жо- ғарғы кеңес өзінің Президиумын сайлады және республика үкі- меті – Халық Комиссарлары Кеңесін (ХКК) құрды.
Қорыта айтқанда, 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары қо- ғамдық-саяси өмірде әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп үстем болды. Әсіресе Қазақстанда бұл тәртіптің қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезең-
230
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■
дерінде өрістеді. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол ха- лықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |