Бегалиева А.Қ



бет56/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Бақылау сұрақтары:

    1. Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың қандай үлесі болды?

    2. Кеңес Одағында мекендеген немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе фашис- терден Отан қорғауға рұқсат етті ме?

    3. Екінші дүние жүзілік соғыста Қазақстанға Ресейден қандай мәдениет мекемелері көшірілді?

    4. Қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қандай көмек көрсетті?

    5. Қ.И. Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар қандай ғылыми жұмыс- тар жүргізді?

    1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1970 ж.)




Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірі. Қоғам- дық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қо- ғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі бол- мады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.

245
■ Қазақстан тарихы


Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын ал- ды. Үкімет басшылары түрлі желеумен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Ор- талық комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы «Звезда» және


«Ленинград» журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақ- ты дәлелі бола алады.
Мәскеу мен Ленинградта «Лениградтық іс», «Дәрігерлер ісі» жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы «Бекмаха- новтың ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин жә- не тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп, Қазақ КСР тари- хын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге бе- рілген баға қызу айтыс тудырды. Е. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-ленин- дік тұрғыдан жазу үшін» деген мақалада Е. Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті «Правда» газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, «Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқара- сын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылым- дарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академиясындағы қыз- метінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.
Е. Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б. Сүлейме- нов, Е. Смайлов, жазушы Ю. Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә. Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және бур- жуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы «космополитизммен», яғни шетел мемлекетте- рінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны бастал- ды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей,
246
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■

О. Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым академия- сының Президенті Қ.И. Сәтбаев «Едіге батырға» алғы сөз жаз- ғаны үшін «ұлтшыл» атанса, М. Әуезов 1945 ж. жарық көрген


«Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі» еңбегінде Абайды «феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін» қудаланады. Екі зия- лыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін Мәскеуге қоныс аударуға мәжбүр болды. «Космополиттер» қатарына белгі- лі шығыстанушы, академик В.В. Бартольд та енгізілді. Оған
«араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген мағы- надағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А. Маметова- ның «Абай Құнанбаев» атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С. Мұқановтың «Балуан Шолақ», С. Мұқанов алғы сөз жазған Қ. Аманжолов пен Х. Бекхожиннің «Батырлық эпосы», Қ. Саты- балдиннің «Әлия», М. Хакимованың «Мәншүк» еңбектері қай- тып алынды.
Осылайша, соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады. 1953 жылы Сталин қайтыс болған- нан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институ- тын, Кеңестік жазушылар Одағын «ұлтшылдардан» тазалау сая- саты тоқтатылды. 1953 жылдың мамыр айынан бастап социалис- тік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде ал- ғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқа- рып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қыл- мыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. «Үштіктер»,
«Бестіктер», «Ерекше кеңес» жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П. Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қо- ғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл – әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес бо- латын.

247
■ Қазақстан тарихы


Сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы бол- ған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жер- лерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Ком- партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж. Шаяхметовтің орнына КСРО мәде- ниет министрі П. Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басын- дағы Н. Оңдасынов орнына Д. Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И. Брежнев П. Понаморенконың орнына тағайындалды. Кейіннен Н.И. Беляев (1957-1960), Д.А. Қонаев (1960-1962), И. Юсупов (1962-1964) болды.


1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.С. Хрущев бастаған коммунис- тер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жа- сауға тырысты. «Жеке басқа табынушылық және оның салдары» туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін 30 маусымда «Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою» жөнінде қаулы қабылдан- ды. Н.С. Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табы- нушылығын әшкерелеу» туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық қағидаттары енгізіліп, әміршіл- әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді де- мократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркін- дігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткер- лері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шыға- рылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист
248
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


ақталды. Сондай-ақ 1954 жылы Е. Бекмаханов, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов еліне оралды. К. Бекхожин, С. Мұқанов, С. Кенебаев партия қата- рына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С. Хрушев пен оның төңіре- гіндегілердің сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғаны- мен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жой- ған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихат- талып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. Алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды та- ғайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы ша- ғын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан, бір жағынан, депортацияға ұшыра- ған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашай- лықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, екінші жағынан, қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тыйым салды.
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М. Әуезов- тің «Ақын аға», Қ. Шаңғыбаевтың «Намыс» және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тыйым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанда КОКП Орталық комитеті жергі- лікті партия ұйымдарына «Партия ұйымдарының бұқара арасын- дағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антике- ңестік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде» арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н. Бурджалов «1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы» аты мақаласы үшін
249
■ Қазақстан тарихы

қызметтен алынып, қудаланды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төр- ағасына С. Торайғыровтың шығармашылығын қайта қарау ту- ралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім шы- ғармашылығын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретін- де республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тапты. Орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.


Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С. Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыс- тың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге ба- ғындырылды. Ақмола Целиноградқа, Батыс Қазақстан Орал об- лысына айналды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсі- ресе зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осы- лайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретін- де бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б. Тайжанов, С. Ақатаев, М. Тәтімов, М. Әуезов бас бо- лып «Жас тұлпар» атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастары- ның ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленин- градта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қара- ғандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толы- ғымен шектеді. Әсіресе экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядро- лық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көші- ріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.
Н.С. Хрущев мемлекеттің «коммунизмге өтуіне байланыс- ты» жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін

250
4. Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында (1917-1920 ж.) ■


1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссия- ның жобалары 1977 жылы КСРО конституциясын жасауда пайда- ланды.


Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демо- кратия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы кеңесі КСРО кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура орган- дары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шыға- ру, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл- әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлде алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5-8 мың адамнан біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық комитетінің Плену- мында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Минис- трлер кеңесінің төрағасы болып А.Н. Косыгин тағайындалды. Олар- дың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А. Қонаев сай- ланды.
Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Аталған кезеңде дүниеге келген шығарма- ларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл ең- беккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ. Мүсіре- повтің «Қазақ солдаты», Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия», С. Мұ- қановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазу- шылар Ә. Нұрпейісовтің, Т. Ахтановтың, Б. Момышұлының, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтің, ақындар Қ. Аманжоловтың, Х. Ерғалиевтің, т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М. Әуезов- тің «Абай жолы» романы дүние жүзіне танылды. М. Төлебаевтың
«Біржан мен Сара», Е. Брусиловскийдің «Дударай», Қ. Қожамия- ровтың «Назугул» опералары Қазақстанның музыкалық мәдение- тінің алтын қорына кірді.
251
■ Қазақстан тарихы

1946 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы ашылып, оның тұң- ғыш Президенті болып Қ.И. Сәтбаев сайланды. Ғылым академия- сының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М. Әуезов, Ә. Бектұров, М.И. Горяев, А.Қ. Жұбанов, Н.Г. Кассин, Н.Т. Сау- ранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О. Базанова, Р.А. Бару- каев, Ә.Х. Марғұлан, М.И. Усанович және т.б. сайланды. 50-жыл- дардың аяғында Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс істеді. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық карта- сын жасағаны және оның әдісін зерттегені үшін ғалымдар: И.И. Бек, Р.А. Борукаев, Г.Ц. Медоев, Д.Н. Казанин, Қ.И. Сәтбаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды.


ХХ ғасырдың 50-жылдары 13 институт болды. Семейде мал- дәрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда ме- дициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды.
Оқу-тәрбие үдерістерін саясаттандырумен қатар жалпы көр- сеткішті қудалау, оқу үдерістерін жасанды жүргізу, оқушылар- дың оқуына немқұрайлы қарау орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектеп- терінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолда- ныс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретін- де қолданылды. Кітаптардың 95 %-ы орыс тілінде басылды, теле- дидар хабарларының 70 %-ы эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық дәстүр, салт-сана шектетіліп, кеңестік салт-сана дәріптелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет