Бақылау сұрақтары:
Қай жылы Н.Ә. Назарбаев Америка құрама штаттарына алғаш рет рес- ми сапармен барды және осы сапарда қандай келісімдерге қол қойды?
Орталық Азия экономикалық қауымдастығына қандай мемлекеттер кі- реді және оның интеграциялық даму стратегиясы қандай?
Шегара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақ- тастық ұйымының (ШЫҰ) рөлі қандай?
Қазақстан қай жылы ЕҚЫҰ-ға мүше болды?
Кеңес дәуірінде республикамыз ядролық қарудың аса қуатты базасы және әлемдегі төртінші ядролық ел болды. 1949 жылы Семей ядролық полигонында ашық түрде жарылыс жасады. Ол үш облыстың – Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары тоғыс- қан жерде жүздеген мың адамның денсаулығы мен өміріне қан- шама зиян келтірді. Семей полигонында ядролық қарудың 500-ге жуық жер асты және жер үсті сынағы жасалды. Атомдық жары- лыстардың жалпы қуаттылығы 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әскери қорында ядролық оқтұмсықтары бар 100-ден астам ракета қалғандықтан, республи- камыз бірден ядролық елге айналды. Республиканың аэродром- дарында ракеталармен бірге 40 стратегиялық бомбалаушы авиа- ция ұшағы орналасты. Елде құрлықаралық баллистикалық раке- таларға арналған 1 040 ядролық оқтұмсық, сондай-ақ әуеде орна- ласатын қанатты ракеталарға арналған 370 оқтұмсық болды.
Сонымен қатар ол жас және Тәуелсіз республика үшін елеулі қауіп төндірді. Әрине, ядролық физика үшін Семей полигонын- дағы әскери база ғылым үшін қажет. Дегенмен ядролық мемле- кеттер тарапынан да қауіп ұлғая түсті. Осы ядролық қаруды сақ- тап қалу керек пе, әлде әкету керек пе деген мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қажет болды. Н.Ә. Назарбаев: «Ядролық жанжал- дың нәтижесі тек қана дұшпанды құртып жіберу емес. Ең қиыны, іс жүзінде сол мемлекет жерінің өзі өмір сүру үшін мүмкін емес жерге айналады», – деген ұстанымда болды.
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы Тәуелсіздігін жа- риялаған сәттен басталды. Қазақстан дүниежүзінің барлық елде-
347
■ Қазақстан тарихы
рімен бейбіт қатынас саясатын ұстанды. Н.Ә. Назарбаев «Ғасыр- лар тоғысында» атты кітабында: «Қазақстанның ядролық қару- сыз аймақ атануын сөз етсек, біз айтқанымызда тұрдық. Қазақ- стан – дүние жүзінде ядролық сынақ алаңын жапқан бірден-бір мемлекет», – деп жазады. Сондықтан да Президент жарлықтары- ның ең алғашқыларының бірі ядролық қарудан бас тарту болды. Президент 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл еліміздің бейбіт саясатының көрінісі болды және әлемдік қауымдастықта дұрыс бағасын алды. Президентіміз ядролық клубтың мүшелері, ең алдымен, АҚШ, Қытай және Ресейдің алдында, есесіне біздің ұлттық қа- уіпсіздігімізге, шегарамыздың қол сұғылмайтындығына және ай- мақтық тұтастығымызды сақтауға кепілдік болуы керек деген
қатаң талап қойды.
1994 жылдың 5 желтоқсанында Будапешттегі ЕҚЫҰ самми- тінде АҚШ-тың, Ресейдің және Ұлыбританияның мемлекет бас- шылары ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қол қойған елдерге қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға қол қойылды. Кейіннен біздің елімізге осындай кепілдіктерді Қытай мен Франция да берді.
1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімшартқа мүше болды. 2000 жылы Семей ядро- лық полигонындағы соңғы ұңғыма жойылды. 2006 жылы Семей- де тағы бір маңызды оқиға болды: Орталық Азияның 5 республи- касының Сыртқы істер министрлері Ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімшартқа қол қойды.
Қазақстан бұдан былай да ядролық қаруды таратпау және қа- русыздану саласындағы саясатын жалғастыра береді. Қазақстан басшылығының бастамасы бойынша 2009 жылдың 2 желтоқ- санында БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядро- лық сынақтарға қарсы әрекет күні деп жариялау туралы тарихи қарар қабылданды. Сонымен, 1991 жылы біздің республи-камыз біржақты түрде Семей полигонындағы сынақтарды тоқтатқан бо- латын.
Ядролық қарусыздану саясаты оң нәтижелерін берді. Ядро- лық қарудан бас тартқаннан кейін Қазақстан Республикасы өзін бейбітшілік сүйгіш ел ретінде мәлімдеді. Әлем қауымдастығы-
348
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
ның алдында Қазақстанның абыройы өсті. Аумақтық тұтастық пен шегарамыздың мызғымастығына төнетін қауіп, дегенмен де жойылды. Енді бізге басқа мемлекеттердің ядролық ракеталары- нан қауіп жоқ.
Қазақстан күрделі инфрақұрылымы бар ядролық қаруды ұс- тауға кететін орасан зор қаржылық ресурстарды үнемдеп, тұта- сымен бейбіт әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бет бұрды. Осы күндер жөнінде Елбасы: «Біздің ядролық қарусыз мемлекет атанғанымызды сынайтындарды мен еш түсіне алмай- мын. Ядролық қару ұстау үшін орасан зор қаражат пен жоғары дәрежелі мамандар керек. Бізде оның екеуі де жоқ. Оны былай қойғанда, ядролық қаруға ие болу деген сөз қай кезде қопарылып кетері белгісіз қатер ошағының үстінде отыру және басқа біреу- дің дәл саған қарай нысаналап қойған ядролық жебесінің сұғында отыру деген сөз. Сондықтан да кейбір адамдар өз жеріміздегі ядролық қаруды ешкімге бермейміз деп даурыға бастағанда, мен қарадай күйзеліп біттім. Ондай даңғойлар әбден уланып біткен Семей жерін көрмеген, қарадай қыршынынан қиылып, мүгедек- тікке ұшырап жатқан жазықсыз жандардың тауқыметін түсін- бейді», – деп жазды.
Қоршаған орта да айтарлықтай жақсарды. Полигон аумағын- дағы тұрғындардың денсаулығына көңіл бөлінді. Бұрын полигон болған жерлер біртіндеп ауыл шаруашылық жұмыстарына пайда- ланылды. Еліміз көптеген миллиондаған шетелдік инвестиция- ларға ие болды. Шетелдік шағын және орта бизнестің өкілдері Қазақстанға бет бұрды. Әлемдегі елдердің лидерлері Қазақстан- ның ядролық қарусыздану бастамаларына өте жоғары баға берді. Мысалы, Барак Обама Қазақстан Президенті Н. Назарбаев жө- нінде былай деді: «Президент Назарбаев ядролық қаруларды та- ратпау және ядролық қауіпсіздік мәселелерінде әлемдегі үлгі тұ- тарлық көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядро- лық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық гүлденуге қалай қол жеткізуге болатындығын көрсеткен елдің тамаша үлгісі болып табылады».
Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ядролық сынақтарға төз- бейтін ең бейбітшілік сүйгіш және толерантты ел ретінде Қазақ- станның имиджін одан әрі жоғары көтеруде.
349
■ Қазақстан тарихы
Достарыңызбен бөлісу: |