Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты те- рең мазмұнды, мақаласы тарихшы қауымның алдына үлкен мәсе- лелермен жұмыс істеу міндетін қойды. Қазақстан тарихының жеті қырын көрсете отырып, Елбасы өткенімізді тарих тұғыры- нан бағамдап, терең зерделеу қажеттігіне бағыттады.
Бұл мақаланың түпнұсқасын беруді жөн көрдік, өйткені онда бәрі анық, нақты жазылған.
Мақала 21 қараша 2018 ж. Ақорда сайтында жарияланды: Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өл-
шемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес.
Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты ежелгі гот- тар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да – Гер- манияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамы- рымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күр- меулі түйінін шешуге мүмкіндік туады.
389
■ Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінік- ті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.
Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомем- лекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құры- лып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шо- ғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды.
Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік техно- логиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Тіпті, қазақтың кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көз- қарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтары- ның арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыз- дың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ.
Сонымен бірге ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сү- ріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы ту- ралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этнос- тардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих.
Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдар- дың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұра- пыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сы- нақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсі- ніп, қабылдай білуіміз керек.
390
6. Қазақстан және қазіргі әлем ■
Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығы- мызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлі- мізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы:
Достарыңызбен бөлісу: |