Бегалиева А.Қ


Ұлы даладағы ежелгі металлургия



бет79/104
Дата04.10.2024
өлшемі0,81 Mb.
#146827
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
Байланысты:
Бегалиева Қазақстан тарихы оқу құралы-(2020) (1)

Ұлы даладағы ежелгі металлургия


Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа ке- зеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақ- станның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.


Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пеш- тер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.


  1. Аң стилі


Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс


393
■ Қазақстан тарихы

қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифология- сы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.


Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануар- лар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара бай- ланысының символына баланып, көшпелілердің рухани бағда- рын айқындап отырған.
Олар жыртқыштардың, негізінен, мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдары- ның бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұр- паты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өн- дірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.
Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестер- дің бірі саналады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет