76
3. Ӛлшеу бірліктерімен таныстыруды оның қажеттілігін дәлелдейтін
ӛмірлік ситуациядан бастау қажет.
4. Барлық талдағыштарға сүйену қажет.
5. Ӛлшеу бірліктерін оқыту барысында практикалық (тәжірибелік) іс-
әрекетке сүйіну қажет.
6. Кӛрнекілікті қолдану.
7. Ӛлшеу дағдыларын дамыту үшін жүйелі жаттығулар жүргізу.
8. Дидактикалық ойындарды қолдану.
Атаулы сандармен таныстыру және оларды түрлендіруді үйрету
әдістемесі.
Жұмыстың бұл түрі арнайы мектеп оқушыларымен қиыншылықпен
меңгеріледі. Қиыншылықтардың біреуі болып оқушылардың қалай ғана
бір ӛлшем түрлі сандық сипаттамасына ие болатындығын түсінбеуі
саналады, басқаша айтқанда, мысалы, сынып ұзындығы қалайша 7 м, 70
дм, 700 см болуы мүмкін. Сандар әр түрлі, бірақ олар бір ӛлшемді –
сынып ұзындығын сипаттайды.
Екінші қиыншылық түрлендіруді жасау барысында туындайды: 200
см = 2 м (үлкен ӛлшемнің атауы аз санның қасында тұрады).
Түрлендіруді
орындау барысында, тәжірибенің кӛрсетуі мен арнайы
жүргізілген зерттеулер бойынша, оқушылар келесідей қателіктер
жібереді:
1) үлкен ӛлшемдерді кішкентаймен алмастыруда: 4 км 85 м = 485 м
(нӛл босатылған, қойылмаған); 78 м 5 дм = 7805 дм (артық нӛл
қойылған); 35 тг 7 тиын = 3570 тиын (нӛл орнында тұрған жоқ); 35 км 386
м = 35 386 км; 3 кг 85 г = 3085 км (атауы дұрыс жазылмаған); 4 тг 70 тиын
= 470 (нәтижесінің атауы жоқ);
2) кішкентай ӛлшемдерді үлкендермен алмастыруда: 28 .ң, тиын =
28 тг 746 тиын; 8050 г = 80 кг 50 г немесе 805 кн 0 г (саннан қажетті
разрядтарды іріктей алмауы); 387 м = 3 кг 87 м, 2308 кг = 2 тг 308 тиын =
23 тг 08 тиын (атаулардың дұрыс жазылмауы); 785 ц = 7 кг 85 ц (атаулар
ретінің бұзылуы); 280 км х 2 = 5600 кв. м = 56 кг (атаудың кездейсоқ
жазылуы).
Бұл ӛлшемдер атауларының ӛзара алмасуының себебі болып
нақты бейненің болмауы мен дыбыстауының ұқсастығы саналады.
Сондықтанда келесідей тапсырмалар пайдалы: ұзындығы 10 см
жолақшаны ӛлшеу, одан кейін осы жолақшаның ұзындығын дециметрде
анықтау. Сонымен бұл жолақшаның ұзындығы 1 дм немесе 10 см тен,
басқаша айтқанда бұл жерде үлкен ӛлшем кішімен алмастырылады.
Керісінше, былай жазуға болады, жолақшаның ұзындығы 10 см немесе 1
дм тен деп, басқаша айтқанда кіші ӛлшемді үлкен ӛлшеммен
алмастыруды жүргізу керек.
Қарындаш ұзындығын сантиметрде табу қажет (14 см), одан кейін
дециметрде және сантиметрде (1 дм 4 см). 14 см –де 1 ондық сантиметр
бар, немесе 1 дм тағы 4 см бар. Кескіндер тендігіне сүйене отырып,
жазамыз: 14 см = 1 дм 4 см
78
Одан кейін күрделі есептер қарастырылады. Мысалы, 5 см 6 мм- ді
миллиметрде кӛрсету қажет. 1 см-де 10 мм бар
болғандықтан, 5 см 5 есе
артық болады. 10 мм х 5 = 50 мм, одан кейін 50 мм + 6 мм, сонда, 5 см 6
мм = 56 мм.
Кері есеп: Санды үлкен ӛлшеу бірліктерімен кӛрсету, мысалы 56
мм-ді сантиметр және миллиметрде кӛрсету қажет. Есімізге түсірейік, 10
мм = 1 см. Одан кейін мұғалім «56 санында неше ондық бар?» - деп
сұрайды. (56 санында 5 ондық, немесе 5 см бар. Сонда, 56 мм = 5 см 6
мм.).
Келесідей тапсырмалар пайдалы:
27
245 санында барлығы неше мындық бірліктері бар?
Босатылған сандарды жаз: 45 бірл. = ... онд. ... бірл., 45 см = ... дм
.... см.
Кіші ӛлшемдерді үлкендермен алмастыр: 475 тиын = ... тг. ... тиын.
3745 тиын = ..., 185 см = ..., 3075 г = ...
Босатылған сандарды жаз: 10 м 45 см = ... см, 3 т 405 кг = ... кг.
Сандарды салыстыр (таңбаларды қой >, <, =): 4500 м ... 4 км 50 м,
7 т 5 ц ... 7 т 500 кг, 3800 тиын ... 380 тг.
Дұрыс атауларды қой: 1 ... = 1000 ..., 1 ... = 100 ... .
Достарыңызбен бөлісу: