АКТ 1
Сахнаның бір жақ шетінде ағаш бұтақтары. Бұтақтарына ақ шүберектер байланған. Ағаш жанында Диуана қобыз тартып отырады. Диуана қобызын тоқтатып сөйлейді.
Диуана: - Ех, Алла. Сонау көне заманда, барша адамзатқа ортақ бір тіл болған кезде, аспандағы жарық ай сонау алыстағы көлге батып, ерте таңның атысымен қызыл тұлпарға айнала кеткенінде ұлы даламызда Жиделі Байсын жерінде, киелі Қоңырат руы қоныс тепкен еді. Сол руда Байбөрі деген бай болған. Байбөрі малға бай екен. Бір перзентке зар екен...
Сахнаның екінші жағынан қолдарына таяқ ұстаған Байбөрі мен қолында түйіншегі бар бәйбішесі кеп жерге отырады. Байбөрі белінен суын алып екеуі су ішеді.
Бәйбіше (жылап сөйлейді): Ух, ауылым көшіп барады Алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына
Әй, әй, бөпем... деп жылап қалады
Байбөрі: Еее, бәйбіше, көз жасымыз тыйылмады гой. Бір перзентке зар қылып, күні-түні бір Алладан перзент тілеп, әулие-әмбиелерге барып, тілек тілеп жүргенімізге қанша жылдың жүзі болды. Одан басқа амалымыз да қалмады. Ее, Алла, көз жасымызды көре ғөр біз бейбақтың.
Екеуі бір-біріне басын қойып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатқанда сахна сыртынан аян берген дауыс шығады.
Дауыс: - Ей, көз жасы кеппеген байғұс пенделер. Сендердің бар армандарың – бір ғана адал ұл көру. Көптен бері әулие аралап дүние кезіп жүргендеріңді білемін. Сендерге жаны ашымаған бірде-бір әулие қалмады. Оған дәлел - 88 сахаба мен 99 әулие сендер үшін дұға тіледі. Осы дұғаның арқасында Алла тілектеріңді қабыл етіп, сендерге әлемде жоқ әділ ұл мен әдемі қыз беремін деп шешті. Көз жастарыңды сүртіңдер. Несібесі мол пендеге лайық болып жүріңдер. Жаңа туған нәрестенің атын Алпамыс деп қойыңдар. Ол ел көрмеген батыр болып өседі. Ол суға салса батпайды, отқа түссе күймейді. Оның ата жауы қалмақ болады.
Екеуі «Алпамыс, Алпамыс» деп оянады. «Шүкір, шүкір» деп тұрып кетіп қалады. Диуана да кетеді.
Көңілді музыка қойылып, сахнаға думандатып, ойнап күлген жастар келеді.
Жастар: Халайық, ақ түйенің қарны жарылған күн бүгін. Байбөрі байдың бәйбішесі дүниеге торсықтай ұл әкелді.
Екінші жас: - Ендеше думандатпай неге тұрмыз?
Тағы бір жас: - Осы біздің әнші-күйшілеріміз қайда? Күмбірлетіп ән мен күйді шалқытпаймыз ба?
Күй тартылады.
Жастар: - ой, пәлі-ай деген сияқты қолдап тұрады.
Үлкендер келеді. Ақсақал, Байбөрі, әйел қолында құндақталған бала, бәйбіше. Жастар артқа қарай сәл шегініп орын береді.
Ақсақал: Пәлі, қандай тамаша, жастарымыз той-думанды бастап кетіпті гой. Міне, Алланың қалауымен, Байбөрінің тілегімен дүниеге ат байлар келді. Ендеше азан шақырып ат қою рәсімін маған ұсынған екенсіздер, біссіміллә деп бастайық.
Ақсақал келіп, әйел қолындағы баланы алады да, құлағына –Сенің есімің Алпамыс, Алпамыс, Алпамыс деп айғайлайды.
Ақсақал (Бата береді): қолдарыңды жайыңдар, мен нәрестеге бата берейін.
Жалғанда кем болмайды баталы құл,
Шашайын батаменен жемісті гүл.
Дүниеге жаңа келген жас сәбиді
Әуелі жасын ұзақ, бақытты қыл.
Айбынды, қара ормандай шоғырлы қыл,
Әр іске аптықпастай сабырлы қыл
Халқына, абыройлы, қадірлі қыл,
Тарлықсыз кең пейілді, көңілді қыл. Әумин. Беттерін сипайды. Барлығы тұрып кетеді.
АКТ 2
Қобыз тартып Диуана отырады. Қобызын тоқтатып сөйлейді.
Диуана:
Достарыңызбен бөлісу: |