Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Назарбаевпен бірге 
 
Солтүстік Қазақстанда ең алғаш темір рудасы табылғанда оны Магниткаға, 
Челябинскіге  жіберу  жоспарланған-ды.  Себебі,  руданы  өңдейтін  комбинат 

 
106 
салғаннан  гөрі  осы  тәсіл  экономикалық  тұрғыда  тиімдірек.  Дегенмен, 
Теміртаудың іргесінде Қарағандының аса мол көмір қоры жатқаны да белгілі. 
Металлургиялық процесс аса мол көлемде суды қажет етеді, аз Қазақстан су 
қорына соншалықты бай емес.  
Қалай  болғанда  да,  ақыр  соңында  экономикалық  емес,  кеңес  тұсында 
әдетке  айналған  саяси  астарлар  басымдық  алды.  Социализм  теориясы 
бойынша,  республикалардың  әрқайсысының  дамыған  өндірістік  күш-қуаты 
болуға тиіс. Ал дамыған өндірістік күш-қуаттың негізгі көрсеткіштерінің бірі 
—  қара  металлургия.  Қазақстан  экономикасын  көтеру  үшіндік  өзіндік 
металлургиясын қалыптастыруы қажет еді.  
Осы  орайда,  Сәтпаев  Қазақстанда  қара  метулларгия  комбинатын  салу 
туралы  ұсыныс  тастады.  Мемлекеттік  жоспарда  бұл  ұсыныс  мақұлданды. 
Гидротехниктер өз кезектерінде батыл идея тастап, Ертіс-Қарағанды каналын 
салуды ұсынды. Аталмыш канал Қазақстанның  екінші өндірістік астанасын 
сумен  толықтай  қамтамасыз  ететін  еді.  Оның  суы  шахталарға  да,  ауыл 
шаруашылығына  да,  салынып  жатқан  комбинаттарға  да  еркін  жетеді. 
Брежнев бұл идеяға қолдау білдірді, Қонаевты Брежнев қолдады. Алайда, бұл 
идеяны іс жүзіне асыру оңайға түспейтіні баршаға белгілі болды. Алдымен, 
бес жүз шақырымға созылып жатқан су арнасын салу қажет. Оған қоса, суды 
сорғыш  станцияларының  көмегімен  ұсақ  қырқалардың  деңгейіне  дейін  үш 
жүз метр биіктікке көтеру керек. Қалай болғанда да, бұл идея ақыр соңында 
іс  жүзіне  асып,  Қазақстан  экономикасына  зор  пайдасын  тигізді.  Каналдың 
құрылысы  алпысыншы  жылдары  жүрді,  дәл  сол  мезетте  комбинат  та 
салынып жатты.  
Алпысыншы жылдардың соңына қарай Қарағанды Магниткасында жұмыс 
істейтіндердің көпшілігі басқа елден, атап айтқанда Челябинскіден келгендер 
екендігі  анықталды.  Ал  болат  қорытушы  қазақтар  жоққа  тән.  Мұнайшы 
қазақтар,  шахтер  қазақтар  бар,  ал  домна  пештерінде  жұмыс  істейтін,  болат 
қорытатын  қазақтар  енді  қалыптасуы  керек.  Сол  себепті,  болашақ 
мамандарды  арнайы  іріктеу  басталды,  ауылдық  жерлердің  жастарын 
пештерде  жұмыс  істеуге  дайындық  жұмыстары  қолға  алынды,  оларды 
Днепродзержинскідегі  металлургиялық  комбинатқа  тәжірибеден  өткізуге 
апара бастады.  
Бұл кезде мен жастар редакциясында едім. Сонда жүріп қазақтар қайнаған 
ыстық  әрі  улы  газға  толы  цехтарда  ауыр  жұмыстарды  көтере  алмай  жатыр 
деген  әңгімені  құлағымыз  шалды.  Мені  Теміртаудағы  комбинатқа,  іріктеу 
жұмыстарының  жай-күйін  жеткізуге  жіберді.  Сонымен,  Теміртаудағы 
комбинатқа  келіп  жеттім.  Осында  жұмыс  істейтін  екі  жүзге  тарта  жастың 
барлығына  жуығы  жұмысқа  шыдамай  қашып  кеткенін,  бірен-саран  сайдың 
тасындай  мықтылары  ғана  қалғанын  білдім.  Маған  «Жігіттердің  ішінде 
айрықша  төзімді  біреуі  бар  екендігін,  оның  мақтауға  лайық  екендігін» 
жеткізді. Сол жігітпен танысуға бел будым.  
Әлгі  жігітіміз  Алматы  облысының  тумасы  болып  шықты.  Алматының 
табиғаты  жанға  жайлы  екендігі  белгілі,  ал  қазіргі  жұмыс  орны  онымен 
салыстыруға  да  келмейді  —  жан-жағыңның  бәрі  ұшқындаған  алау,  адам 

 
107 
төзгісіз  ыстық,  улы  газ...  Мен  Политехникалық  институтты  бтіргенмін, 
цехтың  жұмысы  маған  таңсық  емес,  әрине.  Дегенмен,  түсті  металдар 
цехындағы жұмыс қара металл цехындағы жұмыстан гөрі жеңілдеу екендігін 
айта кеткен жөн. Осылайша, мен адам төзгісіз цехта тер төгіп жүрген қазақ 
баласы  туралы  репортаж  дайындадым.  Кейіпкерімнің  есімі  —  Нұрсұлтан 
Назарбаев.  
Екеуміз  біраз  әңгіме-дүкен  құрдық.  Басқалар  ауыр  жұмысқа  шыдамай 
мамандықтарын  тастап,  жан-жаққа  қашып  кетсе  де,  ол  осында  қалыпты. 
Өзінің  қанша  қиындыққа  да  шыдайтындығына,  түбінде  металлург  болып 
шығатынына бек сенімді көрінді. Очерк жазуға таптырмайтын кейіпкер. Тура 
домна пешінің жанында түсірдік. Тамаша көрініс!!! Мұндай көріністі түсіру 
үшін жүннен тоқылған киім мен қалпақ сияқты арнайы киім киіп алу қажет. 
Оператор екеуміз киім сұрап көріп едік, бірақ көңіл бөлетін адам табылмады. 
«Өздерің  бірдеңе  етіп  түсіріп  алыңдар»  деді.  Оператор  екеуміз  жанталасып 
түсіріп жатырмыз. Алаулаған ұшқындар үстімізге шашырап, біздің нәп-нәзік 
киімімізді  демде  күйдіріп  түсуде.  Денемізге  тигізбеу  үшін  ұшып-қонып 
қимылдап жүрміз. Түсірмей кетіп қалуға тағы болмайды.  
Кейін  Назарбаев  екеуміз  осы  түсірілімді  еске  алып,  әзілдейтінбіз.  Маған 
Назарбаевтың  тағдыры  темір  өндірісімен  бекерден-бекер  байланыспаған 
тәрізді  көрінеді.  Олай  дейтінім,  ең  алғаш  рет  темір  өндірісі  Орталық 
Қазақстанда,  Алтай  тауларында  басталғанын  көпшілік  біле  бермейді.  Алтай 
тауларында  зерттеу  жүргізген  археологтар  темір  балқытқан  пештердің 
қалдығын  тауып  алғаны  осы  сөзімнің  айқын  дәлелі.  Археологтар  тапқан 
кішігірім  астауларда  таға  жасауға,  қару-жарақ,  басқа  да  тұрмыс  пен 
жаугершілікке  қажетті  құрал-жабдықтар  жасауға  қажетті  темірлер 
балқытылып  алынған.  Аттың  қолға  үйретілуі  мен  темірдің  балқытылып 
алынуының  арқасында  құдіретті  әскерлер  пайда  болған.  Осы  құдіретті 
әскерлер көшпелілер империясына тиесілі.  
Арада  ұзақ  жылдар  өтті.  Жаңа  пештер  пайда  болды,  қара  металлургия 
дамыды.  ХІХ  ғасырдағы  цивилизацияға  темірдің  қосқан  үлесі  зор.  Темір 
жолдар,  темір  құрал-жабдықтар,  зеңбіректер,  қарулар...  Домна  пешінің 
жанында  қызмет  жолын  бастаған  Елбасы  —  осы  темірдің  арқасында 
қалыптасқан  цивилизацияның  бір  перзенті.  Елбасының  өмірбаянында 
темірдің алатын орны ерекше, Елбасының өзі де темірдей берік Президент.  
Қазақтар  поляр  жұлдызын  «Темірқазық»  деп  атайды.  Аспан  әлеміндегі 
өзге  жұлдыздар  Темірқазықты  айналып  жүреді,  Темірқазық  қана  өзінің 
бастапқы  нүктесінен  жылжымай,  нық  тұра  береді.  Егер  ұзақ  уақыт  бойы 
аспан  әлемін  камераға  түсірер  болсаңыз,  оған  айқын  көз  жеткізесіз.  Шын 
мәнісінде,  Президент    халқына  Темірқазық  бола  білуі  қажет.  Оны 
қоршағандардың  барлығы  мемлекет  басшысын  айналып  жүріп,  өмір  сүруге 
тиіс.  Оны  айналып  жүрген  жұлдыздар  шоғырының  ішінде  қариялар  да, 
жастар  да,  орта  буын  өкілдері  де,  саясаткерлер,  бизнесмендер,  ғылым  мен 
қоғам  қайраткерлері,  қарапайым  халық,  бәрі-бәрі  бар...  Назарбаев  сынды 
темірдей  берік  саясаткер  заман  талабына  сай  әлем  сахнасына  шықты. 

 
108 
Темірдей  мықты  ұстанымсыз  билікті,  елдегі  тұрақтылықты  сақтау  қалу 
мүмкін емес.  
Елбасы жүзеге асырған тарихи ерліктердің бірі — Қазақстан астанасының 
арқа  төсіне  қоныс  аударуына  ой  жіберіп  көрейікші.  Ол  Алматы  сынды 
қайталанбас  көркі  бар,  табиғаты  әсем  жерде  орналасқан  шаһардан 
мемлекеттің  ордасын  аязы  мен  бораны  бет  қарыған,  желдің  өтінде 
орналасқан  сайын  далаға  көшірді.  Өзі  оңтүстік  өңірде,  Алматыда  дүниеге 
келсе  де,  Астананы  солтүстік  аймақтан  таңдады.  Қысы  қақаған  суық,  жазы 
аптап  ыстық,  жылдың  төрт  мезгілінде  желі  бір  тынбай  соғатын  қаланы 
заманауи  талаптарға  жауап  беретін,  көркіне  көз  тоймайтын  әсем  шаһарға 
айналдырды.  Әу  баста  бұл  бастамаға  қарсылық  білдіргендер  табылғаны 
мәлім.  Бірақ  мен  Назарбаевтың  дұрыс  шешім  қабылдағанына  шүбәсіз 
сенімдімін.  Ол  бірінші  кезекте  еліміздің  болашақ  даму  барысын  болжай 
білді. Қазақстан солтүстікті, Сібір бағытын бетке алды.  
Меніңше,  елорданы  солтүстік  аймаққа  көшіргенде  бірінші  кезекте 
географиялық  себеп  басты  назарға  алынған  тәрізді.  Амазонка  өзенінің 
төңірегіндегі  Оңтүстік  Америка  сияқты,  Сібір  де  ғаламшардағы  әлі 
игерілмеген,  адамзаттың  аяғы  толықтай  тимеген  жалғыз  кеңістік.  Әрине, 
Ресей  ең  алдымен  Сібірді  игергенінің  арқасында  еңсе  тіктеді.  Бұл  процеске 
Қазақстан  мен  Қытай  міндетті  түрде  араласуға  тиіс.  Сібір  —  ғаламшардың 
болашағын,  алдағы  уақыттағы  тыныс-тіршілігін  айқындайтын  жер  болып 
қала бермек.  
Астана  —  болашақтың  қаласы.  Назарбаевтың  мемлекеттің  бас  қаласын 
арқа  төсіне  көшірген  ісі  заманында  І  Петрдің  жасаған  ерлігін  еріксіз  еске 
түсіреді.  Ұлы  Петр  Батысқа,  Еуропа  елдеріне  есік  ашты,  өз  заманында  
қатарластары оның бұл бастамасын түсінген жоқ. Ал Назарбаев қай тарапқа 
есік ашты? Назарбаев та І Петр сияқты болашаққа есік ашты.  
Арада ұзақ жылдар өткеннен кейін біздер президенттердің темірдей берік 
материалдан  жасалмағанын  түсінерміз.  Адамзат  қоғамы  қазірдің  өзінде 
халықты  жұмылдыру,  артына  ерте  білу  үшін  байыпты,  икемге  көнгіш 
қасиеттердің  қажет  екендігін  көрсете  бастады.  Мұндай  жағдайда  мемлекет 
басындағы  Назарбаев  өзінің  бойындағы  басқа  да  қасиеттерді  көрсететін 
болады.  Бәлкім,  ол  болашақта  біз  армандаған  демократиялық  идеяны  іс 
жүзіне  асыратын  болар?  Бәлкім,  күндердің  күнінде  Алатаудың  етегіне 
астананы  қайта  көшіретін  сәт  туар?  Алайда,  дәл  қазір  біз  темір  дәуірінде, 
темірдей  берік  Президент  Назарбаев  басқаратын  қоғамда,  тәуелсіз 
Қазақстанның  бастауында  тұрған,  халықты  болашаққа  жетелеп  келе  жатқан 
тұлғаның қоғамында өмір сүріп жатырмыз... 
Домна  пешінің  түбіндегі  кездесуден  кейін  Нұрсұлтан  Назарбаев  екеуміз 
ұзақ  жылдар  бойы  жолығысқан  жоқпыз.  Назарбаев  Теміртаудағы  партия 
басшыларының біріне айналды. Біз арада көп уақыт өткеннен кейін кездестік. 
Ол кезде Назарбаев — Қазақстанның Министрлер кеңесінің төрағасы, ал мен 
— телевизия министрімін.  
1986  жыл.  Горбачев  Саяси  бюроны  ескі  партиялық  кадрлардан  тазартуға 
кіріскен.  Ресейліктерді  ғана  емес,  одақтас  республикадағы  бұрыннан  бері 

 
109 
келе  жатқан  белгілі  басшыларды  қолға  ала  бастаған.  Қонаев  та  қудалауға 
түсті.  Кеңесшілері  Горбачевқа  Қонаевтың  орнына  жас,  іскер  мемлекеттік 
қызмет сатысымен тез өрлеп келе жатқан саясаткер Назарбаевты қою қажет 
деген ақыл береді. Қонаев пен Назарбаев жерлестер, екеуі бір облыста туған. 
Екеуі  бір-бірін  жақсы  білетін.  Алайда,  екі  тұлғаның  арасына  сына  қағуға 
тырысатындар да табылмай қалмады.  
Уақыт өткен сайын Кеңес Одағының құлауға бет алғандығы айқын сезіле 
бастады.  Қарабақтағы,  Оштағы,  Литвадағы  оқиғалар  орын  алды.  Алайда, 
мұның  бәрінің  бастауында  1986  жылы  Алматыда  орын  алған  Желтоқсан 
оқиғасы  тұр.  Горбачевтің  шешімімен  Қонаевтың  орнына  Колбиннің 
тағайындалуы  Желтоқсан  алауының  тұтануының  басты  себептерінің  бірі. 
Кейін  Колбин осы оқиғаны  еске  ала отырып, Горбачевтің  шешіміне  келісім 
бергеніне  өкініш  білдіреді.  Өз  орталарында  қазақ  халқының  өз  тілі,  діні, 
тарихы,  мемлекеттік  мәртебесі  бар  екендігін  айтып  жүрген  қазақ 
интеллигенциясы бой көтерді. Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің 
Қонаевты  орнынан  алып,  Колбинді  тағайындаған  пленумынан  кейін  келесі 
күні  жастар  топтасып  алаңға  шықты.  «Қазақстанға  өз  ұлтынан  шыққан 
басшы керек» деп ұрандады.  
Мен  ол  кезде  Мәскеуде,  КСРО  телевизия  және  радио  жөніндегі 
мемлекеттік комитеттің алқасында қазақша хабар таратуға молырақ қаражат 
бөлінуін  талап  етіп  жүрген  едім.  Республика  бойынша  орысша  телехабар 
тарату  ішінде  ешқандай  ақау  жоқ,  орысша  білетіндердің  де  қарасы  көп. 
Отырыс  барысында  менің  ұсынысым  әріптестерім  тарапынан  қолдау 
таппады, керісінше өзіме «ұлтшыл» деген кінә тағылды.  
Тура  отырыс  өтіп  жатқан  мезетте  мені  телефонға  шақырды.  Алматыдан 
қоңырау  шалған  орынбасарым  Сағат  Әшімбаев  екен.  Астанада  адам 
айтқысыз сұмдық оқиға болып жатқанын айтып, тез арада қайтуымды өтінді. 
Алматыдағы  республикалық  телевидение  Үкімет  үйінің  дәл  жанында 
орналасқан,  терезеден  студенттер  топ-топ  болып  жиылған  алаң 
алақандағыдай  көрінеді.  Біз  телефон  арқылы  алаңдағы  оқиғаны  барлық 
операторларды жіберіп түсіріп алуға келістік те, мен тез жиналып Алматыға 
аттандым.  
Біз  қарсылас  тараптардың  ешқайсысына  бұра  тартпай,  алаңдағы  ахуалды 
эфирден барынша объективті түрде көрсетуге тырыстық. Мұндай ұстанымда 
қалу  оңайға  түскен  жоқ,  әрине,  тиісті  органдар  тарапынан  аңдушылар, 
телехабарларды жіті тексеретіндер бой көрсетті.  
Қонаевтың  орнына  келген  жаңа  басшы  Колбин  де,  идеология  жөніндегі 
хатшы Камалиденов те желтоқсан оқиғасынан аса қатты үрейленді. Кеңестік 
дәуірде  қалыптасқан  ескі  әдеттері  бойынша  қозғалыс  басшыларын 
іздестіруге  көшті.  Қозғалысқа  дем  берушілер  болған  шығар,  бірақ  содан 
кейінгі  бес  жылдың  ішінде  оларды  табу,  жазалау  мүмкін  нәрсе  емес.  Өз 
басым  Желтоқсан оқиғасының  күрт  басталып, жалпы  жастардың  тарапынан 
қолдауға  ие  болғандығына  бек  сенімдімін.  1986  жыл  демократиялық 
көзқарастың белең алған уақыты емес пе, сол себепті түрлі оқу орындарында 

 
110 
білім алып жатқан студенттер алаңға барып, өз ойларын ашық жеткізуді жөн 
деп тапты.  
Алайда,  алаңда  студенттердің  жолын  милиция,  Алматыға  шақырылған 
арнаулы  әскер  бөгеді.  Горбачев  тұңғыш  рет  бой  көтерген  Ішкі  істер 
министрлігі  мен  КГБ-ның  әскери  күші  арқылы  халықты  басып-жаншуға 
бағытталған  құпия  «Метель»  операциясын  қолданды.  Дәл  осы  тәсіл  кейін 
Тбилисиде, Вильнюсте, Бакуде қолданылғанын айта кету керек.  
Сөз  жоқ,  мемлекет  кез  келген  жағдайда  нәтиже  беретін  тәсілдерді 
қолдануға тиіс. Алайда, мемлекет тарапынан қолданылатын осы іс-әрекеттер 
ешқашан  шектен  шықпауы  керек,  қарапайым  халықты  апатқа  ұшыратпауы 
қажет.  Желтоқсан  оқиғасы  кезінде  Алматы  қақаған  аяздың  құшағында  еді, 
бүрсеңдеген  студенттерге  қарсы  су  шашатын  мәшинелер  қолданылды. 
Новосібірден  Ішкі  істер  министрлігінің  Жоғарғы  мектебінің  курстанттары 
арпылдаған  иттерін  ертіп  келді.  «Ұлтшыл  қазақтар  орыстарға  қарсылық 
танытуда»  деген  желеуді  ойлап  тауып,  желтоқсаншыларға  жұмысшы 
жастарды айдап салды. Іс жүзінде, орыстар мен қазақтарды бір-біріне қарсы 
қойды.  
Алаңдағы  қозғалыс  саябырлағаннан  соң  жоғарыдан  түрлі  нұсқаулар  түсе 
бастады.  Бірінші  кезекте  бұл  оқиғаны  еркін  ойлы  жастардың  өз 
көзқарастарын  ашық  білдіруі  деп  емес,  Қонаевтың  тұсында  еркінсіп  кеткен 
әсіре ұлтшылдардың, бұзақылардың тәртіпсіздігі ретінде көрсетуге тапсырыс 
жасалды.  Оның  басында  тұрған  тұлғалардың  бірі  деген  желеумен  Олжасқа 
жала  жабылды,  Олжасты  Қонаевтың  жақтасы  деп  айыптады.  Шынында  да, 
Олжас Сүлейменовті Қонаев қатты бағалайтын, құрмет тұтатын. Бірақ екеуін 
осы өзара сыйластық қана байланыстырады.  
Желтоқсан  оқиғасы  үш  жүздің  арасындағы  талас-тартыс  деп  қай-
қайдағыны  ойлап  шығарғандар  да  табылды.  Ешкім  Кеңес  тұсындағы  ескі 
тәсілдің  енді  нәтиже  бермейтіндігін,  заман  өзгергендігін  мойындағысы 
келмеді. Олжас ар алдында азаматтық танытып, қолынан келгенше Қонаевты 
қолдады, қорғады.  
Ақыр  соңында  Мәскеуден  арнайы  комиссия  келіп,  оқиғаның  себеп-
салдарын  тексере  бастады.  Телевидениені  де  назардан  тыс  қалдырған  жоқ. 
«Тамаша»  әзіл-сауық  бағдарламасы,  басқа  да  көптеген  публицистикалық 
дүниелер халық арасында ұлтшылдықты насихаттайтын болып шықты. Мен 
ұлтшылдықтың  біздің  бағдарламаларға  ешқандай  қатысы  жоқ  екендігін 
дәлелдеуге  тырысып  бақтым.  Қазақ  телевидениесі  басшылық  тарапынан  оң 
көзқарасқа ие екендігін, біздің көптеген бағдарламаларымыз Ресейдің, басқа 
да 
одақтас 
елдердің 
эфирінде 
көрсетілетіндігін 
айтып, 
мұндай 
айыптаулардың негізсіз екендігін жеткіздім.  
Әрине, мен біздің аргументтеріміз ештеңе шеше қоймайтындығын, негізгі 
шешім 
жоғарыда 
қабылданатындығын 
жақсы 
түсіндім. 
Қазақ 
телевидениесіне тағылған айыптаулар мені қызметімнен босатуға жеткілікті 
екендігін  де  білемін.  Өзім  де  орын  алып  жатқан  келеңсіздіктерге  қарсылық 
ретінде  партиялық  билетімді  столға  тастап,  қызметімнен  өз  еркіммен  бас 
тартуға,  сол  арқылы  арымның  алдында  адалдық  танытуға  талай  мәрте 

 
111 
оқталдым.  Алайда,  мен  дәл  осындай  қадам  жасасам,  өзге  әріптестерімнің 
көпшілігі  жоғарыдағылардың  соққысын  өздеріне  қабылдауға  мәжбүр 
болатын  еді.  Себебі,  әріптестерімнің  арасында  да  Желтоқсан  оқиғасына 
қатысқан  азаматтар  аз  емес.  Мен  қолымнан  келгенше  оларды  қорғап, 
жұмыстан  қуылып  кетпеуін  қадағаладым.  Егер  мен  қызметтен  кетсем, 
орталық 
комитеттен 
телевидение 
жұмысынан 
бейхабар, 
Қазақ 
телевидениесінде  ұзақ  жылдардан  бері  қалырптасқан  жұмыс  жүйесін  мүлде 
түсінбейтін  басқа  біреу  келері  сөзсіз.  Жаңадан  ойластырылып  жатқан 
көптеген  жобалардың  жаңа  бастықтың  кесірінен  жарыққа  шықпай  жатып, 
желкесі қиылатыны тағы бар.  
Әріптестерімнің барлығын бірдей қорғап ала алмадым. Біздің қолымыздан 
келер іс аз еді. Басты билік жоғарыдағылардың қолында. Сөйтіп, музыкалық 
редакцияның бас редакторы Хасен Қожахметов, басқа да бірнеше қызметкер 
түрмеге  қамалды.  Хасен  Қожахметов  түрмеден  шыққаннан  кейін  жас 
ұлтшылдардың  «Алаш»  қозғалысын  құруға  мұрындық  болды.  Бірақ,  қалай 
болғанда  да,  көпшілік  әріптестерімізді  тиісті  органдардың  құрығынан 
құтқарып қалуға жарадық. 
Бір қызығы, мені жұмыстан босатқан жоқ. Олай жасауға не кедергі болды? 
Меніңше,  оған  Назарбаевтың  ұстанымы  ықпал  еткен  сияқты.  Үкімет 
төрағасының  пікірі  менің  министр  ретіндегі  тағдырымды  айқындау 
барысында айтарлықтай рөл ойнағаны анық.  
Желтоқсан  оқиғасының  себеп-салдарын  анықтау  1987-88  жылдарға  дейін 
жалғасты.  Осы  аралықта  жаңа  демократиялық  жағдайда  Қазақстан 
Парламентнің сайлауы да өтіп үлгерді. Ақын Мұхтар Шаханов Қазақ КСР-ы 
Жоғарғы 
Кеңесінің 
оқиғаның 
себеп-салдарын 
анықтау 
жөніндегі 
комиссияның  төрағалығына  сайланды.  Сондай-ақ,  Мұхтар  Шаханов  КСРО 
Халық  депутаты  болды,  аймақаралық  депутаттық  топпен  бірге  Мәскеуде 
біраз  жұмыс  атқарды.  Жоғарғы  Кеңеске  Желтоқсан  оқиғасының  шынайы 
себептерін  ұсынуға,  қызметтік  өкілеттіліктерін  асыра  пайдаланған  бірқатар 
басшыларды орнынан босатуға мүмкіндік туды.  
Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  екі  жыл  бойы  Мәскеумен  арадағы  қарым-
қатынас  толықтай  үзіліп  қалды.  Бұрындары  Алматыға  атақты  әртістер, 
музыканттар, ақын-жазушылар жиі келетін, 1986 жылдың қысынан кейін сап 
тыйылды.  Сірә,  олар  ұлтшылдықтың  ордасымен  байланыс  орнатудан 
үрейленсе керек. Ең алғаш өзгелерден оқшауланып қалудың не екенін сонда 
түсіндім.  Біз  осы  оқшаулықты  бұзудың  қамына  кірісіп,  «Алматы  достарын 
қарсы 
алады» 
атты 
фестиваль 
ұйымдастырдық, 
Одақтың 
ірі          
қаларындағы  белгілі  тұлғаларды  белсенді  түрде  шақыра  бастадық. 
Телеэкрандар  мен  киноэкрандардан  әйгілі  тұлғалар  жиі  көрсетіле  бастады, 
еліміздің  мәдени-әдеби  тыныс-тіршілігі  үйреншікті  арнасына  қайта  оралды. 
Ал Горбачевтің өзіне келер болсақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының оны 
қатты  шошындырғаны  соншалық,  1991  жылға  дейін  Қазақстанға  аттап 
баспай  қойды.  Тек  сол  жылы  ғана  Назарбаев  оны  Көкшетауға  келуге 
көндірді.  

 
112 
1989  жылы  Тәжікстанда  күтпеген  жерден  қайғылы  апат  орын  алды.  Ерте 
көктемде  тауда  көшкін  жүріп,  етекте  орналасқан  Шароро  қыстағын  басып 
қалды. Біз ол кезде бес бірдей Азия елдерін байланыстыратын орыс тіліндегі 
«Достық  экраны»  деп  аталатын  бағдарламаны  жарыққа  шығарғанбыз. 
Бағдарлама ең интернационал қала саналатын Алматыдан таралады.  
Мен  «Достық  экранының»  кезекті  эфирі  үшін  Тәжікстанға  бес  елдің 
Үкімет  төрағаларын  шақыруды  ұсындым.  Кеңес  кезінде  республика 
өкілдерінің кез  келген басқосуына  «аға  халықтың»  өкілдерін  міндетті  түрде 
қосатын қанға сіңіп кеткен ескі әдет бар-ды. Мәселен, қазақ Алатаудың арғы 
баурайындағы  қырғызбен  бірге  дастархан  басында  жеке  отыра  алмайды, 
міндетті түрде Орталық комитеттің ұйымтастыру бөімінен біреу жанына еріп 
жүруге тиіс. Әйтпесе, бұл сепаратизмнің көрінісі деп бағаланатын.  
Мен Назарбаевқа келіп: 
—  Нұрсұлтан  Әбішұлы,  бес  елдің  Министрлер  кеңесінің  төрағаларымен 
Тәжікстанда кездесу өткізсек дұрыс болар еді,— деген ұсыныс айттым.  
— Мұны Мәскеу қалай қабылдайды. Тағы да ұлтшылдық үшін айыптайды 
деп ойламайсың ба?  
—  Неге?  Біздің  көздегеніміз  Тәжікстанның  басына  түскен  қайғыны 
көршілес  елдер  ретінде  бірігіп  көтеру  ғана.  Оның  үстіне,  ұсыныс  сіздің 
тарапыңыздан  емес,  біздің  телевизияның  тарапынан  жасалады.  Сіз  «Достық 
экраны»  бағдарламасына  қатысу  үшін  барасыз  ол  жаққа.  Барғаннан  кейін 
көршілес  елдердегі  әріптестеріңізбен  басқа  да  мәселелерді  талқылай 
жатарсыздар.  Ең  бастысы,  бес  елдің  ресми  өкілдерін  бір  үстелдің  басына 
отырғызу, біз оны Орталық телевидениеден көрсетеміз.  
Сонымен,  қайғылы  апаттың  ошағы  Шароро  қыстағында  айтулы  кездесу 
өтті.  Меніңше,  бұл  Орталық  Азия  елдерінің  жеке  аймақ  ретіндегі  бірігуінің 
бастауы болды.  
Тимур  Зульфикаровтың  Шароро  қыстағындағы  апат  кезінде  тірі  қалған 
жалғыз  сәби  туралы  поэмасы  бар:  Сәби  перзентханада  дүниеге  келген  күні 
қайғылы  оқиға  орын  алып,  қыстақтағы  адамдардың  барлығы  қаза  табады. 
Сәбидің есімін қыстақтың атымен Шароро деп атаған.  
Жуырда Тимур екеуміз кездейсоқ жүздесіп қалдық, сонау бір жылдардағы 
қайғылы оқиғаны, Министрлер кеңесі төрағаларының басқосуын еске алдық. 
Шароро қыстағының орнында қазір не бар? Бұл трагедиядан сабақ алдық па? 
Осы сауалдарға жауап іздедік.  
1991  жылғы  тамыздағы  төңкеріс  жасауға  талпыну  оқиғаларынан  соң 
Одақтас  республикалардың  барлығы  өз  алдарына  егемендік,  мемлекеттілік 
алу  туралы  шешім  қабылдау  қажеттігін  түсінді.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  маған 
өзінің  баспасөз  хатшысы  қызметін  ұсынды.  Басында  мен  аздап  ренжіңкіреп 
қалдым:  Бұл  менің  қызметімді  жоғарылату  ма,  әлде  төмендету  ме?    Қанша 
дегенмен,  министрмін,  мемтелерадиоком  төрағасымын.  Қол  астымда  бес 
мыңға тарта адам жұмыс істейді. Сөйтіп, Назарбаевақ кірдім:  
—  Мені  мемтелерадиоком  төрағалығынан  босатасыз  ба?  Онда,  алдымен 
баспасөз хатшысы дегеннің не екенін түсіндіріңізші? 
— Сен маған алдымен Президент дегеннің не екенін түсіндір. 

 
113 
— Мен барлығын түсіндім. Енді жұмысқа кірісемін.  
Президент  дегеннің  не  екендігін,  оның  қандай  ауқымды  істерді 
атқаратындығын біз уақыт өте келе жұмыс барысында түсіндік.  
Назарбаев Орталық комитеттің бірінші хатшылығына келген кездің өзінде-
ақ  оның  төңірегінен  бұрынғы басшылықты  іске алғысыз етіп  жамандайтын, 
Қонаевты  қаралайтын  жандар  табыла  кетті.  Баспасөз  хатшылығына 
тағайындала салысымен мен осы үрдіске біржола нүкте қойдым.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  жинап,  Қонаевты  қаралауға  тыйым  салынатындығын 
жеткіздім.  Себебі,  Қонаевтың  Қазақстанның  өсіп-өркендеуі  үшін  аса 
маңызды жұмыстар атқарғандығы ақиқат.  
Қонаев  өмірінің  соңғы  жылдарында  зейнеткерлікке  шығып,  естеліктер 
жазды. Мен оның үйіне барғанымда аңшылық туралы (Өзі Балқаш ауданында 
туған, сол жаққа аңшылыққа шыққанды жақсы көретін), мемлекеттік істерге 
мүлде қатысы жоқ басқа да дүниелер турасында әңгімелер айтты.  
Түркиядағы достарымның бірі Ахмет Кучак Анкарада бес жұлдызды қонақ 
үй салған еді. Димаш Ахметұлына: 
—  Сонда саяхаттап  қайтыңыз!  Ол  жақтағы  ағайындар  сізді  құшақ  жайып 
қарсы  алады.  Біраз  уақыт  демалып,  аунап-қунап,  жасарып  қайтасыз,— 
деймін.  
— Барар едім, қаражат жоқ.  
Мен қатты таңғалдым. Жолға бар-жоғы алты жүз доллар керек еді.  
— Жан-жағыңызда қаумалап жүретін жандар қайда?  
— Олардың бірде-біреуі қалмады ғой қазір. Қаражат та жоқ.  
Достарымызбен  бірге  ақша  жинастырып,  ақсақалды  Түркияға  жібердік. 
Димаш  Ахметұлы  үшін  бұл  сапар  ерекше  қуанышты  болды.  Үлкен 
қызметтерде  жүргенде  әлемнің  талай  елін  араласа  да,  Түркияға  бірде-бір 
мәрте жолы түспеген екен.  
Алматыға  оралысымен  біздерді  үйіне  қонаққа  шақырып,  Анкара 
сапарынан алған әсерімен бөлісті. Көп ұзамай мен «Мир» телеарнасын құру 
туралы идеямды жүзеге асыру мақсатымен Мәскеуге жол тарттым. Арада бір 
жыл өткенде Дінмұхаммед Қонаев өмірден озды.  
Димаш  Ахметұлының  естеліктерін  жиі  қайталап  оқимын.  Қазақстанның 
экономикасының қазіргі деңгейге көтерілгені сол кісінің, Қаныш Сәтпаевтің, 
Қонаевтың досы — инженер Қадыржановтың арқасында екендігін түсінемін. 
Сол  кісілердің  өлшеусіз  еңбегінің  арқасында  Қазақстан  инфрақұрылымы 
дамыған  көрнекті  мемлекеттердің  біріне  айналып  отыр.  Бүгінде  кейбір 
қайраткерлер қол жеткізген тәуелсіздігімізді мадақтай отырып, егемендіктің 
алғышарттарын  қалыптастырған,  бірақ  қазір  бұл  елде  тұрмайтын 
миллиондаған  жандардың  сүбелі  еңбектерін  ұмыт  қалдырған  кезде  өзегімді 
өкініш кернейді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет