Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Ізгілік формуласы 
Біз Политехникалық институтта оқып жүрген жылдары  металл пештердегі 
ері  өлшемдерін  (жылдамдығын,  температурасын,  қышқылдық  деңгейін) 
реттейтін  кибернетикалық  жүйені,  кеннен  металды  пісіру  процесін 
басқаратын  автоматиканы  оқыдық.  Бұл  зиянды  өндіріс  болғандықтан,  онда 
жұмыс  істейтін  адамдар  санын  қысқартып,    олардың  қызметін  тетіктер  мен 
машиналарға беру керек.  
Бірақ  осы  инженерлік  жүйелерді  құрмастан  бұрын,  олардың 
математикалық  құрамдас  бөліктерін    есептеген  дұрыс  болар  еді.    Бізге 
мәскеуден    жас  оқытушылар  келді,  олардың  ішінде  қазір  өмірден  озған  
Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков бар болатын.  Ол кейін  Политехникалық 
институттың  ректоры  болды.    Ол  өз  ісіне  берілген  жан  болатын,  тіпті 
басымыздан  нұқитын еді. 
-    Қазақтар!  Сендер  Налимовтың  теңдеуін  жаттап,  оның  мәнін  түсінбей 
металлургияда ештеңе істей алмайсыңдар»,- деп ұрсатын. 
Екі тақтаның бетін толтырып осы теңдеуді жазатын.  Студенттердің көбісі 
арнайы  физика  математика  мектебін  бітірмеген  ауылдың  балалары 
болғандықтан,    мұндай  теңдеуді  оқып  шығу  олар  үшін  өліммен  барабар 
болатын.  
Ол: 
-
 
Мен  осы  тақтаға  жазғандарымды  өзім  де  толық  түсінбеймін, 
егер  кім де кім маған түсіндіруге тырысса, оған үш қойып, өмір бойы жақсы 
көретін  боламын»,  -  дейтін.  Налимовтың  өзі  беске  білмегенде,  мен  бәлкім 
төртке білетін болармын.  
-
 
Осы  теңдеу  авторының  тегін  мен  өмір  бойы  ұмытқан  емеспін.  
Налимов  Жолдасбековтің және онымен бірге келген  педагогтардың ұзтазы 
еді.    Налимовтың  өзін  көзбе-көз  көрмесек  те    пештегі  күрделі  процестердің 
ойға келмейтін  теңдеулерін шешетін  есінен адасқан адам барын білетінбіз.  
Ол  біз  үшін  аспандағы  математика  құдайындай  болды.    Маған  келетін 
болсақ,  мен Налимовтың теңдеуін түсінуге, шешіп көруге тырыстым.  Осы 
үшін Жолдасбеков мені құрметтеп,  ең жоғарғы баға уәделі үштікті қоятын. 
2000  жылдың  ақпанында      ұмытыла  бастаған  Налимовтың  есімі  қайта 
жаңғыртылып,  ММУ-де  марқұмға  арналған  конференция  өтті.  «Мир» 
компаниясы  Василий Васильевич Налимовтың 80 жылдығына орай  сюжет 
түсіре аласыз ба? Ол керемет талантты адам еді» деп маған қоңырау шалған 

 
211 
болатын.  Мен  олар  айтпаса  да,  Налимовтың    қандай  адам  екеніне 
күмәнданбаған  едім.    Сюжет  түсіріп,  көрсеттік.    Алғыс  ретінде  маған 
Налимовтың «разбрасываю мысли» атты кітабын беріп жіберіпті. 
 
 
Я продолжаю разбрасывать мысли. 
 
Они разлетаются, как листья осенью. 
 
Кітаптың  бетін  ашқаннан  кейін  түнгі  үшке  дейін  көз  ала  алмай  оқыдым. 
Тамаша!  Бұл кітапты кеш оқығаным өкінішті-ақ! Налимов  жүзжылдықта бір 
туатын керемет математик қана емес, ұлы философ екен. Осы кітапты оқып 
шыққаннан  кейін  Налимовты  сүйікті  ойшылдарым  –  Менделеевпен, 
Вернадскиймен,  Гумилевпен,  Гачевпен  бір  қатарға  қойдым.  Мүмкін  біз    өз 
отандастарымыздың  қадірін  білмейтін  болармыз.    Лев  Николаевич  Гумилев 
Петербургті  кезіп  жүргенде  ешкім  бағасын  білмей,  есуас  санады.  Оның 
ойларының    Ресейдің  бүгіні  мен  ертеңін    түсіну  үшін      қажет  екенін  тіпті 
білген де жоқ.  Налимов маған сондай алып тұлғадай болып көрінеді.  
Әкесі коми деген аз халықтан шықса, анасы даттық болған, өзі болса  бүкіл 
өмірін Ресейде өткізген ғалым. Жас кезінде анархистік идеяларға әуес болып, 
сол  үшін  Колымда  жазасын  өткерген.  Қазақстанға  өмір  бойға  жер 
аударылған.  1956  жылдан  кейін  Мәскеуге  келіп,    ММУ-де    заманының 
атақты  математигі  А.Н.  Колмогоров    меңгеруші  болған  ықтималдық 
теориясы  және  математикалық  статистика    кафедрасына  жұмысқа  тұрады. 
Осы  жерде  Налимов  профессор,    Колмогоровтың  бірінші  орынбасары,  
дүниежүзі мойындаған  тұлға болды. Ешқандай да диссиденттік  ойындарды 
ойнамай,    сексен  жеті  жасқа  дейін  өмір  сүрді.    Біздің  көптеген  басқарудың  
автоматтық  жүйелері  оның  теңдеулеріне  негізделген.  13  кітап,  жүз  елу 
ғылыми  мақала  жазған.    Налимовтың  еңбектері  көптеген  елдерде,  кейбірі  – 
тек  шетелде  шықты.  Өйткені    олардың  тек  шетелде  ғана  шығуына  рұқсат 
берілген  болатын.  Шетелдегі  жарияланымдардың  өзінде    «цензура 
нарығымен»  санасуға  тура  келді,  себебі    ғылыми  канондардың  шеңберінен 
асуға  болмайтын  еді.    Налимовтың  еңбектері    тар  шеңбердің  ғана  игілігіне 
айналды.  
Кропоткиннің  идеяларында  «анархизм»  деген  сөзді  көбісі  күлкілі  деп 
қабылдайды. Бірақ бұл ойлай емес.  Налимов абсолютті еркіндік жоқ,  оған 
ұмтылу  нөлге  ұмтылумен  бірдей  деген  шешімге  келді.    Налимов  әлем    аяқ 
астынан құрылған деп санады.  «Тұлға – аяқастылық. Аяқастылық - әлемдік 
әлеуеттің  ашықтығы.  Онымен  бір  резонансқа  түсу.    Әлем  әрқашан  жаңадан 
пайда болып, әрқашан жаңа көкжиектерін ашады. 
Әлем  секунд  сайын  пайда  болып,  секунд  сайын  жойылуда.  Спонтандық 
пен  вариациялықты  Құдай  жаратқан.    Ол  сынған  тәрелке,    жағажайдағы 
төбелес,    галактика  кеңістігінде  жарқ  еткен  комета  сияқты    болжанбаған 
миллиондаған  жағдайлар  себебінен  өзгеріп  отыратын  заң  бойынша 
жаралмаған.  Осының барлығының өзара байланысын табу тіпті мүмкін емес. 
Налимовтың  кемеңгерлігі  сол,  ол    осының  барлығын  математикалық 

 
212 
формулаларға  түсіруге  қабілетті  болды.    Әлемді  талдау  тұрғысынан  ол 
Энштейнге дес бермейтін.  
Әлеуметтік  және  биологиялық  тұлға  ретінде  біз    құдай  маңдайға  жазған, 
тағдырымызда  белгіленген    құпия  әлемнің  барлық    күрделілігін  беруге 
ешқандай  формуланың  шамасы  келмейтінін  білеміз.  Налимов  мұнымен 
келіспес  еді.    Әлемдегі  болатын  нәрселердің  бәрі  жоғарыдан  келмейді,  
бүгініміз де ертеңіміз де өз қолымызда.  Жер бетінде болып жатқан керемет 
те, қорқыныш та бәрі өзіміздің әрекеттерімізден туады.  
Налимов:    уақытты  санаудың  бір  нүктесі  жоқ,    өткен  де,  қазіргі  де, 
болашақ та жоқ деген тамаша шешімге келді.  Тарихтың нөлдік нүктесі   кез 
келген  уақыт процесі  сияқты    екімыңжылдықтан бүгінге  дейін емес.  Әр сәт 
сайын нөлдік нүктеге келеміз.  
Бұл  туралы  Хазар  қағанатында  дін  тандау  туралы  пікірталас  кезінде  
айтылған.  Кім болу керек. Иудей ме, мұсылман ба, христиан ба?  Билеушілер 
оқымысты  кеменгерлерді  шақырып:  «Есептеу  нүктесін  тапқымыз  келеді» 
деген  екен.  Милорд  Павичтің  «Хазар  сөздігі»  кітабының  барлық  түйіні 
осыған  келіп  тіреледі.    Бір  оқиға  әртүрлі  осьте  –  иудейлік,  мұсылмандық, 
христиандық  осьте  беріледі.    Оның  үстіне  автор  үнемі    оқиағаның  қалай 
беріліп  жатқанын  ескертіп  отырады.    Осы  кітап    авторлық  тәжірибенің 
батылдығымен бүкіл әлемді таңғалдырды.  Бір кітапта үш түрлі өмір ағымы 
берілді - өмір ағымы осы үшеуінде қатар өтуде. 
Өзгеше айтсақ – нөл – бүкіл жерде орын алған.  Тарих өзгеруде. Өткен де, 
бүгінгі  мен  болашақ  та  кесіп-пішілмеген.  Олар  үнемі  өзгеріп  отырады.  
Демек тағдырымыз да өз қолымызда.  
Налимовтың  ойы  алыстан    шолған.  Оның  ойын  жалпыға  түсінікті  тілмен 
алатын болсақ, барлық тұқым бір-біріне ұқсайды, барлығы да «тұқым» деген 
бір сөзбен аталады.  Қандай да бір биотехнолог  олардың барлығына  ортақ 
формула  жаза  алады.    Бірақ    тұқым  топыраққа  түсісімен,    одан  формулаға 
сыймайтын  өскін  пайда  бола  бастайды.  Ол  -    біз  сезініп,    тамсанып, 
таңғалатын  өмір  сұлулығы.    Осы  сұлулықты    идеология  саласына  
айналдырудан  құдай  сақтасын.  Онда    шыршаны  мынау  дұрыс  өспеген  
пальмаға ұқсатып қиыңдар  деп айтар.  
Налимов бойынша жаңа әлем құрудың негізгі тетігі   - спонтандық.  Өмір 
үнемі қозғалыста болғандықтан, не боларын ешкім де білмейді. «Мирдің» аяқ 
астынан    Арарат  тауынан    армян  және  түрік  ғалымдарының  Нұх 
пайғамбардың  кемесін  іздеуіне  атсалысатынын  (жауласушышылық  өршіп 
тұрған    жылдарға  қарамастан  келістік!)  кім  білген?    Алайда,  бұл  идея  бізге 
күтпеген  жерден  келіп,    біздің  мүдделерімізбен  үйлесім  тапты.  
Спонтандықтың  өзі  орынды  әрі  қажетті  болады  екен.    Бірақ  та  армяндарды 
Түркияға  кіргізбегендіктен  тауға  шыға  алмадық.  Конфронтация  партиясы 
күштірек болып шықты.  
Тағы  бір  мысал:    Қазандағы  сабантой.    Осы  жерде  Путин  де    татар 
халқынын  салтымен    қатық  салынған  тостағаннан  аузымен  теңге  іздеуде.  
Осы жерде  Олжас Сүлейменов Шыңғыс Айтматовпен бірге осы кітапта мен 
ой  толғаған    Ресей  қыранының  екінші  басы,    түркі  тілінің  проблемаларын 

 
213 
талқылауда.    Осы  жерде  біздің    Буров    Аверкиевпен  бірге    Қазанда   
«Мирдің»  филиалын  ашу  туралы    Шаймиевпен  бірге  келіссөз  жүргізуде.  
Осының  бәрінің  болуы  кездейсоқтық  па,  жоқ  па?    Мүмкін  бұл  Налимов 
айтқан  спонтандық  болар?    Өмірдің  өзі  беретін  осындай  кездейсоқтықтарға  
сүйенген мүмкін дұрыс болар?   
«Мир»  неліктен  ұзақ  жасауда?      Қиындықтарға  неліктен  қайыспады?  
Менің  ойымша,    мұның  бәрі    біздің  идеямыз  аққан  салаға  оны  
құрғақшылықтан  құтқаратын    күтпеген  жайлардың  болуы  әсер  етті.    Бұл 
саланың    өзіндік  талпынысы,  тың  идеялары  бар  адамдарды  тартатын 
энергетикалық әлеуеті бар. Біз  басқа саланы таңдадық, бұл таңдауымыздың 
дұрыс болғанын өмірдің өзі дәлелдеді.  
Ірі, азулы компаниялар туралы жаман айтқым келмейді, НТВ-ға тоқталып 
өтсем,  оны  құрушылар  бақайшағына  дейін  қаруланған,    жалғыз  өзі 
басқаларға  қарсы  тұра  алатын  танкі  құрған.  Олар  брондалған  корпустің 
ішінде.  Оқ-дәрілері біткенше маңайын  қырып сала алады. 
Біз  мүлдем өзгеше принцип таңдадық – спонтандық, оқиғаларға ашықтық.  
Біз  бұған  «көпшілік  алқабы»  арқылы  жеттік.    НТВ  әу  бастан  биік  шың 
ретінде  құрылса,  біз  –  алқаппыз.  Біздің  постулаттарымыздың  бірі  мынадай: 
«Мирде»  -  қай  жерде  болсын  билікқұмарлық  пен  атаққұмарлыққа  жол  жоқ. 
Ол бірдің емес көптің мекені.» 
Біз барлығын өз алқабымызға шақырамыз. Келіңіздер! Барлығына жетеді. 
Бұл сіздің де отаныңыз, сіздің үйіңіз. Жайғасыңыздар... 
Налимовтың ойлары кімнің суретші, кімнің жаратушы екенін түсіну үшін 
аса  маңызды.    Айталық  фильм  –  ол  өмірдің  өзі  емес.  Суретшінің  болған 
оқиғаға  көзқарасы.    Сурет  салатын,  не  кино  түсіретін  адам  болсын  ол    өз 
туындысын  өзі  жаратады.    Эмир  Кустурицаның,  Сергей  Соловьевтің  өз  
қолтаңбасы бар.  Мүмкін болашақта мен «Мир» туралы кітап жазып «Нөлдер 
мекені  немесе  ұялы  байланыс»  («Улей  нулей,  или  сотовая  связь»)  деп 
атармын.   
Налимов христиан болса  да шіркеуді мойындамаған.  Шіркеу догматтық, 
оның  постулаттары  заңмен  бірдей.    Бұл  ақиқат  па?  Заңмен  бірдей  болуға 
хақылы ма?  Налимов философиясында таңғажайып жолмен христиандықты 
буддизммен біріктірген.  
Мен бұл адамды мүлде білмесем де «Мирде» өз командаммен бірге  оның  
математика, биология, дінтану  салаларында  ғылыми тілмен тұжырымдаған 
ойларын,  өмір философиясын  насихаттауға тырысыппын.  Жауласу, қарсы 
шығу,  бір-бірімізбен  күресу    әлемді  жақсартпайды.    Мейірбандық   
өшпенділікке қарағанда жемісті.  
Мен пессимист емеспін.  Бар болғаны өмірді бақылап өмір сүрудемін. Иә, 
нарықтық тетіксіз экономиканы алға жылжыта алмаймыз.  Ал нарық әлсізге 
аяушылық  танытпайды.    Күш  жинамағандардың  бәрі  өмір  сүруге  қабілетсіз 
болғаны ма?  Вернадскийдің қоры  «Ресейдің  тұрақты түрде қауіпсіз дамуын 
қолдаймыз»  «РТҚДҚ» қозғалысын тудырды.  Еуразиялық елдердің  тұрақты 
және  қауіпсіз  дамуын  тек  нарықтық  тетіктер  ғана  қамтамасыз  ете  ала  ма? 
Барлық  пікірімен  келіспесем  де  Путиннің    «бүгінгі  таңда  қара  күш  емес,  

 
214 
инновациялық  еншілес  технологиялар    жеңісті  қамтамасыз  етеді»  деген 
сөздерін еріксіз мойындаймын.  
Бір  жағынан,  жаңа  коммуникациялық  технологияларға,  бір  жағынан,  
мейірімділік  пен  достық  идеяларына  сүйене  отырып,  «Мир»    Еуразияның  
тұрақты  дамуына  өз  үлесін  қосуда.      Мықты  күшке  ие  емес  екенімізді 
мойындаймыз.    Таралымдарымыздың  көлемі  мен  таралуы  жағынан    ОРТ 
сияқты  алыпқа  жетудің  ауылы  әлі  алыс.    Бірақ  та  біздің  өз  айтарымыз  бар 
және  мұны  бізсіз  әрі  біз  үшін  ешкім  де  айта  алмайды.  «Мирді»  мен  ойлап 
тауып,    ұлтаралық  өшпенділіктің  қайнаған  ортасына      салған  графит  діңгек 
боларына  сенгім  келеді.  Өшпенділік  радиациясының    әлемді  апатқа 
ұшыратарын  күтіп  отыруға  болмайды.    Мұны  болдырмау  үшін  әрекет  ету 
әрқайсымыздың қолымыздан келер парызымыз. 
 
Тарату үлгісі 
Басты  проблемалардың  бірі  –  инвестиция  тарту.    Инвесторлар  болса: 
«Жоба бер» дейді.  Жобаның кесіп-пішілген,  технологиялық болуы,  бизнес-
жоспары  қоса  берілуі  түсінікті  жайт.    Алайда  барлық  жобалар  мен  бизнес 
жоспарлар    идея  мен  арманнан  бастау  алады.    Егер    істеген  нәрсеңе  місе 
тұтып өмір сүретін болса, алға жылжу жоқ.  
Адамдар әртүрлі болады.  Бизнесте де әртүрлі қызмет атқарады.  Біреуіне  
қолда  бар  нәрсені  ретке  келтіру  маңызды  болады.  Мұнымен  дауласудың 
қажеті  жоқ  тәртіп  керек,  бәрі  аяғынан  тік  тұруы  керек.  Конвейр  секундпен 
жұмыс  істеуі,  бұрандалары  сайма-сай  болып,  майлануы  керек.  Білікті 
менеджер  қашанда  ертеңім  не  болады  деп  ойлауы  керек.  Қазіргі  үлгі 
ескірмеді  ме?  Бәсекелестер    асып  кетпей  ме?  Бір  жыл  немесе  екі  жылдан 
кейін  қандай дизайн сәнге айналады? Күнделіктіге ғана емес, болашаққа да 
көз салу қажет.  
Енді  бірі  болашаққа  да,  бүгінгіге  де  қарай  алмайды.    Әртүрлі  міндеттің 
қызметтері де басқаша болғандықтан  түрлі адамды қажет етеді.  Барлығын 
бір  адамға,  бір  құрылымға  біріктіру  қиынға  түседі.    Осы  кітапта  мен немен 
айналысамын?    Өткенге  көз  жүгірте  отырып  келешектің  көкжиегін  көруге 
тырысудамын.  Сені түсіне ме, жоқ па, болмаса сенің идеяларыңды бөлісе ме, 
жоқ па – ештеңені де өзгертпейді.  Ең бастысы – нені қалайтыныңды өзіңнің 
түсінуің.    Түсінсең    командаңмен  бөлісіп,  қалай  істейтіндеріңді  бірлесіп 
ойлаңдар.  Егер  өзің  түсініп,    өзгелерге  түсіндірмесең  аласапыран  болып, 
бәрінен айрылуың да мүмкін... 
Енді таяуда компания  серпілуі тиіс.  Әрине,  Ресей арналарынан көп уақыт 
алуға тырысатын боламыз және осы бағытта жұмыс жасаудамыз.  Дегенмен 
«Мирдің» басты міндеті  -  «Евроньюс» сияқты тәулік бойы, нон-стоп, ТМД 
ақпараттық-мәдени арнасын құру болып табылады. 
«Евроньюс»  еуропа  өмірін  біртұтас  қамтиды.    Әр  елдің  өз    ұлттық 
арналары болғанымен, көбісінің шамалары жетпейді.  Айталық, Француздар 
сапасы  қаншалықты  жоғары  болғанымен  Би-би-Би  немесе  «Дойче  Велле»  
ақпараттық  бағдарламаларын  қарамайды.  Өйткені  бұл  француздардың  емес, 
ағылшындар  мен  немістердің  оқиғаға  көзқарасы  білдірілген  ақпарат.  

 
215 
Арналар қуатты, тіпті  Бангкокте қарайды.  Алайда Бангкокте қарағанымен, 
Эльзас  пен  Лотарингияда  көрмейді.    Неміс  аймақтарына  этникалық  жақын  
француздардың  өзі    экраннан  өздерінің,  француздардың    жаңалықтарын 
көргісі келеді.  Сол сияқты немістер де РАИ-ды қарамайды – итальяндықтар 
олар  үшін  бедел  емес,  өмірге    неміс  көзқарасымен  қарап,  немісше 
комментарий  тыңдағылары  келеді.    Әрине  бәрі  де  көршілес  елдердің  
балаларға  арналған,  спорттық,    музыкалық,    бағдарламаларын  қарағанымен, 
жаңалықтарды қарамайды.  
Ұлттық  арналар  амалсыз  экспансияға  ұмтылуда,    ақшаны  айналымға 
салған  жөн.  Итальяндықтар  –  Германияда,  ағылшындар  –  Францияда, 
француздар  –  Англияда  жиілік  алуға  қол  жеткізді,    дегенмен,  олардың  әсер 
ету  аймағы  шектеулі:  көрермен  жақсы  кино  көргенімен,  саясат  туралы 
қарамайды.  
Осындай  шектеулілікті  жою  үшін    Еуропаның  біріккен  арнасы  
«Евроньюс»    қажет  еді.    Құрылғаннан  кейінгі  алғашқы  он  жылда  оның  ісі 
алға  баспады,  француздардың,    итальяндықтардың,    ағылшындар  мен  
немістердің  балдыр-батпағын  ешкімнің  де  тыңдағысы  келмеді.    Әр  ел 
Еуропаны  өз  көзқарасымен  қарағысы  келді.    Сол  кезде  «Евроньюстің» 
басшылығы    Си-Эн-Эн  принципі  бойынша    жұмыс  істеу  туралы  шешімге 
келді.  
КСРО  кезінде  құрылған  ресейлік  тарату  үлгісі  бар.    Владивосток  пен 
Калининград арасындағы уақыт айырмашылығы – 11 сағат болғандықтан, 9-
дағы    Мәскеудегі  жаңалықтар  шығарылымы    біреулер  ұйықтап  жатқанда, 
енді бірде бәрі  жұмыс істеп жатқанда  берілетін болып шықты.  Сондықтан 
да телетаратылым бес негізгі белдеу бойынша – 0 аймағы (еуропалық бөлігі), 
1- Орбита  Қиыр Шығыс – Сахалин, 2-Орбита – Новосибирск – Красноярск, 
3-Орбита  –  Батыс  Сібір,  4-орбита  –  0  аймағының  маңы.    1-  3-орбитада 
«Время» бағдарламасын жүргізетін дикторларды  Мәскеу тіпті білмейтін де 
еді.    Мемлекеттік  телерадионың  төрағасы  болған  кезде  Егор  Яковлев  
Алматыдан  «Время»  бағдарламасын  мүлде  бейтаныс  диктордың  жүргізіп 
отырғанын көрген кезде, таңданыспен: 
-
 
Бұл кім? Танымайды екенмін, - деді. 
-
 
Сіз білмегенмен, қазақтар жақсы біледі, - дедім. 
Жаңалықтар  Орбитадан  Орбитаға  ауысып  отыратындықтан,  оларды 
өзгертетін.    Кадрдан    Мәскеудегі  басшылық  жақтырмайтын  адамдар  алып 
тасталды  -    оралдық  басшылармен  санаспауға  да  болатын  еді,  өйткені,  
олардың  арасында  Саяси  бюро  мүшелері  болмайтын.    Орталық 
телевидениеде  көптеген  қулықтар  болатын,  мұны  бәрі    де  қолдарынан 
келгенше  пайдаланатын.    Кино  үшін,  тираж  алу  үшін  оны  0  аймағымен 
немесе кез келген орбитадан  эфирге шығару керек болатын.  Қиыр Шығыс 
қандай  да  бір    «бүлікші»    кино  көріп  отырса,    Мәскеуге  дейінгі  жолда  оны 
тезірек  бейтарап  басқа  бағдарламаға  ауыстыра  қоятын.    Бірақ  авторлары  
қаламақыларын  алып  отыратындықтан,  қаржылық  жағынан  өкпелі 
болмайтын... 

 
216 
СNN  бұл  жолды  таңдай  алмады.  Арна  басшылары    әр  ел  үшін 
бағдарламаның 12 версиясын жасау  ақылға сыймайтын ауыр міндет екенін 
түсінді.    Міне,  осы  сәтте  керемет  шешім  –  айналмалы  дөңгелекті  ойлап 
тапты.  Тәулік  бойы  келіп  түсуі  бойынша  жаңалықтар  сағат  сайын  
жаңартылып  отырады.    Бірақ    көрсетілім  кезінде    Бангкок  пен  Париждегі  
блоктардың  құрылымы  бірдей  болады,  оларды  редакцияламай  тек    ұлттық 
тілдерге аударып отыратын болады.  Бір сағаттан кейін бүкіл әлем бойынша 
аздап  жаңартылған  шығарылым,  бір  сағаттан  кейін  тағыда  жаңартылған 
ақпарат көрсетіліп отырады т.с.с. 
«Мирдің»  алғашқы  бағдарламасын  бастаған  Атланта  студиясы  24  сағат 
жұмыс істейтін.  Ондағы қызметкерлер  өздерін қай жерде көріп отырғанын 
білмейтін,  блоктарды  бағдарламалық  толықтыру    эфирге  шығу  уақытымен 
сәйкеспейтін.  Балаларға арналған  - таңғы блок,  үй шаруасындағы әйелдерге 
арналған  –  күндізгі  блок,    жұмыстан  келгендер  үшін  –  кешкі  блок  деген 
болмайды.    Си-Эн-Эннің    бағдарламалық  желісінде  бұндай  әдейі 
ойластырылмаған.  Басқа жерде дәл сол сәтте  таң, түс,  немесе қараңғы түн 
болған кезінде  таңғы, кешкі блок деген қайдан болсын! 
Атлантадан  дабыл  спутникке  барады.    Айталық,  жаңалық  Токиода  болса,  
онда ол туралы сюжет  спутник арқылы Атлантаға жетіп,  бүкіл әлемді, оның 
ішінде Токионы да айналады.  Аудиторияның 60-70%  қызмет көрсетпейінше 
экраннан түспейді. Басты жаңалықтар  кез келген көрермен  ұйықтап жатыр 
ма, әлде жаңалықтар эфирге алғаш шыққанда жұмыста болды ма, үйде болды 
ма,  қай  жерде  болғанына  қарамастан  қанша  керек  болса  сонша  жер  шарын 
айналып шықпайынша қайталанатын болады. 
Біздің ұлттық арналарымыз  ОРТ немесе НТВ-нің істеп жатқандары мүлде 
рентабельді  емес.    Жаңалықтар  таңертең  бір-ақ  рет  беріліп,  қайталанбауы 
мүмкін. Нақтырақ айтсақ, ол  тек  шалғай белдеулерде болатын версиясында 
ғана  қайталанады.    Ал  ол  жаңалық  болудан  қалғанға  дейін  айналуы  керек.  
Мұндай форматтағы орыс тілді арна жоқ.  Біз мұндайға үйренбегенбіз; тіпті   
тарату  принципін  таңдау  еркіндігі  бар  жеке  коммерциялық  арналардың  өзі  
ескіше:  таңғы,  түскі,  кешкі  блок  бойынша  жұмыс  істейді.    Таңертең 
мультфильмдер,  түсте  –  сериалдар,  кешке  –  кино  немесе  спектакль 
көрсетіледі.    Болашағы  жоқ  схема.    Бұл  қалалық,  ұлттық  арналарға  тән, 
өйткені    амалсыз  көрерменмен  үйлесіп  өмір  сүру  керек.    Бірақ  ауқымды 
кеңістіктегі ел үшін  кеңес кезінде де, қазір де ешкім ойламаған айналмалы 
принцип  лайық.  Ол  ешкімді  ренжітпей,  кемсітпей,  төмендетпей  барлығына 
қызмет  көрсете  алады.    Мұнда    мәскеулік,  губерниялық  жаңалықтар  бірдей 
болады.  Бізден бұрын бұны еуропалықтар түсінді. Олар сиэнэндік принципті 
ұстанғанымен,    эфирге  шығар  жолды  екі  есеге  қысқартты.  Өйткені  
америкалықтардан  асып  түсу  керек  қой!  Си-Эн-Эн  хедлайнды  (жаңалықтар 
тақырыбын)  сағат сайын қайталаса, Еуропа – жарты сағат сайын қайталайды.  
«Айналмалы»  принципіне  өтудің  салдарлары  жоқ.  Ұлттық  шекаралар 
жойылып,  континентке,  мемлекетке  бөліну  болмайды.    Біртұтас  әлемдік 
ақпарат  кеңістігі  қалыптасады.    Телекоммуникациялық  компанияның 
жүргізушілері біртіндеп  трансұлттыққа айналады.  Басында СNN-де  ұлттық 

 
217 
арна ретінде құрылып, кейін біртіндеп трансұлттық болған. «Евроньюс»  пен  
үздіксіз  ақпарат  беретін  басқа  да  жүйелер    адамзаттың  уақыт  кеңістігін 
жылжытуда.    Кеше  ғана    тәулікте    24  сағаттың  болуы  бұлжымас  ақиқат 
болатын.    Бұдан  да  көп  болуы  мүмкін  екен.    Күнді  айналып  өтетін  ақпарат 
айналымы  25  немесе  28  не  40  сағатты  құрауы  да  мүмкін.    Шынайы  жер 
тәулігінің сегменттері  тауыстың қанаттарындай бір-бірін жабады.  
 Жаңалықтар  блоктарының  ішкі  мазмұны  да  бір  уақытта  өзгереді.    Олар 
бұрынғыдай  өте  маңызды  оқиғалармен  шектелмейді,    ұлттық  шекараны 
ысырып,  қандай да бір мемлекеттің шоғырланған проблемаларын қозғайды,  
бәрінен  бұрын  адамның  шынайы  өмірін  баяндайды.  «Евроньюстің»  немесе 
Си-Эн-Эннің    ақпараттарын  талдау,    президенттік  сайлаулар  мен 
парламенттік  пікірсайыстарға  уақыттың  аз  бөлінетінін,  гуманитарлық 
проблемаларға,    өмір  сүру  сапасына,    қатардағы  адамның  қызықтыратын  
мәселелеріне көп уақыт бөлінетінін көрсетті. 
Планетамыздың  алтыншы  бөлігінде,  ТМД-нің  он  екі    елінің  ақпарат 
кеңістігінде    әлемдік  арналардың  жаңалықтары  қалай  берілуде?  Бұл    орны 
толмас ақтаңдақ. Кейбір ресейлік арналар, әсіресе буржуазиялық,  либералды 
НТВ-ні батыста қарайды. 
Кейде: 
-  Ресей  туралы  аздап  білеміз.    Кімнің  президент  болып,  кімнің 
жемқорлықпен ұсталғанынан хабардармыз. Бірақ басқа да елдер – Қазақстан, 
Өзбекстан,  Әзербайжан бар емес пе? Оларда да не болып жатыр? 
Әлемде  бұрынғы  КСРО  республикаларынан  эмигранттар  көп.    Олардың 
арасында  отанындағы  жайттарды  білгісі  келетін    көптеген    бай,  ықпалды 
адамдар  бар.  Үйлерінде  отырып,  мысалға,  өзбек  немесе    қандай  да  бір 
орталық азиялық  телевидениені көру үшін ақша төлеуге дайындары да бар.  
Бірақ батыста жолы болған өзбектің үйде отырып теледидар қарауға уақыты 
қайдан  болсын?  Дегенмен,  оның  төрт  әйелінің    бос  уақытының  көптігін 
ескерсек,  күйеуі олардың жайлылығы үшін  шығындалатын болар?  Мүмкін 
болашақта    осындай  нон-стоп  таралымға  сұранымдар  келіп  түсетін  болар.  
Олай болса біз  олардың сұранысын қанағаттандыруға техникалық дайынбыз.  
Бұл жеке оқиға, әркімнің өзіне сай ақпарат алғысы келеді.  Батыста адамға 
25 тілдегі арнадан  бір де біреуі сай болмауы мүмкін.  Демек, оған осындай 
арнаны  көруге  мүмкіндік  беру  керек.    Бұл    саяси,  адами,  мәдени,  тіпті 
коммерциялық жағынан қажет.  
Жаңа арна, мемлекетаралық телерадио қатынас арнасын құру туралы мен 
1995  жылы    Минскіде  өткен  Үкімет  басшылары  кеңесінде  айтқан 
болатынмын.    1997  жылдың  қаңтарында    Үкімет  басшылары  кеңесінің 
қаулысына  қол  жеткіздік.  Онда:  «Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының  
мемлекетаралық 
қатынастағы 
радио-телевизиялық 
және 
телекоммуникациялық 
арналарының 
мәртебесі 
бекітілсін, 
осыған 
байланысты    «Мир»    МТРК    мемлекетаралық  Үйлестіру  Кеңесі    бір  ай 
мерзімінде  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының    мемлекетаралық 
қатынастағы  радио-телевизиялық  және  телекоммуникациялық  арналарының 
мәртебесі  туралы    ереженің  жобасын  әзірлеп,    белгіленген  тәртіппен  

 
218 
Достастықтың Үкімет басшыларының кезекті отырысына шығарылсын» деп 
айқын жазылған.  Мәскеуде ТМД мемлекеттерінің тоғыз үкімет басшысы қол 
қойған.  
Достастық  ішінде  күрделі  проблемалар  туындағандықтан  болар,  болмаса 
менің  жеткілікті  қуатты  болмағандығымнан  болар    біз  жобаны  әзірлеп,  
Үкімет басшыларының кеңесіне шығармадық.  Алайда, мұндай арнаға деген 
қажеттілік  әлі  күнге  дейін  бар.    Біздің    ұлттық,  мемлекеттік  немесе  
коммерциялық  арналардың    мүдделері  саласына  қол  сұқпай,    «Мир» 
мәртебесін пайдалана отырып, айналмалы сақина принципі бойынша жұмыс 
істейтін  мемлекетаралық  телерадиоарна  құрғымыз  келеді.  Алғашқы  төрт 
жылда жылына 50 миллион доллардан 200 миллион доллар қажет болады.  
Ал  бұл  алғашқы  50  миллион  долларды  қайдан  алуға  болады?  
Олигархтарға  барып  тізе  бүгу  керек  пе?    Алайда  олардың  телеарналарға  өз 
көзқарасы  қалыптасқан.    Ақша  түсіретін  болғандықтан,  олар  саясатқа  көп 
қызығады.    Әрине  саясатты  да  өз  пайдасына  бергілері  келеді.    Бірақ  біздің 
компаниямыздың  мақсаты  оларға  пайда  түсіру  емес,  біз  бұл  үшін  құрылған 
жоқпыз.    Олигархтармен  саудаласуға  барған  күннің  өзінде,  олар    қармаққа 
түсе  қоймас,    біздің  арнада  саяси  қарсыластармен  күресуге  болмайды.  
Қаржыландырудың  басқа  көзі  әзірге  жоқ.    Үкіметке  рахмет,  бірақ  олар 
идеямызға қолдау көрсеткенімен, қаражат жоқ.  
Қазір  жағдай  өзгерген  мықты  мемлекеттің  және    ақылды  мемлекеттік 
реттеудің  қажет екені айқын болды.  ТМД елдерінің басшылары  жер шарын 
аралай  келе  тек  өз  күшімізге  ғана  сену  керек  екеніне  көздері  жетті.    Демек 
мемлекетаралық  қатынас  арнасын  құру  идеясы  да  бұрынғысынша  өзекті.  
Құдайға шүкір,  үкіметаралық келісімдерге тіркеліп те қойды.  
«Мирдің»  бөтен  арналардың    жамауы  болуды  доғаратын  кезі  келді.  Біз 
бәрібір  олардың  бірі  болмаймыз.  Бізден  құтылуға    тырысқанымен,  саяси 
себептерге байланысты ол қолдарынан келе қоймас.  Тістерін қайрауда.  Біз 
алатын  жарты  сағаттың  өзін  кезекте  тұрғысы  келетіндердің  біріне  беру 
пайдалырақ.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет