Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Хроника (жалғасы) 
1993  жылдың  4-ші  қыркүйегінде  «Останкиноның»  бірінші  арнасында 
«Мир» МТРК-ның тұрақты телевизиялық хабар таратуы басталды.  
1993  жылдың  5-ші  қыркүйегінде  «радио-1»  студиясының  арнасында 
тұңғыш  тұсаукесер бағдарлама  жарыққа  шықты  —  «Мир»  Мемлекетаралық 
телерадиокомпаниясының қоғамдық-саяси радио таратуы бастау алды.  
 
Қарым-қатынастар көкжиегі 
 
«Мир» 
телекомпаниясының 
кезекті 
бағдарламаларының 
бірінде 
Душанбедегі  махалласынан  есекке  мінген  тәжік  келіп,  200  миллион 
көрерменнің  алдында  сөз  сөйледі.  Сосын,  есегіне  қайта  мініп,  махалласына 
палау  пісіруге  жөнелді.  Оны  эфирге  шығарған,  демеушілік  жасаған  кім? 
Астындағы  есегі,  сосын  Омар  Хайям.  Оны  эфирге  шығарған  халқының 
данышпандығы  мен  озық  мәдениеті.  Шекесіне  тақиясын  төңкерген  тәжік 
аспай-саспай  мемлекетаралық  эфирде  сөз  сөйлеп,  шаруасын  бітірген  соң 
аяңдап,  махалласына  қайтты.  Бұл  бағдарлама  жергілікті  басқару  туралы 
болатын.  Бағдарламаның  бас  кейіпкері  бүгінгі  таңдағы  ең  басты  мәселе  ас 
пісіруге  қажетті  сексеуілді  мол  етіп  жинау  екендігін  жеткізді.  Сонда  ғана 
сексеуілдің  бағасы  күрт  қымбаттамай,  тұрақталады  екен.  Шыны  керек,  өте 

 
151 
маңызды  мәселе.  Маңыздылығы  атом  электр  стансаларына  қажетті  уран 
бағасын сақтап қалудан кем емес... 
Айтайын  дегенім,  біздің  әрқайсымыздың  басқалардың  назарына 
жеткізгіміз  келетін  дүниелер  бар.  Әркім  өз  көзқарасын  басқаларға  айтып, 
түсіндіргісі  келеді,  айтқан  мәселесін  дұрыс  түсінетін  әріптес  табуға 
тырысады. «Мир» телекомпаниясы да әу баста мемлекетаралық, этносаралық 
қарым-қатынас  құралына,  тіл  қатысу  алаңына  айналуды  көкседі.  Біздің 
әрқайсымыздың  табиғатымыз  алуан  түрлі,  осы  өзгешеліктің  арқасында  бір-
бірімізді қызықтырамыз. Баршамызға ортақ қасиеттер де аз емес...  
«Мир»  телекомпаниясы  идеялық  тұжырымдаманы  жасауға  ат  салысып 
қана  қоймай,  қазіргі  заманғы  ақиқат  пен  мүмкіндіктерді  қамтитын 
техникалық  және  дербестік  тұжырымдамасын  жасауға  тиіс  еді.  Техникалық 
саясатты  біз  әуел  бастан  ұлттық  филиалдарымызға  деген  құрмет  негізінде 
қалыптастырдық. Филиалдардың ішінде айрықша көңіл бөлінетіндері немесе 
өгей  баланың  күйін  кешетіндері  болмауға  тиіс.  Барлығын  барынша  жоғары 
деңгейде техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен жөн.  
Біз  қолда  бар  мүмкіндікті  дер  кезінде  пайдаланып,  ең  жақсы  заманауи 
техникалармен  жабдықтауға  кірістік.  Бағасы  қымбат  әрі  қолданысқа 
толықтай ене қоймаса да, бұрынғы техникадан гөрі сандық техниканы алған 
жөн  деп  шештік.  Себебі,  уақыт  талабына  дер  кезінде  жауап  бермеген  адам 
оған ере алмай қалары хақ.  
1991  жылдың  өзінде  орынбасарым,  экономист,  ғылым  докторы  Серік 
Пірімбетов екеуміз «Қандай құрал-жабдықты таңдаған жөн?» деген мәселеге 
тірелдік.  Ойлана  келе,  ең  дұрысы  «Сони»  деген  шешім  қабылдадық. 
Компанияның Еуропалық бөлімінің өкілі Леонид Страшунды да ең алғаш сол 
тұста көрдім. Алпыс жасқа аяқ басқанына қарамай, қимылы ширақ, орысша 
тамаша  сөйлейтін  адам  екен.  Алматыда  бас-аяғы  бір  апта  ғана  болса  да, 
Жамбылдың өлеңдерін қазақ тілінде жатқа соғатын жағдайға жетіпті.  
Мен  ол  кісіден  қазақша  өлең  жаттау  қаншалықты  қиынға  түскенін  сұрап 
едім.  
— Еш қиын емес екен,— деді ол.— Мен көп тіл білемін.  
Шынында  да,  ағылшын,  жапон,  испан  тілдерін  шебер  меңгерген  адам. 
Ертеректе Румынияда киностудияға басшылық жасапты, сол қызметте жүріп 
Чаушескудің  сарайдағы  өмірі  туралы  кинохроникаға  да  ат  салысқан. 
Диктатор  өзінің  атағын  шығару  мақсатына  ақша  аяп  қалмаған  көрінеді. 
Соның арқасында киностудияны озық кинотехникамен, оның ішінде «Сони» 
компаниясының  өнімдерімен  жабдықтап  алудың  сәті  түскен.  Сол  кезде 
«Сони»  компаниясының  өкілдері  Страшунға  назар  аударып,  Чаушескудың 
режимі  күйрегеннен  кейін  оны  өздеріне  сатылым  жөніндегі  менеджер  етіп 
алған.  
1993 
жылы 
«Мир» 
телерадиокомпаниясының 
төрағалығына 
тағайындалысымен  мен  компанияны  қажетті  техникалық  құрал-жабдықпен 
қамтамасыз  ету  ісін  шешуге  тиіс  едім.  Түсіру  және  монтаждау  техникасын 
сатып  алуға  қолымызда  бас-аяғы  жүз  мың  долларға  жуық  қаражат  бар. 
Іздегенге  сұраған  дегендей,  дәл  сол  тұста  Швейцариядан  шақырту  алдық. 

 
152 
Монтре  қаласында  жыл  сайын  жаңа  техника  көрмесі,  телевизия 
проблемаларына  қатысты  семинарлар  өтеді.  Бізді  осы  шараға  ат  салысуға 
шақырды.  Жаныма  «Мир»-дің  техникалық  директоры  Вадим  Лезниковты 
ертіп  алдым,  екеуміз  Қазақстанда  жүрген  кезімізден  бастап  істес  болып 
келеміз. Страшун да Монтреде екен. Сол кісіге жолығып, «Сони» техникасын 
сатып алу туралы алдын-ала келісімдерге қол қойдық.  
«Сони»  компаниясының  семинар  қатысушыларына  арналған  қабылдауы 
қараусыз  қалған  тұз  шахтасында  өтті.  Монтреде  мейрамханалар  жеткілікті, 
шараны  солардың  бірінде  өткізуге  де  болар  еді.  Бірақ  смокинг  киген 
меймандарды  жер  астында,  қабырғаларын  тұз  басқан  шахтада үстел  басына 
отырғызған  сәті  ерекше  әсерлі  болды.  Өз  басым  осы  бір  керемет  шараның 
ұйымдастырушыларына өте риза болдым.  
Страшун мені осы шара үшін Токиодан арнайы ұшып келген компанияның 
вице-президентімен таныстырды. Вице-президент біздерді келісімшартқа қол 
қою үшін Жапонияға шақырды. Осылайша, көп ұзамай уәдеге беріктігімізді 
дәлелдеу үшін Токиоға аттандық.  
Шынын айту керек, жапондықтар олардың өнімдерін сатып алатынымызға 
біршама  күдікпен  қарағаны  рас.  Страшун  мені  компанияның  барлық 
басшылық  өкілдерімен  таныстырды,  біз  үшін  техникалардың  бағасын 
біршама  арзандатуға  келісті.  Сондай-ақ,  бізге  ең  заманауи  құрал-
жабдықтарды  сатып  қана  қоймай,  телекомпанияның  Мәскеудегі  және 
филиалдарындағы құралдарын өз қамқорлықтарына алатын болды.  
Эфирге  алғаш  шыққан  сәттен  бастап  материалдарды  тасымалдау  мен 
үйлестіру  жұмыстарын  факс  және  әуе  жолдары  арқылы  жүргізу  тас 
ғасырында өмір сүргенмен бірдей екендігіне көзіміз жетті. Спутник, өзіміздің 
дербес байланыс спутнигіміз керек. Кеңес кезіндегі спутниктер сигналды тек 
бір  тарапқа  —  Мәскеуден  жан-жаққа  тарататын.  Ал  Мәскеуге  басқалардан 
сигнал  жіберілмейтін.  Ал  біздің  компанияның  спутнигі  екіжақты  байланыс 
орнатуға  негізделуге  тиіс.  Сонда  ғана  біз  әрбір  өкілдігімізбен  байланысқа 
шығып, сигналды жөнелтуге және қабылдауға мүмкіндік алмақпыз.  
1993  жылдың  күзінде  Страшун  мені  Британдық  телевидение  және  радио 
қауымдастығының  жыл  сайынғы  конференциясына  сөз  сөйлеуге  шақырды. 
Осы  жиында  мен  тұңғыш  рет  «Мир»  телерадиокомпаниясының  спутниктік 
жүйесі  туралы  идеямды  жария  еттім.  Ағылшындар  салқынқанды  халық, 
оңайлықпен еш нәрсеге таңғала қоймайды.  
— Жасаңдар, сосын көре жатармыз,— деумен шектелді.  
Өз  басым  бұл  идеяны  іс  жүзіне  асыру  қолымыздан  келетіндігіне  кәміл 
сендім.  Спутник  арқылы  материал  жинау  әлемдік  тәжірибеде  қолданыла 
бастаған еді, бірақ посткеңестік кеңістікке әлі ене қоймаған жаңалық.  
 Страшун  осы  конференциядан  кейін  зейнеткерлікке  шықты.  «Сони» 
компаниясының  талабы  бойынша  қызметкерлер  зейнетке  шыққаннан  кейін 
басқа  жерге  жұмысқа  орналаса  алмайды.  Себебі,  өзгелерге  фирманың 
құпиясын  ашып  қоюы,  жинақтаған  тәжірибесі  мен  білімін  сатуы  мүмкін. 
Есесіне, оларға берілетін зейнатақы көлемі айтарлықтай мол.  

 
153 
Екеуміз  кездескен  сәтте  Страшун  Парижде,  рю  де  Операда  пәтері  бар 
екендігін  айтып  қалған  еді.  Пәтеріне  қазір  консьерж  қарайлайды  екен,  өзі 
онда тұрған емес. Оның бір пәтерде тұрақтайтын да уақыты жоқ, үнемі жол 
үстінде. Көбіне көп ұшақпен Латын Америкасы елдерін аралап жүргені.  
— Парижден пәтер сатып алу қымбатқа түсетінін білуші едім. Тұрмайтын 
болсаң, оның не қажеті бар саған?  
—  Өзің  ойлап  көрші,  жылына  екі  рет  Операға  билетке  тапсырыс  беріп, 
Париждің  көшелерін  өзімнің  тұрғылықты  қалам  сияқты  емін-еркін 
аралауыма мүмкіндік бар. Сосын қалаған жағыма кете беремін.  
Мен  оның  ерекше  адам  екендігін  түсіндім...  Кейінірек  Лариса  Васильева 
өзінің Мәскеу туралы кітабына алғысөз жазуды өтінген кезде мен алғысөзді 
«Мәскеудегі пәтердің кілті» деп атадым. Страшунмен арадағы әңгімем есіме 
түсіп,  күндердің  күнінде  мәскеуліктер  де  бір  қаланың  аумағында  шектеліп 
қалмай,  әлемнің  ең  ірі  шаһарларында  өмір  сүретін  жағдайға  жететіндігі 
жөнінде  жаздым.  Бірақ  Мәскеудегі  пәтерлерінің  кілтін  әрдайым 
қалталарында  сақтауға  тиіс.  Сонда  ғана  Мәскеу  олар  үшін  жұмыс  істейтін 
ғана  емес,  емін-еркін  демалатын,  көшелерін  аралап  ләззат  алатын  мекеніне 
айналады.  
Сонымен,  «Мир»  телекомпаниясының  тыныс-тіршілігіне  бұрын-соңды 
баламасы  болып  көрмеген  техникалық  жүйе  —  спутниктік  телевидение 
жүйесі  қажет.  Ол  әр  филиалмен  арада  қолайлы  байланыс  орнатуға  ықпал 
етуге  тиіс.  Алғашында  біз  ұсынған  жоба  басқаларға  ертегі  тәрізді  көрінді. 
Оны  қалай  шындыққа  айналдыруға  болады?  Қаражатты  қайдан  алмақпыз? 
Мұншалықты  ауқымды  сметаға  кім  қол  қояды?  Транспондерді  кім  бөледі? 
Оның қуаты қандай болуы керек?  
Спутниктік  жүйенің  қажеттілігінің  тағы  бір  маңызды  себебі бар.  Ол  бізді 
байланыс  министрлігінің  қызметінен  құтқаратын  еді.  Байланыс  министрлігі 
өз қызметін қымбатқа бағалайтыны хабар таратушылар үшін ауырға түсетін.  
Сонымен,  Вадим  Лезников  транспондер  табуды  қолға  алды.  Өкінішке 
қарай, жұмыс сапасына көңіл толатын отандық спутниктер ол кезде әлі жоқ 
еді, сол себепті шетелдік фирмаларға хабарласуға тура келді. Ең жақсысы әрі 
біз  үшін  ыңғайлысы  «DeteSat»  компаниясының  спутнигі  екен.  Оны  жалға 
алудың  жылдық  құны  3  миллион  АҚШ  долларын  құрайды!  1993  жылы 
компаниямыздың  ондай  зор  қаражат  туралы  ойлайтын  жағдайы  жоқ.  Оған 
қоса,  спутниктік  құрылғылар  мен  антеннаға  да  төлеу  керек.  Соған 
қарамастан, Инесса бұл іске батыл кірісті. Қорқатын не бар?!  
Бізге  ондай  зор  қаражатты  ешкім  берген  жоқ.  Бірақ  осы  қаражатты  өз 
еңбегімізбен  табуға  мүмкіндік  беретін  жеңілдікке  ие  болдық.  Оның  үстіне, 
халықаралық  ұйымбыз,  осы  биік  дәрежемізге  лайықты  иммунитетіміз  бен 
артықшылықтарымыз  бар.  Енді  осы  істі  аяғына  дейін  жеткізу  үшін  қыруар 
құжаттар  дайындау  керек.  Құжат  дайындаудың  қиындығы  Беликовтың 
иығына түсті.  
Алдымен  құжаттарды  жасау  керек,  ол  үшін  Мәскеу  мен  Алматының  ең 
білгір  заңгерлерінің  көмегіне  жүгіндік  (айтпақшы,  Ресей  Сыртқы  Істер 
Министрлігі, оның құқықтық департаменті үлкен көмек көрсетті). Одан соң 

 
154 
құжатты  билік  назарына  ұсындық.  Ол  жерде  де  құшақ  жайып  қарсы  ала 
қойған  жоқ.  Ондағылардың  жанарынан  «Көтере  алмайтын  шоқпарды 
белдеріңе  неге  қыстырдыңдар?!»  деген  жазуды  оқитынбыз.  Үкімет 
басшылары  мен  президенттердің  қабылдауына  кірдік.  Эфирге  жаңа  шыға 
бастаған  біздерді  ешкім  тани  қоймайтын  еді,  билік  басындағылардың 
қабылдауына  кіру  оңайға  соқпады.  Одан  әрі  құжаттарды  құрылтайшы 
елдерге  мақұлдаттық.  Мемлекетаралық  құрылымдардың  назарына  ұсындық. 
Келесі кезеңде құжат Үкімет басшыларының Кеңесінде қарастырылып, содан 
кейін ғана Президенттердің бекітуіне жөнелтілді.  
Билік  дәліздерін  аралаумен  өткен  күндерімізді  бекерге  тізбелеп  отырған 
жоқпын.  «Мир»  МТРК-сының  кедергісіз  және  тәуелсіз  қызметінің 
халықаралық-құқықтық  кепілі  тралы»  Ашхабад  келісімі  осындай  қиын-
қыстау  жұмыстардың  арқасында  жасалғанын  жеткізгім  келді.  Аталмыш 
келісімге он мемлекеттің президенттері қол қойғаны қайталанбас оқиға (1993 
жылдың  24-ші желтоқсанында қол қойылды).  Дегенмен,  таңғалатын  ештеңе 
жоқ.  Президенттер  біздің  барша  халықтың  мүддесі  үшін  жұмыс 
істейтіндігімізді жақсы білетін.  
Хроника (жалғасы) 
1995  жылдың  3-ші  тамызында  Ресей  Федерациясының  Президенті  Борис 
Николаевич  Ельцин  «Мир»  мемлекетаралық  телерадиокомпаниясының 
жұмысын  кедергісіз  әрі  тәуелсіз  түрде  жүргізуінің  халықаралық  құқықтық 
кепілдігі  туралы  келісімін  ратификациялау  туралы  федералдық  заңға  қол 
қойды.  Заң  жобасы  осы  жылдың  21-ші  шілдесінде  мемлекеттік  Думада 
қабылданып, Федерация кеңесінде мақұлданған еді.  
 
Спутниктік жүйе 
 
Осылайша, коммерциямен шұғылданып, тауар таси бастадық. Компанияда 
арнайы коммерциялық дирекция құрылып, басшылыққа Валерий Андреевич 
Тюменев  тағайындалды.  Тюменев  өмірде  жиған  тәжірибесі  мол  адам: 
Благовещенскіде телерадиокомпания басқарған, КПСС Орталық комитетінде 
ұлтаралық  жанжалдарды  болжау  секторын  басқарған,  Қытаймен  арада 
цемент,  металл  сату  бизнесімен  де  шұғылданған.  Қысқасы,  коммерциялық 
салада тәжірибесі бар. 
Ол  біздің  преференцияларымызға  қызығушылық  танытқан  фирмаларды 
істес  болуға  шақыра  бастады.  Бұл  жұмыста  қиындық  тудырғаны  техника 
немесе  қаражат  жағы  емес,  білікті  адамдарды  таба  білу  еді.  Сәтін  салғанда, 
ондай  адамдар  да  табылды.  Көп  ұзамай  компанияға  Владимир  Иванович 
Семиохин  менің  техника  және  желілерді  дамыту  жөніндегі  орынбасарым 
болып  келді.  Өте  сенімді,  жауапкершілігі  мол,  біліктілігі  жоғары,  ағылшын 
тілінде мүдірмей сөйлейтін адам.  
Оның  үстіне,  өзі  спортсмен,  баскетбол  ойнайды.  Командамен  жұмыс 
істеудің не екендігін жақсы біледі. Қанша дегенмен, команда сапында ойнап, 
жеңіске  жетіп  үйренген  адам  ғой.  Жас  кезінде  студенттер  арасында 
баскетболдан  КСРО  біріншілігін  жеңіп  алыпты.  Мәскеу  авиациялық 

 
155 
институтының ең беделді факультетінде — радиоэлектроника факультетінде 
білім  алған.  Оқи  жүріп,  радиобасқару  кафедрасында  жұмыс  істеуге  де 
үлгеріпті, зымырандарды басқару жүйесімен шұғылданған.  
Институтты  бітірген  соң  спутниктік  байланысқа  қатысты  көптеген  ірі 
жобалар  жасаған.  Атап  айтар  болсақ,  шетелдерде  елшілік  кешендердің 
құрылысына ат салысыпты.  
КСРО күйрегеннен кейін сүйікті ісінен қол үзуіне тура келеді. Бір-ақ күнде 
дүние  өзгеріп  сала  берді.  Ақша  жоқ,  сенің  білім-білігің  мен  еңбегіңнің 
ешкімге қажеті жоқ. Тіпті, автоқалам сатып алудың өзі проблемаға айналды. 
Бұрын  мемлекет  спутникке  қаражат  аямайтын,  сол  молшылық  келмеске 
кетті. Енді өмірден жаңа орын іздеу керек.  
Семиохин екеуміздің жолымыз тоғысқан кезде оның жеке бизнесі бар еді. 
Бәрін жаңадан бастауға бел буған Семиохин жеке ісін дамытуға жан-тәнімен 
кіріседі. Кәсіпкерлерді есеңгіретіп кететін алым-салыққа да, шенеуніктердің 
қол  байлайтын  әрекеттеріне  де  төзе  білген.  Отбасын  бағып-қағуға  жететін 
қаражаты  бар.  Өзіне  тиесілі  акционерлік  қоғамның  бас  директоры 
лауазымында бұрынғысынша байланыс жүйесімен шұғылданады.  
Біздің ұсынысымызды ол бірден қабылдаған жоқ. Біздің телекомпанияның 
жұмыс  барысымен  танысып,  екі  аптаға  жуық  уақыт  ойланды.  Ойланып-
толғана  келе,  өзінің  сүйікті  ісімен  шұғындану  мүмкіндігіне  қайта  ие 
болғанды жөн деп шешті.  
Алдымызда жеті бірдей спутник стансаларын салу міндеті тұрды (Мәскеу, 
Алматы,  Баку,  Ереван,  Санкт-Петербург,  Минск,  Тбилиси  қалаларында). 
Барлық  жерлерде  жағдай  оңып  тұрғаны  шамалы.  Қаржыландыру  тоқтаған. 
Ақша  жоқ.  Қаражатты  қайдан  аларым  беймәлім.  Қазір  өткен  шаққа  көз 
жүгіртіп, сол кездегі ахуалды ойласам, қалай жол тапқанымызға таңғаламын. 
Соған  қарамастан,  стансалардың  барлығын  келісілген  мерзім  ішінде  салып 
бітірдік. 
Тіпті, 
Халықаралық 
экономикалық 
комитетте 
«Мир» 
телерадиокомпаниясы  мақтауға  ілігіп,  ТМД  көлеміндегі  тиімді  жұмыс істеп 
жатқан жалғыз құрылым деген бағалауға ие болды.  
Ендігі  кезекте  Канукова  пен  Семиохинге  тағы  бір  қиын  міндет  жүктелді. 
Мәскеуден  компания  үшін  штаб-пәтер  ретінде  ғимарат  табу  керек  болды. 
Штаб-пәтер  орналасқан  жер  «Мир»-дың  барлық  филиалдарынан  ағылып 
келген ақпараттар тоғысатын нүкте болуға тиіс. Беликовтың көптеген таныс-
тамырларына  хабарлассақ  та,  Ресейдің  тиісті  орындарына  қаншама  құжат 
жөнелтсек  те,  мәселе  бір  орыннан  жылжымай-ақ  қойды.  Достастық  елдері 
біздің өкілдіктеріміз үшін аумағы шамамен 1000 шаршы метрге тең орындар 
бөле  бастаған-ды.  Тек  Мәскеу  ғана  «Өздерің  сатып  алыңдар»  деп  илікпей 
қойды.  Қайдан  сатып  алмақпыз?  Оған  ақшаны  қайдан  алмақпыз?  Сәтін 
салғанда,  Канукова  мен  Семиохина  Краснобогатырская  алаңындағы  қазіргі 
ғимаратымызды  тапты.  Байланыс  саласында  жаңа  жобаларды  жасаумен 
шұғылданатын  «Фонон»  институтының  44-ші  корпусында  орналасқан. 
Техникалық  жағынан  біздің  компания  үшін  өте  ыңғайлы  жер.  Тұтас  бір 
қабатты  ұзақ  мерзімге  жалға  алдық.  Қаржыландырудың  Ресейге  қатысты 
бөліктері шешім таба бастағандықтан, штаб-пәтер мәселесін қолға алатын кез 

 
156 
келген  еді.  Сонымен,  штаб-пәтеріміз  бас-аяғы  250  күннің  ішінде  дайын 
болды. Сөз жоқ, Гиннесстің рекордтар кітабына енгізуге татитын өте қысқа 
мерзім.  
Біздің  осынша  қысқа  мерзім  ішінде  ұланғайыр  жұмысты  жолға 
қойғанымызға  барша  жұрт  таңғалып,  бастарын  шайқайды.  АҚШ-тан, 
Франция, Испания, Аргентина, Финляндия елдерінен көптеген делегациялар 
келді.  Алдын-ала  ойластырылғандығына  әрі  өте  ыңғайлы  жасалғанына 
ризашылықтарын  білдіріп,  қатты  таңырқады.  Басқа  жерлерде  біз  атқарған 
жұмысты жүзеге асыруға бес есе көп уақыт пен бірнеше есе көп адам қажет 
болар еді.  
«Курск»  сүңгуір  қайығының  трагедияға  ұшырағанына  барша  әлем  куә 
болғаны белгілі. «Петр Великий» крейсерінің бортынан осы оқиғаға қатысты 
репортаж  жасалды.  Спутниктік  байланысты  техникалық  тұрғыдан  біздің 
компания , атап айтқанда,  Андрей Механик бастаған жігіттеріміз қамтамасыз 
етті.  Андрей  Механик  Семиохиннің  сенімді  серігі,  «Мир-телепорт» 
директоры. Жанына өзі сияқты білікті мамандардан жасақталған командасы 
бар.  Қазір  оның  иелігіне  12  телепорт  берілген.  Алыс  қашықтықтардағы  әр 
елде орналасқан осы телепорттар қанша жыл өтсе де мүлтіксіз жұмыс істеп 
келеді.  
Біз «Петр Великий» крейсерінің бортына техникамызды жіберіп жатқанда 
көптеген  адамдар  «Бұл  істеріңнен  ештеңе  шықпайды.  Теңіз  бетіндегі  асау 
толқындар антенналарға спутникпен байланыс орнатуға мүмкіндік бермейді» 
деп күмән келтірген болатын.  
Қазіргі 
таңда 
«Мир» 
телекомпаниясының 
барлық 
филиалдары 
ақпараттарды  қабылдайтын  және  жөнелтетін  станциялармен,  спутниктік 
антенналармен  жабдықталған.  Достастық  елдерінің  баршасы  соның 
арқасында  эфирге  жолдама  алып,  телекоммуникациялық  бизнестерін 
дамытуға  мүмкіндік  алып  отыр.  Станциялардың  барлығын  Мәскеудегі 
телерадиокоммуникациялық  орталық байланыстырады.  Мұндай орталықтың 
ТМД-да баламасы жоқ.  
Ақиқатын  айту  керек,  телекоммуникациялармен  қамтылу  жөнінен  ТМД 
кеңістігі  дүние  жүзі  бойынша  ең  соңғы  орындардың  бірінде,  тіпті 
Африканың  өзі  бізден  көш  ілгері  кеткен.  КСРО-дан  мұраға  қалғаны 
жартылай істен шыққан, тозығы жеткен байланыс жүйелері ғана. Қарапайым 
тұрғындар  үшін  байланыстың  бағасы  аса  қымбатқа  түседі,  тіпті  байланыс 
жоққа тән. Байланыстың дұрыс жолға қойылмауының бір мысалы, Бішкектен 
Алматыға  хабарласудан  гөрі,  Сиднейге  хабарласудың  құны  арзанға  түседі. 
Спутниктік  байланыс  біздің  филиалдарымыздың  клиенттері  үшін  бар 
әлемнің ақпараттық көздеріне жол ашты.  
Бүгінгі  таңда  эфирдегі  телекөпір  арқылы  ешкімді  таңғалдыра  алмайсың. 
Бірқатар телеарналар оны әлдеқашан меңгеріп, қолданысқа енгізген. Алайда, 
ТМД  аумағында  тек  біздің  компания  ғана  екі  немесе  одан  да  көп  елдерден 
тікелей  телекөпір  ұйымдастыруға  қабілетті  екендігін  айта  кеткен  жөн.  Біз 
өзіміздің  телекомпанияның  сигналдарын  ғана  емес,  сондай-ақ  Си-Эн-Эн 
және  басқа  да  дүние  жүзінің  жетекші  телекомпанияларының  сигналдарын 

 
157 
қабылдай  аламыз.  «Достастық»  мемлекетаралық  телефорумында  «Мир» 
телерадиокомпаниясы  «Жүзеге  асырылған  техникалық  шешімдер»  аталымы 
бойынша  бірінші  орынды  жеңіп  алғаны  осының  бір  айғағы.  Бұл  біздің 
жетістігіміздің мойындалғандығы.  
НТВ  Ресейге  сандық  телевидениені  бірінші  болып  әкелгенін  айтып,  өзін-
өзі  жарнамалайды.  Олардың  пікірінше,  НТВ  «Бонум-1»  спутнигін 
қолданғанға дейінгі аралықта сандық байланыс мүлде болмаған тәрізді. Мен 
бұған түзету енгізуге мәжбүрмін: Сандық телевидение Ресейге НТВ-дан бір 
жыл бұрын біз «Интелсат-604» спутнигін жалға алған сәттен бастап келген-
ді.  Біз  сандық  спутникті  жалға  алдық,  сандық  байланысты  іске  қостық.  Иә, 
кей  жерлерде  кейбір  құрылғылар  әлі  жаңартыла  қойған  жоқ,  бірақ  олардың 
орнын сандық құрылғылар басатыны анық.  
Қалыптасу 
«Мир»  телерадиокомпаниясының  қалыптасуына  «Останкино»  ашық  және 
жасырын түрде қарсылық көрсетіп келді. ОРТ біздің жарнама алуымызға жол 
бермей, қаражаттан қағажу қалуымызға себепкер болды. Егер дүние жүзінде 
бірде-бір  телевидение  жарнамасыз  күн  көрмейтінін  ескерсек,  бұл  үлкен 
қиындық екендігі даусыз.  
Біздің  қаржылық  ахуалымыз  бен  талай шайқастарда  сыннан  өткен  қаржы 
директорымыз Инесса Канукованың жүйкесіне жасалған ауыр соққылардың 
бірін  Ресей  Үкіметі  тарапынан  алдық.  Ресей  Үкіметі  бізді  үкіметаралық 
келісімде  қарастырылған  кедендік  жеңілдіктерден  айырды.  Әзербайжан, 
Армения,  Беларусия  сынды  бірқатар  елдердің  үкіметі  өздерінің 
келісімшартта  көрсетілген  міндеттемелерін  бұзды.  Атап  айтқанда,  біздің 
филиалдарымызға  тек  теле  және  радиохабар  таратуға  ғана  лицензия  берді. 
Соның салдарынан осы елдердегі компания филиалдары коммерциялық және 
басқа  да  қызмет  көрсету  мүмкіндіктерін  пайдалана  алмады.  Қысқасы, 
жаңадан  құрылған  компанияға  осы  тектес  кедергілермен  күресе  жүріп, 
тыңнан жол салуға тура келді.  
Алғашында эфирге аптасына бір мәрте — сенбі күндері шығатынбыз. Осы 
бір күннің өзі «Мир» телерадиокомпаниясы туралы хабардар, оның бірқатар 
бағдарламаларын сүйіп тамашалайтын өзіндік көрермендер аудиториясының 
кеңеюіне  жол  ашты.  Алайда,  1997  жылы  Компанияға  күтпеген  жерден 
жасалған соққы есеңгіретіп кете жаздады. ОРТ басшылығы бізді хабар тарату 
желісінен  шығарып  тастады.  Бұл  қарапайым  адами  этиканы  айтпағанда, 
барлық құқықтық нормаларға, Ресейдің мемлекеттік саясатына қайшы әрекет 
еді.  Олардың  тілге  тиек  еткен  басты  аргументіне  сенсек,  біздің 
бағдарламалар  тақырыптық,  стилистикалық  тұрғыда  және  сапасы  бойынша 
ОРТ-ның  бейнесіне  нұқсан  келтіріп,  көрермендерін  бездіріп  жібереді  екен. 
Олардың  пікірінше,  рейтингіміз  төмен,  сұраныс  жоқ,  «Мир»  тек  өзін-өзі 
жарнамалаумен шұғылданады...  
Ақиқатына  келсек,  олардың  көздегені  біздің  эфирдегі  уақытымызды, 
сәйкесінше жарнамадан түсетін қаражатымызды алу еді. Сондай-ақ, жаңадан 
күш алып келе жатқан коммерциялық және идеялық қарсылас ретінде көріп, 
ертерек  жойып  жіберуді  ойлады  деп  санаймын.  Әділеттілікті  орнатып, 

 
158 
эфирдегі  заңды  орнымызды  алу  үшін  Г.Тихоновтың  депутаттық  сауал 
жолдауы,  Никита  Михалков,  Рустам  Ибрагимбеков,  Реваз  Габриадзе, 
Валентин Распутин, Сергей Соловьев, Юрий Яковлев және басқа да көрнекті 
тұлғалардың  араласуы,  Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың,  ТМД-ның 
Атқарушы  хатшысы  И.Коротченидің  ТМД  Үкімет  басшылары  кеңесінің 
төрағасы  В.Черномырдинге  хат  жазуы  керек  болды.  Мәселенің  мән-жайын 
тексерген Төрелік сот біздің пайдамызға шешім шығарды.  
Әрдайым  теріс  көзқарастағылармен  күресуімізге  тура  келді.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдарында,  телевизия  саласындағы  әріптестеріміздің  өзара 
әңгімелерінде  де  біздің  жетістіктеріміз  үнемі  тасада  қалып,  сәтсіздіктеріміз 
насихатталатын. Бізді жақтаушылардың өзі «Мир» телерадиокомпаниясының 
идеясы  мен  көздеген  мақсаттарын  толыққанды  түсінген  жоқ.  Оларды 
мойындатудың  жалғыз  жолы  нақты  іс  пен  қол  жеткізген  биік  белестеріміз 
болды.  
Бірде  Надя  Белканова  «Останкино»  телерадикомпаниясы  төрағасының 
орынбасары Г.Шипитькомен арада болған әңгімесін жеткізді.  
— 
Уайымдамаңыздар, 
«Останкино» 
мемлекетаралық 
компания 
болмайды,—  дейді  Шипитько.  —  Компанияның  студияларындағы 
шығармашылық топтарды ТМД халықтарының өмірі қызықтырмайды екен.  
Бұл  «Мир»  телеарнасының  жаңа  еңсе  тіктеп  келе  жатқан  мезеті.  Надя 
Шипитькоға  біздің  телахабарларымыздың  сапасы  уақыт  өте  келе  әлі  де 
жоғарылайтынын  түсіндіруге  тырысқан.  Ол  үшін  тиісті  материалдық  және 
кадрлық база да дайын.  
—  Ол  сіздің  компанияға  не  үшін  қажет?  Одан  да  провинциялық 
телевидение 
болсын. 
Батыста 
ұлттық 
азшылықтарға 
арналған 
телевидениелер бар емес пе?!  
Осы  әңгімеге  қарап,  бізді  бастапқыда  провинциялар,  маргиналдар  деп 
санағандығын аңғарасыз. Соған қарамастан, «Мир» өзін ұланғайыр кеңістікті 
бағындыруға арналған компания деп санады және сол мақсатына белгілі бір 
дәрежеде жетті деген ойдамын.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет