Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Жібек жолы 
Мұрат Әуезовтың сөзін мысалға келтіргім келеді.  Ол еуразиялық идеяның 
жақтаушысы  болатын: 
 
«Мир» 
телерадиокомпаниясы  қызметінің  
ақпараттық-коммуникациялық  белдеуі    өзіндік  мүмкіндіктері  мен  әріптестік 
байланыстары  есебінен  Еуразия  кеңістігін  қамтуы  тиіс.  Континенттің 
тарихында  ауқымды  сауда-экономикалық,  мәдени  қатынастар  жүйесі  бұрын 
болған.    Екі  мың  жыл  бұрын  Ұлы  Жібек  жолы  Жапониядан,    Оңтүстік-
Шығыс Азиядан  Роттердамға,  Париж бен Римге дейінгі ұлан-ғайыр жерде  
теңіз және құрлық арқылы  тауарларды, идеялар мен ақпараттарды тасыған.  
Бірақ та жолдар да гүл сияқты.  Олар мемлекеттік шекара құрсауында солып, 
ақыры  өледі.    Ресей  империясы  мен  Пиндік  Қытай,  Иран  мен  Түркия 
арасындағы  шекаралық  келісім  көне  күретамырды  қиып,  Жібек  жолының 
орта  Азия  бөлігінде    бір  кездері  гүлденген  қалалардың    құлдырауына  әкеп 
соқты.  

 
219 
Бұдан шығар түйін - біреу. Радио- телекоммуникациялық байланыс та  осы 
жолдар  секілді.    Олар  үшін  этникалық,  мемлекеттік,    мәдени  оқшаулану 
сияқты  қолдан жасалған кедергілер қауіп  төндіреді.». 
Меніңше, бұл өте орынды айтылған идея. 
70 жылдардың аяғында «Ритм» операциясымен айналысып жүрген кезімде, 
орталығы  Целиноград  қаласындағы  теміржолда  көп  уақытымды  өткіздім.  
Екібастұз  арқылы  өтетін  барлық  составтар  әлемдегі  ең  ірі  жылу 
станцияларының  бірі  Екібастұз  СЭС-ын  салу  үшін    қажетті  барлық 
материалдарды,  бетондарды,  энергоблоктарды,    мыңдаған  тонналық  ірі 
көлемдегі  жүктерді  осы  жаңадан  ғана  салынған  жол  арқылы  таситын.    Осы 
шаруашылықтың  барлығына    жол  инженері  Нығметжан  Қабатайұлы 
Есенғарин  басшылық  ететін.    Біз  оның  жанында  жүріп  белсене  көмек 
көрсеткенімізбен,  негізгі  жүк  Есенғариннің  иығына  түсетін.    Ауыржүкті 
поезд – сол кісінің идеясы.  Егер әдеттегі тауар  вагонында отыз вагон болса, 
бүған алпысын тіркейтін.  Әрине мұндай жағдайда проблемалар туындайды,  
станцияларда  вагонды  составтан  шығару  мүмкін  емес  еді.    Ауыржүкті 
поездар  теміржолда  жоғары  жылдамдықпен  қозғалғанымен,    станцияларда 
қиындық туындайтын.  Дегенмен Есенғарин тәуекелге бел буды – уақыт өте 
келе  бәрі біртіндеп реттеле бастады, жүктерді жеткізіп, вагондарды қозғауды 
үйрендік.    Кезінде  телеэкраннан  осы  жаңашылдық  идеясы  насихатталған 
болатын.  
Есенғариннің  еңбегі  еленіп,  оны  КСРО  Қатынас  жолдары  министрінің 
орынбасары етіп тағайындады. Мәскеуге көшіп барып Приволжа теміржолын 
басқарды.  80  жылдардың  басында    «Теміржол  Жібек  жолы»    тамаша 
жобасын  жүзеге  асыруды  қолға  алды.    Ресей,  Қазақстан  мен  Қытай  
теміржолдарының  қуаттылығын  қосу  мақсат  етілді.    Мұны  шындыққа 
айналдыру  үшін  түркімен  шекарасынан  бастап,    Ирандағы  Күшкектен 
Ишкекке дейінгі  екі жүз шақырым жол жетіспейтін болды.  
Бұрынғы  60  жылдардың  басында    инженерлік  жұмысты  жаңа  бастаған 
кезде ол  Семей және Талдықорған облыстарының тоғысындағы  Қытай мен 
КСРО  арасындағы  атақты    Достық  станциясын  салуға  қатысқан.    Бұл 
Есенғаринге болашақта талай  жобаларды іске асыруға  таптырмас тәжірибе 
сыйлады.  
«Теміржол  Жібек  жолы»  құлдырау  алдындағы    Кеңес  Одағы  бастаған  ірі 
құрылыстардың  соңғысы  еді.  Билікке  Горбочев  келіп,  өзгеріс  болатыны 
білінді.  
1991  жылы  Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін    Назарбаев  маңына  
қолынан  іс  келетін  қазақтарды  жинай  бастады.  Кеңестік  министрліктерде 
шендерің,  мәскеуде  пәтерлерің,  дербес  көліктеріңнің  бары  рас.  Мемлекет 
құруымыз керек.  Бәрін тастаңдар! Қайтыңдар! 
Есенғарин алғашқылардың қатарында елге оралды.  «Кез келген жұмысты 
орындауға  дайынмын»  деді.    Оны  премьер-министрдің  орынбасары  етіп 
тағайындағаннан кейін, Есенғарин  қатынас жолдары проблемаларын шешуді 
өз қолына алды.  

 
220 
Қазіргі уақытта ол  Кеден одағы Атқару комитетінің төрағасы,  техникалық 
ғылым докторы (жуырда Мәскеуде қорғады).  Ресей, Қазақстан, Қырғызстан,  
Тәжікстан мен Белоруссия кіретін Кеден одағы  ТМД-ның анағұрлым тиімді  
ісі  болып  танылды.    Көптеген  жылдар  бойы  Есенғаринді  бақылай  отырып, 
оның    сенбі,  жексенбі  күндері  демалғанын  көрмеппін.    Өзі  де,  оның 
аппаратының  барлығы  да  сол  күндері  жұмыс  істейтін.    Оның  үстіне  
мамандығы  туралы  кітап  жазып  та  үлгерді.    Жақында  Есенғарин  
Қазақстанның  Журналистер  одағына  қабылданды,  мен  оған    ұсыныс  берген 
болатынмын.  
Есенғариннің  атақты    картасы  бар.    Онда  «Теміржол  жібек  жолы» 
көрсетілген.  Осы  жобаның  іске  асуына  көптеген  адамдар  атсалысқанымен, 
негізгі  идея  соныкі  болды.      Жол  Бастауын    Қытайдан  алып,  Солтүстік 
тармағы    Ресей,    оңтүстік  тармағы  -    Қазақстан,  Орталық  Азия,  
Түркіменстан, Иран, Түркия және  одан әрі Еуропа арқылы өтеді.   Есенғарин 
картасына    жолды  салуға  жауапты    барлық  президенттер  мен  премьер-
министрлердің    қолын  қойғызады.    Негізі  салынғанымен,    айналымға  әлі 
түспеген.  Осы жолға деген мұқтаждықтың күн санап артып отырғаны анық.  
 Мен Алматыда өткен Давос  саммиті туралы айтып өткен едім.  Болашақта 
жаһандық  соғыс  Орта  Азияда  немесе  Кавказда  болады  деп  қауіптенген 
Еуропаға    осы  өңірдегі  қатынас  жағдайы  мазасыздық  тудыруда.    Мұның 
артында басқа идеяның тұруы да ықтимал: яғни Еуропаның Ресейді айналып 
Қытайға шығуы.  
Күн тәртібіне Жібек жолы идеясы қайта қойылуда.   Еуропа экономикасы  
Америкадан,  Африкадан,  тіпті  Қиыр  Шығыстан  да  таптырмайтын  
Шығыстың зор әлеуетті нарығына ұмтылуда.  Еуропа үшін Қытай  қызықты 
әріптес.    Қытайға  Еуропа  менталитеті  жағынан  да,  экономикалық  тұрғыдан 
да    тартымды.    Егер  еуропалық  тауарлар  мен  еуропалық  технологиялар  
Қытайға  келер  болса,  бұл    екі  жақтың    экономикалық  дамуын  ұзаққа 
ынталандырады.    Миллардтаған  халқы  бар  ел  кез-келген  бизнесті  
қызықтырады. 
Қытайға  Ресей  арқылы  да  баруға  болады.    Шешенстан    Ресейлік 
варианттың    қолайсыздығын  көрсетіп  отыр.    Кавказдың  Оңтүстігімен 
Орталық  Азия  арқылы  өткен  сенімді.    Басқа  жол  жоқ,    Еуразия  құрлығын 
португалиялық  жаулап  алушылардың  жолымен  айналып  өтпейді  ғой  енді!   
Жарылыс  қаупі  бар    ислам  елдері  арқылы  жүрудің  қажеті  жоқ.    Ал  Ұлы 
Жібек жолы болса,  Еуропа үшін  сенімді әрі шынайы  қамсыз болашақтың 
кепілі.  Ол      Еуропаға  түсінікті    Кавказ,  Каспий,  Орталық  Азия  аумақтары 
арқылы  өтеді.  Бүкіл  жерде  мұнай.    Бүкіл  жерде  еуропалық  бағыттағы 
адамдар.   
 Ресей де Қытаймен жақындасуға мүдделі.  Бженскийдің ойынша екі алып 
империяның  келісуі  мүмкін  емес.    Ескерткеніңізге  рахмет.    Қытайдың 
қарқынды  дамып,  әлемдік  экономикалық  көшбасшылықққа  қадам  басқанын 
да ұмытпайық.  
Сондықтан да нон-стоп  тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық қатынас 
арнасы    Ресей  мен  оның    оңтүстік,  шығыс  көршілері  үшін  маңызды.    Егер 

 
221 
арнаны тек ТМД үшін құрса, инвесторларды таба алмаймыз.  Ресей нарығы 
құрылып  болған,    арналарының  өз  стратегиялық  инвесторлары  бар.  Ресей 
мен ТМД-ға арнап  жаңа арналар желісін құру тиімсіз.  
«Мир»  компаниясының  идеясы  мен  негізі  –  халықаралық  идеяға 
негізделген.  Жоғарыда айтып өткенімдей, біз  халықаралық заңды тұлғамыз.  
Анағұрлым кең халықаралық көкжиекке шығар кез келді.  
Бүгінгі таңда  ТМД ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін нон-стоп арна құру 
тиімсіз.    Бірақ  ТМД-дан  басқа  бірқатар  елдерді  қамтитын  арна  құруға 
болады.  Мен оны өзім үшін «Жібек жолы» деймін.  Бірақ әңгіме керуендер 
мен теміржол туралы емес, телевидение туралы болмақ.  Оны құру үшін осы 
жол бойындағы елдерді тарту керек.  Оған Жапония, Қытай, Оңтүстік және 
Солтүстік Корея, Ресей кіреді.  Географиялық жағынан Ауғаныстан да жатуы 
тиіс болғанымен, ондағы саяси жағдай бұлай етуге мүмкіндік бермес.  Содан 
кейін    Иран,  Түркия,  Таяу  Шығыс,    Еуропаның  оңтүстігі  –  Балқан,  Италия, 
Испания, Германияның оңтүстігі, Францияның оңтүстігі.  Арна жұмыс істеуі 
үшін  ешқандай халықаралық конференция  өткізудің қажеті жоқ, ЮНЕСКО 
мен  Дүниежүзілік  туристік  ұйым  жүргізетін    бірлескен  бағдарламаны 
пайдаланса  болғаны.    «Жібек  жолы»  -  ең  алдымен    туристер  мен 
бизнесмендер  жолы.    Әрине  жобаға  инвесторлар  керек.    Оларға  сол  үшін 
қандай  уәде  беруге  болады?    Курорттардың,  мейманханалардың, 
экологиялық туризмнің жарнамасынын түскен табысты уәде етсек те болады.  
1998  жылы  Тбилисиде  өткен  Дүниежүзілік    туристік  ұйымның 
конференциясында  жоба  туралы  айтқанмын.    Осындай  арна  құру  туралы 
идеяға    конференцияға  қатысушылардың  көзқарасын  білгім  келді.    Оң 
көзқарас танытты.   
Нон-стоп арнаны мен қалай деп ойлаймын? Бәрінен  бұрын айтқанымдай 
тәулік  бойы  жұмыс  істейді,  әр  сағаттың  алғашқы  15  минуты  
әлеуметтанушылардың, 
саясаткерлердің, 
мәдениетттанушылар 
мен 
тарихшылардың    комментарийлерімен    болған  оқиғалардың  себебі  мен 
негізін  мүмкіндігінше    түсіндіре  отырып,    әр  саладағы,  әртүрлі  әлеуметтік 
деңгейде  Еуразия  әлемінде  болып  жатқан  жаңалықтарға  арналса  деймін.  
Бәріміз  бір-бірімізге    және  өзімізге  түсінікті  болсақ  деймін.    Өз 
позициямызды таңдау оңай болса екен.  Бір арнада  Қытайдағы, Ресейдегі, не 
Грузиндік оқиғаға бір-біріне қайшы болса да бірнеше көзқарас түйіссе екен. 
Бірақ  біздің  мақсатымыз  конфронтация  емес,  оларды  бір-бірімен 
жақындастыру.  
Осындай  үздіксіз  нон-стоп  арна  тәулік  бойы    бітімгершілік  бағытта  
мақсатты түрде жұмыс істейтін болады.  Ал бірлік деген берекенің бастауы.  
 
Нон-стоп арна 
Арнаның 
құрылымына 
онжылдық 
мәдениет 
құндылықтары 
Бағдарламасына  сүйенетін  ЮНЕСКО  насихаттайтын,  Жібек  жолының 
бойында  орналасқан  елдерді  қамтитын  принцип  негізге  алынуы  тиіс. 
Құрылымы  қарапайым:    әртүрлі  филиалдарының  болғанына  қарамастан  

 
222 
ортақ өнім тудырған «Мир» сияқты  әр елде бірнеше штаб-пәтері бар ортақ 
телеарна құрылады.  
Бұл мәселе бойынша жақында  Қытайда болғанда Пекин  телевидениесімен 
келісімшартқа  қол  қойдық.  Бүкіл  Қытай  бойынша    көп  ақпарат  жинауға 
қабілетті  Қытайдың барлық аумағын қамтитын екінші ұлттық желі болмақ. 
Оның    дербес  спутниктік  арнасы  болады.    Бұл  орталық  телевидение  емес,  
біздің  ТВ-орталығымыз  тәрізді  қалалық  телевидение.    Орталық 
телевидениеде  сегіз  арна,   Пекиндікте  –  төрт  арна,  олар аптасына  240  сағат 
таралады.    Пекин  телевидениесі    коммерциялық  негізде  жұмыс  істейтін,  
саясат пен идеологиямен аз айналысатын арна.  Компанияға  тамаша әкімші,  
өте  зиялы  тұлға  Лю  Ди  И  басшылық  етеді,  ол  кісі  идеяны  бірден  түсініп, 
қолдау көрсетті.  Қаражат табуға да дайын.  
Қытайлық  телеаудитория  миллиардтаған  көрермені  бар  үлкен  аудитория.  
Мұндай  көрермені  бар  басқа  ел  жоқ.    Автоқалам  мен  велосипед    жетістік 
саналған  кезден  кеттік.    Интернет  қарқынды  дамуда.    Спутниктік 
телевидение  ауқымды  жерді  қамтыған.  Көптеген  аймақтардың  өз 
телеорталықтары,  кабельді  желілері  бар.  Телевидение  олардың  өміріне 
біздікіне  қарағанда  қарқынды  енген.  Бұл  өзгерістердің  барлығы  соңғы  20 
жылда  реформа  басталғаннан  кейін  болған.  Жеке  газеттер  сияқты  жеке 
телевидение  деген  жоқ.    Барлығы  мемлекетке  немесе  аймақтық  билікке 
тиесілі.    Жеткілікті  дәрежеде  бостандық  берілгенімен  бақылау  қатаң.  
Телевидение  көбінесе  жарнаманың  есебінен  бай  тұрады.    Біздегідей 
жарнамадан  қытайлықтардың  да  ығыры  шыққан.  Дегенмен  әдемі  түсіреді 
екен.  
«Мирдің»  бағдарламаларын    бұрын    КСРО  мемлекеттік  телерадиосының 
төрағасы,  қазір,  Пекин  телевидениесінің  кеңесшісі  ретінде  Қытайда  он  үш 
жыл бойы тұрған  Владимир Семенович Куликов арқылы біледі екен. Қытай 
қоғамы  ескі  кеңес  дәстүрімен  тәрбиеленген.  Елдеріміз  ынтымақтасып,  біз 
оларға  көмектескен  болатынбыз,  сол  кезден  бастап  қытайлықтар  кеңес 
әдебиеті  мен  тарихын  жақсы  білетіндіктен,  біздің  бағдарламаларымыз 
олардың  көңілдерінен  шыққан  екен.    Содан  кейінгі  қайта  құрылысқа  олар 
сыни  көзбен  қарады.    Қазіргі  ресейлік  арналардың  сәнді    жаңашылдықтары 
қызықтырмайды.    Қарапайым  тілмен  адами  құндылықтарды  қастерлеуге 
шақыратын  «Мирдің»    тілі  оларға  жақын.      Қытайда  «Мирді»  ОРТ-ге 
қарағанда  біледі.    Өніміміздің  көлемі  шектеулі  болғанына  қарамастан 
көрермен көңілінен шыққан.  
Біздің  материалдарымыз бен логотип қытай телеэкрандарына жиі шығады.  
Олар  шұғыл  ақпараттарды  басқа  да  арналардан  алғанымен,  өмір  туралы, 
әсіресе  Достастық едері туралы ақпаратты тек бізден ғана алады әрі  біздің 
журналистердің  сюжеттерін    өз  бағдарламаларында  үнемі  көрсетеді.  
Қытайлықтар  тек  Ресей  туралы  ғана  емес,  бұрынғы  КСРО  елдері:  
Белоруссияда, Қазақстанда, Әзірбайжанда не болып жатқанын білгісі келеді.  
Жаңа  елдермен  Қытайдың  тікелей  байланысы  жоқ.  «  Мир»  -  олар  туралы 
бірден-бір  ақпарат  көзі.    Пекин  телевидениесі  өз  тарапынан  бізге    Қытай 

 
223 
туралы  ақпарат  алмасады.    Басқа  комапнияларды  Қытай  қызықтырмайды, 
оларға тек  сенсация керек. 
«Мирге» деген ерекше көзқарастың тағы бір себебі: Қытайда  42 ұлт бар,  
олардың  кейбіреулері  жеке  автономия  құрған  (Синцзян,  Тибет).      Осыған 
байланысты көптеген проблемалар туындайды.  «Мирдің» мақсаты болса бір 
тудың  астына  біріктіріп,    халықтар  достастығын  насихаттау.  Біз  -  
бағдарламаларымыздың мазмұны бойынша  халықаралық арнамыз. 
Уақыт өте келе Куликовтың көмегімен біздің ынтымақтастығымыз едәуір 
биік  дәрежеге  көтерілді.    Материалдар  алмасып  қана  қоймай,  бірлесіп 
бағдарламалар түсірдік. Сөйтіп «Беймәлім Қытай» атты цикл дүниеге келді. 
Қытайлықтар «Мирдің» кейбір идеяларын өздеріне бейімдеп алған.  Айталық 
бізде  эстрадалық  ойын-сауық  арқылы  белгілі  бір  мамандық  иелерін  – 
дәрігерлерді, бухгалтерлерді, ағаш шеберлерін жарыстыратын  «Профи-шоу» 
деген  бағдарлама  болған.  Олар  бұл  бағдарламаны  мұқият  зерттеп,  тура 
осындай  бағдарлама  шығарған.    Жуырда  Пекин  телевидениесі  қытайлық 
мамандарды    ТМД    елдеріндегі  бауырластарымен  телекөпір  арқылы  
кездестіруді  ұсынды.    Бағдарлама  2001  жылдың  1  мамырына  жоспарланды.  
Бір сөзбен айтсақ, біздің Қытай телевидениесімен  байланысымыз мүдделі әрі 
мығым. 
Телевизиялық Жібек жолы жобасын іске асыруға Лю Ди И қызығушылық 
танытып  отыр.    Алдымен  Пекин  телевидениесі    «Мирмен»  бірлесіп  
ақпараттық  бюро  құрмақшы.    Бастапқы  кезде    әр  елдің  материалдарын 
біртұтас  етіп  біріктіруде  және    ортақ  өнімді  өңдеуде  тәжірибесі 
болғандықтан,  түсірілімдерді Мәскеуде монтаждау жоспарланып отыр.   
Пекиннен  кейін    Йорам  Глобус  бсшылық  ететін    қуатты  өндіруші 
құрылыммен  келіссөз  жүргіздік.    Ол  кісі    Менахем  Голанмен  бірге  
Голливудта    атақты  «Кэннон»    компаниясын  басқарған  кинематографист, 
көптеген  атақты  фильмдерге,  оның  ішінде  Кончаловскидің  «Возлюбленные 
Марии» және «Поезд-беглец»  фильмдеріне продюссерлік еткен.  
Глобус  алты  жыл  бұрын  Израильде  немен  айналысты?    Қазіргі  заманғы 
жабдықтармен   жарақталған үш   кинопавильон   құрды.  Атақты  кино  түсіру 
әрбір кинематографистің арманы.  Бірақ бұл тәуекелі көп, өтеуі кеш келетін 
еңбек.  Әрине егер киноны  Америкаға немесе Еуропаға бірден сатудың сәті 
түссе  кешеуілдетпей-ақ    өтеледі.    Бірақ  ол  үшін  атақты  жұлдыздар, 
нарықтағы  көшбасшылардың  алғашқы  жүздігіне    кіруді  қамтамасыз  ететін 
сапа деңгейі, сосын тиісінше өте үлкен қаражат қажет.  
Адамдардың жұмыс істеуі, еңбекақы алуы үшін павильондар күнде  толық 
болуы  керек.    Оларды  немен  толтырса  болады?    Осы  мақсатта    телесериал 
түсіру керек.  Бастамас бұрын  сериалды сатып алатын арнамен келіскен жөн.  
Сериалдар  –  телевидениенің  тұздығы  іспеттес.  Күнделікті  эфирге  қажетті 
бағдарламалар,  телеойындар,  телесайыстар  мен  телешоу  –  қара  нан  сияқты.  
Осылайша  бүгінгі  күні  мәскеуде  «О,  Счастливчик»,  «Сам  себе  режиссер» 
секілді  атақты бағдарламалар түсірілуде.  Кино мен телевидениенің қарым-
қатынасы күн сайын артуда.  

 
224 
Күнделікті  көрсетілетін  өнім  керек.    Алдымен  Глобус  үй  шаруасындағы 
әйелдерге  арнап  –  сеиалдар  шығарды.  Сосын  балаларға  арналған 
бағдарламалар түсірілді.  Израиль телевидениесінің екінші арнасымен тығыз  
қарым-қатынас  жасап,    акциялар  пакетінің  бір  бөлігін  сатып  алды.    Содан 
кейін    ақпараттық  бағдарламалармен  айналысуды  қолға  алды.    Бұл  киноға 
қарағанда мүлде басқа іс еді.  Нарық оны  басқа салаға итеріп,  әлемдегі үздік 
студиялардың  бірі,  қазіргі  заманғы    желілік  ақпараттық  студиясын  -  ньюс-
рум,  «жаңалықтар  бөлмесін»  құру  үшін  10  миллион  доллар  салу 
қажеттілігіне әкелді.  
Жуырда  біз  оны  қолданысқа  енгізген,  ашылу  салтанатына  қатыстық. 
Студия мен қабылдау-тарату спутниктік антенналарының  өте үлкен кешені 
Иерусалимнен    жиырма  шақырым  қашықтықтағы    шағын  ғана  Нев  Илан  
кентінде  орналасқан.  Еврейлер  мен  палестиналықтардың  дауында  
Иерусалим  туралы  мәселе  қалай  шешілсе  де  бұл  аумақ  израильдік  болып 
қала береді. 
Ньюс-рум  -  солтүстік  телевидение  принципі  негізге  алынған,  заманауи 
технологиялық машина арқылы жаңалықтар берілетін бөлме. 
Телевизиялық  бағдарлама    бағдарламалық  режиссер  қызметін  атқаратын 
қуаттылығы  өте  зор    компьютерлік  сервер  арқылы  жүргізіледі.    Серверге 
ақпараттық  түсірілімнің  барлық  лентасы  -    видеоматериалдар,  субтитрлер, 
қажет  болуы  мүмкін    барлық  материалдар  жүктеледі.    Ол    РТР  сияқты 
жүргізуші  қасында  болатын  не  Си-Эн-Эн,  Евроньюс,  «Мир»  секілді  
жүргізушілері  қашықтықта  болатын    басқа  да  компьютерлік  жұмыс 
орындарымен  байланысты.    Ақпаратты  жинау  және  өңдеу  бір  жерде  емес, 
цифрлы  спутник  арқылы    бір-бірімен  байланысты    бірнеше  жерде  жүреді.  
«Жаңалықтар  бөлмесі»  қызметкері  Мәскеуде  көрші  столда  отыр  ма,  әлде 
Бакуде ме оны ешкім білмейді.  Олар бір-бірін анық көріп, жұмыс уақытында 
еркін  сөйлесе  алады.    Кез  келген  ақпарат  мыңдаған  шақырым  жерде  
компьтерге  компьютер  арқылы  жіберіліп  отырады,  сосын  жинақталып, 
монтаждалып, уақтылы эфирге шығады.  
Біздің  телевидение  эфирден  тірі  адамды  көруге  үйрен.    ОТР,  РТР  және 
НТВ  осылай  жұмыс  жасайды.    Кез  келеген  елдің  ұлттық  телеарнасында 
мұнсыз  болмайды.    Ал  Си-Эн-Энде  болса,  эфирге  компьютерлік  хабар 
таратушы шығады.  Көрермен дикторды студиядан көргенімен, оның  дәл сол 
уақытта  сол  жерде  емес  екенін,  барлығынын  алдын  ала  жазылғанын  біліп 
отырады.  Жаңалықтың  Токиодан  ба,  Гонконгтан  ба,    Лонданнан  әлде 
Атлантадан ба беріліп отырғанын айту қиын. 
Сервер  паторндар  сияқты  эфирге  шығар  дабылды  күтетін  бағдарламалық 
ленталармен  толықтырылады.    Бір  лента  эфирге  беру  үшін  болса,  екіншісі 
интернет  желісіне  және  т.с.с.    Іс  жүзінде  қателік  жіберілуі  мүмкін  емес.  
Сервер  тәулік  бойы  айналып  отыратындықтан,  қуаттандыруды  қажет  етеді.  
Жаңалықтарды,  тақырыптық  блоктарды  жаңартумен    арнайы  даярланған 
бөлімше айналысады.  Сервермен жұмыс істеу  үшін өзге технологияға, жаңа 
мәдениетке    кәсіби  бейімделуге    белгілі  бір  дағды  қажет.    Біздің  «Мирде»  
радиобағдарламаларға арналған қуаттылығы аз сервер ғана бар.  Бірақ егер де 

 
225 
біз    салмақты  еуразиялық  арна  болғымыз  келсе,  серверлік  технологияға 
бағдарламаларды да көшіруіміз керек.  
Глобус  та  «Жібек  жолы»  жобасына  сенім  артып,  бірлесіп  таяу  шығыс 
орталығын  құруға  келістік.  Осы  мақсатта  ол  өз  технологиялары  мен  үй-
жайларын  беретін  болды.    Бұл  орталық    тек  Израильден  ғана  емес,    сол 
маңдағы  Иорданиядан, қазір Мартин Хедлоу жұмыс істейтін Иерусалимнен 
ондаған шақырым жердегі Оманнан ақпарат тарататын болады.  
Сонымен қатар, Софиядан  Балқан орталығын құруға келістік.  Ол туралы 
Глобустың өзіндік кино қызығушылықтары бар.  
Сосын  ескі  досым  Генрих  Юшкявичуске  Парижге  баруым  керек.    Мен 
«Әлем  мәдениеті»  идеясына  ұқсас  «Жібек  жолы»  идеясы  туралы  жазған 
болатынмын.    ЮНЕСКО-ның  серіктесі  болғандықтан,    арнаны  іске  асыру 
үшін  грант  бөлінуіне  үміт  арта  аламыз.      Неге  екенін  білмеймін,  мен  
Юшкявичусті  біздің компаниямыздың ТМД-да ғана жұмыс істей алатынына 
сендірдім.    Енді  оған  толық  баяндалған  нұсқасын  көрсету  керек.    Біз  жаңа 
ғана    осы  жобаның  анонсымен  компания  туралы  буклет  шығардық.    Арна 
туралы  сипатталса,  инвесторлар  да  табылады.    Мүмкін  жобаға    Андрей 
Кончаловский  қосылатын  болар,  ол  бізге  «ТВ-2000»  арнасы  туралы  идея 
ұсынған болатын. Кончаловский  осы жобаға көмек көрсете алады. 
«Жібек  жолының»  маңыздылығын  осы  идеяны  бірден  қолдаған  Лю  Ди 
Идің  реакциясынан  байқауға  болады.    Орыс  тілді  аудитория  болғанымен, 
қытайлықтарға    орыс  тілді  арна  қажет  емес.    Ресей  саясаты,    парламенті  
керек емес. Бірақ та егер бірін-бірі алмастырып отыратын блоктар біртіндеп  
адамдар  туралы,  мәдениет,    салт-дәстүр,  ғылым,    тарих,  табиғат,    экология 
жайында және басқа да  танымды әрі қызықты тақырыптарда  ақпарат бере 
бастаса, мұндай арнаның Қытайдан да, Ираннан да,  тағы басқа елдерден де 
өз  көрерменін  табары  анық.    Бұл  аудитория  үшін  Жириновскийдің 
қылықтары  мен  Үлкен  театрдағы  қойылымнан  гөрі  базардағы  құрманың 
құны  маңыздырақ.    Бағалар,  валюталардың    айырмашылығы,  қонақ  үйдегі 
бөлме  құны  қандай  екені  мәлім  болады.    Жабық  әлем  біртіндеп  ашылып, 
түсінікті  бола  бастайды.    Адамға  барынша  пайдалы  ақпарат  керек.  
Айқайлаған  патриотизм  өзіміздікілер  үшін    жақсы  болғанымен,  өзге  елдің 
адамдары қарамай, басқа арнаға ауыстырады.  
Сондықтан мен Юшкявичусті арна ашып, инвесторлар тартуға көмектесуге 
көндіргім  келеді.    Көптеген  техника,  қабылдау-тарату  станциялары, 
персоналды  оқыту  қажет  болғанымен  «Мирдің»  негізгі  инфрақұрылымы  
қазір  дайын,  қазірдің өзінде Шығысқа барар жол салынған.  Бірақ  жалпы 
құрылымды өзгертіп, қазіргі бір штаб-пәтердің орнына  бірнеше: Еуропадан, 
Мәскеуден, Астанадан,  Ираннан, Қытайдан штаб-пәтер ашу қажет.  Мұндай 
құрылымды  Си-Эн-Эн    қолданып  отыр,  оларда  Атлантадағы  кешенді 
қоспағанда Токио мен Лондонда екі кешен жұмыс істейді.   Үшеуі де өзара 
іс-қимыл жасасып, үшеуі эфирге қатар шығады, компьютерлік желілер  көзді 
ашып-жұмғанша өзара әсерлеседі.  
Бір сөзбен айтқанда, ағылшын тілінде болса да (ұлттық тілдерге аударыла 
отырып)  қолданыстағы аналог бар.  Мұндайды орыс тілінде неге істемеске?  

 
226 
Жобаның  негізі  таратудың  осындай  түріне  негізделген    қолданыстағы 
телерадиокомпания  бар.      Айтпақшы  бұл  жерде  «тарату»  сөзін  қолдану 
орынсыз.  Орталық «таратып» қалғандары «қабылдайтын» кез кетті.  Келісім 
болу  үшін    пікірлер  ортақтығы,  диалог,  нақтырақ  айтсақ  –  полилог  қажет.  
Егер    әркім өзінің ұлттық ділінде тұратын болса, егер әрбір адам бір-бірін 
тыңдауды үйренбесе – соғыстан басқа жол қалмайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет