Шобалдың Дүйсенбісінен тараған Сусамас атасының ұрпақтары Қызылорда облысы, Жалаңаш және Терең өзек аудандарының Жамбыл және XIX – партсъезд колхозында тұрады.
Оразалыұлы Көшімбай
1935 жылы 28 сәуір айында Кеген ауданы, бұрынғы 337 совхозда дүниеге келген. 1942 жылы Шырғанақ ауылының бастауыш мектебін, он жылдықты 1952 жылы аяқтап, сол жылы Алматыдағы – Зоотехникалық мал – дәрігерлік институтына түсіп, оны 1957 жылы үздік бітірген.
Бірінші еңбек жолын Панфилов ауданы, Талдықорған облысы, Октябрь қой совхозы, Қоңырөлең ауылында, Совхоздың бөлімше зоотехнигі, зоотехник – селекционері, бас зоотехник қызметін 1964 жылға дейін істеп, 1964-1965 жылдары Панфилов аудандық ауыл – шаруашылық басқармасының бірінші орынбасары, 1966 жылдан 1970 жылға дейін Нарынқол /Қазіргі Райымбек/ ауданы, Алматы облысы аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, 1970-1971 жылдары осы ауданның атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, 1971-1976 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлім
меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1976-1991 жылдары Алматы облыстық мал асылдандыру бірлестігінің директоры болды. Отыз төрт жылдай уақыт бойы Алматы, Талдықорған облыстарының шаруашылық, Совет, Партия мекемелерінде еңбек етіп, еңбектері бағаланды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау және Құрмет грамоталарымен, орден, медельдарымен марапатталған. Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері атағына ие болды. Осы салаларда еңбек етіп жүрген кезінде ғылыми жұмыспен де айналысты. 1987 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. Экономика ғылымының доценті деген ғылыми дәрежесін алды. Барлық ғылыми жұмыстар саны, 52, оның ішінде 3 оқу құралы, үш монография, бір экономикалық толықтама сөздік, қалғандары ғылыми мақалалар мен студенттерге арналған әдістемелер. 1992 жылы 31 наурыз айында Алматының зоотехник мал – дәрігерлік институтының экономика кафедрасына доценттік қызметке ауысты. Ауыл шаруашылығы экономикасы пәнінен дәріс оқып, бұл институтта 1996 жылдың 13 желтоқсанынан бастап, бүгінгі күнге /2003 ж/. дейін Алматы технологиялық университетінің "Өнеркәсіп экоеомикасы" кафедрасында доценттік мамандықта қызмет атқарады.
Бөкенұлы Шора
1938 жылы қарашаның 19-да Алматы облысы Талғар қаласында туған. Талғар қазақ орта мектебін 1956 жылы бітірген. 1956 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің экономика факультетіне түсіп, оны 1961 жылы бітірген. 1961 - 66 жылдары Талғар тоқыма фабрикасында аға экономист, 1966-69 жылдары Талғар аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1969-73 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1973 – жылдары Алматы қаласы Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1977 – 79 жылдары Москва қаласында СОКПК орталық комитетінің қоғамдық білім академиясының тыңдаушысы. 1980 – 84 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің ұйымдастыру партия жұмыс бөлімінің инспекторы. 1984 – 87 жылдары Алматы қалалық партия комитетінің идеология хатшысы. 1987 – 91 жылдары Қазақ ССР еңбек министрлігінің бөлім меңгерушісі – басқарманың орынбасары. 1991 –
94 жылдары Алматы қаласының Әкімшілігінің аппарат басшысы.
1994 – 95 жылдары Алматы қаласының сайлау комиссиясының төрағасы. Қазіргі кезде құрметті демалыста.
Достарыңызбен бөлісу: |