Байланысты: Уна Макдональд. “Британ парламентінің күнделікті өмірі”.
Уна Макдональд. “Британ парламентінің күнделікті өмірі”. Уна Макдональдтың “Британ парламентінің күнделікті өмірі” (Повседневная жизнь Британского парламента) кітабы автордың ең танымал әрі қажырлы еңбектерінің бірі. Кітап 1989 жылы жазылған, алайда, алғы сөзде автордың өзі жазғандай редакцияның өтініштері бойынша мәтінін бірнеше рет өзгеріске ұшыратуға тура келген. Сөйтіп, Макдональдтың тың туындысы ресейлік басылым беттерінде “Молодая гвардия” баспасында 2007 жылы жарыққа шықты. Кітаптың алғы сөзін РФ ФС Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Артур Чилингаров жазған болатын.
Ұлыбритания парламенті - әлемдегі ең көне парламент ретінде саналады. Англия XIII ғасырдан бастап парламенттік механизмдер мен институттардың "зертханасы" болып табылады. Уна Макдональдтың бұл кітабы - Ұлыбритания парламентінің тарихы мен қазіргі қызметі туралы ең көркем оқулықтардың бірі. Кітап авторы - белгілі қаржыгер және саясаткер, философия ғылымдарының докторы, 1976-1987 жылдары еңбек партиясынан шыққан парламент депутаты. Жеке тәжірибесін кеңінен пайдалана отырып, ол Парламент жұмысының барлық жақтарын, оның депутаттары мен қызметкерлерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Ағылшындардың саяси аренасы мен парламенттік жүйесі тұрғысындағы мол ақпараттың, тәжірибенің арқасында У. Макдональд кітабын қалың оқырмандарға ұсынуға мүмкінді алды. Ресейлік басылым едәуір толықтырылған және парламенттік өмірдің әртүрлі аспектілерін көрсететін сирек кездесетін картиналармен суреттелген. Англия парламентінің нағыз саяси энциклопедиясы десек қателеспейміз.
Жалпы кітап 15 тараудан тұрады. Алғашқы тараулары Англия парламентінің резиденциясынан басталады, кейін, Министрлер кабинеті, Лордтар мен Қауымдар палатасы, Депутаттық заң жобалары, Арнайы парламент комитеттері, Үкімет заң жобаларының қабылданулары сияқты тақырыптарды сөз етеді. Сонымен қатар, кітаптың қорытынды бөлімдерінде парламентке қалай ықпал етуге болатындығы туралы фактілерді көрсеткен. Кітап мазмұнына сәйкес парламентте қанша адамның жұмыс атқаратыны емес, олардың қанша маңызды шешімдер қабылдайтыны маңызды. Уна Макдональд туындысында нақты әрі қызықты дәлелдер, өзінің парламенттік карьерасынан үзінділер көрсеткен. Қаржы министрі Джоэль Барнеттің кезіндегі жеке хатшылық қызметінде ол Британдық парламентті толықтай зерттей білді дей аламыз. Егер біз тарихи аспекті түрінде алсақ, онда кітапта көрсетілгендей, Ұлыбританияның парламенттік жүйесі бастапқыда патша автократиясын шектеу құралы ретінде дамыды. Драмалық эпизодтарсыз болмады: патша Парламентті бірнеше рет таратып, 1649 жылы парламент Чарльз I Стюартты плахқа жіберді. XVIII ғасырда парламент пен ол тағайындаған үкімет монархты артқа тастап, Англиядағы, содан кейін Британ империясындағы негізгі билік органдарына айналды. Бірақ парламент халықтың мүдделерін нақты білдіре бастағанға, биліктің халықпен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, елді күйзелістерден сенімді қорғауға дейін біраз уақыт өтті. Бұл жағдайда Уинстон Черчилльдің сөздері еске түседі: "Демократия — бұл басқарудың жаман тәсілі, бірақ адамзат әлі одан жақсы ештеңе ойлап тапқан жоқ".
Жалпы парламент жеке адамдармен қоса , қоғам дамуының мүдделерін қорғай білуі шарт. Халықтың арыз-шағымдарын тыңдауға, жергілікті партиялардың құқықтарын қорғауда парламенттің алатын орны ерекше. Бұл кітапта Британ парламентінің атқаратын жұмысы, қоғамдағы рөлі мен көзқарастары жайлы толықтай қарастырылған. Сондай-ақ қауымдар және лордтар палатасы депутаттары туралы автордың қарастырған сыни көзқарастары ерекше. Парламент палаталарының үздіксіз жұмысында қызмет атқаратын негізгі құрылымдар атп өтілген. Мысалы: парламенттік сот приставалары, қаржы-әкімшілік басқармасы, ресми есеп беру басқармасы және хаттамалармен айналысатын орталықтар. Лордтар палатасының “герольдмейстерлері” парламенттің салтанатты ашылу рәсімінде ғана бой көрсететіндіктерін атап көрсеткен. Палата қызметін мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын 49 хатшы қамтиды. Қызметкерлердің міндеттері депутаттарға өткізілетін рәсімдер туралы алдын-ала хабарлаулар жүргізу, редакциялық бөлімге жауап беру, Палата отырыстарының хаттамаларын ұйымдастыру және Палата қарастыратын мәселелердің тізімін жасап, қорытынды шешімдерді тіркеу. 70-ші жылдары арнайы комитеттердің наразылығынан 1976 жылы процедуралық мәселелер жөніндегі арнайы комитет құрылған болатын. Комитет негізгі министрліктер жұмыстарының барлық аспектілерін зерттеу үгін 12 комитет құруды талап етті. Жаңа комитеттер қолданыста жүрген комитеттерді алмастырып қана қоймай, қоғамға тікелей әсер ететін жеке мәселелерді қарастыра білді. Олар құжаттар мен хаттамаларды рәсімдеу, куәгерлерге, сарапшыларға берілетін құқықтармен айналысты. Бұл қызметтерді барлық Британия аумағында жүргізу үшін бірнеше әкімшілік комитеттеріне бөлінді. Ауыл шаруашылығынан бастап , қоршаған орта бойынша, энергетика , экономика, сыртқы және ішкі істер бойынша, әлеуметтік қызмет көрсету бойынша. 1979 жылы Джордж Каннингем жаңа песпективалы ұсыныс тастады. Үкімет пен оппозиция арасындағы тартыстың ортақ шешімін табуға көп күш жұмсау керектігі айтылды. Депутаттар өз еркімен арнайы ашылған комитеттерге кіруге талпыныс жасады, бұл партиялық адалдық пен ынтымақтастыққа жол ашты. Сот шешімдері мен атқарушы билік сыни көзқарастарға дайын болды.
Сонымен қатар, кітап мазмұнына сәйкес Англия парламентінде өткізілетін сайлаулар мен заң жобаларының қабылдануы сияқты тақырыптарға толықтай жауап алуға болады. Кітап ең өзекті әрі күрделі тақырыптарға толы. “Британ парламентінің күнделікті өмірі” кітабының соңында ең қызықты фактілер мен мысалдар келтірілген. Парламентке шығуға ұсынысыңыз болған жағдайда қалай жеткізуге, Вестминистрлер кабинеті ғимаратына көпшілік үнін қалай тыңдатуға болатыны жайлы , тіпті алата депутаттарының келушілерге арнап бекіткен апта күндері мен бос сағаттары да қарастырылған. Кәсіби түрде жазылған әлемдік дәрежедегі кітапқа біраз саясаткерлер үздік пікір қалдырды.
Кітаптың қорытынды сөзінде: “сіздің депутатыңыз Парламетке сіздің мүдделеріңізді білдіру үшін барады, сол себептен көмек алу, өтініштер мақсатында жауап алу үшін олардан талап ете біліңіз!”.