Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет268/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ЕЛ СЫЙЛАҒАН АЗАМАТТАР

ЖӘНІБЕКҰЛЫ БАЙСЕЙІТ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
(1685-1750 жж шамамен)

Албанда үш Байсейіт бар. Бірі сегізсары Досалының Байсейіті (бұл кісінің зираты Қоңырөлеңде), екінші Бозымның үшінші баласы Жаншықты Әлмерегі, Жәнібектің Байсейіті (зираты Шелекті өзенінің күншығыс қапталындағы сол кісінің атымен аталатын Байсейіт елді мекенінде), үшінші Сегізсары Шоған абыздың (Үмбеті) Шажасының Байсейіт биі.


Біз шежіренің алғы сөзінде IX ғасырға дейінгі қазақтың бәрі батыр – дегеніміз. (Кім қалдаса солай қабылдасын сол пікіріміз өзгермейді. Оның дәлелі де, куәсі де – Жер. Солардың әрқайсына ескерткіш қойса артықтығы жоқ-ты ескеркенбіз. Ендеше осы үш Байсейітте өз дәуірінің білікті де білімді – сарбаздары. Әр қайсының өз орны бар. Шығар биігі бар. Ұмытпайтын ұрпағы бар. Кеше олар да біздей болғанының ертең бізде солардай болармыз ұмытпай, табытын аттамалық. Сегіз – Сары Досалының Байсейіті жайлы қаламгер Төлен Қаупанбаев жазған. Ал Жәнібек Байсейіт жайлы ел ауызынан жеткен, көнекөз қариялардан естіп, ел зердесінде сақталған әңгімені қозғамақпыз.


Жәнібек Байсейіт шамамен XIV – XV – ғасырда өмір сүрген. Ол кезде Албан әулеті Сыр бойында, иәки Қаратаудың немесе Алатаудың бауырын мекен етті ме дәл басып айтар адам жоқ. Барлық қазақ руларына тән жазба тарих қазірше қолда жоқ. Жорамалды жолбикенің бәрі айтады. Ұрпақтар дамуымен есептегенде 1540 – 1630 жылдары өмір сүрген деп шамаланады.
ҚОНЫСБАЙҰЛЫ ПҰСЫРМАН – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ. БИ

Шамамен XVII XVII ғасырдың басында өмір сүрген. Туған жері белгісіз. Пұсырман жоңғарлардан ата – қонысын азат еткен Жетісудағы атақты батырдың бірі. Райымбек батырдың ер жүрек сарбазы. Ұрпағы атын ұран еткен. Батыр әділ би болған. "Ата көрген оқ жанар" деп халық бекер айтпаған. Кейінгі ұрпақтары да өзі секілді ерлік пен еркіндік қорғау жолында күресіп өткен.


Батыр ел билеген би XVII – ғасырда Албан руында 24 ықпалды би болған.
Ол жайлы деректі бізге қазақтың әлем таныған ғалымы, саяхатшы Ш. Уәлиханов 1860ж. Жоңғарияға барған сапарында жазған очеркінде береді. Ш. Уәлихановтың 5 томдық таңдамалы еңбегінің 1 – томы 342 бетінде Бозымның ықпалды биі деп көрсетеді.
Алматы қаласы Қазақ Ғылым Академиясының баспасы шығарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет