Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


ПҰСЫРМАНҰЛЫ ТЕЗЕК – БИ (1800 – 1870ж.)



бет269/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   333
ПҰСЫРМАНҰЛЫ ТЕЗЕК – БИ (1800 – 1870ж.)

Тезек би өз заманының тапқыр да, табанды азаматы болған. Тезек би жайлы деректі атақты ғалым саяхатшы Шоқан Уалиханов 1860 жылдардағы Қашқарияға жасаған сапарында береді. Ғалым Албанның елге ықпалды 24 биі барын жазған. Соның бірі, әрі бірегейі Пұсырманұлы Тезек. (1961ж. Алматы қаласы, Қазақ Ғылым Академиясы баспасы, 342бет). Тегінде Албан руы ешбір хандыққа бағынбаған. Өз егемендігін қорғау мақсатында шығысындағы Қытай империясымен де, Орыс патшалығына бағынған қазақ хандарының саясаткерлерімен де (басқарушылары) белгілі дәрежеде қатынас жасаған. Би әмбе мәселені өз сарабынан өткізіп, өз байламын жасаған. Жетісу төрелік жасаған ең ақырғы төре Тезек. Пұсырманұлы тезек төре ешкімге еңкейіп басын имеген. Сыйласатын жерде сыйласқан, қинасқан жерде қинасқан. Бұл жайлы ел зердесінде қалған әңгіме көп. Арнап айтпаса арқауы шыйырмайтын секілді. Би ұлыны ұлындай сыйлаған. Ұлы ғұлама Шоқанды Қашқарияға бара жатқан сапарында күтіп алып, үлкен құрмет көрсеткен.


ДІНАСЫЛОВ ӨРКІНБАЙ – ЕЛАҒАСЫ (1903 - 1942)
1903 жылы қазіргі Жылысай ауылдық кеңесіне қарасты "Нәдірбек" қыстауында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді.

Әкесінен ерте айрылған соң, көп балалы дәулетті ағайындарның малдарын бақты, жалшылықты болды. 1919-1923 жылдары Жалаңашта мектепте оқыды, комсомол қатарына өтті, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, оқуды үздік оқыды. 1923 жылы Алматыдағы ағарту институтына оқуға түсіп, комсомол ұйымына басшылық жасады.


Сол кездегі биік тұлғалар Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкінов, Жұбаныш Бәрібаев сынды революционерлермен танысып, өзінің өміріне өнеге боларлық бағыт алды. Оқуды бітіргеннен кейін 1929-

1930 жылдары Қордай аудандық оқу бөлімнің аға инспекторы болып істеді. 1930 жылы тамыз айында туған ауылына келіп, Кеген аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1931-1932 жылдары аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1932-1933 жылдар аралығында Алматы облыстық партия бақылау комиссиясында қызметкер, ал 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия бақылау комиссиясы мен жұмысшы – шаруа инспекциясының төрағасы қызметтеріне хатшы, 1937-38 жылдар Бөрлітөбе аудандық партия комитетінің құрамына сайланды. Қазақстан Коммунистік партиясының I-II съездерінің делегаты болды. Партиялық қызметтегі осы жылдарда Ө.Дінасылов шебер ұйымдастырушы, беделді басшы бола білді. 1930-40 жылдар аралығында Қазақстан Коммунистік париясы тарих институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1940 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанды. 1942 жылы май айында ерлікпен қаза тапты. Жылысай ауылындағы бір көше Ө.Дінәсіловтың есімі берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет