Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


Бижанов Ақан Құсайынұлы – ғалым, қоғам қайраткері



бет29/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   333
Бижанов Ақан Құсайынұлы – ғалым, қоғам қайраткері

1949 жылы 23 тамызында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1971 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Алматы Жоғарғы партия мектебін оқып бітірді, саяси ғылымдарының докторы.


Еңбек жолын №3 темірбетон бұйымдары және С.Киров атындағы зауыттарында бастады. 1973-1974 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1974-1976 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің хатшысы болды.
1982-1983 жылдары Қазақстан Компартиясы Ленин аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, содан соң 1984-1989 жылдары халық депутаттары Ленин аудандық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет істеді.
1989-1991 жылдары халық депутаттары Алатау аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді.
1992-1993 жылдары халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің төрағасы болды.
1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылуына депутат болып сайланды.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ал 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат және Қоғамдық – саяси бөлімдерінің меңгерушісі болып істеді.
1995-1998 жылдары Қазақстан Халық Бірлігі Партиясының орталық комитетінің төрағасы болды.
2000 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қаласы Әкімінің орынбасары.
Қалиұлы Байынқол – ғалым

Қалиұлы Байынқол филология ғылымдарының докторы /1991/, профессор /1996/, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты /1988/, Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі /1995/.


1939 ж. 23 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында туған. 1954 ж. Құрметі жеті жылдық, ал 1958 ж. Жалаңаш қазақ орта мектебін бітірді. Сол жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филолония факультетіне түсті. Оны 1963 ж. тәмамдап, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі деген мамандық алып шықты. Факультет кеңесінің шешімімен Б.Қалиев осы университеттің жалпы тіл білімі кафедрасына аспирантураға қалдырылды. Аспирантураны 1966 ж. бітіріп, "Қазақ және қарақалпақ тілдеріндегі қысаң дауысты дыбыстарының редукциясы" деген тақырыпта 1967 ж. кандидаттық диссертиция қорғады. Ғылыми жетекшісі – академик І.Кеңесбаев.
Б. Қалиев 1967 жылдан бастап, Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының Түсіндірме сөздік бөлімінде алғаш кіші ғылыми қызметкер /1967 ж./, кейіннен аға ғылыми қызметкер 1970 ж./ болып істеді. Ол он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін" /1974-1986 жж./ жасаушылардың бірі /оның бір өзі 74 баспа табақ сөздік жасады/ және сол томдардың /жалпы көлемі750 баспа табақ/ жауапты редакторы болды. Осы еңбегі үшін оған 1988 ж. Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты берілді.
1986 жылдан бастап ол тосы институтта алдымен жетекші ғылыми қызметкер /1986 ж/, содан кейін Терминология бөлімінің меңгерушісі /1991 ж./ болып, 1995 жылға дейін қызметін жалғастырды. 1995 жылдан бастап, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университетінің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып ауысты. Қазір де осы қызметте істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет