ЖАРҚЫНБАСОВ МҰҚА – ЕҢБЕК ЕРІ
1890 жылы Кеген ауданы Жылысай ауылында туған. 1932жылға дейін әртүрлі жұмыстарда болған ол осы жылы өзі туған ауылда құрылған артельге мүше болып кіріп, қолына құрық алады. Содан 1960жылға, яғни жасы 70-ке келгенше тек жылқы бағумен айналасып, осы істің айтулы шебері атанды.
Ерен еңбек ескерусіз қалмайтындығы белгілі, 1948жылдың шілдесінде жайлауда отырған жылқылы ауылға қуанышты хабар келді. Мұның алдындағы 1947 жылы М.Жарқынбасов өз бағымындағы 90 биеден 90 құлын алып, аман өсірген болатын. Осы табысы, ұзақ жылғы жемісті жұмыстары үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығы бойынша М. Жарқынбасовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Аудан орталығы Кеген селосында оның есімімен аталатын көше бар.
КӨШКІНҰЛЫ ЫДЫРЫС – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1897жылы Жетісу губерниясы, Жаркент уезі, Меркі болысы, Ұзынбұлақ ауылында туған. Ыдырыс ауыл молдасынан сауатын ашып, Шырғанақ селосына келіп қоныстанған, орыс кулактарына
малайлықта жүріп, орысша үйренген, хат таныған. 1911 жылы Нарынқолда түземшілерге ашылған орыс мектебін оқып, 1913 жылы бастауыш сыныптық білім алды. 1913 жылы Жаркент қаласында ашылған ауылшаруашылық мектебіне оқуға түсіп, 1917 жылы бітірген. Жетісу өлкесіндегі қоғамдық саяси оқиғаларды көзімен көрген азамат. 1916 жылы Қарқара жәрмеңкесінде өткен Ұлт азаттық көтерілістің куәгері. Сол көтерілістің басшыларының бірі. Меркі болысы Әубәкір Солтанбековпен бірге болған. Кеңестік өкімет орнаған кезде кедейлердің артельдерінде басшылық жасады. 1921 жылы Жаркент уезінде халықтық отаршылдыққа тәрбиеледі. Атқару комитетінің белсенді мүшесі болып, Жаркент уездік атқару комитетінің төралығына сайланды. 1924 жылы Жетісу губерниясының төрағасы қызметін атқарды. 1926 жылдан 1935 жылға дейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облысының атқару комитетінің төрағасы болды. 1935 жылы Алматыға шақырылып БК/б/ Қазақстан Өлкелік басқару комитеінің төрағасы, кейіннен халық комиссары болды. 1937 жыл халқымыздың білікті білімді азаматтарына қуғын – сүргін жұмысы басталды. Халық жауы деген жалған жазамен Ыдырыс Көшкінов тұтқындалып, әуелде ату жазасына, содан кейін 20жылға саяси тұтқын ретінде Архангельск қаласында 1944 жылға дейін тұрды. Сол жылы қайтыс болды. 1954 жылы 10 қазанда Қаз ССР министірлер советінің төрағасы Д.А.Қонаев қойған қаулымен туған жері Ұзынбұлақ селосындағы қазақ орта мектебінде Ыдырыс Көшкінов есімі берілді. 1999 жылы 80 жылдық мерей тойы аталып өтілді. 2000 жылы мектеп алдында жерлестері ескерткіш қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |