Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет289/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   333
Байланысты:
албан шежіресі

ЕР – АЗАМАТ ЕЛДІҢ КӨРКІ

ӘЛМЕРЕКҰЛЫ ҚАРАКІСІ – ХАЛЫҚ БАТЫРЫ
(шамамен 1690-1747 жж.)
Қаракісі – Бозымұлы Жаншықтың немересі. Әлмерек абыздың қарашаңырағы осы әулетте сақталған. Сондықтан да Каракісі атамыздан өскен ұрпақтар заман қанша қысса да қарақазан болып көрген емес-ті (қарақазанға айналғандары табыла қалса қателесіп жүрген шығар.
Әзіл:
Батырдың дәл қай жерде туғанын ешкім білмейді. Алатау мен Қаратаудың баурайында дүниеге келгені ақиқат. Ал өлген жері – қазіргі Асы жайлауының түбіндегі Қатыншат аңғарының аузындағы Бартоғай су қоймасының жағасы.
Зираты Бартоғайдан Алматыға шығатын үлкен қаражолдың оң жақтағы қапталында.
1747 ж. Маусым айында Аласа мен Бұғыты тауының ортасындағы Көкбек жазығында Қалмақтармен өткен қанды шайқаста майдан алаңында ішінен мылтық оғы тиіп жарық дүниеге фәни дүниеге сапар

шеккен. (1953 ж. Қосай шежіренің Сауранбаевқа айтқан әңгімесінен). Солмайданда қазақ сарбаздары мен қалмақ сарбаздарының мәйіті үлкен екі төбе болған. Ел жүрегіне жазылған тарихта "Ойрантөбе" деген аты бар.


Атақты Аңырақай шайқасында жеңілген Жоңғарлар ғасырлар бойы бауыр басып отырған Алатаудың етегінен көтеріле көшіп кетпеген. Сол заманда (қазіргі Алматы қаласының түбіндегі Борандай елді мекенін иеленген) қалмақ батыры Борандай, (қазіргі Бұғыты тауынан арғы Албанның атақонысын түгел билеген) Ағанас батыр мен Кеген (дін басы) секілді ел басқарған жоңғарлар әр шаршы метр жер үшін кескілесе күрескен. Жан алып, жан берген шайқаспен шегінген. Қазақтар қылыш, найза, садақпен соғысса соғысқан шығар ал, Қытай мемлекетіне иек сүйеген жоңғарлар сол заманның соғыс – қаруы зеңбірек, мылтықты да пайдаланған. Менің қаламдастарым жоңғарлармен соғысты көшедегі балалар ойыны секілді суреттейді. Шығармаларымыздың жеңілдігі де содан шығар. Негізінде Аңырақайдан (1723 ж.) бастап, қазіргі Қытай мемлекетіне дейінгі шекараға дейін 1768 ж. Қырық төрт жыл соғысыптық. Аз ба, көп пе? Қазақ тарихында бұдан ұзақ соғыс болмады десем біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Ал біздің социализм рухындағы сылдырлақ тарихшылар сынуға сүйкеп өте шығады. Бейне бір Жоңғарлар дүркін- дүркін (барымташылар секілді шабуыл жасап қайтып кетіп тұрғандай әсер береміз. Қиылған жан, төгілген қан қаншама? Оны әлі бағалаған жоқпыз. Бұл ұлттық тарихымыздың қаймағы бұзылмаған қазаны. Әлемдік тарихқа қол созыптық та қолтығымызда жатқан қоламта қой құмалағындай бағаланғаны секілдіміз. Жетісу Іле дариясының оңтүстік қапталындағы осы қырық жылдан астам соғысқа Райымбек Түкеұлы Ханкелді батыр немересі басшылық жасаған.
Райымбек әдептен аспаған. XX ғасырдың даңқ-мансапқұмар сарбазы емес. Имандылық пен инабаттың құлы болған. Оны Албанның атақты биі Биеке тәрбиелеген сондай ерекше қасиет – қадыры бар ержүрек Райымбекке он жеті жасында сарбаздарға қолбасшылық жасауды Абылай хан бастатқан қазақтың ұлы батырлары: Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Ханкелді, Наурызбай, Өтеген, Аралбай, Сатай, Сыпатай, Қойкелді бата беріп міндеттеген.
Жас батырдың жорық жолында білікті, білімді ел ағаларынан кеңесшілері болған. Райымбектің сондай кеңесшісі, жер жағдайын өте жақсы білетін, Ханкелді батырдың сыйлас досы Қаракісі болған.

Қаракісі құралайды көзінен атқан мерген екен. Ұлы Хантәңірі шыңына дейінгі дала мен таудың әр соқпағына дейін жақсы білген. Жатқа білген. Мал жинамай күн көрген, өмір сүрген саятшы Райымбектің алдығы болатын жорығында қалай, қанадй асу, кезең, сай – сала, санлақ қапталды пайдалану жоспарына (картасын) ұтымды ұсыныс айтып отырған. Өзі де қаруын асынып майданға қатынасқан. Бұғыты мен Аласа тауының арасындағы Көкбекті жазынғында жан алып, жан беріскен шешуші шайқаста Қаракісі мергенге мылтықтың оғы тиеді. Адам сүйегінен ғана тұратын екі төбе қазір де бар. Қағазға ғана емес, халық жүрегіндегі тарихқа "Ойран төбе" деп мәңгілікке жазылыпты. Содан бері қаншама ғасыр өткені түлкінің құйрығындай қырық құбылған заманәуй оқиға өтсе де, бірнеше ұрпақ құрып, қайта жаңарса да топыраққа айналған қазақ, қалмақ сарбаздарының тек ғана сүйегінен тұратын "Ойран төбе" сол қалпында жатыр. Қаракісі батырға осы "Ойран төбеде" оқ тиген. Қосай шежірешіден естіген әңгімем төмендегідей.


Кеше ғана кілемдей құлпырған-ды дала бозжусан езіліп Көкбекті жазығы – ат тұяғымен көтерілген шаңның астында түншыға булығып жатқандай. Ақыл – ойдың иесі, жер бетіндегі тіршіліктің қожасы адамдар арасындағы не қилы жақсылық пен жамандықты көріп, басынан өткерген жер ана дәл осы күнгідей қиналмаған секілді. Малай батыр бастаған Боралдайдың қысық өткір көзі шатынап Серкеге жалт қарады. Олар бұндай тың күшті күтпеген еді. Жай қараған жоқ. Жаңа қаруды іске қосу керек деген пікірмен қараған. Серке батыр Борандай секілді қызбе емес, сол сабырлы қалпында сазарып артында тұрған Ағанас батыр не дер екен деп үнсіз тұр.
Малай батыр басқарған мыңдық қол мығым қол. Бәрі алдын ала жасалған жоспар. Қалмақтың көптен бергі, яғни Аңырақайдан кейінгі ат басын тіреген жері осы Көкбек бекеті, Өлмей шегінбеуге пәтуаласқан.
Райымбек бұл шайқасқа он мың сарбаз әзірлеген. Көршілес найман, жалайыр, суан батырлары мыңқол сарбаздарымен бүгін көмекке жетпек. Байланыс Қаракісі батыр арқылы іске асады. Өткен жолғы үлкен кеңесте: Көп сарбаз жақсы, бірақ ол жеңіс кепілі бола алмайды. Балға қонған қалың ара секілді жаппай шабуыл жасамай, жер бедерін ұтымды пайдаланып, ұрымтал, күтпеген кезде тыңнан соққы беруге жоспар жасалған.

Шапырашты Саурық батыр Түрген асып Бұғыты тауы мен Алатау тиісетін Алматы кезеңіне жеткенде хабаршы жіберген. Егер Саурық тура тартса Кекілікті сайынан шыға сол жақтағы бүйірінен кіреді. Қаракісі осы жайды естісімен бозбестіге міне сала майдан алаңына, Райымбекке хабар жеткізуге шапқан.


Соғыс басталғалы ауық – ауық ақбоз атпен майдан алаңын аралап өтіп жоқ болып кететін үкілі дулығалы сарбазды көрген Ақанас дәу қара айғырын тебініп еді, құйрық – жалы төгілген ат атылып шыр айналып кетті.
Қылышын аспанға көтерген Ақанас ақбоз аттының тегін емесін жақсы білді. Осы кезде ақбоз атты Қаракісі қолбасшы Райымбек тұрған топқа жеткен еді. Саурық батырдың келгенін Райымбекке айтып үлгерген сәтте Ақанас қарсы алдындағы сарбазына: "Ат!" – деп бұйырды. Ол білтелі мылтықтың жаңа шыққан кезі, бүгінгідей шүріппені бассаң бітті патырлай бермейді. Пештонды алып, түтікке қойып, шүріппені басқанша Қаракісі: "Райымбектен: Батыр күтсін. Ат суытсын. Ақылдасымыз" – деген тапсырманы алып ақбозбен қиғай шауып бара жатқан кезде мылтық гүрс ете түсті. Құлақ біткен тұнды да қалды. Бүкіл майдан алаңына Торайғыр тауының бір шоқысы құлып түскендей болды. Алдыңғы қасы айшықты ердің басын құшақтай бере Қаракісі:
Оқ жаңылды! – деп айғайлайды. Атының басын Бартоғайдың қиыр шығыс босағасындағы Саурық батыр тоқтаған Кекілікті сайға қарай бұрды...
Қаракісі батыр сол оқтан мерт болады. Көкбекті жазығында мерт болған сарбаздардан екі төбе орнаған шайқата Райымбек батыр жоңғарларға 1747 ж. маусым айында ойсырата соққы береді.
Атасы Биеке, Ханкелдінің досы Әлмерек абыздың баласы Қаракісі үлкен құрмет көрсетіп, малдың майына араластырып отырып кірпіш құйдырып, зират құрғызып, арулап отырып жерлепті. Мен мұны он үші жасымда естігенмін. Ғасырлар қойнауындағы тарихты бізге жеткізген Қосай шежіренің иманы жолдас, топырағы торқа болсын. Зираттың жұрнағы әлі тұр. Ол зиратты 1980 жылдары "Сөгеті" қой совхозының білікті директоры Сағыныш Есбергенов темірмен қоршатқан. Ата – бабасының аруағы қолдасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет