Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет290/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   333
ЖАҚЫПБАЕВ НҰРҒАНАТ

1947 жылы 24 маусымда Кеген ауданы Қарқара селосында туған. 1966 жылы Алматы қаласындағы №9 – шы мектеп – интернатты бітірді. Мектеппен бірге "Қазақ - фильм" киностудиясы жанындағы кино – актерлерін дайындайтын екі жылдық студияны бітірген. Сол жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның актер бөліміне түсіп, оны 1970 жылы театр және киногері мамандығы бойынша бітірген. Оның актерлік жолы институтты бітірмей жатып – ақ басталып, 1969 жылы Қазақтың Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік жастар мен балалар театрына актер болып қабылданды. Қазақстан Республикасының тарихына қосымша оқу құралы "Кеген ауданының өлке тарихы" кітабының авторы.


БІКЕБАЕВ ЖОЛШЫ – ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ

Райымбек ауданының "Хантәңірі" газетінің редакторы Жолшы Бікебаев 1948 жылы Кеген ауданындағы Жылысай ауылында туған.


1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқи жүріп, бұрынғы Кеген аудандық "Коммунизм нұры" газетінде қызмет істеді. Республикалық Жоғарғы партия мектебіне бітірді.
Журналист Ж.Бікебаев аудандық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтеріне атқарды.
Қазіргі Райымбек аудандық "Хантәңірі" газетінің редакторы болып қызмет істейді.
ЖӨРГЕНБАЕВ МҰХТАР ӘБЕКЕЙ - ҰЛЫ

1955 жылы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген. 1972 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін 2 жыл бойы туған ауылда тракторист болып жұмыс істеген. 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Аға заң кеңесшісі. Жоғарғы білім алғаннан кейін Атырау және Алматы облыстарында прокуратура жүйесінде қызмет атқарды. 1985-1986 жылдары Гурьев қаласы прокурорының орынбасары, 1986-1987 жж. Гурьев облысы прокурорының кадрлар жөніндегі аға көмекшісі, одан кейін осы облыс прокуратурасының өте маңызды істер жөніндегі тергеушісі,


Балықшы ауданының және Гурьев қаласының прокуроры. 1996 – 1997 жылдары – Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, 1997-1999 жылдары – Алматы облысы прокурорының бірнеше орынбасары, 1999 жылдың наурызынан Атырау облысының прокуроры болып істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет