Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек



бет39/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   333
Есенқұлұлы Шорман

Шорман Есенқұлұлы 1845 жылдары Әулие – Атада туылған. Албан Жетісуға қоныстанған кезде ел көшін ұйымдастырушылардың бірі болған. Діни сауаты, білімі болған. Арабша толық таныған. Содан да болар 1904 жылы Меккеге қажылыққа аттанып, сол сапарға ниеті қабыл болып, Меккеден топырақ бұйырған.


Шорманнан: Жауатар, Өзібек, Әжібек, Қазібек, Нәдірбек, Асанбек, Солтанбек. Жауатардан: Дыбыс, Ыдырыс. Дыбыстан: Бірімқұл, Атамқұл. Ыдырыстан: Қырғызбай. Қырғызбайдан: Нұрлан, Арлан. Бірімқұлдан: Мүсілім, Сәрсе, Өсербай. Атамқұлдан: Мұсабек. Мүсілімнен: Нұрбай, Нұрқалық, Еркін, Бақыт. Нұрбайдан: Бағжан. Нұрқалықтан: Жандос. Еркіннен: Нұрсұлтан. Сәрседен: Бауыржан, Ғалымжан. Өсербай. Өсербайдан: Ербол. Өзібектен: Ескермес. Ескерместен: Бейқожа. Бейқожадан: Кеңес, Алмас. Кеңестен: Жандос, Жанас. Әжібектен: Естемес, Дәуітбай. Дәуітбайдан: Тұсынәлі, Тұрсынжан. Тұрсынәліден: Самат, Тұрсынжаннан: Алмат, Айдос, Данияр. Қазыбектен: Оразымбет, Оразалы, Разылы, Сыбанқұл, Инаш, Сәртберсін. Оразыдан: Қасымақын, Әукен, Әпжапар. Қасымақыннан: Амантұр, Қосдәулет, Нұрділдә, Жұмалы. Әукеннен: Нұрмұқамбет. Нұрмұқамбеттен: Дастан, Нұрбақыт. Амантұрдан: Ғани, Ғалым, Ғалымжан, Ғалымжан, Ғабит, Жасұлан, Кенже. Ғанидан: Айбек. Қосдәулеттен: Жеңісбек. Разылыдан: Бектұрсын, Жұмабек. Бектұрсыннан: Жұмақын, Қанат. Жұмақыннан: Асхат. Елшаттан: Алмат. Жұмабектен: Еркін, Ермек. Еркіннен: Саят. Сыбанқұлдан: Тұрсын, Әлімберді. Тұрсыннан: Бақыт, Ерлан, Ерқанат. Әлімбердіден: Ержан, Ербол, Нұрбол. Бақыттан: Ернұр, Азамат. Ерланнан: Ернұр, Бекнұр. Инаштан: Марат, Мұрат, Дәулет. Мараттан: Әділ, Қазыбек. Мұраттан: Әнуар. Дулаттан: Дінмұханбет, Ғалым, Сертбесіннен: қыздар бар.
Шорманұлы Қазыбек

Қазыбек атамыз 1864 жылы Нарынқол өнірінің Ойшы қыстауында туылған. Жаркентте оқып, білім алған. 1900 жылы Досалы болысының халқының өсуі себепті екі болыстыққа бөлінгенде, Байынқол болыстығына болыс болып сайланған. Қарауындағы елді турашылдықпен әділ басқарған. Жұрт алғысына бөленіп, лайықты сый – құрметке ие болған.


Қазыбек еңсегей бойлы, қарулы, қой көзді, ат жақты, қатал, тік мінезді болған екен. Ел басына қара бұлт үйірілген қиын кезеңде басын бәйгіге тігіп, халық мүддесін қорғаған. Әйгілі 1916 жылғы Қарқарадағы Албан көтерілісінде Ұзақ пен Жәмеңкелердің қатарында болған. "Құлынның жұлыны үзілгенше, біздің жұлынымыз үзілсін" патшаға бермеудің сөзін сөйлеген. Көтерілісті бастаған ең қауіпті 16 болыс – бидің бірі ретінде Қарақолға айдалып, ақыры сонда атылған. Көтеріліс басшыларының бірі ретінде тариқта аты әйгілі ардагер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет