Мұсылман 3 атаға бөлінеді: Орақбай, Орсыбай, Таласбай. Орақбайдан – Нұрбай (бұдан тұқым жоқ). Орысбайдан – Сығай. Сығайдан – Байдаулет, Құлдаулет. Байдаулеттен тұқым жоқ. Құлдаулеттен – Әмірхан, Тұрсынбай, Разақ (бұлардың ешқайсысында тұқым жоқ). Сығайдан – Биекеге тұрмысқа шыққан Зәуре деген қызы бар. Таласпайдан да тұқым жоқ.
Төленің екінші баласы Еламаннан – Құрманбай, Құрманбайдан – Қорабай, Бапақ. Қорабайдан – Сәт, Қарынбай. Сәттен тұқым жоқ. Қарынбайдан – Шүйкеге ұзатылған Батихан деген қыз болған. Бапақтан – Тағай. Тағайдан – Әбдірақын, Әмірақын. Әбдірақыннан – (Әлімақын) – Тұрсыннұр, Бақытнұр, Әлинұр, Керімнұр, Әлімнұр, Тоқтанұр, Қайымнұр, Берікнұр (басқа 11 баласы қайтыс болған). Бақытнұрдан – Мақсат, Сырым. Әлімнұрдан – Тілек, Бейарыс. Тоқтанұрдан – Асқат, Жасұлан. Қайымнұрдан 4 қыз. Берікнұрдан –
Ернұр, Гүлнұр. Тағайдың екінші баласы Әмірақыннан – Сартбай, Оспаннұр, Оспанбек, Бейсенбай. Сартбайдан – Серік, Серіктен – Ербол, Ерсін. Сартбайдың екінші баласы – Берік, Беріктен Ернар. Сартбайдың үшінші баласы – Бекболат. Бекболаттан – Алмас, Жеңіс. Сартбайдың төртінші баласынан – Бекділда, одан Ернар. Оспаннұрдан – Берік, Серік. Оспанбектен – Данияр, Дидар, Дәурен. Бейсенбайдан – Қайрат, Ербол.
Аманқұлдан – Ақтан, Ақтаннан – Есен, Балта. Есеннен – Иса, Исадан
Кішітай. Кішітайдан – Тұрсынбай, Балтадан – Айдар, Соқыр, Боқтыкөтен, Бояу. Айдардан – Қожатай, Жәутік, Бұршақбай. Қожатайдан – Еркебай, Дорбабай. Еркебайдан – Бейсенбай. Дорбабайдан – Боранбай, Боранбайдан – Мақсұт. Мақсұттан – Шатырбай (мұның ұрпақтары Қытайда). Бейсебайдан – Өтенбек, Мәденбек. Бұршақбайдан – Әшімбек, Асылбек, Дәркенбек, Кенбай. Әшімбектен – Шәріпбай, Шәлімбек. Шәріпбайдан – Бақыт, Серік. Шәлімбектен – Мұратәлі, Аймұрат, Мұратжан, Руслан. Мұратәліден – Айдос, Жандос. Асылбектен – Ізбасар, Ізбасардан – Ғанибай (бұлар Қытайда). Дәркенбайдан – Сатай, Сатайдан – Сембай, Жұматай. Жұматайдан – Сұлтан, Ерген. Сәтбектен – Мүлтеліп, Қали.
Соқырдан – Қосақбай, Сәрсен, Қыдырбай. Қосақбайдан – Байқоныс. Байқонсытан – Тағай, Мұса. Тағайдан – Тұрсынбай. Мұсадан – Қызайбек. Қыдырбайдан – Елубай. Елубайдан – Солтанбек, Алмабек, Мырзабек. Солтанбектен – Қызайбек, Наурызбай. Тұрсынбайдан – Ахмет, Қайыпжан. Қайыпжаннан – Дидар. Қызайбектен – Әсетбек, одан Асқар, Мақсат. Айттан – Бекмұрат, Ермұрат. Бекмұраттан – Есболат, одан Ботан, Тұрсын. Ботаннан – Қуаныш.
Боқтыкөтеннен – Бәйес, Тәйес. Тәйестен – Мысықбай, Тоқбай. Тоқбайдан тұқым жоқ. Бәйестен – Жанысбай, Қонысбай. Жанысбайдан – Нүсіп, Сқақғ Смайыл. Нүсіптен – Уәлнұр, одан Түкен, одан Ерлан. Сқақтан – Нұрмұқа, Нұрмұқадан – Станбек, Стамшал, Жұмағали, Бақтықадыр, Мұрат. Станбектен – Айдос, Айдын, Жандос, Елдос. Стамшалдан – Олжас, Елжас. Жұмағалидан – Мәрлен, Руслан, Айбол. Бақытқадырдан – Шалқар, Марат. Мұраттан
Самат. Смайылдан – Тұрсынмұханбет, Үсейінбай. Тұрсынмұханбеттен – Наурызбай, Рақымжан, Әділбек, Бағашар, Бақытжан. Бауыржан, Болатжан, Бегжан. Наурызбайдан – Арман. Бақытжаннан – Дулат. Бағашардан – Думан. Бауыржаннан – Досылан. Болатжаннан – Қуанышбек. Бекжаннан – қыз. Үсейінбайдан –
Мұқанбай, Мырзағали, Болат, Қанат. Мұқанбайдан – Жанболат. Мырзағалидан – Амангелді, Аманжол. Болаттан – Санжар. Айдардан
Бұршақбай, одан Ізбасар (Асылбектің тұқымы). Ізбасардан – Ғанибай, Ғанибайдан – Жұмабек, Серікбек, Үмбет. Сатанбектен – Қали, Мүттәліп. Қалидан – Бейсенәлі, Қасымбай, Қасымбек. Мүттәліптен – Қуандық, Қайрат, Қуаныш, Бекболат. Есеннен – Боташ, Есенбай. Боташтан – Әлде, Жетпісбай. Әлдеден – Жидебай, одан Майбасар, одан Тезекбай, одан Оспан, Риза. Оспаннан – Сағындық, одан Қайсар. Ризадан – Амантұр. Жетпісбайдан – Тойшыбек, Өміртай. Тойшыбектен – Жанұзақ, Дәукен. Жанұзақтан – Ошырақын, Нәметақын, Серікбай, Тұрсынақын, Кәдірақын.
Достарыңызбен бөлісу: |