Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата22.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#75
  1   2   3   4   5   6   7

Болат Боранбай 

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 

(С.С.Жиенбаев еңбектері негізінде)  

Оқу құралы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

УДК 



ББК  

 

Кітап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен 

әдебиеті кафедрасында дайындалып, баспаға ұсынылды. 

 

 



 

Пікір жазғандар: 

Б.Сағындықұлы– филология ғылымдарының докторы, профессор 

Ж.Сәдуақасұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор 

 

Боранбай Б.Е. 



Қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы (С.С.Жиенбаев еңбектері негізінде) – 

Алматы: «», 2013.  

 

ISBN  


 

 

 



Қазақ тіл білімінің өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, 

әрине,  жеке  адамдарға,  тұлғаларға  байланысты.  Тіл  білімінің  қазіргі  деңгей  

талабынан  көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы -

Х.Досмұхамедов,  Е.Омаров,  Қ.Кемеңгерұлы,  М.Малдыбаев,  Т.Шонанов, 

Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, 

Ғ.Мұсабаев сынды ғалымдарымыздың үлесі зор. 

 

Кітапта    Сейіл  Жиенбаевтың  қазақ  тіл  білімі  саласындағы    барлық  қалам 



тартқан  салалары,  атап  айтқанда,  әліпбе,  емле,  пунктуация,  морфология  және 

синтаксис  мәселелері  замандастары  пікірлері    мен  қазіргі  таным    негізінде 

сараланып, талданды.  

 

Зерттеу  еңбек  тілші  ғалымдар  мен    оқытушылардың,  студенттер  мен 



магистранттардың,  сондай-ақ  тіл  жанашырларының  кәдесіне  жарар  деп 

ойлаймыз. 

 

 

 



 

 

 



47.02.25.02.01                                                                     УДК                                         

447(05)-09 

    ББК 

 

ISBN  Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасуы  мен  дамуы  (С.С.Жиенбаев  еңбектері 



негізінде), 2013 

ISBN 


« » баспасы, 2013 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ 

 

 



Қазақ  тіл  білімі  -  түркі  тілдері  ішіндегі  зерттелу  деңгейі  біршама 

жоғары,  кемелденген,  теориялық-методологиялық  негіздері  сараланған  ғылыми 

сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, 

әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей  

талабынан    көрінуіне  Ахмет  Байтұрсынұлы  көшін  бастаған  ғалымдар  шоқтығы 

Х.Досмұхамедов,  Е.Омаров,  Қ.Кемеңгерұлы,  М.Малдыбаев,  Т.Шонанов, 

Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, 

Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор. 

   

Қазақ тіл білімінің көш басындағылар қатарында елеулі салмағы бар, қазақ 



тіл  білімінің  ірі  өкілдерінің  бірі,  оқыту  ісінің  шебері,  филология  ғылымының 

кандидаты,  доцент  Сейіл  Сарықұлы  Жиенбаев    (1895-1945  жж)  есімі  ерекше 

аталады. 

   


Ғылым  тарихын  зерттеу  оның    өткені  туралы  мағлұмат  беріп  қана 

қоймайды,  сонымен  бірге    ғылым  дамуының  қазіргі  күйін  айқындауға,  оның 

болашағының  қалай  болатынын  бағдарлауға  үлкен  септігін  тигізетіні  сөзсіз. 

Ғылым дамуы қоғам басынан өткерген тарихи кезеңдерінің қажеттіліктерін өтеуге 

қызмет  етеді.  Ғылымға  қойылатын  талаптар  деңгейі  де  осыған  сай  заман 

талабынан  туындап  отырады.  Өткенді  ой  елегінен  өткізу  ескіні  жөнсіз  ақтару 

емес, замана қойнауында шешілмей қалған тіл проблемаларының ішіндегі қазіргі 

кезең талабына сәйкес өзектілеріне білімпаздар назарын аудару болып табылады. 

   

Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасу,  өсіп-өркендеуі  әр  уақытта  бір  деңгейде 



болмағаны  анық.  Ғылым  саласының  белгілі  бір  жетістіктері,  оның  қалыптасу 

ерекшеліктері  уақыт  өте  келе  тарихи  мұраға  айналатыны  сөзсіз.  Қазақ  тіл 

білімінің    қалыптасып,  дамуын  тілге  тиек  еткенде,  осы  мәселе  де  назарда 

ұсталғаны  абзал.  Аталмыш  тақырыпқа  байланысты  түркітануда,  оның  ішінде 

қазақ  тіл  білімі  саласында  да  бірқатар  зерттеу  еңбектері  баршылық  (1.Кононов. 

А.Н.  История  изучения  тюркских  языков  в  России.  Л.,1972;  Кондулачова  С. 

Материалы  по  киргизскому  языку,  собранные  В.В.Радловым.  АКД.  А-ты.  1974  ; 

Хусаинов  К.Ш.  Радлов  и  казахский  язык.  А-Ата  .  1981.;  Тектіғұлова  Ж. 

Қ,Жұбанов  және  қазақ  тіл  білімі  мәселелері.  ҚДА.  А-ты.  1995  ;  Әмірова  Г.  О. 

Академик Н.Т.Сауранбаев еңбектеріндегі қазақ тілі морфологиясының теориялық 

мәселелрі. ҚДА. А-ты. 1997 . ). Мұның өзі  - жеке тұлғаның, сол салада сіңірген 

еңбектерін  бағалай  білу  болып  табылса,  сонымен  қатар,  белгілі  бір  ғылым 

саласының тарихи даму жолына жасалған қысқаша ғылыми анықтама. 

   

Осы  тұрғыдан  алғанда,    қалыптасқан  ғылым  саласы  өзінің  даму  жолына 

сын көзбен қарап, өткенді ғылыми тұрғыдан саралап отыруы – құптарлық іс. Бұл 

орайда  ұсынылып  отырған  зерттеу  тақырыбын  қазақ  тіл  білімінің  бастауында 

тұрған  төл  ғалымдарымыздың  еңбегін,  олардың  айтқан,  жазып  қалдырған  ой-

тұжырымдарын    бүгінгі  мен    өткенінің  арасындағы  дәстүр  жалғастығы  ретінде 

ғылыми мұралардың өміршеңдігі тұрғысынан қараған жөн. 


   

Ғылым  тарихында,  әсіресе  оның  бастау  кезеңінде  пікір  таластары, 

солардың  нәтижелері  іспеттес  түрлі  қиыншылықтар  жиі  кездесіп  отырады  –  бұл 

бір  жағынан.  Ал,  екінші  жағынан  –  пікір  таласында,  тәжірибеде  шыңдалған  ой-

толғамдардың  кейінгі  зерттеу  жұмыстарына  теориялық-методологиялық  бағыт-

бағдар  болуы  да  аз  кездеспейді.  Сол  себептен,  аталмыш  мәселе  –  жай  ғана 

қоғамдық-әлеуметтік  құбылыс  емес,  арнайы  зерттеу  объектісі  ретінде  азаматтық 

тарих өлшемдерімен бірлікте саралана қаралатын нысан. 

   

Қазіргі  қазақ  тілінің  теориялық-практикалық  танымы  –  алғашқы  бастау 



кезеңімен  салыстыра  қарағанда,  бірқатар,  ірі  жетістіктерге  жетіп  отырған 

толыққанды,  жеке  ғылыми  сала.  Дегенмен,  әлі  де  болса,  атқарылар  іс-шаралар 

баршылық. Біздің ойымызша, олардың  бастылары: 

   


1). Әліпбиімізді жетілдіре түсу; 

   


2).Тіл тазалығын, оның төлтума табиғатын сақтап қалу; 

   


3). Ана тіліміздің ішкі заңдылықтарына сәйкестендіре отырып, сөз  

                байлығын дамыта түсу мүмкіндіктерін анықтау; 

   

4).Ана тіліміздің әлем тілдері арасындағы өзіндік орнын нақтылай 



                түсу мүмкіндіктерін анықтау; 

   


5).Осы  салада  қалыптасқан  проблемаларды  шеше  алатын,  мәселелердің 

теориялық, методологиялық негізін нақ танитын маман-ғалымдар дайындау және 

тағы басқалар. 

   


Осындай  мәселелер  жиынтығы  қазақ  тіл  білімінің  өткені  мен  бүгінін 

перспективті  және  ретроспективті  бағыттарда  қоғам    өмірімен,  оның  танымдық 

даму  үрдісімен  біте  қайнасқан  азаматтық  тарихы  ретінде  тиянақты  ғылыми 

зерттеуді  талап  етеді,  сонымен  қатар  қаралып  отырған  ғылыми-зерттеу 

тақырыбының зәрулігін нақты бажайлайды. 

   


Халық өркениеті, қоғам дамуы - азаматтық тарих ұғымымен етене аралас, 

бір-бірінен  ажырамас  тұтастық,  сондықтан,  халықтың  өркениетіне  айтарлықтай 

еңбегі  сіңген,  өзіндік  үлесі  бар  тұлғалар  шығармашылығын  ғылыми  тұрғыда 

сарапқа  салу,  елеп-екшеу  –  басты  мақсат.  Осыған  орай,  зерттеу  нысанымыз  – 

С.С.Жиенбаевтың ғылыми мұраларын мынандай бағытта саралағанды жөн көрдік: 

1.

 

Қазақ тіл білімінің ғылыми сала ретіндегі бастау көзі: 



2.

 

Қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамып-жетілуінің объективті жағдайлары



3.

 

Қазақ  тіл  білімін  қалыптастырушы  алғашқы  маман-ғалымдарымыздың 

теориялық-практикалық тұрғыда ұстанған ғылыми бағыттары; 

4.

 

Алғашқы  ғылыми  бағыттардың  бүгінге  қалдырған  мұрасы,  яғни  тіл  білімі  

саласындағы дәстүр жалғастығы; 

5.

 

Қазақ тіл білімінің басталу көздеріндегі қол жеткізілген нәтижелер және оның 

әлеуметтік өмірге ықпалы; 

6.

 

30-40  жылдары  халықты  жалпы  сауаттандыру  мәселесіне  байланысты 

мемлекеттік дәрежеде қойылған талаптардың шешімін  табу мәселелері және 

жіберілген қателер; 



7.

 

Қазақ  әліпбиі  және  оны  өзгертуге  байланысты  туындаған  обьективті  және 

субьективті пікір таластары, ой-толғамдары; 

8.

 

Ғалымның  қазақ  тіл  білімі  тарихындағы  салмағын  айқындау,  қазақ  тіл 

біліміндегі сіңірген еңбегінің мәнін айқындау; 

9.

 

Ғалымның ғылымда  ұстанған  бағыты мен позициясына баға беру; 



10.

 

Ғалымның  ғылым  тарихына  байланысты  еңбектерде  назардан  тыс    қалып 

жүрген  пікірлерін,  мәселен,  әліпбе,  емле,  лексикология  және  грамматикаға 

қатысты пікірлерін саралап көрсетіп, ғылыми орта назарын аудару; 



11.

 

30-40 жылдардағы қазақ тіл білімінің деңгейіне,  сол ыңғайда ғалым еңбектері 

деңгейінің танылымына талдау жасау. 

Жоғарыда  санамалап  көрсетілген  жұмысымыздың  негізгі  бағыттары  

жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындайды. 

   


Жұмысымыздың    негізгі  объектісі  –  Сейіл  Жиенбаевтың  қазақ  тіл 

білімі  саласындағы    барлық  қалам  тартқан  салалары.  Атап  айтқанда,  әліпбе, 

емле, пунктуация, морфология және синтаксис мәселелері жұмыстың барысында 

сараланып,  талданды.  Ғалымның  емлеге,  пунктуацияға,  сөз  таптарына,  сөйлем 

мен  оның  түрлеріне  қатысты  айтқандары  ішінара  қазіргі  тіл  білімінде 

қалыптасса, үйірлі мүшелерге, құрмалас  сөйлемдерге қатысты айтқан пікірлері 

сын көзбен қараған кісіге берері көп дүниелер ретінде тануға тұрады. Сонымен 

қатар, ғалымның біріккен сөздерге, әліпбиді реформалауға байланысты пікірлері 

қазіргі  кезде  де  маңыздылығын  жойған  жоқ,  әліпбиді  реформалау  жөніндегі 

кейінгі  кездері  көтеріліп  жүрген  пікірлер  –  осының  айғағы.  Осылардың 

қатарында  ғалымның  сөз  алды  айқындауыш  мүшелер,  оның  ішінде  сөз  алды 

оңашаланған айқындауыштар туралы пікірлері – ғылымда назардан  қағыс қалып 

келе  жатқан  мәселелердің  бірі,  арнайы  зерттеуді  қажет  ететін  мәселе. 

Қайшылықтары  көп,  қазіргі  қалыпқа  сәйкес  келе  бермейтін  пікірлері  де  жоқ 

емес. Осыларды негізге ала отырып, салыстыру материалдары ретінде қазақ тіл 

білімі  деректерін,  түркітанудағы  біршама  еңбектерді  ғалымның  өмір  сұрген 

тұсындағы  және  қазіргі  кезеңдегі  ғалымдар  еңбектерін    мейлінше  толығырақ 

пайдалануға тырысып отырдық. 

 

Жұмыстың  негізгі зерттеу көзі ретінде С.С.Жиенбаевтың жарық көрген 



барлық еңбектері пайдаланылды. Ғалымның өмірбаяндық  және ғылымдағы 

атқарған еңбектері жайлы арнайы зерттеу еңбектері болмағанымен, ол туралы 

баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар, жекелеген ғылым салаларында 

қалам тартқан ғалымдарымыздың С.Жиенбаев еңбектеріне жасаған талдамалары 

жұмысымызда кеңінен пайдаланылды. Атап айтқанда И.Ұйықбаевтың 

(Ұйықбаев .Ірі ғалым, көрнекті методист (Қазақ тілі мен әдебиеті №3 58), 

сонымен қатар Т.Қордабаевтың, Б.Кәтембаевтың, Қ.Есеновтың, Қ.Шәукеновтың, 

М.Серғалиевтің, Ш.Әуелбаевтың (Қордабаев. Қазақ тілі  білімінің қалыптасу

даму жолдары. 1995, Б.Кәтембаев. Методист-ғалым. «Қаз,мұғ»., 1 мамыр. 1986 

ж., Қ.Есенов.Синтаксис осложненного предложения в казахском языке. 1992 г., 

Қ.Шәукенов. Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы. 1990 ж., М.Серғалиев. 


С.Жиенбаевтың синтаксистік зерттеулері. Жинақ.Қазақ тілі мен әдебиеті. ҚазМУ 

. 6-шығуы. Алматы. 1975 ж., Ш.Әуелбаев. Пунктуацияның қиын мәселелері. 

Алматы. 1977) т.б ғалымдарымыздың еңбектері зерттеу жұмысымыздың 

бағытын айқындауға көп септігін тигізгенін айта кеткіміз келеді. Ғалымның  

өмірбаяндық деректерін айқындауға, лексикологияға қатысты ғалым 

еңбектерінің мазмұнын айқындауға  ҚР ҒМ-ҒА  архиві қорындағы  материалдар 

пайдаланылды. Сонымен қатар, жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері 

ретінде Ж.Аралбаевтың, С.Омарбековтің, Ә.Болғанбаевтың, А.Ысқақовтың, 

М.Балақаевтың,Қ. Есеновтің (Аралбаев.  Қазақ тілі фонетикасы этюдтері. 1978 

ж., Омарбеков С. География фонтестических различии речи казахов. 

Алматы.1992 г.,

 Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. 1976 ж., 

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. 1992 ж., Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның 

нормалары . 1984 ж., Қ.Есенов. Құрмалас сөйлем синтаксисі, 1985 ж.) т.б 

ғалымдарымыздың еңбектерін пайдаландық. 

С.С.Жиенбаевтың    қалам  тартпаған  тіл  білімінің  салалары  кемде-кем. 

Қазақ  тіл  білімінің  тарихына  көз  жіберсек,  30-40  жылдардағы  және  де  оларға 

дейінгі  тілші-ғалымдардың  барлығы  дерлік,  негізінен  тілге  қатысты  барлық 

салаларда көрініп отырады. Бұл – ғылымның, оның ішінде қазақ тіл білімінің сол 

кезеңдегі  деңгей  көрсеткіші.  С.Жиенбаев  еңбектерінің  кең  ауқымдылығы  оның 

ғылымдағы сіңірген  еңбегінің  мәнін, салмағын төмендетпейді. Жұмысымызда  

С.С.Жиенбаевтың  қазақ  тіл  білімінің  салалары  бойынша  ғылыми  танымдары 

арнайы сөз етіліп, оның еңбектерінің табиғаттары айқындалды. Атап айтқанда :  

1.

 

Ғылыми  шығармашылығындағы  ақтаңдақтар  жаңа  деректермен 



толықтырылып,  қоғам  өміріндегі  және  ғылымдағы  алған,  алатын  орны 

әділ де тиесілі бағасы салмақталды

2.

 

Әліпбиді  реформалау  жөніндегі  пікірлері  тұңғыш  зерттеу  объектісі 



етіліп, қазіргі күн талабына сайлылығы, өзектілігі айқындалды. 

3.

 



Емлеге қатысты пікірлерінің жалғастылығына назар аударылды, олардың 

ішіндегі  бүгінгі  күнде  де  өзекті  болып  отырғандарына  тоқталып, 

практикалық өміршеңдігі айқындалды. 

4.

 



Қазіргі  қалыптасқан  пунктуациялық  ережелеріміздегі  ғалымның  үлес 

салмағы  сараланып,  оның  пунктуация  негіздерін  (қазақ  тіліндегі) 

қалаушы ғалымдарымыздың бірі екендігі аталды; 

5.

 



С.Жиенбаевтың  лексикологияның  жеке  ғылыми  сала  ретінде  қазақ  тіл 

білімінде арнайы зерттеу объектісі етіп алынуына алғаш қадам жасаушы  

екендігі  дәлелденді,  сонымен  қатар  оның  сөздік  жасау  мақсаттары  мен 

принциптерінің  ғылыми  бағдарламасын  алғаш  жасаушы  екендігі 

айқындалды. 

6.

 



С.Жиенбаевтың  өзіне  дейінгі  әдебиеттерде  сөз  болып  көрмеген 

грамматика  және  грамматикалық  категорияларға  байланысты  жалпы 

лингвистикалық  мәселелерді  көтеруі,  қазақ  тіліндегі  сөздерді  тапқа 

бөлуді сол тұрғыдан қарап шешуді ұсынуы, яғни қазақ тіліндегі сөздерді 



таптастырудың  теориялық  негізін  салушылардың  бірі  екендігі  оның 

ғылымдағы жаңашылдықтарының  бірі ретінде танылды; 

7.

 

Жай  сөйлемге  қатысты  пікірлері  талданып,  оның  ішінде  үйірлі 



мүшелерге  қатысты  айтқан  пікірлері  түбегейлі  талданып,  сын  көзбен 

қараған  кісіге  үйірлі  мүшелер  туралы  ғалымның  тұжырымдары  қазіргі 

қалыптасқан  түсініктерге,  бірді-екілі  келіспеушіліктері  болмаса,  негіз 

болғанын  айқындадық.  Сонымен  қатар,  арнайы  зерттеу  еңбектері 

болмаса  да,  жалпы  синтаксис  мәселелеріне  арналған  еңбектерінде 

ғалымның  сөйлемдегі  сөздердің  байланысы,  сөйлем  мүшелерінің 

қызметі, атаулы сөйлемдер туралы айтқан пікірлер шоғырына талдаулар 

жасалып, оңы-солы ажыратылады; 

8.

 

Құрмалас  сөйлемдерге  қатысты  ғалымның  пікірлеріне  шолу 



жасалып,  түсінік  берілді,  ғалымның  ұстанған  бағытының,  ой-

толғамдарының  мәні  замандастарымен,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  

қалыптасқан 

пікірлермен, 

түркітанудағы 

өріс 


алған 

пікірлер 

ағымдарымен  салыстырыла,  салғастырылып,  қателіктерінің  себептеріне 

талдау  жасалып,  қазіргі  қазақ  тілі  синтаксисінде  әлі  де  болса  өзекті 

пікірлері атап көрсетілді. 

9.

 



Қазақ тіл білімінің  ғалым араласқан салаларына тоқтала келе, оның 

қазақ  тіл  білімі  тарихындағы  алатын  үлес  салмағы  айқындала  түсті, 

оның  қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушылардың  бірі  екендігін  дәлелдей 

түсетін  айғақты  пікірлер  ұсынылды,  қазақ  тіл  біліміндегі  орны 

көрсетілді. 

Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушылар  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов, 

Х.Басымов,  С.Аманжолов,  Н.Т.Сауранбаев  т.б.  ғалымдарымызбен  бірге 

С.С.Жиенбаев  та    қазақ  тіл  білімінің    теориялық    мәселелерінің  ғылыми 

негіздерін  қалыптастыруға  өзіндік  үлесін  қосты.  Қазақ  тіл  білімінің  өзекті 

мәселелеріне    қатысты  ғалымның  ой-пікірлері  ауқымды  мәселелерді  шешуге  

негіз  болса,  оның  кейбір  ұсыныстары  көптеген  көкейтесті  мәселелерді  шешуге 

бастама,  қозғаушы,  түрткі болды. Ғалымның  жекелеген  ғылыми  идеялары  -  әлі 

де болса өзектілігін  жоймаған, түбегейлі зерттей түсуді талап ететін, ой салатын 

дүниелер.  Атап  айтқанда,  әліпбиді  реформалау,  яғни  әріптердің  мөлшерін 

азайту,  емлені  тіліміздің  ішкі  заңдылықтарына  сай  қайта  құру,  сөз  алды 

оңашаланған  айқындауыштарының  синтаксистік,  стильдік  табиғаттарын  ашу 

мәселелері күн тәртібінен түсті деп айтуға болмайды. Ғалым мұраларын талдау 

барысында  ғылыми  мұраны  арнайы  зерттеу  объектісі  етіп  алу  маңыздылығы  

айқын    көрінді.  Жұмыстан  алынған  нәтижелерді  қазақ  тіл  білімінің  тарихын 

жазуда,  тіл  білімінің  ғалым  қалам  тартқан    салаларын  зерттеу  барысында 

пайдалануға  әбден  болады  деп  ойлаймыз.  Сонымен  қатар  қазақ  тіл  білімі 

саласында  зерттеу  жүргізіп  жүргендердің  салыстыру  материалы  ретінде  кейбір 

ұғымдардың  табиғатын  түйсінуіне  септігін  тигізері  сөзсіз.  Және  де  жұмыс 


нәтижелерін  жоғары  оқу  орындарының  филология  факультеттерінде  арнайы 

курстар мен      семинарларда, «Қазіргі қазақ тілі» пәнінен оқылатын дәрістерде, 

оқулықтар  мен  көмекші  құралдар  жазу  істерінде  пайдалануға  болады  деп 

ойлауға толық негіз бар.  

  Жұмысты  жазу  барысында  алынған    нәтижелерімізге  сәйкес  мынандай 

тұжырымдар ұсынылды: 

1.

 

Қарастырылған  нақты  еңбектерге,  қалыптасқан  теориялық  негіздерге, 



тілдік фактілерге сүйене отырып,  С.С.Жиенбаевтың  әліпбиге қатысты , 

емленің  кейбір  мәселелері  жөніндегі  айтқан  ұсыныс,  пікірлерінің 

дұрыстығын,  пунктуацияның  негізін    салушылардың  бірі  екендігін, 

сөздерді  таптастыру  жөніндегі  жаңашылдығын,  мекен  пысықтауыш  пен 

толықтауыштарды  ажыратуда  ұсынған  критериінің  дұрыстығы,  т.  б 

дәлелдеу; 

2.

 

Қазіргі  кезде  басқаша  қалыптасқан  үйірлі  мүшелерге,  құрмалас 



сөйлемдердің  жіктелуіне,  т.б.  мәселелерге  қатысты  тұжырымдарының 

негізсіз  емес  екенін  ғылыми  әдебиеттер  мен  тілдік  фактілерге  сүйене 

отырып,  дәлелдеп  беру,  қателіктері  болса  олардың  объективті, 

субъективті себептерін түсіндіру; 

3.

 

С.С.Жиенбаевтың  синтаксис  саласындағы  алатын  орнына  берілген 



ғалымдардың  бұрыннан  белгілі  бағаларын  толықтыра  ,  айқындай  түсу, 

оған  қосымша  ғалымның назардан  тыс  қалып келген  қазақ  тіл  білімінің 

өзге  салаларындағы еңбектеріне тиісті бағасын беру, 30-40 жылдардағы 

қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесін көрсету; 

4.

 

Жалпы қазақ тіл біліміндегі ғалым мұраларының алатын орнын анықтау, 



т.б. 

Жұмыстың  тақырыптық  ерекшеліктеріне  сай,  осы  тектес  зерттеу 

жұмыстарында,  тіл  білімінің  жекелеген  салаларының  зерттелу  тарихына 

тоқталғанда қолданылған әдістерді негізге ала отырып, зерттеудің жетекші әдісі 

ретінде  сипаттау  әдісін  алу  қажеттілігі  туды.    Сонымен  қатар,  бұл  әдістің 

әдебиет   тарихында кеңінен қолданылып жүргені мәлім нәрсе болып табылады. 

Жұмыстың тарихилық сипаты аталмыш әдістің жұмысымызға  негізгі әдістерінің 

бірі  етіп  алынуына  басты  себеп  болды,  жұмыстың  нәтижелі    болуы  да  осыны 

талап етті. Баяндау әдісі де материал жөнінде жалпылама түсінік қалыптастыру 

мақсатында,  ғылым  жөнінде  өмірбаяндық  шығармашылық  деректерді 

жеткізгенде,  т.б.  кеңінен  қолданылды.  Салыстыру  әдісі,  қажетті  мәліметтерді 

жинақтау, талдау, қорыту, тарихи салыстырма әдістері де жұмысымызда кеңінен 

қолданылды.  Зерттеу  әдістерінің  әр  қилылығы,  жұмыс  барысында 

пайдаланылған  қазіргі  тіл  білімі  мен  С.Жиенбаевтың  тұжырымдарын,  оның 

тұстастары  еңбектерімен,  жалпы  түркітанудағы  пікірлермен,  т.б.  салыстыру 

барысында, ғалым пікірлерін дәлелдеу не оның пікірлеріндегі қайшы тұстардың 



мәнін  ашу  барысында,  оның  ұсынған  ғылыми  тұжырымдарының  өзектілігін 

айқындаудағы қажеттіліктерден туындап отырды. 

         Сонымен қатар, орыс тіл білімінде  ғылым тарихына  қалам тартып жүрген 

ғалым Будагов Рубен Александровичтің еңбектеріндегі талдау әдістерін 

жұмысты орындау барысында  негізге  алынып отырғанын атап өткіміз келеді 

(Будагов Р.А. Введение в науку о языке. М., 1965 ; Сонікі – Из истории 

языкознания . М., 1954 ; Сонікі – Язык, история и современность. М.,1971.).

 

Ғалымның еліміздің тарихында алатын орны, қоғамдық, ғылыми қызметтері 



және ұстаздық жолдары туралы, оның қазақ тіл біліміндегі орнын айқындайтын 

негізгі    ғылыми  жаңашалдықтары  туралы  республикалық  ғылыми-көпшілік 

«Ақиқат» журналының 1995 жылғы мамыр айындағы санында «Тағылым» атты 

мақала,  ҚР  ҒМ-ҒА    Хабарларының  қоғамдық  сериясының  1997  жылғы  2-

нөмірінде ғалымның әліпби мен емле мәселелеріне   арналған «С.Жиенбаев және 

әліпби  мен  емле  мәселелері»    атты  мақала,  ҚР  Білім  және  мәдениет 

министрлігіне  қарасты  Ы.Алтынсарин  атындағы  білім  проблемалары  

институтында  шыққан  ізденушілер  мен  аспиранттар  жинағында  (1997  жыл) 

«Айқындауыш  мүшелер  туралы»  атты  мақала,  республикалық  ғылыми-

әдістемелік  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  журналының  1997  жылғы  11-12 

сандарында «С.Жиенбаев сөз таптастыру принциптері туралы» атты мақала, ҚР 

ҒМ-ҒА    А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтында  Ізденушілер  мен 

аспиранттар  жинағында  «С.Жиенбаев  және  лексикология  мәселелері»    атты 

мақала  (1997),  Қызылорда  Гуманитарлық  университетінің    60  жылдық 

мерейтойына  шығарылған  жинақта  «Ғылым  тарихы  туралы  бірер  сөз»  (1997) 

мақала жарық көрді. Сонымен қатар Қызылорда Гуманитарлық университетінде 

1995,1996  жылдары  өткізілген  ғылыми,  ғылыми-әдістемелік  конференцияларда 

жұмыс  мазмүнына сая баяндамалар жасалынды. 

Ұсынылып  отырған  еңбек  кіріспеден,  екі  тараудан,  қорытындыдан, 

С.С.Жиенбаевтың еңбектерінің библиографиялық көрсеткішінен және қосымша 

пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет