Бәйдібек Баба- алып Бәйтерек Ұрпақтар шежіресі 2003 жыл б 32 Бәйдібек баба- алып бәйтерек


БАЙЖҰМАЕВ БАҚЫТЖАН – ҒАЛЫМ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР



бет69/333
Дата18.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#124407
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   333
БАЙЖҰМАЕВ БАҚЫТЖАН – ҒАЛЫМ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

1949 жылы 28 қаңтарда Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында туған. 1956-1964 жылдары Қарасаз орталау мектебін бітіріп, осы аудандағы Сарыжан елдімекеніндегі Гагарин атындағы орта мектепті 1966 жылы тәмамданды.


1966-68 жылдары Қарасаздағы Энгельс атындағы Ұжымшарда шопан болды. Жасынан математика мен экономика саласына бейім өскен ол 1970 жылы әскери борышын өтеп келісімен Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының /қазіргі университет/ философия- экономика факультетіне түсіп, студент кезінде К.Маркс атындығы стипендиат бола жүріп, 1975 жылы үздік дипломмен бітірді.
1975-1991 ж. КазПИ-де оқытушы әрі кәсіподақ ұйымын басқарды. 1991 жылы саяси экономия саласында кандидаттық. 1999 жылы докторлық дисертация қорғады.
Талантты да білгір ғалым ҚАЗМҰУ-д34 экономика-безнес факультетіне экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі бола

жүріп, 40-тан астам ғылыми еңбектердің авторы атанды. Қарасаздан түлеп ұшқан арманы асқақ түлектерінің бірі – экономика ғылымының докторы, профессор Бақытжан Байжұмаев 2002 жылда ғылымның шырқау шыңырауына шыққан шағында өмірден ерте кетеді.


БҰҒЫБАЕВ МЕЛІС РАМАЗАНҰЛЫ – РЕСПУБЛИКАҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚҰРЫЛЫСШЫ

1939 жылы 26 ақпанда Алматы обылысы Нарынқол селосында туған. 1947 жылы Нарынқол мектебіне барып, 1975 ж бітірген. 1958 ж. Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы институтының гидромелионеративтік факультетіне қабылданды. Осы факультеттің институт болып құрылып Жамбыл қаласына ауысуына байланысты 1963 ж. Жамбыл қаласында /ДГМСИ/ оқып жоғарғы білімді құрылысшы инженері мамандығын алған. Нарынқол ауданындағы сол жылдары құрылған колхозаралық /МКСО/ мастер болып орналасты. 1958-1963 жж. Өндіріс ұйымдастырушы /прораб/ өндіріс техникалық бөлімінің бастығы /ПТО/, бас инженер болып істейді. 1966-1975 жж. дейін осы мекемені басқарды. Бірнеше рет жергілікті, ауландық, обылыстық кеңестің депутаты болып сайланды. 1975 ж Алматы қаласына обылыстық колхоз аралық құрылыс мекемесінің бастығы болып ауысты. 1983-1993 жылында Минсельстройдың 7-ші тресінде орынбасарлық қызмет атқарды. 1993 ж Алматы колхоз құрылысының бастығы, қазіргі кезде акционерлік компания болып құрылуына байланысты, компания президенті, Меліс Рамазанұлы Бұғыбаевтың басшылық етуімен ауданның дерлік жобалы мектептер, бала бақшалар, моншалар, ауруханалар, тұрғын үйлер, техникалық жөндеу шеберханалары /РММ/, асханалар, мәдениет үйлері мен клубтар салынды. Райымбек ауданындағы, Абай колхозына салынған аурухана обылыстағы ең жоғарғы сапада өткізілген объектінің бірі болды. Қазіргі Райымбек ауданындағы елді мекендерге су құбырын алғаш жүргізуші Қожбанбет ауылында, Жамбыл селосында наубайхананы іске қосты. Абай к-нда 9 мың тонналық картоп сақтау қоймасын салды. Эстония республикалық колхозаралық құрылыс мекемесінің “Құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру


технологиясы, оның тиімді пауданану мен құрылыс мәдениеті” атты тәжірбие алмасу кеңесінде М.Бұғыбаев тәжірбиесін үлгі тірек ретінде қабылдады. Приболтика, Беларуссия, Сібір т.б жерлерде алмасу сапаларына барды.


1998 ж 6 қарашадан бері Республика бойынша құрылғпн Шоған абыз қоғамдық қорына президент 2001ж. Райымбек ауданының құрметті азаматы атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет